Просмотр содержимого документа
«Иновациялық технологиялар»
Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Гүлдер» балабақшасы
Драма оқу қызметінде «Баулау» ойыны арқылы баланың тілін дамытатын дидактикалық ойындар жинағы
Затобол 2017ж.
Түсінік хат
Драма оқу қызметінде «Баулау» ойыны арқылы баланың тілін дамытатын дидактикалық ойындар жинағы
Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан – жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.
Мақсаты: - Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын театр түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру; - Қазақ тіліне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу. Міндеттері: • Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту. • Балаларды адамгершілікке баулу. • Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру. Театрлық іс - әрекетті ертегілерді пайдалана отырып ойын дамыту. • Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Драматизациялау ойынның педагогикалық мүмкіндіктеріне жетуінде маңызды болатын мәтін.Ол ойыннын драматургиялық маңызы.Осындай ойынды оқытушы өзбетінше жасаған кезінде рифма иелігін ұмытпауды, бірақ міндетті түрде емес.Балалармен ойын ойнау кезінде оқытушы өзінің сөздері мен қимылдары үйлесімді және мәнерлі болуын қадағалап отыру тиіс.
Драматизациялық ойының жасағанда монтаж тәсілінде қолдануға болады:әртүрлі авторлардың дайын үзінділерін, өлеңдерін, әндерін негізіне алып сюжет құру.Бірақ, осындай сюжетте сөзден кейін оны қызықты әрекетте білдіруді мүмкіндік болуын есте сақтаған жөн.
Осы «баулау» әдісінің пайдасын көре отыра өз қолымызбен балалардың тәлдерін дамыту мақсатымен ертегі желілеріне байланысты «баулау» дидактикалық ойындарын жасауды жөн көрдік. Осы дайындалған материалдар балалардың жан-жақты дамуына көп әсерін тигізеді деген ойдамыз.
«Баулар» ойынның драма оқу қызметінде мақсаты:
- сенсомоторлық үйлесімділік пен қолдың ұсақ моторикасын дамытады;
1. Ойлау операциясын, талдау, синтездеу, салыстыру,ертегі арқылы тілдерін дамыту,сөздік қорларын байыту, ертегідегі кейіпкерлердің жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
2. Қол әрекеттерін қалыптастыру, қолмен шапшаңдыңын жетілдіру, саусақтардың ұсақ моторикасын дамытуға ықпал ету.
3. Ерік біліктілігін (алға қойылған міндеттерді шешуде көңілдің бөлініп кетпеуін қалыптастыру, істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылу) қалыптастыру
« Мақта қыз бен мысық » ертегісі
Мақсаты: Балаларға ертегіні мәнерлеп оқып беріп, түсіндіру, кейіпкерлерімен таныстыру,оларды атау.Сұрақ қоя отырып,ертегі мазмұның әңгімелей білуге үйрету,сөздік қорын молайту.Достыққа,татулыққа тәрбиелеу.Қоршаған орта туралы түсініктерін толықтыру.
Ойын барысы: Тәрбиеші бір балаларға ертегі мазмұнын айтқыза отырып, ал екіншісі ертегінің сюжеттерін бауға ретімен іліп отырады.
«Шалқан» ертегісі
Мақсаты: Балаларды ертегіні мұқият тыңдай білуге үйрету, сөз қорын жетілдіру,әңгімелей білуге дағдыландыру.Еңбекке,бірлікке тәрбиелеу.
Ойынның барысы: үстелдің үстінде жатқан кейіпкерлерден тек ғана «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерін тауып, бауға рет-ретімен тізбектеп, әңгімелеу.
«Үш аю» ертегісі
Мақсаты: Ертегі мазмұның балалардың естеріне түсіріп,сұрақтарға толық жауап берулерін қадағалау.Тіл байлықтарын дамыту.
Ойынның барысы: үш аюды сипаттай отырып, заттарды кейіпкерлердің көлеміне қарай орналастыру. Ойын барысында артистік өнерге машықтандыру,дауыс ырғағын өзгерте отырып,кейіпкерлердің дауысына сала білуге үйрету.