kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Инновациялық жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жұмыстың қысқаша аннотациясы (аңдатпасы):

Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасының мазмұндық, ресурстық негіздерін заманауи технологиялар арқылы рухани жаңғару аясында жаңарту жобасы. Соның ішінде Кюйзенер таяқшаларын ауылдық бақшаға бейімдеп, өз шығармашылығымен жұмыста ұтымды қолдану қарастырылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Инновациялық жоба»

Май ауданы әкімдігінің, Кеңтүбек селолық округі әкімі аппаратының «Қарлығаш» бөбектер бақшасы» МКҚК




ИННОВАЦИЯЛЫҚ

ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ МАЗМҰНДЫҚ, РЕСУРСТЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ РУХАНИ ЖАҢҒАРУ АЯСЫНДА ЖАҢАРТУ ЖОБАСЫ


Майгул Матаевна Жексенова

«Қарлығаш» бөбектер бақшасының меңгерушісі

Павлодар облысы, Май ауданы, Кеңтүбек ауылы





2017-2018 оқу жылы



І. КІРІСПЕ


Қазіргі таңда заманауи-инновациялық технологиялар өте көп. Солардың ішінде қол жетімді, әрі тиімдісін таңдау, өз қолымызда. Осы мәселеге сүйене отырып, мен өзіме жақын, әрі тиімді балалардың қабылдауына оңай түрін таңдадым десе болады. Атап айтсақ ол Кюйзенер таяқшалары, болашақта үлкен сұранысқа ие болып, балалардың жан-жақты дауына көптеген әсерін тигізетінініне, сабақ-оқу процесінің айнымас бір бөлігі болатынына кәміл сенемін.

Жоба мәселесі: Мектеп жасына дейінгі балалардың санап үйренуін жеңілдету.

Жобаның мақсаты: Баланың даму деңгейін, пішін, сан, түс, көлем туралы түсінігін анықтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Жобаның гипотезасы: Егер жобада ұсынылған технология практикада қолданылса, онда балалардың логикалық ойлауы, қол моторикасы, шығармашылық қабілеттері, еркін санау мен дағдылары дамиды, білім сапасы артады.

Жобаның нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалар.

Жобаны іске асыру кезеңдері: 1 жыл ( II сәбилер тобынан естияр тобына дейін).

Жоба жаңалығы: Кюйзенер таяқшаларын үй жағдайында түрлі-түсті карандаштардан жасап ала отырып, ұлттық ою-өрнектерді құрастыра алуы, сонымен қатар ұлттық ойын түрлерін қолдана отырып, түстерді ажырата білуге үйрету.







ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ



Кюйзенер таяқшалары

Мақсаты:

  1. Баланың даму деңгейін, пішін, сан, түс, көлем туралы түсінігін анықтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  1. Таяқшалардың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

  2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Ойын арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру.



Джордж Кюйзенер (1891-1976) авторлық бірегей методика ойлап тапқан Бельгиялық педагог. Көпгеген жылдар бойы бастауыш мектеп мұғалімі болып қызмет атқарған. Джордж Кюйзенер өз оқушыларына көмектесу үшін, оқу процесін жеңілдеткен. Оның география, биология, мәдениет салаларына жасаған еңбектері туған елінде үлкен мәртебеге ие болды. Оның елеулі еңбектерінің бірі ол мектепке дейінгі балаларға арналған ағаш таяқшалардан жасалған арифметика пәнінде кеңінен қолданысқа енгізілген жұмысы еді. Осы өнертапқыштық еңбегі, өте пайдалы болып, өз жемісін беріп, балаларда өте қатты қызықтырды. Бұл еңбегі жоғары деңгейдегі, тұрақты оқу үрдісіне ие болды.

Балалардың математикалық және шығармашылығын дамыту үшін Кюйзердің таяқшалары қолданады. Бельгиялық математик осы таяқшаларды ойлап шығарған үшін сол кісінің атымен аталған.

Кюйзердің әдісі нені көздейді?

Сол таяқшалар арқылы балалардың қол моторикасы дамиды есте сақтау қабілеттері, салыстыру ұзын, қысқа және түстерді ажыратады екен. Таяқшалар бірнеше түстен тұрады әртүрлі түс, әртүрлі ұзындығы, сол арқылы балалар сандарды естеріне сақтайды және есесп шығарады.

Кюйзердің таяқшалары 241 таяқшалардан құрастырылған.

Таяқшалар пластмасс және ағаштардан жасауға болады. Ұзындығы 1-10 см дейін. Таяқшалар бір ұзындығы бір түспен боялады. Әр таяқшалар сан мен белгіленеді мысалы, 1см-1, 2 см-2сан, 3см – 3

Қалай таяқшаларды өз қолымен жасауға болады?

Түрлі-түсті картоннан жалпақтығы 2см.

Кейбір ата-аналар таяқшаға сандарды жазады ол дұрыс емес неге?

дейсіңдер ғой Өйткені бала өзі оны өлшеп білу керек, қай сан екенін және өлшеу арқылы олар өздері санмен танысады. Содан соң өздері есеп құрастырады сол таяқшалар арқылы. Егер жасаған таяқшаларға артына магнит жасап қойса ол өте жақсы, магнитпен таяқшада жұмыс жасауға болады және балаларға қолдануға қолайлы. Таяқшалардың өздеріне арналған қорапшаларға сақтау керек түстеріне байланысты. Ол және балаларға да ыңғайлы балалар жұмыс жасап болған соң әр түсті өз орындарына қояды.



Кюйзенер таяқшаларымен қалай жұмыс жасауға болады?

Таяқшалармен көп тапсырма орындауға болады. Тапсырмалар блок арқылы өткізуге болады.

  1. Таяқшалармен танысу

А) мен көрсетіп тұрған таяқшаны көрсет

Б) ең ұзын, ең қысқа таяқшаны көрсет

2. Түстермен танысу

А) Қызыл түсті және көк түсті таяқшалардан шаршы жасап бер. Қайсысы үлкен? Әр түстермен солай жұмыс жасауға болады.

Б) бірнеше түсті таяқшаларды алдарына қойыңдар. Бір түсті таяқшаны алып тастап баладан сұра қай түс жоқ

3. Өлшеу тапсырма

А) Таяқшалар арқылы балалар карандаш, кітап, қалам өлшеуге болады.

Б) кезкелетін түсті алып, көктен қысқа, сарыдан ұзын (қандай түс)

В) көздерін жұмып екі бірдей ұзындығы таяқшаны тауып ал.

Г) таяқшадан жол немесе үй құрастыр.

4. Сан құрамы

1+1+1+1+1+1+1+1+1+1=8

1+7=8 7+1

2+6= 6+2

3+5 5+3

5. Логикалық тапсырмалар


Кюйзенер таяқшалармен ойын

1.Егер бала қаламаса оны мәжбүрлемеу керек байқаңдар жас шамасына

2. Баланың жас-шамасына

3. қиын тапсырманы бермендер

2-3 жастағы балаларға жайғана түстермен таныстыру егер бала түстерді жақсы естеріне сақтаса сонда математика сабағына таяқшаларды қолданындар.

“Санды айт”

Тәрбиеші кез-келген санды айтады бала сол санға байланысты таяқшаны көрсетеді. Керісінше, тәрбиеші таяқшаларды көрсетеді, бала санды атап шығады. Бала шатыспау үшін сандарды рет-ретімен айтып шығу керек 1-10 дейін. Содан соң тапсырманы біраз қиындатуға болады. Содан соң есеп шығару.

«Мектепке дейінгі мекемеде Кюизенер таяқшаларын қолдану»

Мектеп жасына дейінгі кезең баланың танымын дамытатын кезең болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды.

Мектепке дейінгі жас - танымдық қабілеттің қарқынды даму жасы.

Мектепке дейінгі дидактикада баланы дамытудың әртүрлі материалдары қолданылады. Дегенмен, бала ақылының дамуына арналған, соның ішінде математикалық, ойлау қабілеттігін дамытуда ең маңызды деген материалдарды бір қалыпқа келтіріп қалыптастыру мектепке дейінгі оқыту барысында кез-келген маманның қолынан келе бермейтін күрделі шаруа.

Мектепке дейінгі мекемеде баланың танымдық қабілетін дамытып, арттыруда Кюизенер таяқшаларының маңызы зор.

Кюизенер таяқшалалары бүкіл әлемге танымал дидактикалық құрал. Оны Бельгиялық математик Х.Кюизенер жасаған. Кюизенер таяқшаларын педагогтар балалармен жұмыс кезінде математикалық білімдерін дамыту үшін қолданған. Бұл таяқшаларды сәбилер тобынан бастап, ересек топтарға дейін қолдануға болады. Кюизенер таяқшаларын түрлі-түсті таяқшалар, түрлі-түсті сандар, түрлі-түсті жолақшалар, санамақ таяқшалар депте атайды.

