-Балалар казір жылдың қыс мезгілі, бүгін қыстың алғашқы айының,ең алғашқы күні.
–Балалар қыс мезгілінде үш ай бар.
–Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан.
–Қыс мезгілінде ауа-райы салқын аяз болады қар жауады. Балалар, бүгін бізде мереке, қыстың алғашқы айының ең алғашқы күні елімізде «Президент күні» болып мерекеленеді. Балалар, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз .
«Елін сүйген –Елбасы» атты тақырыпта мерекемізге сай тақырыптық сабақ өтеміз. Балалар, біз Қазақстан республикасында тұрамыз,біздің кең байтақ жеріміз бар. Онда әр ұлттың өкілдері тұрады, олай болса ойын ойнап жіберейік.
Дидактокалық ойын:
«Туған жерді гүлдендір» Балалар туған жерді гүлдендірер ұл-қыз міне сендерсіңдер.Еліміздің келешек тағдыры Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда.Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін-сендер.Ол үшін терең әрі жан жақты білімді болу –міндеттерің. Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады. Осы кең байтақ Қазақстанды басшылық етіп отырған тұңғыш елбасымыз.
Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Ол 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш елбасы болып сайланды.
–Балалар, біздің яғні, Қазақстан Республикасының Президенті кім екенін білемізбе?
-Біз бүгін Елбасымыз және рәміздеріміз жайлы түсінік алатын боламыз. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Осы кіснің құрметіне 1-желтоқсанды-Президент күні деп атапты.Бүгінгі сабағымыз да, Елбасының құрметіне арналмақ.Нұрсұлтан Әбішұлы 1940 жылы 6 щілде де Алматы облысы ,Қаскелең ауданы,Шамалған ауылында дүниеге келіпті. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғаннан соң оның рәміздері болады. Олар ту, елтаңба, әнұран.Жаңа өзіміз айтып өткен әнұранның авторларының бірі осы Елбасымыз.
Елбасымыз Астана қаласында –Ақорда да жұмыс жасайды.
- Мінекей ,балалар, біз Елбасымыз туралы көптеген мағлұмат алдық иа балалар? Тәрбиеші: Балалар біздің ата-бабамыздың өткен өмір жолына біраз шолу жасап қарасақ. «Не деген дархан ел, не деген төзімдіде қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім» деп көңілің көкке көтеріледі. Олай болса балалар бізге қонаққа Ата келіпті. (Музыка ойнап,аяғын ақырын басып Ата келеді орындыққа келіп демалып отырады.
Тәрбиеші: Салеметсізбе Ата төрлетіңіз.
Ата: Ия , мен сендердің бүгінгі тұнғыш Президент күніне арналган сабақ өтіп жатқандарыңды естіп қонаққа келдім өзімнің бар білгенімді айта кетейін дегенмін. 1. Балалар біз Қазақстан Республикасында тұрымыз. 2. Біздің Елбасымыз Н.Ә Назарбаев 3. Еліміздің туында күн, қыран құс, ою бейнеленген. Ал, елтаңбамызда тұрпар, шаңырақ, жұлдызшалар бейнеленген. Тәрбиеші: Мінекей балалар Атамыз бізге көптеген ақылын айтты ,батасын берді,біз өткен өмір тарих жайлы енді білетін боламыз. Ендеше балалар сендермен бір ойын ойнысақ.
«Дидактикалық ойын»
«Туды құрастыр» тудағы жетіспей тұрған заттарды балалармен бірге тауып толықтыру
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ендеше сабағымызды қорытынды жасаймыз. -Балалар бүгін қандай мереке? -Бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы қандай? -Біздің еліміздің тұңғыш Президенті кім? -Балалар бүгін бізге кім қонаққа келді? Балалар сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар жарайсыңдар бүгінгі сабағымызды Тәуелсіз еліміздің картасын құрастырып, бірлікте, ынтымақта тату тәтті тұрып жатқанымызды қонақтарымызға көрсетейік.
«Кең байтақ далам» ойыны Қазақстан Республикасының елта4басында орналасқан туды таспа жіптердің көмегі арқылы балалармен бірге шаңырақты көкке көтеру, балаларға ынтымақ пен ауыз біршілікке үйрету..