Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері: «Амансың ба, алтын күн!» 01-«Г»-№8 Қонаққа Орманшы келгенін хабарлайды. Ол табиғатпен қалай амандасу керектігін, табиғатты қалай қорғау керектігін айтқысы келеді. Армысыңдар, балалар, Мен ақ сақалды қариямын. Орманшы деп аталамын. Қорықты күзетемін, Тазалыққа үйретемін. | Бәрі бірге айтады Үстелді жағалай отырады. Орманшымен амандасады, қызығушылық танытады. |
Ұйымдастыру-іздестіру | Әңгімелесу -Балалар, біз табиғатсыз өмір сүре аламыз ба? Ноутбуктан слайд көрсету -Адамдар табиғатқа нұқсан келтіреді, ормандар азайып, ауа ластанып барады. Өсімдік, жануарлар азайып, аңшылар аңшылықпен айналысып, аң терісін сатып, ақша жасайды. Қызыл кітапты көрсетіп таныстырады. Бұл кітапқа жойылып бара жатқан өсімдіктер, аңдар енгізілген (Суреттерін көрсетеді). -Қазақстанда табиғатты қорғау туралы заң бар және де оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ, тіпті балалардың да. Заңда аң аулауға тыйым салынғанын айтады. Қызыл кітапқа енген аңдардың суретін слайдтан көрсетеді: қоңыр аю, қызыл қасқыр, бүркіт, барыс, арқар, бұғы, кесіртке. | Табиғатсыз өмір сүре алмайтындарын айтады. Мұқият қарайды, тыңдайды. Қызыл кітаппен танысып ондағы өсімдіктер мен аңдар, балықтар түрін біліп, оларды қорғап аялауға уәделесті. Заңмен танысады, қызығушылық танытады, суреттерді қарайды Қызыл кітапқа енген аңдарға қызығып қарайды. |
| Сергіту сәті: Сөздік жұмысы: Орманшы-лесник, табиғат-природа, қызыл кітап-красная книга Викториналық ойын: «Зообақта нелер өмір сүреді?» Торда отырған аңдар туралы жұмбақтар айтады, балаларға торда қандай аң отырғанын айтуды ұсынады. -Терісі қалың, шөпті тұмсығымен жейді. -Мойны ұзын, кез келген ағашқа жетеді. -Анасының қалтасында өмір сүреді. -Қоянды жеп алып, екіншісіне көз сүзеді. Дидактикалық ойын: «Дұрыс ата!» Алаңда балалар тұратын бірнеше шеңберлер сызылады. Жүргізушіні таңдайды. Белгі бойынша балалар бір шеңберден екіншіге жүгіріп кірулері керек, жүргізуші оларды ұстап алады да, «Орманда кім өмір сүреді?», «Суда кім өмір сүреді?» сұрақтар қояды.Ұсталынған ойыншы жануар, балық немесе құстың атын атайды. | Сәлеметсің бе, табиғат! Сәлеметсіңдер ме, ормандар мен көлдер! Сәлеметсің бе, құстар! Сәлеметсің бе, аңдар! Бәрі бірге айтады, қайталайды. Піл Керік Кенгуру Түлкі Ойынды қызығушылықпен ойнайды. Орталарынан жүргізушіні таңдайды. |
Рефлексивті– түзетушілік | Қорытынды: -Бүгін не туралы білдіңдер? «Жүректен жүрекке» шеңбері «Табиғат-Ана» 01-«Ж»-№6 – Табиғатта бәрі өзгеше әсем. Ендеше, бірге былай айтайық: Табиғат ол – анамыз, Табиғатқа баламыз. Құшағында ойнаймыз, Шаттық әнге саламыз. | Қызыл кітап туралы білдік. Бәрі бірге айтады. |