Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасының мазмұндық, ресурстық негіздерін заманауи технологиялар арқылы рухани жаңғару аясында жаңарту жобасы. Берілген жобада қазақтың ұлттық ою-өрнектерін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісінде қолдану жолдары сипатталған. Ою-өрнектерді зерттеу, шығармашылықпен қолдану, әңгіме, ертегілер ойдан құрастыруға үйрету жөнінде баяндалған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ғылыми-зерттеу жобасы»
Май ауданы әкімдігінің, Кеңтүбек селолық округі әкімі аппаратының «Қарлығаш» бөбектер бақшасы» МКҚК
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ МАЗМҰНДЫҚ, РЕСУРСТЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ РУХАНИ ЖАҢҒАРУ АЯСЫНДА ЖАҢАРТУ ЖОБАСЫ
Зухра Димяновна Мухамедова
«Қарлығаш» бөбектер бақшасының меңгерушісі
Павлодар облысы, Май ауданы, Кеңтүбек ауылы
2017-2018 оқу жылы
І. КІРІСПЕ
Еліміздің даму деңгейі мектепке дейінгі кезеңнен басталып, балаларымыздың дүниетанымын дұрыс бағыттаудан негіз алады. Балабақша жағдайы онда түрлі оқыту технологиялары кеңінен қолданылу үстінде. Қазіргі таңда оқытудың жаңа технологиялары тек сипаттама түрінде ғана емес, шынайы мәселелік негізде болуы тиіс. Бүгінгі таңда білім берудің жаңа технологиялар жүйесі өте маңызды, қарқынды. Олармен Рухани жаңғыру аясында ұлттық құндылықтарымызды ұштастыра білу – заманауи тәрбиешінің басты міндеті.
Бұл бағытта мектепке дейінгі білім беруде ұлттық оюларды стандартты игеру үдерісіне енгізуді ұсынып отырмын.
Жоба мәселесі: Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дамуы, білім сапасының төмендігі.
Жобаның мақсаты: Қазақтың ұлттық оюлары туралы түсініктерді заманауи педагогикалық технологияларды қолдана отырып балаларға меңгерту, сол арқылы болашақта функционалды сауатты оқушы болатындай тұлға қалыптастыру.
Жобаның гипотезасы: Егер жобада ұсынылған технология практикада қолданылса, онда балалардың логикалық ойлауы, қол моторикасы, шығармашылық қабілеттері, еркін сөйлеу мен өз ойын жеткізу дағдылары дамиды, білім сапасы артады.
Жобаның нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалар.
Жобаны іске асыру кезеңдері: 4 жыл (ерте жас тобынан естияр тобына дейін).
Жоба жаңалығы: Ұлттық оюларды ерте жастан бастап ортаңғы топқа дейін тәрбие-оқыту үдерісінде жан-жанқты қолдану республика бойынша іс-тәжірибесінде қолданатын мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің саны аз.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. ОЮ-ӨРНЕКТЕРДІҢ ТАРИХЫ
Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген «далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан. Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы.
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.
Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар.
Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, ою-өрнек деп қосарланып айтылады.
Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Зооморфтық ою-өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.
Үй жиһаздарында кең пайдаланылатын Қазақ оюының келесі бір түрі – өсімдік сипатты ою-өрнектер. Олар тұрмыстағы ағаш бұйымдарда жиі кездеседі. Жалпы өсімдік өрнегінің жапырақ, гүл, сабақша, өткізбе, шиыршық, тамыр түрінде және жаңадан ашылып келе жатқан жауқазын бейнесінде ұшырасады. Өсімдік сипатты ою-өрнек, көбінесе, кебеже мен жүкаяқтардың, әбдірелердің беттерінде тігінен де, көлденеңінен де бедерленеді. Ал асадалдарда бұл ою-өрнектер бір-бірімен сабақтасып, тұтасқан түрінде беріліп отырады. Өсімдіктер ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай әр қилы көрініс табады. Шебер оны өз талғамына орай жеке де, топтастырып та пайдаланған. Сондай-ақ, ағаш бұйымдарда өсімдік белгілері сабақтастырылған, шиыршықталған күйінде немесе шеңбер түрінде бедерленген. Бұл ою-өрнектің арасындағы бүгінде кең таралғаны ағаш сұлбасының абстракциялық түрдегі бейнесі. Аталған ою-өрнектің арасындағы келесі кең таралғаны – жапырақ тектес түрі. Жапырақтың, әсіресе, дара және топтасқан бейнелері көп қолданыс тапқан.
Геометриялық ою-өрнектер
Үй жиһаздарында геометриялық ою-өрнек түрі жиі кездеседі. Ол барлық дерлік бұйымдарда орын алады, көбінесе, жалпы композиция көлбеу орналасса, бір тұстарда қосарласа тартылады. Ол үй жиһазының жиектеріне, бүйірлеріне, қапталдарына нақышталады. Көбінесе, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер, сызық түрінде бедерленеді. Сондай-ақ,құру барысында негізгі күрделі ою-өрнектерді жалғастырушы, толықтырушы рөлін атқарады. Кейде әр қилы орындалған сызықшалар 40 – 50 үйбұйымдарында геометриялық ою-өрнектердің үшбұрыш, төртбұрыш, сүйірбұрыш, айқышты, сопақша түрлері де кездеседі.