Х.Кюизенер таяқшаларын басқа әдістемелік құралдарымен, дидактикалық құралдарымен ұштастыруға болады. Бұл таяқшалар басқа да дидактикалық құралдар сияқты балаларда математикалық білімдерін дамытып, жетілдіруге арналған. Таяқшалар педагогтардың негізгі құралы ғана болып саналмайды, ол балалардың оқу - таным құралы.

Жинаққа сипаттама. Жинақ пластмасс призмалардан тұрады, олардың түсі мен формасы әртүрлі. Жинақ құрамында 241 призма бар. Ең кішкене призма 10мм, кубик пішінді. Жинақ құрамына кіреді: ақ - саны 1 - 25 шт қызғылт - саны 2 - 20 шт көгілдір - саны 3 - 16 шт қызыл - саны 4 - 12 шт сары - саны 5 - 10 шт күлгін - саны 6 - 9 шт қара - саны 7 - 8 шт қою қызыл - саны 8 - 7 шт көк - саны 9 - 5 шт тоқсары - саны 10 - 4 шт

Түстерді таңдау жинақты қолдану мақсатын жеңілдетеді. 2,4,8 таяқшалары қызылдар отбасын құрайды, 3,6,9 таяқшалары көктер отбасын құрайды, сарылар отбасын 5 және 10 құрайды. Таяқшаларды бір отбасына жинау - бұл таяқшалардың көлемдерінің қатынасына байланысты. Мысалы: Қызылдар отбасына екіге бөлінетін, көктер отбасына үшке бөлінетін, сарылар отбасына беске бөлінетін таяқшалар кіреді. Ақ түсті кубик - бұл «ақ түстілер» бүтін сандар отбасына жатады, және кез келген таяқша ұзындығына келеді. Ал 7 саны қара түспен белгіленген ол бөлек отбасын құрайды.

Әр жинақтың ережесі болады: неғұрлым ұзын таяқша болса онда оның білдіретін саны да көп. Таяқшалар боялған түстер сандық қатынастарға байланысты, қарапайым натурал қатарын анықтайды. Әрбір таяқша - бұл сан, яғни түспен көлемді білдіреді.

Кюйзенер таяқшаларын түрлі –түсті карандаштардан жасап, ойынмен сабақ барысында қолдану

2017 жылдың қыркүйегінен бастап мен өзімнің оқу- тәрбие процесімен осы Кюйзенер таяқшаларын қолданысқа енгіздім. Бір жыл ішінде байқағаным балалардың қызығушылықтары оянып, тез арада таяқшалармен жұмыс жасауға үйреніп кетті. Осы таяқшалар арқылы балалар санап қана қоймай, сонымен қатар ой-өрістерінің жетілуіне де көп әсерін тигізді, атап айтсақ сөздік қорларының дамуы, өздерінің жеке-дара таңдау жасай алуларына, өзбеттерімен керекті заттар құрастыра алуларына көп септігін тигізді.

Осы бақылауларыма сүйене отырып мен мынандай 8 кезеңнен тұратын жүктеме арқылы Кюйзенер таяқшаларын біртіндеп баланың сабақ барысына енгізуі үшін ойлап таптым:

1.Түрлі- түсті карандаштардан жасалған Кюйзенер таяқшалармен танысу. Баланы таяқшаларға мұқият қарату, араластырту, барлық таяқшаларды ұстатып көру, олардың түсін, ұзындығын анықтап айтқызу.

2. Оң қолыңа сыйғанынша таяқшалар ұста, ал енді, сол қолыңа.

3. Он Кюйзенер таяқшаларын қолданып, баспалдақ құрастыруға болады. Кіші ақ түстісінен бастап, үлкен тоқсары таяқшаға дейін немесе керісінше. Саусақпен баспалдақтарды баса отырып, 1-10-ға дейін дауыстап санауға болады және керісінше.

4. Ою-өрнек салынған қағаз бетіне үлкен-кіші таяқша-карандаштарды таңдай отырып суретке қойғызу.

5. Карандаш-таяқшаларды түстерге бөліп, ажырату.

6. Әртүрлі пейзаж салынған суреттерді карандаш-таяқшаларды қолдана отырып, олардың ұзындығы, түсіне сай салып шыға алады.

7. Кюйзенер карандаш-таяқшаларын үстел үстіне шашып, қазақтың ұлттық ойыны «асық жинау» эмитациясын ойнату. Бұл ойында ұзын-қысқы, түс таңдай, шапшаңдық, тез ойлау дамиды.

8. Таяқшалардан жолдар, қоршаулар, поездер, төртбұрыштар, тіктөртбұрыштар, жиһаздар, әртүрлі үйлер жасауға болады.

Түрлі - түсті таяқшалар көмегімен балаларды көп - аз, соншалықты көп - аз қатынасын түсінуге жеңіл жеткізеді, қасиеттік қатынасқа танзитивті таныстырады, бүтінді бөліктерге бөлуге және белгілі өлшеуішпен объектіні өлшеуге, осы тәжірибелік әрекет процесінде, кейбір қарапайым атқарымдылық тәуелділік түрлерін игеруге үйретеді, сандық құрамы бірлік пен аз саннан екенін есте сақтауда жаттығу жасау, сандарды қосу, көбейту, азайту, бөлуге қисындатуға әкеледі. 

Сонымен қатар, таяқшалармен ойнай, балалар «сол», «ұзын», «арасында», «әрқайсысы», «соның ішінде біреуі», «кез - келген», «бір және сол түсте болу», «көгілдір түсте емес болу», «бір ұзындықтың бары» және т.б. түсініктерді игереді. 



ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ



Қорыта келгенде, Кюйзенер таяқшалары ол тек ғана дидактикалық құрал емес, бұл балалардың оқу - таным құралы және педагогтардың балаларға математикалық білімдерін меңгерту құралы. Бұл таяқшалармен жұмыс кезінде балалар тек сан мен санауды ғана меңгермейді, сандармен түстердің қатынасын меңгереді. Бұл әдістеменің маңызы өте зор.

Кюйзенер таяқшаларын оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы, балаларға, жалпы педагогтарға көптеген жеңілдіктер әкеледі, өйткені бала өзін еркін ұстап, өз ойын еркін түрде айтып, ой-өрісіне жетілуіне көптеген септігін тигізеді.

ІҮ. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. https://kopilkaurokov.ru/doshkolnoeObrazovanie/prochee/kiuizieniertaiakshalaryarkylybalalardyntanymdykkabiliettierindamytu

«Кюизенер таяқшалары арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту»
  1. Сейсенова Жанна Елтаевна, Өскемен қаласы әкімдігінің «Азамат» балабақша бөбекжайы тәрбиешісі, Мақала Тақырыбы:«Кюизенер Таяқшалары Арқылы Балалардың Танымдық Қабілеттерін Дамыту»





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Инновациялық жоба

Автор: Жексенова Майгул Матаевна

Дата: 22.05.2018

Номер свидетельства: 470543

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Басқарушыны табысқа жеткізетін мүмкіндіктер инновациялық жоба"
    ["seo_title"] => string(66) "baskarushyny_tabyska_zhetkizetin_mumkindikter_innovatsiialyk_zhoba"
    ["file_id"] => string(6) "567847"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1608463310"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Инновациялық жоба: Никитин әдісін Қазақстандық бақшаларға бейімдеу"
    ["seo_title"] => string(74) "innovatsiialyk_zhoba_nikitin_disin_k_azak_standyk_bak_shalarg_a_bieiimdieu"
    ["file_id"] => string(6) "470544"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1526966021"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(139) "Инновациялық жоба: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ой-өрісін дамыту"
    ["seo_title"] => string(77) "innovatsiialyk_zhoba_didaktikalyk_oiyndar_ark_yly_balalardyn_oi_orisin_damytu"
    ["file_id"] => string(6) "470545"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1526966105"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(10) "Жоба ."
    ["seo_title"] => string(6) "zhoba1"
    ["file_id"] => string(6) "270698"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1451233509"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Жоба:?о?амтану п?ндерін о?ытуда н?тижеге ба?ыттал?ан білім "
    ["seo_title"] => string(69) "zhoba-k-og-amtanu-p-ndierin-ok-ytuda-n-tizhieghie-bag-yttalg-an-bilim"
    ["file_id"] => string(6) "160300"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422025691"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства