| -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Ауа райы қандай? -Балалар, сендер ойыншықтармен ойнағанды жақсы көресіңдер ме? -Ал енді мен сендерге өлең оқып берейін, сендер тыңдаңдар? «Добым» Ш.Смаханұлы. Добым менің, добым менің, Өзің неткен көңілді едің. Зымырайсың, қутыңдайсың, Бірақ менен құтылмайсың. Демонстрациялық материалмен жұмыс. -Балалар, мынау не? -Доп қандай? -Оның пішіні қандай? -Доп неге ұқсайды? -Доп қандай қимыл жасайды? -Доптың түсі қандай? -Доп неден жасалған? -Біз доппен қандай ойындар ойнаймыз? Билингвальды компонент: Шарты: сызба арқылы өлеңді жаттау. Добым менің, добым менің, Өзің неткен көңілді едің. Зымырайсың, қутыңдайсың, Бірақ менен құтылмайсың. 2.Бейнелеу өнері орталығы. Шарты: Қағаздан қиылған допты құрастыру. 3.Қозғалмалы ойын орталығы. Шарты: Доп тәрізді шариктерді түсіне сәйкес жинау. Сергіту сәті. Кәне, балалар, тұрамыз, Бойымызды жазамыз. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып аламыз. Сызба жұмыс. Сөздік Сөздік доп, домалақ, көңілді. | -Көктем. -Күн жылы. -Иә. Балалар мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді. -Доп. -Кішкентай. -Дөңгелек. -Шеңберге. -Секіреді, домалайды. -Жасыл, қызыл,сары,ала, әр түрлі болады. -Резеңкеден. -Түрлі ойындар ойнаймыз. Балалар қайталайды. Өлең жолдарын бірнеше рет қайталай отырып, сызба арқылы жаттайды. Допты құрастырады. Доп тәрізді шариктерді түсіне сәйкес жинайды. Балалар қимыл қозғалыстар арқылы сергіту сәтін орындайды. Балалар сыбырлау әдісі арқылы сөздерді қайталайды. |