Просмотр содержимого документа
«Драматизациялау ойындары»
Драматизациялық ойындар сюжетті – рольдік ойындарға ұқсас,театрландырылған ойын- дар түріне жатады.Әдетте осындай ойындар әдеби шығарманы немесе өзіндік сахналауды ойнатуда негізделген.«Дәстүрге кіріспе» бағдарламасында «драматизация-ойыны» біріккен ойын әрекеті деп түсіндіріледі,оның барысында нақтылы оқиға,ертегі барлық қатысушы- лармен еліктей отырып ойнатылады.
Спектакльге қарағанда, драматизация-ойыны рольдерді тарату және дайындалуды қажет етпейді.Драматизациялық ойыны әрқайсысына кейіпкермен бірге әрекет жасауға мүмкіндік береді.
Драматизациялау ойыны - барлық қатысушылармен «әңгімеленетін»(айтылатын) оқиға, белгілі бір әрекетте: пластикада,ән айтуда,т.б.,жүргізушіден кейін қайталанатын.
Драматизациялау ойынның педагогикалық мүмкіндіктеріне жетуінде маңызды болатын мәтін.Ол ойыннын драматургиялық маңызы.Осындай ойынды оқытушы өзбетінше жасаған кезінде рифма иелігін ұмытпауды, бірақ міндетті түрде емес.Балалармен ойын ойнау кезінде оқытушы өзінің сөздері мен қимылдары үйлесімді және мәнерлі болуын қадағалап отыру тиіс.
Драматизациялық ойының жасағанда монтаж тәсілінде қолдануға болады:әртүрлі авторлардың дайын үзінділерін, өлеңдерін, әндерін негізіне алып сюжет
.құру.Бірақ, осындай сюжетте сөзден кейін оны қызықты әрекетте білдіруді мүмкіндік болуын есте сақтаған жөн.
Ермек ойындары да әртүрлі болады.
Мысалы,қысқы ермек ойындары: қысқы серуенді қалай өткізу.Балаларда осы жыл мезгілінде ойын-сауықтары өте көп.Коньки,шана,шаңғы,жәй қар ату - бұл ойын-сауықтарды барлығы да жақсы көреді.Біқта,күнделікті серуендеуді немесе таушықтан сырғанауды одан да қызықтыруға болады.Негізгісі – қызықты ермекті алған дұрыс болады.Қорыта айтқанда,қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап,ән салмай,өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады
«БАУЫРСАҚ»
(қимылды ойын)
Мақсаты: Балаларға жақсы мен жамандықты айыра білуге үйрету.
Ойын құралдары: Бауырсақ пен түлкінің маскалары.
Ойын барысы: Балалар маскаларды киіп, ойынға қатысады.Бауырсақ болып ойнайтын
балалар түлкіден қашып құтылу керек.Егер ұсталса, олда түлкі болады.
Автордың ролін ересек адам ойнайды: -Мен бауырсақпын, бауырсақпын!
.
«БАУЫРСАҚ» ертегісі (саусақ театры).
Мақсаты: Ертегі мазмұның балалардың естеріне түсіріп,сұрақтарға толық жауап берулерін
Ойын құралдары: Саусақ басына кигізілетін ойыншықтар.
Ойын барысы: Бауырсақтың суретін көрсетіп,кейіпкерді анықтау,еске түсіру.Ертегі мазмұны
бойынша сұрақтар қойып, толық жауап берулерін қадағалау. Балаларға ойыншықтарды көрсетіп , ойнайтынымызды айту. Тәрбиешіертегіні өзі ойнап көрсетеді. Рольдерді бөліп, ойыншықтарды кейіпкерлерге таратып беру.Ойындостық қарым-қатынаста өтуін қадағалау. Ойынды 2-3рет қайталау.
«ШҰБАР ТАУЫҚ» ертегісі
(сахналау)
Мақсаты: Балаларды таныс ертегіні аяғына дейін қызығушылықпен тыңдауға үйрету.Ерте
гі мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруін,кейіпкерлердің
қимылдарын көрсете отырып,ертегінің мазмұның айтып беруге үйрету.
Ойын құралдары: Қуыршақтар,ойыншықтар.
Ойын барысы: Ертегіні еске түсіру.Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар қойып,балалардың
жауаптарын тыңдау.Балаларға ертегіні енді өзіміз ойнап көрсететінімізді
Ойын құралдары:Көлеңкелі театрдың жабдықтары,ерткгі кейіпкерлерінің сұлбасы.
Ойын барысы: Зәулім үйді көрсетіп, қай ертегіден екенің анықтау.Сұрақтар қою арқылы
ертегі мазмұның еске түсіру.Ертегіні көлеңкелі театрдан тамашалау.Қызығушылықтарын тудыру.Тәрбиеші ертегіні өзі ойнап көрсетеді.Ойын 2-3 рет қайталанады.
«СОРПА ПІСІРЕМІЗ » ермек-ойын.
Мақсаты: Көкөністердің атауларын қайталап отыру.Ойын кезінде жүргізушіні зейін қойып
мұқият тыңдау, бір-бірімен соғылыспай шеңбер ішінде жүру,жүгіру.
Ойын құралдары:Көкөністердің муляждары немесе басқа киетін маскалар.
Ойын барысы: Жүргізуші:-Балалар,сендер көрдіңдер ме қалай қазанда су қайнайды? Қа-
лай көкөністер піскенде суда жүзеді? Біз барлығымыз қазан боламыз.Қайсы
көкөністі атайды,сол қазанға түседі де қазанның ішінде жүзіп,жүгіріп жүре-
ді,бір-бірін соқпайды.
Балалар шең бер құрып тұрады,әрқайсысында көкөністен.
Анамның қазанында су қайнайды
Барлық көкөністер онда секірді.
Әй,картоп (сәбіз,пияз ) қазанға бар
Ана сорпасын пісіреді.
Ойын бірнеше рет қайталанады,барлық көкөністерді қатыстырып.
« ҚЫСҚЫ ЕРМЕК » - ойындары.
Қыста балаларда ойын-сауықтары өте көп.Олар шана,шаңғы,конькимен, қар атысып ойнайды.Балаларды ойын кезінде жылы киіндірмеу керек.Сәбилерді қардың үстіне құлауды да үйреткен жөн болады.Бала құлаудан қорпас үшін,алдын-ала жаттықтыру керек.Ол үшін жұмсақ қардың үстіне отырып көру,бір жағымен құлап көру керек.Кішкентайларды үлкендерден бөлек ойнатады.Қар атысып ойнағанда қар қатты,мұзды болмау керек. Қысқы ермек-ойындарына «Аққаланы» жасауда жатады.
ГККП «Кушмурунский детский сад» акимата Аулиекольского района