Мектепке дейінгі балалардың грамматикалsқ дағдыларын қалыптастыра отырып, оларды дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу. Мектепке дейінгі балалар арасында грамматикалық дағдысын қалыптастыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру»
Мектепке дейінгі балалардың
грамматикалық дағдларын қалыптастыру
Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өз елінің өкілдері болады» деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы — бүгінгі ұрпақ. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілетін, нақты мүмкіншілігін анықтап, ана тілінде еркін, сауатты, жүйелі сөйлеулерін дамыту, соған негіздеп оқыту — бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: “білім беру жүйесінің басым міндеттеріңде: білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатын байыту”—деп атап көрсеткен. Осыған сәйкес қоғам алдына білім жүйесін саналық жағынан жаңарту, жалпы білім беретін XXI ғасыр мектебінің жаңа моделін таңдау, балалардың жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.
Жұмыстың мақсаты: 5-6 жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру туралы ұғым беру.
Жұмыстың міндеті:
- оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- оқыту принциптерін басшылыққа алу;
- тақырыпқа сәйкес әдістемелік, педагогикалық еңбектерге сараптама жасау;
- сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту, яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
Жұмыстың өзектілігі:
Тілді, оның ішінде балаларды ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында балалар өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезінен бастап кеңес мектептерінде балаларды сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің грамматикалық жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады.
Балабақшада тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды:
- грамматиканы меңгерту;
- грамматикалық дағдыларды қалыптастыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа балалардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.
Бұл тұста орыс ғалымдары Д.Н.Богоявленскийдің, Н.Ф.Жуйковтың, Н.С. Рождественскийдің, Е.Г.Шашкованың және т.б. балаларға грамматикалық ұғымдарды беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70- жылдары қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер-ғалымдар да (М.Балақаев, Р.Әміров, С.Рахметова, Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, О.Байқуатова т.б.) өз еңбектерінде балалардың дұрыс сөйлеу , грамматикалық дағдыларын қалыптастыру және оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңайлы әдіс-тәсілдерін жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды. Алайда бұл мәселелер 80-жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшкен төрт жылдық бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ деуге болады. Грамматиканы оқытуда басты назарды зат есімді оқытуға аударған жөн. Себебі, келесіде, бастауыш мектепте зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытады. Сондықтан тақырып өзекті.
Негізгі бөлім
1.1 Тілдегі грамматикалық мағыналар, грамматикалық қателердің сипаты
Грамматикалық мағыналар - бұл болмыс кұбылыстары арасындағы сөз арқылы білдірілетін қарым-қатынастар мағынасы, яғни бұл логикалық (ойлағыштық) қатардың тілдік мағыналары. Грамматикалық мағыналар сөз тудырушы морфемаларға және синтаксисте грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу аз, сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды түсіну ксрек, Мысалы, бала лексикалық мағынаны, яғни АЛМА ағашы, отырғызу сөздерінің тілден тысқары болмыспен арақатынасын білуі мүмкін, алайда «алма ағашы отырғызылды» немесе «алма ағашын отырғызады» деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған грамматикалық мағыналарды білмейді (предикатты, яғни баяндауыштық қатынастарды білдіретін зат есімнің атау септігі мен ырықсыз етістін немесе толықтауыштык, заттық қатынастарды білдіретін зат есімнің табыс септігі мен етістіктің 3-жағының шақ формаларының мағынасын түсінбейді). Егер балаға грамматикалық тұлғаның мағынасы түсініксіз болса, ол сөйлемдегі айтылған ойды да түсінбейді.
Ана тілінід грамматикалық мағыналарын үйретудің қиындығы мынада бұл мағыналарды оқытушының өзі (ана, тәрбиеші, кейде тіпті мектептегі мұғалім) жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау процесінде меңгеріп, интуициялық жолмен қолданады. Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі (интуициялық, жеткіліксіз дәрежеде) адамды ойлана білетін етеді.
Мұнан оқытушының (ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің) ең маңызды қамқорлығы балалар ана тілінің грамматикалық тұлғаларының бәрін де (бәрін!) мүмкіндігінше ертерек естіп және олардың саналарына біртіндеп ене беруін қамтамасыз етуге бағытталуы керек деген қорытынды шығады, Ана тілдің грамматикалық, мағыналарын түсіну жас жеткіншекке ақыл кіру жене оның дамуы процесі болып табылады. Бұл процесс санадан тыс жүретінін қайталап айтамыз. Алайда егер бұл процесс нашар оқытылу арқылы бәсеңдетілетін болса, баланың ақыл-ойының өсуі шектеліп қалады. Мектепке дейін ана тілінің грамматикалық құрылысын үйренбеген бала нашар оқиды, өйткені ол мектепте оқылатын болмыс құбылыстарынан арасындағы байланыстар мен қатынастарды түсінуге қабілеті жетпейді (3).
Грамматикалық мағыналарды үйрену процесінде балада грамматикалық дағдылар калыптасады.
Бала тіліндегі грамматикалық қателердің сипаты: Амал канша, біздің методикада балалардың грамматикалық мағыналарды үйренуі үстінде онын артта қалу жағдайын қалай ертерек анықтауға болатыны туралы ешқандай нұсқау жоқ. Біз бұл қолайсыз жағдайды бала әбден мектепке барып, қашан I кластың сабағын меңгеруге қабілеті жетпей қалғанда ғана сеземіз және ол кезде бұл қателікті түзетудің өзі қиын.
Бірақ сөз тудыру мен сөз түрлендіру процесіндегі баланың грамматикалық қателерін түзету құралдары жеткілікті түрде талдап зерттелген. Бұл қателер грамматикалық мағыналарды үйрену процесінің қалыпты жүретінін, бала өз ана тілінде қаншалықты грамматикалық мағыналар болатынын біліп алғанын және оған сол грамматикалық мағыналарды бейнелейтін үлгілерді жеткізген өз тәрбиешісінің педагогтық талантының шама-шарқына байланысты мөлшерде біліп шыққанын көрсетеді. Тілдегі грамматикалық формаларды түсіну (интуициялық) жолына дер кезінде бағытталмаған бала көбіне үндемей отыра беретіндіктен мұннан қателерді болдырмайды.
Балалардың тіліндегі қолданылын жүрген грамматикалық формаларды олардың түсінетіндігін, алайда оларды сөйлеу кезінде қалай жұмсауды әлі есте сақтай алмағандығын - тілдік нормаларды әрі үйренбегендігін көрсететін грамматикалық қателерден мысалдар келтірейік.
Сөз тудырудағы грамматикалық қателер. Балалар өздерінің үйренген, сөздеріне құсас өзіндік сөздер жасап алады. Мысалы:
Қыстық сөзіне ұқсату арқылы: «көктемдік» - «Мамам маған көктемдік киім сатып алып берді»; «балалық» - «Біздің үйде балалық кішкене үстел бар».
Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады: өз сөзін «шығармай» дұрыс дамыған бала кемде - кем.
Ересек адамдар баланың бұл жаңа сөздерінің грамматикалық мағыналары сол жан ғана себепке қатысты екенін дұрыс қалпында түсінеді, шын мәнісінде мұнда мағына жағынан грамматикалық қате жоқ та жұрнақтар толығымен ойдан шығарылған, олардың білдіріп тұрған мағынасы ғана дұрыс; мұндағы қате сол, балалар бұл жұрнақтардың әдеби тілде қандай түбірлік морфемалармен бірге келетіндерін есте сақтай алмаған.
Сөз түрлендірудегі грамматикалық қателер. Балалар сөйлегенде сөзді әдетте септеудің немесе жіктеудін өнімді типі бойынша өзгертеді, ал өнімсіз типті олар әдетте кейінірек үйренеді және де егер оларға мұндайда дер кезінде көмек бермесе, сөз түрлендірудегі қателер оларды түзету әлде - қайда қиынға соғатын кезге, яғни мектепке дейін «ілесіп барады».
Сөз түрлендірудің өнімсіз типіне жеу, жүру (көлікпен), өсу тәрізді етістіктер, фонетикалық өзгешеліктермен септелетін зат есімдер (барлығы 10 сөзге дейін) және басқа сөздер жатады, алайда бұл сөздер тілде ете кездеседі, сондықтан олардың қате түрі әрқашан айқын білініп тұрады.
Мұндай типті грамматикалық қателердің түрлері мынадай:
зат есімшенің көпше түрінің бір фонетикалық вариантының орнына екіншісінің қолданылуы: «жолдар», «көлдер» типі бойынша -лар (-лер) вариантының орнына -дар (-дер) айтылады: «үйдер», «терезелер», «баладар», «машинадар»;
зат есімнің септік жалғауларының фонетикалық варианттары бірінің орнына бірі қолданылуы: «баладың» («баланың» деудің орнына), «столқа» («столға» деудің орнына), «адамты» («адамды» деудің орнына), «бақшатан» («бақшадан» деудің орнына), «балабен» («баламен» деудің орнына);
табыс септігі жалғауын стильдік жағынан дұрыс қолдана білмеу: «Мен бейне суретті салдым» (дұрысы - «Мен кеше сурет салдым»), «Жазуды жазды» (дұрысы - «Жазу жаздым»);
септелмейтін зат есімдерді септеу;
салыстырмалы шырайдың жасалуы кезіндегі сын есім түбірлерінде дауыссыздардың алмасуының болмауы;
етістіктің жіктік жалғауларын бірінің орнына бірін қолдану: тәрбиешінің қойған сұрағына орай жіктік жалғауының 1-жағы жекеше түрдегі етістік 2-жақ жекеше түрде немесе 3-жақ жекеше түрде айтылады. Мысалы: - Сен көп ойнадың ба? - Иә, мен көп ойнадым. - Мына суретті кім салды? - Бұл суретті мен салдым;
сан есіммен тіркесіп келген тәуелдік жалғаулы зат есім септелгенде тәуелдік жалғауының түсіп қалуы: «ит бес күшікпен келді» (дұрысы -«ит бес күшігімен келді»), «тауық екі балапанмен келді» (дұрысы -«тауық екі балапанымен келді») (7).
Әрине, балалар, әдет бойынша тілде етістіктің есімше, көсемше тұлғаларын қолдана алмайды, себебі оларды үлкендердің сөзінен сирек естиді: үлкендер балалар түсінбейді деп қорқып, бұл грамматикалық тұлғаларды аз қолдануға тырысады, бірақ сонан соң, VI класта, яғни бұл тұлғаларды оқитын кез келгенде, әдетте, балалар оларды үйренуге даярланбаған болып шығады. Осының салдарынан көптеген баланың тілі грамматикалық катынасы жағынан алғанда жүдеу болып шығады.
Тәрбиеші балалардың диалектік қателерін де есепке алуына тура келеді, мысалы, олар баланың қай облыста тұруына байланысты болып келетін зат есімнің ілік септік жалғауын немесе ілік септігіндегі сөзбен тіркесіп келген тәуелдік жалғаулы сөзді қолдану кезіндегі және басқа да кездердегі қателер: «менің ойыншығым», «менің ойыншық», «сенікі қуыршақ», «сенің қуыршақ», «біздің аюым», Балалардың тіліндегі диалектикалық қателерді жою баланың үйдегі ересектердің сөзінен кейде тіпті бала бақшада да үнемі естіп жүретіндіктен қиынға түседі.
1.2 Бес – алты жастағы балалардың грамматикалық дағдыларды қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері
Грамматика бойынша жүргізілетін жаттығулар балалардың осыған дейін үйреніп болған лексикалық және фонетикалық материалдарын бекітуге арналған жаттығуларымен қатар жүргізіледі. Балалар алдын ала аздаған сөз мөлшіерін үйренбейінше, дыбыстарды қалай айтуды және сөйлем интонациясының ерскшеліктерін білмейінше грамматикалық жаттығулар жүргізу мүмкін емес. Балалардың тілін грамматикалық формалармен байыту олардың сөздік қорын молайту мен фонетикалық дағдыларын дамыту процесінде жүреді.
Тәрбиешінің негізгі міндеті балаларды практикада фразалық тілді пайдалана білуге үйрету, яғни тілде негізгі грамматикалық категорияларды дұрыс пайдаланудан, сөзді практикада жекелік, көптік, септік, шақтық, жақтық формалармен түрлендіру дағдысын қалыптастырудан тұратын себебі сол. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін тәрбиеші пәндік сабақтарда арнайы грамматикалық жаттығулар жүргізеді.
Біздің тіліміздегі сөздердің жартысынан көбі зат есімдерден құралатындықтан, грамматикалық құрылым үстінде жүргізілетін жұмысты зат есімдермен танысудан бастау керек, зат есімдердің түрленуі негізінде басқа сөз таптары да өзгеріске түсіп отырады: сын есімдер — септіктерге, жекеше, көпше түрге; сын есімдер мен етістіктер өткен шақта — жекеше, көпше түрге түрленеді (5).
Зат есімдердің түрленуі үстінде жүргізілетін жұмысты табыс септігінен, яғни табыс септігін атау септігімен салыстыра отырып бастау керек, сонан соң өте нақты және түсінуге жеңіл септіктер ретінде барыс пен көмектес септікті үйрету керек, тек содан кейін ғана ілік септігі мен жатыс септігінің кейбір мағыналарымен, осы септіктердің негізінде жасалған жатыс септігіндегі тіркестермен және кайда? (кай жерде?), (қайда? (қай жақта?), қайдан? деген сұрақтардың айырмашылықтарымен таныстыру керек.
Мекендік үстеулерді түсініп игеруге ерекше көңіл болу керек. Жатыс септігіндегі тіркестер септіктердің басқа негізгі формаларымен байланысты болып келеді, сондықтан практикада үстеулермен танысуды септіктермен бірге жүргізген қолайлы. Ең алдымен балалар ішінде - үстінде; астында - түбінде; жанында - қасында - маңында; алдында; артында деген үстеулердің айырмашылықтарын түсінуі керек. Аталған үстеу сөздер күнделікті өмірде жиі қолданылатын, түсінуге жеңіл әрі оңай сөздер. Мысалы: қарындашы қораптың ішіне, үстіне, астына қой; қораптың үстінен қарындашты ал; қарындашты қораптың ішінен алып таста; оны қораптың жанына қатарластырып қой. Бұл түсінікті бекіту үшін әрекет пен тілді салыстырып отырған өте маңызды.
Балалар сөйлегенде үстеулерді пайдалана білуге үйрету кезінде оны интонация арқылы бөлектеп, ерекшелеп көрсеткен дұрыс: үстел үстінде, астында жатыр; үстел үстінен, терезе алдынан алып тастады; үстелдің астына қойды, үстелдің астында отырды.
Балалар зат есімнің септік тұлғаларын үйреніп болғаннан кейін, оны сан есімдермен бірге қолдана білуге үйрету керек. Ол үшін практикада зат есімді бір деген сан есіммен тіркес құрап (бір шабдалы, бір алма, бір алмұрт) пайдалануға болады. Әрине, бұл кезге дейін балалар бір, көп деген сөздерді айыра білуге тиіс. Балалар әр түрлі сөздерді іріктеп ала отырып, бір сөзін олармен байланыстыра айтып үйренеді.
Бала үш жасқа қарағанда белгілі мөлшерде етістік лексикасын: ішу, беру етістіктерінің тұйық рай тұлғасын және жүре бер, алып бар, жу тәрізді бірқатар етістіктердің бұйрық рай тұлғасын да меңгереді.
Балаларды етістіктің өткен шағымен таныстыруды олар зат есімдердің септік жалғауларын үйренгеннен кейін бастау керек. Етістіктің өткен шағы, әдетте, жеңіл меңгеріледі және балалардың негізгі сөздік қорына енеді. Етістіктің өткен шағының материалдары негізінде балалардың тіліне сан есімдер оңай енетін болады. Сонан соң бала боламын етістігімен келер шақ тұлғасын меңгереді. Баланың тілінде келер шақ төрт жасқа қарай пайда болады.
Балалардың тіліне етістіктің түрлі тұлғаларын енгізудің ең дұрысы «әрекет - тіл» тәсілін пайдалана отырып, етістіктерге жалғанатын қосымшаларды қарастыру үстінде жүргізілетін жұмыспен байланыстыру керек. Мұнымен қоса бала белгілі бір картинаға сүйене отырып, қосымшамен келген етістіктің (кетті, кірді, келді, шықты) мағыналық реңкін байқай алуы мүмкін. Балалар қосымшалардың мағынасын үйреніп болғаннан кейін ғана, оның үстеулермен арақатынасын белгілеуге болады (... ішіне кірді. ... артынан кірді, ... ішінен шықты, ... сыртын айналып шықты және т. б.).
Болашақ тәрбиешілерге арнайы грамматикалық жаттығуларды жүргізу кезінде мынадай үлгілік дидактикалық материалдарды ұсынамыз:
Зат есімдерді табыс, барыс, көмектес, ілік септіктері бойынша үстеу сөздерсіз және табыс, барыс, көмектес, ілік, жатыс септіктері бойынша үстеу сөздермен қолдану:
а) сабақты етістіктерден кейін келген табыс септігіндегі зат есімдер: Балалар сурет салады, кітап оқиды, ертегі тыңдайды; Зоя тәтей ботқа пісірді, пирог пісірді; Витя ойыншыктарды жинайды; Таня пол жуады; Мамам ойыншық сатып әкелді; Мен телевизор көріп отырмын; Осы бөлімде өздік және өзгелік етістіктердің қолданылуын бөліп көрсетуге болады: Мен киініп жатырмын. - Мен қуыршақты киіндіріп жатырмын. Мен жуынып жатырмын. - Мен аюды жуындырып жатырмын. Мамам таранып жатыр, - Мамам қызы Таняның шашын тарап жатыр;
ә) болады, керек, болмайды сөздері қатысқан етістіктермен келген барыс септігіндегі зат есімдер: Сережа Петяға қарындаш берді; Таня күтушіге көмектеседі; Маған мамам қуыршақ сыйлады; Юра папасына кедергі жасайды; Балалар елкаға қуанды; Кітапты Алешаға беру керек. Таняға бақшаға баруға болады. Таняға бақшаға баруға болмайды;
б) ілік септігіндегі зат есімдер (меншіктілік, сан есіммен бірге ілік септігінің қолданылуы): Бұл малақай Игорьдікі, бұл үй Мишканыкі, ағамның кітабы; Мен бір (екі) қарындаш әкелдім; Ол үиі алмұрт жеді; Петя Таняға төрт кубик (марка, қарындаш) берді;
в) көмектес септігіндегі зат есімдер (қимыл құралы): Мен қарындашпен, бормен сурет саламын; Балалар қолын жылы сумен жуады; Таня тісін пастамен тазалайды; қолды сүлгімен сүрту қажет;
г) кедістіктік қатынастарды білдіру үшін кызмет ететін, сөз тіркесінде келіп, кайда (қай жерде?), кайда? деген сұрақтарға жауап беретін үстінде, басында, ішінде, алдында, жанында, қасында деген үстеулері бар зат есімдер: Бақшаға (қайда?) барамын; Бақшада (қайда?) болдым; Бақшадан (қайдан?) келемін; Аю ағашқа (қайда?) шықты; Аю ағаштың үстінде (қайда?) отыр; Аю ағаштан (қайдан?) түсті; Құс бұтаның басында (қайда?) отыр; Құс бұтадан (қайдан?) ұшып кетті; Катя орманның ішіне (қайда?) кірді; Катя орманда (қайда?) болды; Катя орманнан (қайдан?) қайтып келді; Балалар парктің ішінде (қайда?) серуендеп жүр; Жүк машинасы көгалда (кайда?) кетіп барады; Мен көшеде (қайда?) болдым; қаланың ішін (қай жерді?) араладым; Шкаф терезенің (қабырғаның) алдында (жанында) тұр. Ағаштың үстінде отыр құрылымы мен ағашта отыр құрылымын салыстыру;
д) қайда? қайдан? деген сұрақтарға сәйкес айтылып кеңістіктік қатынасты білдіру үшін қызмет ететін үстеулермен келген зат есімдер: Петя ағашқа жақын келді; Петя ағаштан алыс кетті. Қосымшалар мен үстеулердің сәйкес келуі (6).