Қазақ жиhаздарында космогониялық ою-өрнек те кең таралған. Ол кебеже мен әбдіре бетінің дәл ортасында, көбінесе, күн бейнесінде бейнеленіп, айналасына ұсақ жұлдызшалар, бұлт, толқын салынады. 20 ғ-дың 60 – 80-жылдары Маңғыстау шеберлерінің қолынан шыққан кейбір үй жиһаздарында жұлдыз, балға мен орақ көп кездеседі. Ағаш бұйымдарда космогониялық ою-өрнектердің “жұлдыз”, “шұғыла”, “төртқұлақ”, “бітпес”, “шимай” деп аталатын түрлері кеңінен қолданған. Аталған ою-өрнектер, негізінен, ағаш бұйымдарында бірнеше рет қайталанып, ырғақ заңдылығымен орындалады. Космогониялық ою-өрнектер үй жиһаздарының орта тұсында және жиектерінде бедерленген. Мәселен, күн бейнесі, оның шұғыласы ағаш бұйымдарының ортасында шеңбер түрінде бедерленсе, ай бейнесі көбінесе қыз жасауларында жаңа ай күйінде өрнектеледі. Ал, толқын тәріздес шумақталған бұлт бейнесінің сыртқы пішіні бұйымдардың жиектерінде беріледі. Ағаш бұйымдарында көрініс тапқан ою-өрнек түрлері мен олардың мазмұны қазақтар арасында ағаш оймыштаудың біршама жақсы дамығандығын аңғартады.
2.2. ОЮ-ӨРНЕКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.
Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды. Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап өтейік.Түзу және ойқастыра тоқу тәсілдері көп қолданылады. Түркі халықтарының қолтаңбаларында өрнексіз заттың мәні жоқ. Жалпы қазақ халқы ою-өрнекті қадір тұтқан. Бас киімдегі ою-өрнекке қарап, қай ұлттың ұрпағы екенін таныған, кімнің қазақ, кімнің ұйғыр, татар екенін білген. Қырғыздарда «қошқар мүйіз», «тұмар», «теке мүйіз», ұйғырларда «бадам», «шәдә», өзбектерде «пахта гүл», «бадам» деп аталады. Қазақтардың оюын сипатына қарай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп үш топқа бөледі.
Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір ай-мағының өзінің стильдік ерекшеліктері, үлгілері болған. Соған карамастан, барлық оюлардың бастапқы элементінің негізі — «мүйіз» тектес ою-өрнек болып саналады. Қазақ халқының түрмысында жиі қолданылатын: өру, тігу, тоқу, құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал-саймандарды, киіз үйлерді, зергерлік бұйымдарды, кілем, алаша, сырмақ, терме алаша, қоржын, ыдыс-аяқтарды, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп, безендіріп отырған. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-дай түрі ғана анықталған.
2.3. ӨРНЕКТЕРДІҢ ТҮСТЕРІ МЕН БОЯУЛАРЫ
Қолөнерде пайдаланылатын бояуларды шеберлер өздері қолдан жасап алатьін оларға әр түрлі қоспаларды қосып. бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл) ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдың қанын, қара бауырын, көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған. Көк тікеннің бүрі, мойыл, долана, қарақат, бүлдірген, итмұрын және тағы басқа да осылар тәрізді түрлі жемістердің шырыны да даяр тұрған бояу десе болғандай еді. Халық шеберлері шие жемістерін, әр түрлі өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларын қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған. Мысалы, талдың, теректің, қарағайдың, еменнің, алма, анар, жүзім және өрік ағаштарының қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар қайнатңан. Қына (жер қынасы, тас бетінің қынасы) «томарбояу» дейтін қурай мен тобылғының тамырларын қайнатып та бояу жасаған. Қабықтарды күздігүні жинап қол диірменге тартып не келіге түйіп ұнтақтап қайнатады. Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған, кейде порошок түріне келтірген. Мұндай қайнатынды бояуға ашудас, мұсатыр, тотияйын, тұз, қарағайдың шайырын қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, өріктің, жаңғақтың сүйектері мен бидайдың, арпаның күйіктерінен де бояу жасаған. Бұларды бірімен-бірін қоспалау арқылы әр түсті бояулар жасалады. Бояулар сіңімді әрі оңбас үшін ермен, көкпек, итсигек, қара жусан сияқты ащы шөптердің тұндырмасын, құрттың сарысуын, кейде май қосатын болған.
2.4. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
Павлодар облысы, Май ауданы, Кеңтүбек ауылының «Қарлығаш» бөбектер бақшасында 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап, тәрбие-оқыту үдерісінде ұлттық оюларды қолдану жүзеге асырылды. Ерте жастан бастап, ортаңғы топтың 4 жасар балаларына дейін күнделікті ұйымдастырылған тәрбие-оқыту әрекеттерінде, ойындарда, түстен кейінгі бос уақыттарында оюлармен келесідей жоспар бойыншаойын түрінде жұмыс жасадық:
Ерте жастағы балалар үшін:
Оюлар туралы жалпы мағлұмат беру.
Түрлі текстуралы, пішінді, түсті оюлар арқылы мотрикаларын, сенсорлық қабылдауларын дамыту. Мысалға, фетрдан, қатты қағаздан, жұқа қағаздан және т. б.
І сәби топтары үшін: 1, 2-кезеңдерден кейін
Қарапайым оюлардан күрделі композициялы өрнектер құрастыру.
ІІ сәби топтары үшін: 1, 2, 3-кезеңдерден кейін
Ою-өрнектерді өз бетінше суретін салу, қағаздан қию машықтарын дамыту.
Ортаңғы топтар үшін: 1, 2, 3, 4-кезеңдерден кейін
Бар оюлардан әңгіме, сюжет, ертегі құрастыру.
Өз ойынан ертегілер құрастыру.
Оюлармен ойындар барысында балалар жоғары қызығушылық танытты. Барлық жастағы балалар белсенділікпен оюларды зерттеді, тапсырмаларды орындады. Ерекше оқытуды талап ететін балалар да зейін салып оюлармен ойнағанын бақыладық.
2.5. ОЮЛАР СЫР ШЕРТЕДІ
Оюлардан не көріп тұрсың? Дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балалардың қиялдауын, ой-өрістерін, логикасын, сөйлеу тілдерін дамыту.
Мүмкін жауаптар: Аққу, жапырақ, гүл, мүйіз және т. б.
Оюды жалғастырып салуға болады. Мысалы:
Мүмкін жауаптар: Жапырақ, гүл, бүршік, батыр және т. б.
Оюды жалғастырып салуға болады. Мысалы:
Балаларға келесідей ертегі ойлап таптық.
Бұл «Тышқан ізі» ою-өрнегі.
Балаларға Мурашковска-Валюмс технологиясының элементі – Дүрбімен бөліп зерттеу әдісін ұсындық.
Интербелсенді тақтадан оюдың бір бөлігін көрсетіп, «Ерте-ерте-ертеде, ешкі жүні бөртеде, бір керемет сұлу патшайым өмір сүріпті. /Көк ою – тәжі , қалған бөліктері – қолдары мен көйлегі. Бұл тұста балаларға оюдың элементтерін патшайым ретінде қиялдау, есімін ойлап табу ұсынылады./
Патшайым гүлдер саябағын өсіруді армандапты. Түрлі гүлдер тұқымдарын отырғызды, күнде баптап, су құйып отырды.
Біраз уақыт өткен соң, гүлдер әсем болып өсті!
Күндердің күнінде зұлым айдаһар ұшып келіп, Патшайымды ұрлап алып кетеді. Бүкіл халық уайымға салынады.
Тек Батыр Патшайымды құтқаруға аттанады.
Тау мен тасты аралайды, су-көлдерден жүзіп өтеді.
Әйтеуір, айдаһар үңгіріне келіп, айдаһарды жеңеді. Патшайымды құтқарып, елдеріне оралады.
Ертегі аяқталғаннан кейін балаларға толық ою көрсетіліп, одан не көріп тұрғандарын сурау керек. Басқа ою композицияларын көрсетіп, өздеріне ертегі құрастыруды ұсыну керек.
Бұдан басқа инновациялық технологияларды қолданып, ою-өрнектермен дамытушылық ойындар ұйымдастыруға болады.
Мысалы, Дьенеш блоктарында ою-өрнектерді қолдану, Воскобович шаршысындағы үшбұрыштар орнына оюларды орналастыру, Геоконтқа ою түрлерін салу, оюларды Игровизорға салғызу, Кьюзенер таяқшаларын қолданып, геометриялық оюларды құрастыру, оюлар туралы лэпбук жасау және т. б.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Қорта айтқанда ою-өрнек – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, шуақты шақ, арайлы кезең, жарқын әлем, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы ою ойған адамның жүрегі жылы, жаны нәзік болады.
Жобада қозғалған мәселелер ою-өрнектерді үйлесімді қолдану арқылы өз шешімін оңай табары сөзсіз. Бұл жұмысты жүзеге асыруға ешқандай қаражаттың керек жоқтығы анық. Тек ұмтылыс пен қиял керек. Оюлардан ертегі, әңгіме, тақпақ шығарып, бұл өнерге балаларды үйрету – игі іс. Бір жақтан балаларды жан-жақты дамыта түссе, екінші жағынан, халқымыздың тарихын, салт-дәстүрлерін жаңғыртуға тиімді құрал.
Заманауи педагогикалық технологияларды қолдана отырып, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық қоңыр ою-өрнектерімізді, кәзіргі жаһандық заманда аман сақтап, балаларымыздың бойына ұялата білу біздің парызымыз.
ІҮ. ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚОРЛАР:
Жұмагелді Нәжімеденов мақаласы, Мәдени саясат және өнертану институтының, акустика және музыкалық технология лабораториясының меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент, домбырашы, дирижер