kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Интерактивті технологияны қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Интерактивті әдістер қазіргі білім беру үрдісінде кең қолданысқа ие болып отыр. Бұл ХХІ ғасыр - ақпараттық қоғам дәуірі,технологиялық мәдениет пен интерактивті ресурстармен жұмыс жасайтын ғасыр. Білім беру үрдісін ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану ғасыры. Сол білімді мықты тұғырлы етіп ұйымдастырумен қалыптастыру үшін интерактивті 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Интерактивті технологияны қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын дамыту»



Интерактивті технологияны қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын дамыту


Интерактивті әдістер қазіргі білім беру үрдісінде кең қолданысқа ие болып отыр. Бұл ХХІ ғасыр - ақпараттық қоғам дәуірі,технологиялық мәдениет пен интерактивті ресурстармен жұмыс жасайтын ғасыр. Білім беру үрдісін ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану ғасыры. Сол білімді мықты тұғырлы етіп ұйымдастырумен қалыптастыру үшін интерактивті оқытудың білім беру ісіне тигізер ықпалы мол. Сондықтан ұстаздар оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялардың мән- мағынасын терең түсініп, өз тәжірибесінде қолданудың маңызы өте зор. Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой  - өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын», - деген қанатты сөзді еске түсіреді.
Ж.Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, балалардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында бала екі жақты білім алады: біріншісі-пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану баланың өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулыққа оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек- сигналдар арқылы оқыту, т.с.с. Электронды оқулық арқылы бала көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі болып табылады. Оқытудың интерактивті әдістері: интерактивті сабақ, видео-аудио материалдарды қолдану, компьютерлік оқыту, рольдік ойындар (оның ішінде бейнежазбаға талдау жасату арқылы), тренингтер, кейс-стади ( case-stady – нақты, практикалық жағдаяттарға талдау жасату), (нақты жағдаяттарды ( Fallstudie), іскери ойындар, шағын топтардағы жұмыс, топтық дискуссия, миға шабуыл жасау, жағдаяттық ойындар, жобалау әдісі, портфолио, проблемалық тапсырмалар, жарыстар, әркім-әркімді оқытады, мозайка, бағаланатын дискуссия, деңгейлік тапсырмалар т.б. 
Әрине, бұл әдістерді қолдану баланың жай дәрісінен гөрі көп уақытты талап етеді. 
Алайда, «оқыту пирамидасына» байланысты, нақ осы кезде ғана білімді жетік меңгеру жүзеге асады. Интерактивті әдістерінің мақсаттары: 
1.Ақпаратты қабылдап, бағалай алуы; 
2. Ақпаратты талқылауға қатыса алуы; 
3. Шешім қабылдай алуы; 
4. Өз пікірлерін топтың басқа мүшелеріне жеткізе алулары; 
5. Ортақ мақсаттарға жету үшін топ мүшелерімен бірлесе әрекет ете алулары қажет. 
Жағымды атмосфера тудыратын, қатысымдықты ұйымдастыратын интерактивті әдістердің үдерісі ұстаз тарапынан өзге тілді ортаға енгізу кезеңінде жүзеге асырылатын « коммуникативтік шабуыл» өзара әрекеті арқылы сипатталады. Ондай әдістерге «Сұхбат», «Дөңгелек үстел» (дискуссияға үйрету кезінде), «Ассоциациялар», «Сөйлеу минутасы», «Рефлексивті шеңбер», «Тірек сызба», «Сергіту жаттығулар», «Фразаны аяқта», т.б. жатады. 
Интерактивті оқыту – адамдар қарым-қатынасының ынтымақтастықты негізіне құрылады. Жұпқа, топқа, ұжымға бөлініп бір мақсатқа жету үшін бір-бірімен түсінісіп, ортақ сөйлеу әрекеті іске асырылады. Оқытудың өзара әрекетінің түрлері мен тәсілдері тіл үйренушілердің қарым-қатынас жасауға, ақпаратпен алмасуға белсенді және үздіксіз жұмылуын қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі интерактивті оқыту әдісі. Әдетте мұндай қарым-қатынас балалар әлдебір мәселені талқылап соның шешімін табуға талпынған маңызды. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі - балалардың өз бетінше ой қорытып жауап табуға үйрету. Интерактивті технология өзара қарым -қатынастың мол ауқымын қамтиды.
Білім берудегі интерактивті технология мұндағы интерактивті сөзі - «inter» - бірлесу, «aсt» - әрекет жасау ұғымын білдіреді. Сабақ барысында баланың топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық балалардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту әдісі.
Интерактивті әдісімен оқытқанда, баланың:
-ақыл-ойы дамиды,
-еркін ойлауға мүмкіндік береді,
-шығармашылық белсенділігі артады,
-ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді,
-тіл байлығы жетілдіріледі,
-жан-жақты ізденушілігі артады.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі интерактивті оқыту әдісін мен өз тәжірибемде қолданып келемін.Мысалы «Құрманғазы»тақырыбында өткен сабақта «Адай»күйін көз жұмдыра тыңдатып,баланың ойын,түсінігін сұрап,басқа жолдастарының жауаптарымен салыстырып,содан соң бейнеклипті көрсеттім. Сабақтың жаңа ақпаратты қабылдау бөлімінде оқушылар тақтада берілген тапсырманы көріп, түсініп, жауабын тауып,тапсырманы толық,дұрыс орындауға тырысады. Тапсырманы орындауға барлық бала қатысады. Әсіресе тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу балалардың өздері жазбаша жұмысты қызыға орындайды.Өйткені интерактивті тақтаның келесі бетінде ол тапсырманың дұрыс жауабы беріледі,сол арқылы бала өзінің жауабын салыстыра тексеріп,өзін-өзі бағалайды. Топпен жұмыстану барысында белсенділік көрсете отырып,топтау,Венн диаграммасына түсіру,сәйкестендіру әдістерін интерактивті тақтада орындап,уақытты үнемдеуге болатынын көруге болады. Сабақты бекіту бөлімінде активпультті пайдаланып,уақытты үнемдеу,оқушының шапшаңдық қабілетін,өз білімінің нәтижесін көруді дағдыландыруға болады.