Етістіктер: а) қимыл етістіктсрі: кету, жүгіру және басқа, ә) хал-күйді білдіретін етістіктер: ұйықтау, жеу, сөйлеу, б) әрекетті білдіретін етістіктер: сурет салу, жапсыру, қозғау және басқа; в) қосымшалы және қосымшасыз етістіктер: жүру келді; сурет салу - суретін салу; ... жөнінде сұрау; г) өздік етістіктер: ертеңгілікті әзірлеу - ертенгілікке әзірлену, ойыншықты көтеру - басқышпен көтерілу, лифтімен көтерілу.
Материалдың түсін, тұлғасын білдіретін сын есімдер, сын есімнің салыстырмалы шырайы: көбірек, артығырақ, жіңішкерек, биігірек, қысқарақ, ұзынырақ және т.б.
Біз бұрын айтып өткеніміздей, тәрбиеші арнайы сабақтарда балаларға тілдік практика ұйымдастырады. Ондай сабақтарға арналған материал ойыншықтар, киімдер, аяқ киімдер, ыдыстар, тағамдар болуы мүмкін.
Мысалы, тәрбиеші алдына балалар өз сөзін белгілі бір үлгі бойынша жасалған сөйлем құрамында пайдалануды үйрету міндетін қояды: «бастауыш- тура толықтауыш баяндауыш», «бастауыш-тура толықтауыш + жанама толықтауыш баяндауыш». Бұл мақсат үшін сюжетті ойындар пайдаланылуы мүмкін. Балалар ойнай жүріп, ересектердің қоршаған ортаға жасаған әрекетіне еліктейтін болады. Мұндай сюжетті-рольдік ойын «Қуыршақ үйіндегі таң» ойыны болуы мүмкін. Тәрбиеші белгілі мөлшерде ойын жағдайын жасай отырып, балалардан әрбір кейіпкердің әрекетін сипаттайтын сөйлемдер құрастыруды талап етеді: «Мама - қуыршақ ерте тұрады. Мама ас үйге келеді. Мама ботқа пісіреді. Қуыршақ Катя қолын, бетін жуады, тіс порошогымен тісін тазалайды. Катя ботқа жейді, сүт ішеді. Катя ойыншықтарды жинайды. Катя самолеттің, гүлдің, үйдің, ағаштың суретін салады. Катя пластилинмен саңырауқұлақ, жеміс жасайды». Құрылатын сөйлемдердің әр түрлі болуы үшін ойынның сюжетін аздап өзгерту керек, яғни жаңа ойынның кейіпкерлер енгізіледі: аю, ит, басқа қуыршактар. Балаларға жетекші сұрақтар беріп, оларды сол фразалық үлгімен жауап беруге үйрету керек, мысалы: «Петя гүлді кімге берді?» — «Петя гүлді мамасына берді». Ойыншық итті қуыршаққа қарай бағыттап жіберіп: «Ит кімге жақындады?» - «Ит Қатяға жақындады»; «Катя не істеді?» - «Катя иттің аяғын ұстады»; «Аю не істеді?» — «Аю аяғын Петяға ұсынды»; «Осы кезде Буратино не істеді?» - «Буратино машинаны жасырды», «Буратино машинаны қайда жасырды?» - « ... үстелдің астына, есіктің артына, шкафтын ішіне».
Көрсетілген әрекет бойынша біріккендік мағынаны білдіретін –мен, -пен жалғауы бар құрылымды енгізген қолайлы: итпен, аюмен ойнады; Петрушкамен, Незнайкамен сөйлесті; мамаммен, Танямен, Петямен, Ромамен бірге сурет салдым.
Көрсетілген әрекет бойынша құрылған сөйлемдерді балалар толықтай айтып шығуы керек. Егер бала сөйлемде қате жіберсе, тәрбиеші оны түзетуге және баланың, сөйлемді тағы бір рет қайталауын сұрауға тиіс.
Балаларды кажетті грамматикалық тұлғалармен фраза жасауға үйрету үшін ең қарапайым ойын әрекетін негізге алуға болады. Ойын әдісі белгілі бір грамматикалық құрылым бойынша балалармен әңгімелесудің фоны ретінде барлық септік тұлғаларын орнықтыру үшін пайдаланылады. Мысалы, тамақтандыру процесін көз алдына елестете отырып, мынадай құрылымдар жасауға болады «Мамам Петяны (таб. с.) сорпамен, ботқамен (көм. с.) тамақтандырады»; «Үстелге тағы кімді отырғызды? — Аюды (таб. с.) отырғызды»; «Оған не берді?» — Ас қасықпен шай қасықты (таб. с. зат есім мен сын есім); «Неден жейді?» — «Тарелкадан» (шығ. с); «Неден ішеді?» — «Шыныдан» (шығ. с). Ойынның өзі және сұрақтар жүйесі баланы фразаларға құлақ қоюға үйретеді, әр түрлі септік тұлғаларын пайдаланып, сейлемдер құрастыруға көмектеседі.
Балаларға үстеулерді қолдануды үйрету сабақтарында міндетті түрде заттардың кеңістіктегі арақатынастарын көрсету керек. Ол үшін кубиктерді, пирамидаларды, кітаптар мен басқа да ойыншықтарды пайдалануға болады. Көрсетілетін әрекетті, мысалы, үйшік салуды, сөйлей отырып жасау қажет: «Кубиктің үстіне кубик қойып, қабырға тұрғызамыз. Қабырғаға таяу үстел тұр. (Зат пен қабырғаның орналасуын көрсету.) Үстелдің, жанында маймыл мен түлкі отыр. (Көрсету.) Үстелдің үстінде шынылар, үстелдің астында скамейка тұр». Нәрсенің, үстелдің астындағы және үстелдің үстіңдегі жағдайын міндетті түрде көрсету керек, сонда бала үстеулермен келген сөз тіркестерін оңай меңгереді және, ең бастысы, нәрселердің арасындағы нақты қатынасын ұрыс атайтын болады (8).
Арнайы грамматикалық жаттығулар картиналарды пайдалана отырып еткізілуі мүмкін. Оларды тиянақты түрде қарап шыққаннан кейін, сұрақтарға қысқаша жауап қайтарған соң.
(«Бала не ішіп отыр?» - «Сорпа»; «Кыз не салып отыр?» - «Самолет»; «Катя сүтті неден ішіп отыр?» - «Шыныдан») толық сөйлем құрауға және айтып беруге көшу керек. Мұндайда балаларға етістіктен болатын екінші тәуелді мүшені жасау едәуір қиындық келтіретін жанама толықтауышты қалай жасайтындарын қадағалаудың маңызы зор. Мысалы: Катя Петямен бірге доп ойнап жүр; Кыз су сепкішпен ағаштарды суарып жүр.
Картиналар бойынша сөйлем құрауға арналған үлгі материал:
Зат есімнің «атау с.- зат есімнің табыс септігі-етістік» схемасы бойынша сөйлемдер құрау:
Бір картинка сюжетіне құрылған әр түрлі сұрақтар және оған берген баланың жауаптары сұрақ-жауап жаттығуларының ұтымды түрі болып табылады. «Бала қолын жуып жатыр» картинкасы бойынша бірнеше сұрақ қоюға болады: «Витя, Толя, Сережа не істеп жатыр?», «Біз қолымызды немен жуамыз?», «Кімнің қолы таза болады?» және т. б.
Ілік септігі арқылы жасалған құрылымдар.
Жануарлар туралы заттық картинкалар немесе лото, жұмбақтар пайдаланылады. Сұрақтар: «Ненің мүйізі?», «Ненің құлағы ұзын?», «Ненің жүні жұмсақ?», «Ненің тырнағы өткір?», Балалар өздері айтып жүретін заттары туралы сөйлемдер құрай отырып, оларды картинадан көрсетуге тиіс.
Ішінде, үстінде үстеулері мен қосымшалардың өзгеруі арқылы жасалған құрылымдар.
«Картиналар қайда жатыр?» - «Папканың ішінде, үстелдің үстінде», «Жәшіктің ішінде отырған аюдың суреті салынған картинканы алып таста. Ол қайда жатыр?» «Үстелдің үстіне алып қой. Енді ол қай жерде жатыр?».
Екі картинка бойынша сөйлемдер құру. Қай жерде? Қайда? Қайдан? деген сұрақтарға жауап: «Мысық орындықтың үстіне отырды», «Мысық орындықтың астында отыр», «Ақтиін қарағайдың басында, ал қоян қарағайдың түбінде отыр», «құстар ағаштың басында отыр, мысық ағаштың, түбінде отыр», «Құстар ағаштан ұшып кетті», «Қоян түбірдің үстіне қарғып шықты».
Көмектес септігімен және барыс септігі арқылы сөйлемдер құру «Петя кіммен сөйлесіп отыр?» - «Мамасымен, дәрігермен», «Таня кіммен бірге келе жатыр?» - «Аюмен, Буратиномен бірге», «Ната кіммен бірге оқып отыр?» — «папасымен, Ромамен»; «Вова кімге барды?» — «Сережаға, күтуші әйелге» (9).
Балалар жаттап алуға арналған сөйлем үлгілері: Алеша машинамен (пароходпен, велосипедпен) серуендеуге барады, Алеша шанамен (конькимен, шаңғымен) сырғанақ тебеді. Аня доп (қуыршақ, кубик) ойнап жүр. Аня доп (қуыршақ, кубик) ойнайды.
Етістіктің тұйық райы мен үшін шылауын пайдаланып сөйлемдер құру.
«Витя не үшін барады?» - «Витя балық аулау үшін барады», «Катя не үшін су жылытады?» - «Кір жуу үшін».
Жекеше және көпше түрдегі зат есімнің атау мен табыс септіктеріндегі грамматикалық тұлғаларының өзгешелігі: «Қыз, шар, шарларды алып бара жатқан суретті тап. Былай де: «Ира шар алып барады. Ира шарларды алып барады. Ираның көп шары бар». «Петя, маған қарындаш (бірнеше қарындаш) берші. Таня, допты (доптарды, көп допты) ал».
Жағдайдың ұксастығы бойынша бір-біріне жақын қимыл-әрекет түрлерін айыра білуге үйрету: жуып жатыр, - жуынып жатыр - кір жуып жатыр; жүгіріп барады - секіріп жатыр; жатыр - ұйықтап жатыр; алып барады - көлікпен алып барады; тазалап жатыр - сыпырып жатыр; құрылыс салып жатыр - жөндеп жатыр.
Бұл сөздердің айырмашылығын сөз арқылы білдіретін белгілі бір уақиға құру, қимыл-әрекетке еліктеу жолымен көрсеткен дұрыс. Мысалы: Таня қуыршақты жуып жатыр; Таня кір жуып жатыр; Таня ойыншығын жуып жатыр.
Балаларды мағынасы жағынан қарама-қарсы әрекеттердің атауларын айыра білуге үйрету. Мысалы: пальтоңды түймеле - пальтоңның түймесін ағыт; пимаңды шеш - пимаңды ки, бантигіңді байла - бантигіңді шеш; бөлмеге кір - бөлмеден шық; радионы қой - радионы өшір.
Мысалы, кішірейту, үлкейту жұрнақтары сияқты сөз тудырушы элементтердің мәнін түсіну үшін заттарды атай отырып, сол заттар бейнеленген картинкаларды пайдалануға болады және сол заттар бір-бірінен қандай белгілері арқылы өзгешеленегінін айтып отырған дұрыс: шар - шарына, күрек - күрекше, үй - үйшік, үстел - үстелше. Заттар аталып шыққаннан кейін, картинкаларды салыстырып, нәрселердің көлемін анықтап отырған пайдалы болады: үй - қандай? ал үйшік - қандай?, күрек - қандай? ал күрекше - қандай?
Бала төрт жасқа келгенде оның бірыңғай мүшелерден сөйлем құрап үйренуіне, сондай-ақ оның тіліне жалпы ұғымдарды енгізуге көп көңіл бөлінеді. Сабақтарда әр түрлі жұмыстар жүргізіледі: картинкалар бойынша, негізгі сөздер бойынша, көрсетілген қимыл-әрекеттер бойынша, сөйлемнің жетпей тұрған сөздерін толықтыру арқылы сөйлемдер құру. Мысалы, балалардың әр түрлі группаларында қоян, түлкі, ақтиін, қаскыр тәрізді андарды; жемістерден: алмұрт, алма, қара өрік; мебель: үстел, орындық, шкаф тәрізді заттарды бейнелейтін картинкалар болады. Балалар ең алдымен «Картинкада не бейнеленген?» деген сұраққа жауап болатындай сөйлемдер құрастырады. Сонан соң тәрбиеші: «Орманда... мекендейді» деп сөйлемнің бастамасын айтып береді. Балалардың қай тобында аңдардың суреті бейнеленген картинка болса, сол топ бұл сөйлемді әрі қарай жалғастырады: «Орманда ақтиіндер, түлкілер, қояндар, қасқырлар мекендейді». Қалған сөйлемдер де осылай құралады: «Бақта алмұрт, алма, қара өрік пісті». «Бала бақшаға үстел, орындық шкафтар әкелді». Осыдан кейін балалар жалпылаушы сөздерді атап, соларды қатыстырып сөйлемдер құруының маңызы зор: «Орманда аңдар: қасқыр, түлкі, қоян мекендейді», «Бала бақшаға жаңа мебель: үстел, орындық, шкафтар әкелді». Сөйлем «құрау барысында балаларды әр түрлі грамматикалық формаларды қолдана білуге жаттықтыру керек: «Бақта жемістер: алмұрт, алма, қара өрік көп», «Орманда аңдар: қоян, ақтиін, кірпі көп» және басқалар (10).
Бірыңғай анықтауыштармен сөйлем құрау кезінде балалармен «Мынау не екенін тап» ойынын ұйымдастырып өткізуге де болады. Ойынды жүргізуші есіктен шығады, балалар бұл кезде тәрбиешімен бірге бір затты таңдап алып, оны сипаттайтын белгілерді атайды. Ойынды жүргізуші ішке кіреді, ал балалар: «Ол дөңгелек, сары, тәтті, құйрықшасы бар, пайдалы», - деп сипаттай бастайды. Бала оның шалқан екенін айтуға тиіс. Немесе: «Ол үлкен, дөңгелек, резеңке, қызыл (доп)». Дұрыс тапқап бала аздаған сыйлық алады.
Бірыңғай баяндауыштары бар сөйлемдер құрастыру үшін «Есіңе сақта да ата» ойынын өткізуге болады. Тәрбиеші ойынды жургізушіге ешкім естімейтіндей етіп тапсырма береді: «Үстелге жақында, қызыл қағазды ал, оны екіге қи, оларды Петяға бер». Ойынды жүргізуші тапсырманы орындауға кіріседі. бұл кезде балалар оны зер салып бақылайды. Қорытындыда балалар оның не істегенінін бәрін бір-бірлеп айтып беруге тиіс, мысалы: «Вова үстелге жақындады, кызыл кағазды алды, екіге қиды, оларды Петяға берді». Кім ойынды жүргізушінің істеген қимыл - әрекетінің барлығын дұрыс айтып шықса, сол жеңіп шығады.
Тіл ұстарту - тілдік грамматикалық модельдерді қалыптастыру үшін орындалатын жаттығулар жұмыстың басқа түрлерімен комилекстік формада, мысалы, кітап оқумен байланысты жүргізілуі мүмкін. Бұл жаста оқылатын материалдар үшін балаларға жақын әрі түсінікті шағын ертегілер, өлеңдер алынады. Бұл шағын шығармаларды оқу оқылатын тексте сәйкес келетін ойынмен, қимыл-әрекетпен ұштастырылады. Оқылған текст бойынша әңгімелесу балалардың диалогтық тілінің дамуына жағдай жасайды.
Бұл жастағы балалар жекеше және көпше зат есімнің септік тұлғалары, көптеген сын есімдердің септік, көптік жалғауларымен түрленуі, етістік формаларының, үстеулердің дұрыс қолданылуы тәрізді негізгі грамматикалық формаларды меңгере алады және меңгеруге тиіс. Бес жасқа келген бала кейбір сөйлем типтерінің қиындық туғызатынына қарай жай сөйлеу кезінде күрделі сөйлемдерді пайдаланады. Оларда үстеулер мен көмекші сөздер әр түрлі мәнде жұмсалады. Ол әсіресе мебель, тамақ, ыдыс, өйыншықтар, транспорт деген сияқты жалпылауыш сөздерді көп қолданады. Сөздік қорының молая түсуіне байланысты онық тілі негұрлым байланысқан, жүйелі бола береді. Бес жастағы балалар өздерінің құрған сейлемдерінде өздеріне қажет таныс себеп- салдарлық құбылыстардың байланысып айтып бере алады, мысалы: «Маған ертең- бақшаға барудың қажеті жоқ, себебі ертең жексенбі»; «Түнде жаңбыр жауған, сол себепті асфальттің үстінде көлшіктер жатыр» және басқа (11).
«Балалар бақшасында тәрбиелеу программасына» сәйкес тәрбиеші осы жастағы балаларға негізгі сөз таптарының грамматикалық тұлғаларын дұрыс қолдана білуге үйретуді одан әрі жалғастырады.
Балаларды сөйлеу кезінде мезгілдік, мақсаттық, себептік синтаксистік қатьшастарды (қашан? қандай мақсатпен? қандай мақсат үшін? неге? неліктен? деген сұрақтарға жауап беретін) қолдана білуге үйрету қажет. Мысалы: «Ертең бізде ертеңгілік болады»; «Бізде дене шынықтыру сабағы жұма күні, түстен кейін болады»; «Январьда, қар көп өте аулада»; «Осы аптада біз қуыршақ театрына барамыз» дегенде мезгілдік қатынастар бар.
«Бұл азық кұстарға арналған, ал мынау балықтар үшін» дегенде мақсаттық қатынастар бар; «Жаңбыр жауып тұрғандықтан, біз қыдыруға бармаймыз»; «Қыдыруға бармаймыз, өйткені жаңбыр жауып тұр» дегенде себептік қатынастар бар. Келтірілген мысалдар тіл үйренуге арналған арнайы сабақтарда қандай құрылымдарды үйрету қажет екендігін көрсетеді.
Тәрбиеші балаларды сөзге араластырады:
а)Не істеді? деген сұраққа жауап беретін өткен шақ
тұлғалы етістіктер:
шықты, кірді, жуды
өтіп шықты ойнады
сурет салды қыдырды
мүсін жасады бөлді
салды, тұрғызды ән салды шулады
Беріліп отырған етістіктермен сөз тіркестерін құрастырады, мысалы: үйдің суретін салды, қыдыруға кетті, үйден шықты, жолдасына барды, көшені кесіп өтті және т. б.
ә) сұраққа (не істеймін?) қатысты түбірі өзгеріп отыратын етістіктер: саламын, тұрғызамын секіремін
оқимын айқайлаймын
б) тіркесте басқа етістіктермен келген, мысалы, қимыл- әрекеттін басталу шағын білдіретін («Петя оңала бастады», «Петя сауыға бастады»), білуді немесе білмеуді білдіру үшін жұмсалатын («Мен жапсыруды білемін, бірақ әлі оқи білмеймін»), мақсатты білдіру үшін қолданылатын («Біз демалуға барамыз», «Петя балық аулауға барады»), тіркесте керек, болады, болмайды сөздермен бірге қолданылатын («Ерте тұру керек», «Сөйлесуге болмайды», «Оқуға болады») етістіктермен келген тұйық рай және басқа да тұлгалардағы етістіктер.
г) берілген бағаны (жақсы, жаман, мәнерлі, тез, баяу, ақырын, катты), уақытты (бүгін, қыста, жазда, күзде, көктемде), мекенді (осында, онда, мұнда, оңнан, солдан, биік, аласа, ана жаққа,) білдіретін ең кең тараған үстеулер;
д) сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру қызметін атқаратын жалғаулық шылаулар (және, ал, алайда, бірақ, сол);
е) сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын бағыныңқы мәнді шылаулар (сондай-ақ, тек, өйткені, егер, қашан, сол сияқты) (12).
Бес-алты жастағы балаларға грамматикалық дағдыларды қалыптастыру тұрмыстық қарым-қатынастар процесінде, сонымен бірге сабақ үстіндегі арнайы тілдік жаттығуларды өткізу, картиналармен жүргізілетін жұмыстар кезінде іске асады.
Сабақтар үшін ұсынылатын дидактикалық материалдар етістіктің шақ, сан-мөлшер, жақ категорияларын үйренуге, сөйлеу кезінде етістіктерді пайдалана білуге жағдай жасауға тиіс. Істелініп жатқан және істелініпі болған қимыл-әрекеттерді айыра білуге үйрету үшін оларды таныс оқиғалармен байланыстыра отырып, оған нақты сипаттар беру керек.
Сөйлем құру кезінде бүгін, қазір, енді деген үстеулерді осы шақ етістіктермен кеше, баяғыда, жақында деген үстеулерді өткен шақ етістіктермен байланыстырудың маңызы зор.
Балаларға етістіктің осы шағы мен келер шағын қолдана білуді үйрету сабақтарының мүмкін болатын формаларының бірі қолданылған етістіктің осы шақ немесе өткен шақ тұлғасы көрсетіліп отырған қимыл-әрекетпен сәйкес келуі болып табылады. Тәрбиеші балаларға белгілі бір қимыл-әрекет жасауды ұсынады: сурет салу, құрылыс салу, жинау (бір нәрсені), киіндіру, тамақтандыру (қуыршақты). Сонан соң бұл қимыл-әрекеттерді орындау кезінде және одан кейін де ол әркімге көңіл аудара отырып, сол қимыл-әрекетті қалай аяқтағандарын сұрайды: «Сен қазір не істеп жатырсың?» («Мен самолеттің суретін салып жатырмын, мен үй салып жатырмын» және т. б.), «Сен не істедің? («Мен самолеттің суретін салдым»),
Тәрбиеші не істеп жатырсың? не істедің? деген сұрақтардың айтылу интонациясын дәл айыруы керек және оған балалардың дұрыс жауап беруіне қол жеткізу кажет: «Не істеп жатырсың?» — «(Қуыршақты) киіндіріп жатырмын», «Не істедің?—«...киіндірдім».
Арнайы жаттығулардың едәуір бөлігін құрмалас сөйлемдер (салалас құрмалас, сабақтас құрмалас) құру жұмысы алуға тиіс. Бұл үшін сөйлесудің сұрақ-жауап түрін пайдаланған жақсы. Балалар алдымен қойылған сұрақтың жауабы болатын құрмалас сөйлемнің тек екінші бөлігін айтатын болады («Неге бүгін группада Таня жоқ?» — «Өйткені ол ауырып қалды»), Мұнан әрі балалардың бағыныңқы сөйлемдерді қолдануда жиі-жиі қате жіберетініне қарамай, олардан құрмалас сөйлемді толығымен айтып беруді талап ету керек.
Құрмалас сөйлемдер құру үстінде өткізілетін сабақтар әр түрлі жүргізілуі мүмкін. Мысалы, салалас құрмалас сөйлемдер құру сабақтары үшін сюжеті жағынан жақын келетін екі картинка іріктеліп алынады: бір картинкада - қыз төсегін ретке келтіріп жатса, басқасында - қыз ұйықтап жатыр немесе бала шұңқыр қазып жатыр, ал екінші бала ағаш алып келе жатыр. Тәрбиешінің көмегімен сөйлемдер құрастырылады: «Вера жанадан төсегін реттеп жатыр, ал Таня ұйықтап қалған» немесе «Юра шұңқыр қазып жатыр, ал Витя шұңқырға ағашын отырғыза бастады».
Сөйлем құру «Алдымен не сонан соң не?», «Бәрі керісінше», «Қате қайда екенін тап» және т. б. ойындармен байланысты болуы мүмкін. Бұл ойындарды өткізу кезінде балалар және, немесе жалғаулық шылауларын қатыстырып сөйлемдер құратын болады.
Неге? не үшін? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлемдерге ерекше назар аудару қажет. Мысалы: «Вова ауырып қалды, өйткені оған суық тиген болатын». «Мамам қол шатырын алды, өйткені далада жаңбыр жауып тұр», «Балалар ұйқыға жатты, өйткені уақыт болған еді». Немесе: «Мен футбол ойнау үшін, допты алдым»; Көбелекті ұстау үшін, Толя сачокты алды». Мұндай сөйлемдерді құрастыру үшін ойыншықтарды, картиналар сериясын пайдалануға, сюжетті-рөльдік ойындарды ұйымдастыруға болады. Бұл бағытта «Телефон» ойыны үлкен мүмкіндік береді- балалар «телефон» арқылы сөйлеген сөздерінде міндетті түрде құрмалас сөйлем құрулары керек: «Вова келіп менен бояулар беруімді сұрады», «Петя кездесіп, бүгін ауа райының жаман екендігін айтты». «Біз тұрған кезде, Наташа тағы бір рет телефон соғатын болды».
Құрмалас сөйлемдер құру жұмысы серуен, табиғатнен, қоршаған ортамен танысу кездерінде, еңбек үстінде, сурет салу, мүсін жасау, музыка сабақтарында қайталанып отыруы мүмкін. Алынған тіл білімі К. Чуковскийдің «Федор кайғысы», «Мойдодыр», С. Маршактың. «Почта» тәрізді драмалық ойындарын өткізу, дидактикалық және қозғалмалы ойындарды өткізу кездерінде беки түседі (13).
1.3 Бес –алты жастағы бала үшін сөзбен елестетуге сүйену тәсілі
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Қазақ халқының тіл келешегі балаларда (1). Көптеген ғылыми- педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап- зерттей келе, бүгінгі күнгі балалардың сөз саптауы көңіл аударарлық көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытынды жасауға болады. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Бүгінгі таңда өзекті мәселелерінің бірі - балалардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.
Балалардың жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу жұмыстары «тірі» дыбыстармен жұмыс істеудің негізінде жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды негізгі үш кезеңде қарастыруға болады:
кезең - 1жас 6 айдан З жасқа дейін;
кезең - Зжастан 5 жасқа дейін;
кезең - 5 жастан 6 жасқа дейін (2).
Мектепалды дайынықта сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың соңғы кезеңі болып табылады. ІІІ кезеңнің басында артикуляциялық айтылуы қиын дыбыстарды нақты бір-бірінен ажырату мақсатында жұмыс жүргізіледі [с-ш, з-ж, и-й, м-л] және т.б (14).
Балалардың фонематикалық есту қабілетін жетілдіру үшін арнайы жұмыстар жүргізіледі (сана-шана, қаз-жаз). Бұл кезеңде негізінен дидактикалық ойындарға, әңгімеуге, әңгімелесуге, жаттауға көп көңіл бөлінеді.
Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудегі жұмыстар дыбыстарды бөліп алу тұрғысынан топтастырылады. Кез келген дыбыстарды бөліп алуда үш түрлі жұмыстар жүргізіледі.
Жұмыстың бірінші түрі жеке дыбыстарды ажыратуға байланысты болды. Педагог дыбыстардың акустикасы мен артикуляциялық құрылымын анықтау үшін суретті кестелер береді.
Жұмыстың екінші түрі сөздегі дыбыстарды топтау арқылы жүргізіледі. Педагог әртүрлі суреттер, заттар, ойыншықтарды іріктеп алып, оның ішінен бөлініп алынған дыбыстарды ажыратқызады. Алдымен тұтас сөз алынады. Одан бөлініп алынатын дыбыстарды ажырату тапсырылады, одан кейін сөзден бір дыбысты бөліп ажырату ұсынылады. Балалар дыбыстарды дұрыс, анық айтуы және олардың айтылу айырмашылығын ажыратуы тиіс. Ал бұл балалардың дұрыс ырғағын, сөздерді дұрыс айтуды орфоэпиялық нормада дұрыс сөйлей білуге дағдыландырады.
Жұмыстың үшінші түрі сөйлеудегі дыбыстарды дифференциациялау. Педагог сөздік ойын, әңгіме, сурет топтамаларын, өлеңді, жұмбақ, жаңылтпаш және т.б. тілдік материалдардан бөлініп алынған дыбыстарды ажыратады.
Балалар ол дыбыстарды дұрыс айтып қана қоймай оны күнделікті дұрыс пайдалана білуі қажет. Тақпақ, өлең, әңгімелердегі дыбыстарды бөліп алуда педагог сөйлеу темпін, дауыс ырғағын, әдеби нормада сөйлеу мәдениетін қалыптастыра
Педагогқа қойылатын талаптардың бірі - оның сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы. Сөйлеу мәдениеті бойынша дұрыс сөйлеу - орфоэпиялық, грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, әдеби тілдік нормаларды сақтап сөйлей білу.
Тәрбиеші-педагог сөйлеу мәдениетін меңгеруде тілдің барлық элементтерін толық түсініп, үйреніп қана қоймай (сөз, түбір, жалғау, жұрнақ, сөйлем түрлері, дауыс ырғағы), оны өз орнымен, шеберлікпен қолдана алуға тиіс. Өйткені сөз мәдениеті алдымен, сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы), екіншіден, сөзді орынды жұмсау (сөз шеберлігі) болып табылады. Бүлдіршіндер дұрыс, сауатты сөйлеуді ересектерден, тәрбиешілер мен ата- аналардан үйренеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар сөйлеу мәдениетінде тілдік этикет туралы мағлұмат алады. Онда сөйлеушінің міінез-құлқына қатысты сыпайылық, жомарттық, қайырымдылық, өзіндік көзқарасы және т.б. нормалар қалыптастырылады.
Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің өзіндік міндеттерін шешуде педагогтің тілдік құралдарды саналы талдатуда лингвистика саласы бойынша білімі сәйкес болуы шарт. Ал өз кезегінде ол балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптпастыруға қажетті дидактикалық материалдарды іріктеуге көмектеседі.
Тіл дамыту сабақтарында пайдаланылатын педагогикалық техналогиялардың төмендегідей міндеттерін жүзеге асыру қажет:
Педегогтың педагогикалық кәсіби іс-әрекетіне деген сенімділігі, шығармашылық шеберлігі.
Балалардың тұлғалық-бағдарлы дамуының ескерілуі.
Оқу үдерісінің кез келген кезеңіндегі бала дайындығының іске асырылуы мен кепілдігінің міндеттілігі.
Оқыту технологиясында пайдаланылатын педагогикалық ақпараттың міндеттілігі.
Балалардың білімді меңгерудегі танымдық қызығушылығы мен қажеттілігінің ескерілуі.
Балаларды өздігінен қорытынды жасауға, белсенді іс-әрекетке ұйымдастыру.
Оқу үдерісін жобалағанда іс-әрекеттің, оқу материалы мен оқыту материалының дәлелдігінің бірлігі.
Оқыту үдерісін жобалау технологиясы негізінде іске асырылуы.
Балалардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру.
Шығармашылық іс-әрекетті нәтижеге жеткізу (15).
Біздің міндетіміз – қазақ тілін барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді.
Тіл – ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының, мәдениеті мен әдениетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді. Тіл өнерінің құның халқымыз өте биік бағалап, «Өнер алды – қызыл тіл» деген. Тіл – адамның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Сондықтан баланы дұрыс сөйлеу білуге үйретудің маңызы зор. Психолог ғалым Ә.Алдамұратов сәби жастан бастап, баланың өсуін,дамуын үш кезеңге бөліп сипаттаған:
«Алғашқы саты – сөйлеуге дейінгі кезең. Бұл кезең баланың екі айлығынан он бір айға дейінгі сатысы деп аталады. Екінші саты – баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі – он бір айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды. Бұл кезең үш жасқа дейінгі уақытты қамтиды. Бала тілінің шығуы оның дүниетаным шеңберін кеңейтіп, сөйлеу тілін дамытады»,- деп қорытқан (4).
Балабақшада тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де, ой-өрісі де анағұрлым жақсы дамиды. Онда көңіл бөлінеді. Әсіресе баланың жас ерекшелігіне қарай айтылатын қызық та тартымды өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар бала ұғымын кеңейтумен бірге, дыбыстарды дұрыс айтып үйретуге баулиды, сөздік қорын байытады.
Балабақашағы оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі – тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Балаларды мектептегі оқуға дайындауда, сөйлеу процесінің дамуы, балалардың мектептегі оқу жағдайын жақсартатын бірден-бір әсер болып табылады, өйткені сөз - ол мұғаліммен сөйлесу, сол арқылы білімді игеру және психикалық процестердің дамуы мен жетілуі болып табылады. Балалардың сөйлеу қабілетіне ерекше талап қойылады, өйткені мектептегі оқу барысы белгілі бір мақсатпен атқару тиіс. Оқу барысында бірнеше сабақтардың нәтижесінде, мысалы, қазақ тілінде сөздің мағынасын (керекті заттарды орындарына қою), сөзді айту қабілеттілігін, (сөзді жазу мен мәнін түсіндіру), сөздің нақтылыгын (ақпараттарды беру және оны хабарлау, оны сөзбен жеткізу қабілеті), сөздік қорының байлығы және оның әр түрлілігі туралы мағлұмат алып шығады.
Бұл сұраныстардың барлығы балалардың мәнерлі, ңақтылы сөйлеуінің нәтижесінде, мұғалім мен балалардың арасындағы сөйлеу қатынасынан пайда болады. Сөз қабілетінің туындауы нәтижесінде, бірінші сыныпқа баратын балалардың сөздік қабілеттілігін зерттеп, диагностикалауға болады. Сөз процесінің дамуын білу және оны зерттеу оңай емес. Балалардың сөздік қабілетінің дамуы, олардың психикалық дамуына да үлкен әсерін тигізеді.
Балаларды оқытқанда, олардың психикалық дамуы артта қалса, онда, сөз, ойлау қабілетінің көрсеткіштері де артта қалғанын көрсетеді. Балалардың ерік қимылдары мектепке баратын жасқа сәйкес, өзіндік қасиеттеріне ие, ол алдын-ала ойланылмаған іс-әрекеттермен байланысты болады және олар қажеттіліктер мен сезімдерден туындайды.
Л.С.Выготский ерікті мінез-құлықты әлеуметті дей отырып, ол бала еркінің дамуын, коршаған ортамен байланысты деп есептеген. Негізінен бұл жағдайды баланың үлкендермен әнгімелескенінен байқаған. Үлкендер алдымен сөз арқылы баланың мінез-құлқын түзейді және практикалық мазмұнын игерте бастайды, сонымен қатар, бала өзінің ойы арқылы мінез-құлқын реттей алады. Балалар сөзді игерген соң әңгімелесу үшін емес, сонымен қатар мінез-құлқын ұйымдастыруға қажет екенін түсінеді. 6 жастағы балалардың тілін дамытуда байланыстырып сөйлеуге үйрету басты орын алады (16).
Бағдарламада жұмыстың бұл түріне арнайы тарау берілген. Байланыстырып сөйлеуге үйрету барлық сабақта болады. Тіл дамытуға байланысты компоненттер ескеріле отырып сабақ комплексті жүргізіледі.
1. Тіл дамыту.
2. Сөздің мағынасын түсініп айту.
3. Дыбысты дұрыс айту;
4. Көркем сөздерді меңгерту, сөздік жүргізу, әңгімелесу.
Тәрбиеші-мұғалімдер мен ата-аналардың баланы жеке заттардың аты болып табылатын сөздерді айтуға үйретуі, сабақта сөздік жұмысын жүргізуі, сөзді құрайтын дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, мұны тілдің грамматикалық жағын меңгеру жұмыстарымен ұдайы, бірлікте іске асырып отырады.
Байланыстырып сөйлеуді жетілдіре отырып, жеке сөздердің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасына, сөздің көп мағыналылығына, яғни сөздің семантикалық жағына көңіл бөліп отыру қажет. Ұқсас және біртекті заттарды атайтын жалпы есімдерді (киім, жеміс, тағам, мүлік,; мал т. б,), антоним, синонимдерді, теңеу, салыстыру мағынасын беретіні бейнелі көркем сөздерді үйрету.
Баланың тілін дамыту жұмысың негізгі мазмұны – сөздік жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қаблеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі – тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептеледі. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр түсін және пішінің ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым қатынас жасай білуге үйренеміз.
Сөйлеу бала үшін қарым қатынас болып табылады, оның ойлау қабілетін және мінез құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажеті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Байланысты сөз ойға мағына беріп, адамдардың бір-біріне қарым-қатынас жасауын және өз ара түсінісуін қамтамасыз етеді. Сөйлеу қызметі ойдың дамуымен қатар өрбиді. Дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу коммуникативтік біліктілікті, тілдік және тілдік емес құралдардың көмегімен айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасауды реттеу қабілетін дамытуға бағытталған. Тілді дамытуда баланың өз қатарларымен сөйлесе білудің маңызы ерекше.
Баланың өз ойын түсінікті, ұғымды жеткізе білуі отбасынан бастап қалыптасады. Оның алғашқы ұстазы ата-анасы, тетелес ағалар мен әпкелері. Олар мен күнбе-күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн санап жетіле береді. Адамның тілі неғұрлым бай болса, ойы да неғұрлым кең болады. Сондықтан бала тілін кішкене күнінен әдебиеті мен көркем шығармалардан үзінділер оқып таныстырудың маңызы зор (17).
Осындай мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез жатталатын шығармалардан үзінділер оқып беру, есте сақтаған шығарманы өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорларын молайтады, оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіре білуге жаттықтырады.
Ата-анада баланың тіл мәдениетіне тәрбилеуде орасан зор үлес қоса отырып, жаңа технологияларды пайдалану арқылы дыбыстарды дұрыс айтпауына отбасы көңіл бөлмейді, әрине бұл дұрыс емес. Ең басты міндет дыбысты дауыс ырғағына келтіріп дұрыс айтуға үйрету. Баланы тіл мәдениетіне тәрбиелеу ата-ананың басты міндеті. Жас ата-аналар мен көмекті талап ететін ата-аналарға ақыл кеңес беруші білікті, білімді, жанашыр – ол тәрбиеші.
Баланың жан-жақты дамуы ең алдымен оның үлкендермен қатынас тіліне дұрыс түсуіне байланысты. Үлкендер – адамзат баласының бар тәжірибесін, білімін, мәдениетін өз қолының ғана көмегімен бере алатын тұлғалар. Олай болса, теория бойынша «тіл – адам қатынасының негізгі құралы» дегенді ұмытпай, қатынас құралы болумен қатар тілдің адам білімін жетілдіретін хабарлау қызметі, бала жанын баурап алатын сезімдік қасиеті үлкендер тарапынан әрдайым қажет.
Баланы алдымен өз ана тілінде тілі шығуы, дамуы, не болмаса екінші тіл ретінде қазақ тілін үйренуі ата-ана мен айналасындағылардың, қазақ тілі мұғалімінің, тәрбешісінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Тіл дамыту жұмыстарындағы, қазақ тілін үйретудегі басты мақсаттар ортақ. Екеуінде де баланың қазақ тілінде байланыстырып сөйлей білуін қалыптастыру көзделеді.
Сонымен, балалардың қазақ тілінде сөйлеу тілінің дамуы төмендегідей нақты міндеттерді орындағанда жүзеге асырылады:
1. Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту;
2. Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру, мәнерлі де мәдениетті сөйлеуін тәрбиелеу;
3. Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық
формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру;
4. Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру;
5. Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету;
6. Көркем сөзге баулу;
7. Сауаттылыққа үйрету.
Балалар бақшасында қазақ тілін ана тілі және екінші мемлекеттік тіл ретінде игеріп, тілдік қатынасқа түсудің маңызды түрі – ауызша сөйлеу тіліне үйрету. Ал толық түрде жазбаша тілдік қатынасқа түсу, яғни айтылған ойды тез түсіну, тез жауап қату біртіндеп мектепте бастауыштық және орта білімдік сатыларда, тіпті баланың бүкіл өмірінде дамытылады.
- Балалар, «Кім көбірек?» ойынын ойнаймыз. Кім менің айтқан сөзіме көбірек сөз қосар екен? Мен: «Аспазшы түскі асты әзірлеп жатыр»,— деймін. Ал сендер: «Аспазшы таңертеңгі (кешкі, сәскедегі) асты әзірлеп жатыр», «Аспазшы компот қайнатып (шыжғырып, қуырып, бұқтырып; сорпа, щи: балық, ет…) жатыр» деулерің керек. Соңғы бала сөйлегеннен кейін ешкім сөз қосып айта алмаса, сол жеңеді.
Балалар бақшасындағы аула сыпырушының, күтушінің, электр жөндеушінің, слесарьдың, тәрбиешінің және басқа да қызметкерлердің еңбегін әңгімеге арқау етуге болады.
Төрт жастағы баламен жұмыс істегенде бұл міндетті шешуді суретке сүйену тәсілін қолданып (сөйлесу әдісі) жеңілдету қажет. Адам мамандығын толық бейнелейтін суреттердің жиынтығы керек: пеш жанында тұрған аспаз, күрек ұстаған бақшашы және т.с.с (18).
Алты – жеті жастағы балалармен жұмыс істегенде, біріншіден, күрделі синтаксистік форма берілу (сөйлемде оңашаланған мүшелерді пайдалану немесе күрделі сөйлем құрау), екіншіден, лексиканың ауқымы кеңейтілу арқылы сөйлесу әдісі күрделілендіріледі.
Мәселен, тәрбиеші: «Күнге бақылау жүргізген космонавтар аман-есен Байқоңырға қонды» деген үлгіні бере отырып, ойынды бастайды. Балалар бұл сөйлемде ауыстыруға болатын сөздерді: мұхитқа, солтүстік шұғылаға, жұлдызға, тайгаға бақылау жүргізген… деген сөздермен алмастырады («бақылау» объектілерін балаларға тәрбиешінің айтуы мүмкін, ал сөйлемді дұрыс құруға олар өздері күш-жігерлерін салулары керек).
Тәрбиеші ұсынған басқа бір үлгі: «Суретке түсіретін аңшылар аңды байқасымен орман ішінде оның ізімен қолдарына фотокамераларын алып ұзақ жүреді». Балалар сөйлесуде синтаксистік құрылым бойынша аң деген сөзді нақты атаумен алмастырады: «аюдың (бұланның, буғының, жолбарыстың және т. б.) соңынан жүргенде».
Байланыстыра сөйлеуге жаттығу үшін тәрбиеші тақырыпты белгілеп, осы тақырыпты дамытатын бірнеше сұрақ қойып (жоспардың пункттері), балалардың тілін дамытуды ұйымдастыра алады.
Мысалы:
— Самал, (6 жаста) бүгін сені таңертеңгісін Байкал балалар бақшасына шығарып салды ма? Ол көшедегілерге үрді ме? Ол көше бойымен қалай жүреді? Оны бүгін серуендеуге кім алып шықты? (Тәрбиеші, әрине, Самалға бұл сүрақтарды қою үшін, оның семьясындағы жайларды білуі керек.)
Төрт-бес жастағы балаға сұрақтың бәрін бірдей қоймай, бір-бірлеп қойып, оны екеу ара әңгімеге шақыру керек.
Сонымен, сөйлесу әдісі — бұл үйретуші үйренушіні өзінің сөздік қорын орынды пайдалануға және сол арқылы тілін жетілдіре түсуге үйрететін әдіс. Сөйлесу әдісі еліктеу әдісінің тәсілдерімен (нақты объектілерді бақылау тәсілімен, суретке, сөз үлгісіне сүйену тәсілімен, әр түрлі ойын түрлерінің тәсілімен), сондай-ақ әр түрлі сұрақ тапсырма тәсілін қолдану арқылы орындалады.
Сөйлесу әдісін — теориялық материалды берудің бір тәсілі болып табылатын әңгімелесудің мектептік әдісімен шатыстыруға болмайды, сөйлесу әдісі ережесіне қарай практикалық әдіс екендігін аңғарамыз.
Қайталап айту әдісі
Мектепке дейінгі бес-жеті жастағы балаларды, жоғарыда айтылған тілге үйрету әдістерінен басқа, қайталап айту әдісімен де үйретеді, ол балалардың сөзін тілдің барлық компоненттерімен (лексикамен, грамматикалық формалармен, интонациямен) байытатын, олардың байланыстырушы сөздерін жаттықтыратын қайталап айту әдісімен сөйлеуге үйретеді.
Қайталап айту әдісінде тәрбиеші балаларға көркем әдеби шығарманы оқып береді (айтып береді) немесе серуендегенде, экскурсияда болғанда өздері көрген нәрселерді олардың есіне салады, немесе «өз өмірінде болған оқиғаларды» айтып береді (баяндайды), немесе балалар көрмеген әлде бір затты, хайуанатты сөзбен суреттеп айтады, содан соң оларды: 1) тәрбиешінің әңгіме айтуы барысында сұрақ қоюға, 2) оның әңгімесін (өз жолдастарының біріне немесе үйдегі ересек адамдар үшін) қайталап айтып беруге ынталандырып отырады.
Қайталап айту әдісі еліктеу әдісіне ұқсас. Бұл әдістердің арасындағы айырмашылық мынада: тәрбиеші оқып болысымен-ақ текстің кейбір жерін бала қайталайды (еліктейді); жуықта естіген текстің мазмұнын бала мүмкіндігінше айтып береді; баланың тексті .қабылдауы мен оның мазмүнын қайталап айтуы арасында біршама уақыт өтуі қажет.
Балаларды көркем әдебиетпен таныстыруға байланысты методикада қайталап айтудың көптеген тәсілдері бар, мысалы: сүйікті кейіпкерлерін ойнау, ертегілерді, әңгімелерді және т. б. сахнада көрсету.
Құрастыру (әңгімелеп беру) әдісі
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оньң мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше «құрастыруын», олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді — заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді — суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.
Тәрбиеші тілі — балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі.Жас шамасына қарай әр топтағы балалар өз тәрбиешілерімен шаруашылық-тұрмыстық және еңбек іс-әрекетінде қатынас жасайды. Тәрбиеші балалардың ойындарын ұйымдастырады, пгрограммада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқу кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциалының мүмкіндігі түгелімен тәрбиешінің сөзінің сапасына байланысты.
Балалар бақшасының тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеу тілін меңгеру — бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру — болашақ әрбір педагогтың адамгершілік және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс.
Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады.
Сөйлеу мәдениетінің жоқтығы, мәселен:
адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан, яғни сөздер, қалай жазылса, солай айтуынан;
сөз ;үйлесімін дұрыс құрмауынан;
сөздерді дұрыс мағынасында қолданбауынан;
сөзді, грамматикалық формаларды, интонацияны орнымен қолданбауынан көрінеді: ресми тілде қарапайым сөзді, сырласу кезінде әдеби сөзді кірістіреді, балалармен сөйлескенде айқайлап немесе ашуланып, шыңғырып сөйлесуі, кемсітетін немесе дөрекі ырғақты қолдануы мүмкін, жиналыста шығып сөйлегенде баяу, жылдам, түсініксіз сөйлеуі мүмкін және т. б.
Сөйлеу мәдениетіне ие болу—бұл тілдің барлық элементінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың, сөйлемнің әр түрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес, сонымен бірге әдеби тілде оны, қалай қолданатыны не есте сақтау деген сөз.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін тіл стилі жөніндегі түсінік ең алдымен айтушының белгілі бір мінез-кұлқын талап ететін тілдік этика жөніндегі түсінікпен салыстырылады (жеке адамның сыпайылығы, кісі сыйлағыштығы, қарапайымдылығы, адамгершілігі, мейірімділігі, өзіндік беделі сияқты қасиеттері оның сөйлеу тілінен де байқалады); сонымен қатар баланың стилистикалық түсінігін жетілдіру оыың эстетикалық тәрбиесінің негізгі туралы болып табылады. Демек, сөйлеу стиліне үйрету белгілі бір тәрбиелік міндеттерді қамтиды.
Тәрбиеші стильді интуиция арқылы сезініп қана қоймай, сонымен бірге оның көмегімен белгілі стиль қалыптасатын тіл құралын саналы түрде талдай білген, яғни ол лингвистика саласынан да қажетті білімді меңгеруге тиіс. Бүл балаларды стильді түсінуге тәрбиелеуде қажетті дидактикалық материалдарды оның іріктеп алуына да септігін тигізеді. Сөйлеудің әр түрлі стилистикалық бөлінуі тілдің сиконимиясымен қамтамасыз етіледі, лексикалық (баспана — үй — пәтер — тұратын жер — тұрақ — бұрыш— ұя — бас сұғатын жер — ұқгірін), грамматикалық (даламен жүру —егістікпен ору — егістік арқылы жүру; келуші — келе жатқан; сүлу —асқан сүлу); фонологиялық, яғни әңгімелесіп отырған кісіге қатынасын білдіріп түрлі интонациямен айтуға сыйластық көңілді білдіруге, немесе, керісінше, кемсітіп, көңілін қалдыруға (мәселен, «Отырыңыз!») болады. (Интонацияның осы қасиетін білдіретін ежелгі орыс мақалын еске алайықшы: «Сол сөзді басқа ырғақпен айтса ғой!»).
Тәрбиеші өзіндік сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолында жұмыс істей отырып, ең алдымен оның компоненттері — лексикасы, грамматикасы, фонетикасы синонимдік жағынан бай болуына назар аударуы керек. Ол — тілде мұндай лексикалық қосымшалардың не үшін көп болатындығын, олардың қандай мағыналық және эмоциялық белгілермен ерекшеленетіндігін, өз сөзінде қай кезде қолдану орынды екендігін анықтап алуға тиіс. Ол өз бойында сөздікті үнемі пайдалану қажеттілігін дамыту керек. Сөйлеу мәдөниетін көтеруге талпынған тәрбиеші морфологияныда аффикосинонимдердің мәнерлі болуын есте ұстағаны жөн, сондай-ақ өзінің сөзінде синонимфлекстердің, синоним жалғаулардың, синоним союздердін, жай және күрделі сөйлемдер кұрылысына синонимдерінің барлық байлығын қолдануы керек (19).
Ана тілінің синонимдерін білу болашақ педагогтарға өзінің тілін жақсартуға ғана көмектеспейді, сонымен бірге балаларды тілге үйретудің жеңіл және өте тиімді тәсілін бойына сіңіреді: егер бала әлдебір грамматикалық форманы түсінбесе, онда оған тиісті синонимді айта қойса (әрине, орта және ересек топтарда) бәрі түсінікті болады. Мысалы, А. Прокофьевтің «Көшедегі көлшік» деген өлеңінде: «желкенмен жабдықталған флот суға түсті» деген сөз бар, мұндағы грамматикалық форма баланың түсінуіне өте қиын. Оның орнына тәрбиеші етістіктің септелетін бұрыннан таныс түрін ұсынады: желкенмен, жабдықталған—демек, «балалар желкенмен жабдықтаған (жасаған) флот». Ал «Сырнайшы» деген өледдегі «от шашқан галстукті» деген жолдарды «жалынға ұқсас галстугі бар» деп түсіндіруге болады. Тәрбиеші сөз дыбыстары артикуляциясының және олардың үйлесуінің дұрыстығына жаттыққан болуы керек, сондай-ақ адамға тән түрлі сезімдерді: қуанышты, қайғыны, қорқынышты, салтанатты, ренішті, мақұлдауды, ашу-ызаны, жылылықты және т. .б. білдіру үшін барлық просодемаларды: дауыстың күшін, дауыстың көтеріңкілігін, сөйлеу қарқынын, дауыстың үнділігін модулдеуге жаттығуы керек. Бұл байланыстыра сөйлеу стилін: ол мейлі кітаби стиль болсын, ол мейлі ауызекі сөз стилі болсын жеңіл үйреніп алуға мүмкіндік береді.
Болашақ педагогтың сөйлеу мәдениетін жетілдірудің маңыздылығы мынада: балалар тікелей араласу барысында сөздің дыбыстық мәдениетін тура жолмен қабылдайды, өйткені балалар сөзді дұрыс айтуға ересек адамдардың, ең алдымен тәрбиешінің, сөзіне еліктеу арқылы үйренеді.
Тәрбиеші ана тілінің жоғары сөйлеу мәдениетін игеруге тиіс, яғни көркем әдебиетті мәнерлеп оқу және әңгімелеп беру дағдысы болуы керек.
Қорытынды
Қорыта айтқанада, жас ұрпақтың рухани дүнеиесі мен ой-қиялын бірінші болып білім жарыныңымен нұрландыратын адам – тәрбиеші.
Қазіргі танда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында мұғалімдер алдында қалай және нені оқыту керек деген сұрақтар туы заңды. Білімді толығымен ендіру, бағдарламаны толық ұғындыру-әрбір тәрбиеші - мұғалімнің алдында тұрған мақсат. Сондықтан казіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары шығуда, соған орай жаңаша бағдарламалар жасалып, оқытудың бағыттары беріле бастады.
Бес жастағы баланың тіліне тән қасиеті әр түрлі типтегі мәтіндерді құрауды үйрене бастайды. Тілдің грамматикалық құрылымын бала ертерек меңгереді№ ауызекі сөйлеу де сөздерді әр түрлі формада (септеп, жіктеп, жекеше, көпше) түрлендіре қолдануға үйретіледі. Мысалы: «Отбасы» тақырыбын өткенде Менің атам бар. Менің әжем бар. Мынау – ана. Мынау – әке, сондай- ақ «Оқу құралы» тақырыбын өткенде қарындаш- қарындаштар, сызғш-сызғыштар, бояу-бояулар, дәптер- дәптерлер сонымен қатар, « Малдың төлі» тақырыбында Мынау – бұзау. Ол – сиырдың төлі. Мынау – құлын. Ол – жылқының төлі. Мынау- қозы. Ол – қойдың төлі т.б. балалар монологты және диалогты, сөйлеуді меңгереді, грамматикалық құрылымы байланыстырып сөйлеу арқылы жетіледі.
Грамматика, ең алдымен, сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Ол қатынас - грамматикалық қатынас. Яғни сөйлемдегі сөздер грамматикалық формалар (жұрнақтар, жалғаулар) арқылы бір-бірімен байланысып, грамматикалық қатынасқа түседі. Сөйтіп, грамматика ойды түсінікті етеді.
Грамматикалық білім беру арқылы жеке сөздері бір-бірімен байланыстыру арқылы қолдана алуға жаттықтырылса, қосымшалар арқылы сөз топтарына сәйкес сөз жасау қабілеттері мен дағдылары қалыптасады.
Грамматика көптеген ережелермен анықтамалардан, күрделі қағида мен заңдылықтардан тұрады. Грамматикалық қағидалар белгілі жүйедегі заңдылықтар. Бұл заңдылықтарды балалар жете түсініп бермейді. Грамматикалық заңдылықтар адамның ақыл – ой әркеті болып табылатын таңдау (анализ), біріктіру (синтез), салыстыру (заттар мен құбылыстардың біріне – бірінің ұқсастын, айырмашылық белгілерін ажырата білу), абстранциялау, жалпылау сияқты амал-тәсіл ұғымдарды меңгеру оқушының сөздік қорын арттыруға көмегін тигізеді.
Қазіргі жеткіншектерімізді өзге елдің емес, өз елінің мәдениеті, өнері, дәстүрі этнопедагогика әлементтерін пайдалына отырып, «сегіз қырлы, бір сырлы», ары таза, өнегелі-өнерлі, сауатты етіп тәрбиелеу - әр тәрбиеші, ұстаздың қасиетті парызы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы. Орал өңірі, 15 желтоқсан, 2012жыл.
Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты. Ресми басылым. Астана 2007 жыл.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы – 1981 жыл.
Алдамұратов Ә. Жалпы психология. –Алматы, 1996 жыл.
Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. А., 1962.
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 1973, 1978, 1993.
Ә.Ишмұхамбетов. Қызықты грамматика. Алматы, 1995 жыл.
Әмірова Ә.С. Сауат ашу және жазу. Әдістемелік құрал. Алматыкітап баспасы, 2008 жыл.
Б. Құлмағамбетова және басқалар. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2000 жыл.
Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. 2-6 жас аралығы. Алматы: Рауан, 1992 жыл.
Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі, Алматы – 1985 жыл.
Балабақша журналы, № 2, 3, 4, 2009 жыл.
Кеңесбаев I., Жанұзақов Т. Тіл білімі терминдерінің орысша-казақша сөздігі. А., 1966.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А, 1998.
Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А., 1997.
Л.П. Федоренко,Г.А. Фомичева, В.К. Лотарев. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы. Алматы, Мектеп, 1981 жыл.
Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.
Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А., 1990.
Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. А, 1995.