kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

ертеңгілік "Қош келдің, Жаңа жыл!"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік»

«Қош келдің, Жаңа жыл» 2017 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші бала шығады.

1 жүргізуші ұл Камиль: Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

2 жүргізуші қыз Шұғыла: Уа, халайық той бүгін

Бақыт, шаттық мол бүгін

Қарсы алайық Тауық жылды

Ұзатып сап Маймылды.

Қол ұстасып балалар кіреді

Ән: «Жаңа жыл»

Тақпақтар:

Асылан:Жаңа жылмен,жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді,анамызды

Қонақтардың бәрін де.

Нұрсұлтан:Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Кәусар:Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Диас:Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Сезім:Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Даулет:Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

Раяна: Оралды өлкеме,

Жаңа-жыл армысың!

Оралды ақ көрпе,

Асқар тау,қарлы шың.

Аяулым:Ақ көрпесін жамылып,

Ұйықтап жатқан дала нұр.

Балаларды сағынып

Келді міне жаңа жыл.

Алдияр:Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханыма елімнің

Береке,ырыс сыйлашы.

Тәрбиеші:

Келіңдер жас ұландар,

Ертегімді тыңдандар.

Ертегімде сан қилы

Қызық- қызық сырлар бар.

Соныменен, балалар

Жаңа жылға арналған

Ертегіні көріңдер

Шын бағасын беріңдер.

Ортаға маймыл шығады. Керіліп созылып түрлі қимылдар көрсетеді

Маймыл: Сәлем балалар!

Не істеп жүрсіңдер мында?

Балалар: Жаңа жылды қарсылаймыз

Маймыл: Алақай ! Мен Жаңа жылмын.

Балалар: Жоқ .... болмайды. Тауық келеді

Маймыл: Немене... абыржып секіреді. Жоқ мен сиқырлаймын сендерді, менЖаңа жыл сиқырлаймын.... шығып кетеді.

Сиқыршы келеді.

Сиқыршы: Ақалай, мақалай...у..ууу... ассалаумағалейкум деп балаларға иіледі. Мен сиқыршымын бәрінің тілегі орындаймын. Мен тек қартайып отырмын. Бірақ балалар көп қой оларды мен алып кетемін, маған көмекшілер керек. Бәрін сиқырға үйретемін.

Маймыл кіреді.

Маймыл: Мен сені іздеп жүр едім. 2017 жылда да мен Жаңа жыл боламын. Ал мына балалар келіспейді. Жаңа жыл тауық жылы деп. Мені жаңа жыл етіп қалдыр. Тауықты келмейтін жаса. Балалар сенікі болады.

Сиқыршы: сақалын сипап ойланып, жарайды тілегің сол болса орындаймын. Ақалай, мақалай осы жыл маймыл жылы болсын. У..уу...уу деп, балаларға қайтып келемін деп шығып кетеді.

Маймыл: Міне балалар тілегім орындалды . қуанып жүгіреді. Қазір Аяз атаны шақырамыз Жаңа жыл тойлаймыз.

Аяз ата, аяз ата, аяз ата

Әтеш кіреді, қолында орағы мен жұмыртқа ұясымен

Әтеш: Не айқай.

Маймыл: Жаңа жылды тойлап жатырмыз. Аяз ата келеді. Сен неге келдің.

Әтеш: Жаңа жыл тауық қой, сен емес. Тауықтардың бәрі жоғалып кетті. Соны іздеп келемін.

Маймыл: Керемет ,тамаша! Аяз атаны шақырайық, маймыл жылын тойлаймыз.

Әтеш: Немене сен екенсің ғой. Мен саған көрсетемін Жаңа жылды тойлауды. Орақты көрсетіп маймылды қуып кетеді.

Тәрбиеші: Әтеш Жаңа жылды тауып алып келгенше тақпақтарымызды айтып, мерекемізді көңілді қарсылайық.

Тақпақтар. Орыс тілінде

Саянғали:Happy New year to you,

May every great new day.

Ерболат.Сезім:Happy New year to you,

And when the new years done.

Алтынай:Здравствуй,празник новогодний,

Праздник елки и зимы.

Всех друзей своих сегодня

Позовем на елку мы.

Назар:Ой,Мороз,Красный Нос,

Мы тебя не знаем.

И тебя, Дед Мороз,

Радостно встречаем.

Джихангир:Здравствой,Дедушка Мороз,мы тебя так ждали,

Песенки учили,елку наряжали.

Огоньки на елочке мы зажжем сейчас,

Самая красивая елочка у нас.

Ән: «Маленький елочка»

Әтеш: Әрі қарай жалғастыра

Әтеш кіреді:

Әтеш: Ку-ка-ре-ку. Ынтығып маймыл ұстатпай кетті. Сиқыршыны да таба алмадым. Не істесем екен– басын ұстап отырып қалады.

Тәрбиеші: Балалар, сиқыршы бізге көмектеспейді. Әтеш аға қайғырма біз көмектесеміз. Маймылды қуып жібердің енді біз аяз атаны іздеп содан көмек сұрайық. Көмектесемізбе балалар

Балалар: Ия...

Әтеш: қуанып айқайлап ку-ка-ку –деп ендеше жолға шығамыз балалар кеттік. Орындарынан жүреді .

Қар қамалына кезігеді.

Ойын: «Секіріп өтеміз»

Әтеш: әрі қарай жалғастырамыз

Алдарынан ержегейлер кездеседі

Би: «Жаңа жыл» (Сантаклауспен Ақшақар)

Әтеш: Аяз атаны көрген жоқсыңдар ма?

Бишілер: Жоқ. Іздеп келеміз.

Әтеш: бізбен бірге болыңдар. Әрі қарай жалғастырамыз. Шаршап кеткен болармыз. Серігіп демалып алайық.

Ойын: «Көздеп лақтыр»

Би: «Аққала»

Әтеш: Аяз атаны көрген жоқсыңдар ма?

Аққалалар: Ия көрдік, бірге болдық шақырсақ келеді.

Бәрі: Аяз ата,Аяз ата, Аяз ата ау-ау-ау Ақшақар

Аяз ата:

Уа, жұртым, жиналған.

Айналайын ұлдардан

Айналайын қыздардан

Аяз ата, Ақшақар

Сендерге қарай жиналған

Ештеңе емес барлығы,

Алдымыздан күлді арман

Мықтылығым мәлім ғой.

Өтіп кеткен жылдардан

Жиналып біз бәріміз

Оралайық мейрамға- деп таяғымен сиқырлап топқа оралады

(Балалармен амандасады.)

Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, қонақтар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Жылан жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Жылқы жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.

Ақшақар; Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)

Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.

Ән: «шырша»

Маймыл келеді: Жаңа жыл келді! Балалар неге үндемейсіңдер?

Әтеш: Е...... ұсталдыңба?

Маймыл: Әрі кет менен

Аяз ата: Ой Бұларың не ? не болған сендерге?

Тауық қайда?

Әтеш: Маймыл сиқырлап тастаған

Тауықтар жоғалып кетті.

Аяз ата: Маймыл кел мында.

Маймыл: Кешіріңдерші мені! Мен,мен басын төмен түсіріп. Сиқыршы ғой.

Аяз ата: Таяғымен сиқырлап, маймылға тауықты тауып кел, тығып тастаған сыйлықты алып кел деп жібереді.

Ән: «Аяз ата»

Тақпақтар:

Маймыл тауықты жетектеп келеді

Тәрбиеші: О, халайық, жараңдар.

Қилы-қилы заман бар.

Маймыл жылы әне жылыстап,

Кетіп барады қараңдар.

О, халайық, халайық.

Қош айтысып қалайық!

Тәрбиеші: Құрметті достар!Бізге жақсылықтарымен толы болған. Маймыл жылын шығарып салайық.

Маймыл: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2017 жылы қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!

Келесі жыл бастауын Тауыққа беремін. Сыйлықтарды да әкелдім Аяз ата алыңыз.

Тақпақтар:

Диляра:Жаңа жыл,Жаңа жыл

Төгілсін жаңа нұр.

Сыйлығын сүйретіп

Келді міне,Тауық жыл.

Аян:Бар баланың қонағы ,

Төрлет ата,жоғары.

Енді дала алақай,

Ақ мамыққа толады.

Даниэль:Ел құрметтеп көп тосқан,

Келді Аяз атамыз.

Келіңдер,кел,достар,

Қазір ән айтамыз.

Саян:Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып,

Ортада тұр Ақшақар,

Көптен күтіп сағынып.

Аят:Кел билейік сенімен,

Деймін тартып жеңінен.

Еріп кетпе Ақшақар

Адамдардың демімен.

Нұржан:Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз атаны.

Есенжан:Алланың нұры жаусын әр үйге

Жақсылықты тілеймін бар әлемге.

Жаңа-жылда әр үйге бақ дарысын,

Қуанышпен ақ тілек ақтарылсын.

Би: « Үнді биі» жеке би Сезімнің орындауында

Тауық: Сәлеметсіздер ме? Сиқырланып қалдым қатты қорықтам. Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым.

Әтеш: құшақтап жұмыртқасын береді

Тауық: жұмыртқаны кеудесіне басып, артынан балапандарын шығарады.

Би: «Балапандар»

Бәрі: Аяз ата сау болыңыз! Келесі жылға дейін аман болайық.

Бәрі Аяз атамен қоштасады.

Сау болыңдар! Мереке аяқталды


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ертеңгілік

Автор: сатенова аягул жамбуловна

Дата: 12.02.2017

Номер свидетельства: 390785

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "«Солдат болам мен ертең»"
    ["seo_title"] => string(22) "soldat_bolam_men_erten"
    ["file_id"] => string(6) "535304"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1578777285"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Таңертеңгілік жаттығулардың маңыздығы."
    ["seo_title"] => string(46) "tan_iertien_ghilik_zhattyg_ulardyn_man_yzdyg_y"
    ["file_id"] => string(6) "394252"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1487671848"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Таным" саласы: Таңертең. Үлкен-кіші. Бір-көп."
    ["seo_title"] => string(45) "tanym_salasy_tan_iertien_ulkien_kishi_bir_kop"
    ["file_id"] => string(6) "421686"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1497411089"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Мерекелік ертеңгілікке дайындық және оны өткізу"
    ["seo_title"] => string(48) "merekelik_ertengilikke_daiyndyk_zh_ne_ony_otkizu"
    ["file_id"] => string(6) "549384"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1589273357"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Ерте темір д?уіріндегі Орталы? ?аза?стан "
    ["seo_title"] => string(47) "iertie-tiemir-d-uirindieghi-ortalyk-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "194437"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427780668"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства