Ересек тобына арналған интеллектуалды ойын.
Просмотр содержимого документа
«Интеллектуалды ойын ересек топ»
Интеллектуалды ойын
Мақсаты: Қатынас саласы бойынша жартыжылдық алған білімдерін бекіту.
Көрнекіліктер: суреттер, карточкалар, маркерлер, ойыншық, ән.
Сабақ барысы:
І. Топтар залға кіріп, орындарына отырады. Таныстыру. Топтар капитандары ойынды бастау үшін карточкалар таңдайды.
ІІ. Ойын шарты түсіндіріледі.
ІІІ. Тапсырмалар:
Бір сөзбен ата.
А) алма, алмұрт, апельсин, жүзім, банан-
Ә) трактор, машина, автобус, ұшақ, кеме-
Б) қасық, кесе, пышақ, ожау, қазан-
Сөйлем құрастыру.
(суретке қарап, сол сөзге сөйлем құрастыру- ҰШАҚ суреті)
Сипатта.
(белгілі бір затты сипаттау- )
Дыбыстық талдау.
Д Ә П Т Е Р
Дұрыс па? Бұрыс па?
А) Жаңбыр күнде жауады.
Ә) Аю- үй жануары.
Б) Кеме суда жүзеді.
В) Балықтың төрт аяғы бар.
Г) Киім матадан тігіледі.
Артығын тап.
М Қ Д Л О- 4 дауссыз дыбыс, 1 дауысты дыбыс артық.
Ән- шашу.
Топтардың ұпайларын санап,салыстыру. Жеңімпаздарды марапаттау.
Қоштасу.