Біз осы әдісті пайдалана отырып, балалардаң білімін жетілдіре алдық. Топпен жұмыстану барысында белсенділік көрсете отырып топтау, Венн диаграммасына түсіру, сәйкестендіру әдістерін интерактивті тақтада орындап, уақытты үнемдеуге болатынын көруге болады.Сабақты бекіту бөлімінде активпультті пайдаланып,уақытты үнемдеу, баланың шапшаңдық қабілетін, өз білімінің нәтижесін көруді дағдыландыруға болады.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа сапалы білім беру барысында осы аталмыш технология нәтижелі жетістік, балалар бірінші болып интерактивті тақтаның педагогикалық мүмкіншіліктерін аса жоғары бағалап, оны іс жүзінде тиімді қолдану тәсілдерін үздіксіз зерттеу үстінде. Шынында да, интерактивтік тақта сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп, яғни оқытудың барлық кезеңінде, әсіресе жаңа тақырыпты оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын тигізеді.



  Пайдаланған  әдебиеттер.
1.  Г.Кертаев.Оқытудың кейбір әдістері. Алматы,1991.
2.  Б.Р.Айтмамбетова . Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы,1991.
3.Абраменко Н.К. Подготовка ребенка к школе. Минск, 1972. 4.Джеральдина Чейпи. Готовность к школе. М., 1992. 5.Оспанбекова Н.Ж.,Чанбаева М.Қ. Болашақ мұғалімдерді дайындауда ақпараттық технологияларды пайдалану. Алматы. 2013. 6.Авдарсолқызы С., Авдарсолұлы М. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқыту. Алматы. 2013. 7. Қармысова Л. Интерактивтік оқыту. Қазақстан мектебі. 3/2011. РЕЗ




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Берлібекова Айзат Берлібекқызы

Дата: 20.05.2017

Номер свидетельства: 417194

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(187) "Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретуде заманауи технологияларды қолдану"
    ["seo_title"] => string(80) "oiyn_ark_yly_miektiep_zhasyna_dieiinghi_balalarg_a_ag_ylshyn_tilin_uirietudie_za"
    ["file_id"] => string(6) "395143"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487920758"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(186) "«ОЙЫН АР?ЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР?А А?ЫЛШЫН ТІЛІН ?ЙРЕТУДЕ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ?ОЛДАНУ»"
    ["seo_title"] => string(98) "oiynarkylymiektiepzhasynadieiingibalalargaagylshyntilinuirietudiezamanauitiekhnologiialardykoldanu"
    ["file_id"] => string(6) "300396"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456726424"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(173) "Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайында білім сапасын арттырудағы үлесі үшін"
    ["seo_title"] => string(80) "zhan_artylg_an_bilim_bieru_mazmu_nyn_zhuzieghie_asyru_zhag_daiynda_bilim_sapasyn"
    ["file_id"] => string(6) "437582"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1510110292"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства