Ересек тобындағы музыкадан оқу қызметі. Тақырыбы: "Халық биі"
Ересек тобындағы музыкадан оқу қызметі. Тақырыбы: "Халық биі"
Жай және тезірек орындалатын билердің түсінігін, бидің негізгі функцияларын бекіту. әртүрлі қимылдар көмегімен эмоциялық жай-күйді білуге үйрету. Бір-бірімен эмоциялық қарым-қатынас жасау дағдыларын, қиялды, шығармашылық ойлауды, ырғақты есту қабілеттерін, ритмді ұстау қабілеттерін дамыту. Биге қызығушылық пен сүйіспеншілікті, би қимылдары арқылы білдіруге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ересек тобындағы музыкадан оқу қызметі. Тақырыбы: "Халық биі"»
Тақырыбы: «Халық биі»
Сабақтың мақсаты: Әртүрлі қимылдар көмегімен эмоциялық жай-күйді білуге үйрету. Жай және тезірек орындалатын билердің түсінігін, бидің негізгі функцияларын бекіту Дамытушылық: Бір - бірімен эмоциялық қарым-қатынас жасау дағдыларын қиялды, шығармашылық ойлауды, билеу дағдыларын, ырғақты есту қабілетін, ритмді ұстау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Биге қызығушылық пен сүйіспеншілікті, өз сезімін білдіруді және тыңдаған музыка туралы пікірін би қимылдары арқылы білдіруге тәрбиелеу.
-Сәлеметсіздер ме, балалар! (сәлеметсізбе!)
-Сабағымызды әдеттегідей бой қыздыру жаттығуымен бастаймыз. (Музыка қосылады оқушылар разминка биімен ортаға шығып бой қыздыру жаттығуларын орындайды.) -Бәрлерің би билегенді жақсы көресіңдер, ал би билеу үшін ең қажеттісі не? -Әрине, музыка. Демек, музыка мен би тығыз байланысты. Әрқайсымыз сүйікті әуенді естіген кезде, сол әуенге келтіріп ойша әртүрлі қимыл-қозғалыстарды ойластырамыз . Сол қимыл-қозғалыстарды келтіру үшін біз бидің терминдерін жақсы білуіміз керек. Қазір сендерге сұрақ қою арқылы өткен сабақтарды еске түсіреміз. Олай болса сұрақ: 1.«Білезік лақтыру, білезік айналдыру, бет ашар» қимылдары қандай ұлттық бидің элементі? (қазақ биінің) 2.Қолдың неше позициясы бар? (үш позициясы бар) 3.Қазақтың тұңғыш биші қызы? (Шара Жиенқұлова) 4.Сыған биінде денеміздің қай мүшесі қозғалады? (иық) 5.Қолына орамал ұстап билейтін би? (Хоровод) 6.Қандай концерттік бағдарламаларды білесіңдер?(«Айгөлек», «Мен бақытты баламын», «Жетісу өрнегі», «Жетісу жұлдыздары») 7. «Асса» сөзі қай бидің ұраны? (лезгинка) 8.Аяқтың неше позициясы бар? (I-YI) 9.Қазақтың атақты балетмейстері? (Болат Аюханов) 10. «Моталочка, ковырялочка, веревочка» қандай бидің элементі?(орыс) 11. Өзбек биінде денеміздің қай мүшесі қозғалады? (бас, иық) 12. «Вальс королі» атанған қазақ композиторы? (Шәмші Қалдаяқов) 13. «Поппури» дегеніміз не? (Әр ұлттың билерінің жиынтығы) 14. Баяу ырғақты музыка естігенде қандай би еске түседі? (вальс)
-Өте жақсы. Өткен сабақтарды есімізге түсірдік, енді осыларды іс-жүзінде тәжірибе ретінде орындасаңдар. А) «Қазақ» музыкасы қосылады, балалар білезік қимылдарын орындайды. Б) «Орысша» музыка ойнайды, балалар орыс биінің қимылдарын жасайды. В) «Өзбек» музыкасы ойнайды, балалар иық, бас қимылдарын орындайды.
-Өте жақсы, сендердің әр ұлттың билерін орындай алатындарыңа көзіміз жетті. Енді қазіргі заман ырғағына сай билеріңді тамашаласақ. (Музыка қосылып, балалар қазіргі заман биін орындайды.) -Диагональ жаттығуларына кезек берсек. (Музыка ойнап, оқушылар диагональ жаттығуларын орындайды.) Корзиналарын алып, «Полька» биін билейді. Балалар өте жақсы, ендігі кезекті біздің сабағымызды тамашалап отырған көрермендерге берсек. Сіздер бағанадан бері би сабағына саяхат жасап отырсыздар, сіздерге де арналған «Музыканы сезін» деп аталатын сергіту сәтіне кезек берсек. 1.«Адай» күйі орындалады, қатысушылар музыканы тыңдайды.
Сұрақ: Осы күй қандай көңіл-күйді, көріністі білдіреді? (сипаттап беру керек) Қандай әсерде болдыңыздар? 2. «Көктем вальсі» музыкасы қойылады, өздерінің алған әсерлерін білдіру керек. Қай жыл мезгілін сездіңіздер? Көрермендер өз ойларын айтады. -Жарайсыздар! Музыканы сезіне білетіндеріңізді көрсеттіңіздер, демек музыканы тек қана би үйірмесіне қатысатын адамдар ғана емес, сонымен қатар кез-келген адам сезе алатынын көріп отырмыз. -Міне біздің халықтар биі әлеміне саяхатымыз да аяғына жетті. Барлықтарыңызға би өнеріне деген сүйіспеншілікті әрқашанда сақтауды тілеймін. Ол бізге көптеген тамаша сәттерді, жақсы көңіл-күйді сыйлайды.