kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қар патшалығы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ертегі желісі бойынша қардың қалай пайда болатынын түсіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қар патшалығы"»

БЕКІТЕМІН

Балабақша менгерушісі

Г .Иргебекова



Күні:09.02.2018ж

Білім беру салалары: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық»

Оқу қызмет түрі: Көркем әдебиет, Жаратылыстану,Сурет салу

Оқу қызмет тақырыбы: Қар патшалығы

Мақсаты: М.Гайдың «Қар қандай?» ертегісін зейін қойып тыңдай білуге, ертегіні қайталау барысында диолог түріндегі сөздерді өзгертпей айта білуге үйрету. Ертегі желісін сурет арқылы қайталай отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Дәлелдеу, салыстыру, зерттеу жұмыстары арқылы балалардың таным қызғушылықтарын артыра отырып, қардың, қасиеттері туралы білімдерін кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балаларды бірлесе жұмыс істей отырып әдептілікке, кішіпейілділікке, қайырымдылық пен жанашарлыққа, ізеттілік пен инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Жарқырап, тастай суық, мұнтаздай таза, жапалақтап.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, зерттеу, модельдеу, түсіндіру

Көрнекілік және қажетті құралдар: Интерактивті тақта, қар, мұз, ертегі мазмұнына сәйкес суреттер, ойынға қажетті таяқша.

Тілдердің үштұғырлылығын іске асыру: Қыс – зима – winter ,Қар – снег – snow.


Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші:

  • балалар, «Сәлем - сөздің анасы» деген - адамдар бір-бірімен сөйлеспес бұрын сөзді амандық білісуден бастау қажет деген сөз. Амандасудың да көптеген түрі бар. Қазір біз бірнеше амандасу түрімен амандасып көрейік.

Тәрбиеші балаларға қолдың, жүректің, еріннің, күннің суретін көрсетеді, ал балалар суретке байланысты қимыл білдіріп, амандасады.

Қол - қолдарын беріп амандасу.

Жүрек – құшақтасып амандасу.

Ерін - бір –бірін сүйіп амандасу.

Күн - бір-біріне қолдарын көтеріп бұлғап амандасу.

Тәрбиеші:

  • Енді ауызша қонақтарымызбен сәлемдесейік.

Баларар бірге: -Сәлеметсіздер ме?

- Здрастувуйте?

- Good morning

Тәрбиеші: Қане осынау жақсы көңіл-күйімізбен бір тамаша ойын ойнайық


Ойын:Аяз

Ойын шарты: Тәрбиешінің қолында сиқырлы таяқ болады. Таяқ тиген жер қатып қалады. Тәрбиешінің аяқ, қол, құлақ, бет, шаш деп айтқан кез-келген сөзінен кейін балалар сол маты аталған мүшелерін ұстай қалу керек. Шатасқан бала жеңіледі. (Балалар ойын ойнап жатқан кезде баланың айқайлаған дауысы естіледі.)

Мотивациялық кезең: Бір күні сол қар патшалығына Асан деген мына бала, қысқы орманды тамашалайын деп орманға кіріп, адасып кетіпті. Қайтар жолды таба алмай, әрі – бері жүріп, не болса да дауысымды біреу естір деп айғайлапты. Ау – ау!...

Сол кезде Асанның алдынан Аях ханымына кез болыпты.

  • Сен неге орманның тыныштығын бұзасың? Қатырып тастайын ба? – деп ашуланыпты.

Сонда Асан:

- Кешіріңіз. Мен адасып кеттім. . Қайтар жолды таба алмай тұрмын. Бәлкім сіз көмектесерсіз, - депті.

- Менің тапсырмамды орындасаң ғана мен саған жол көрсетемін, - депті. Қар ханшайымының тапсырмасын орындау үшін Асанға біздің көмегіміз қажет болып тұр.Асанға кім көмектескісі келеді?


Оқу қызмет барысы барысы:

1-тапсырма: Бүгінгі ауа райын анықта .

Тәрбиеші:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс айында ауа райында,қандай өзгерістер болады?.

Ендеше бүгінгі ауа-райын белгілеп көрсетейік.


2-тапсырма: Қар қандай болатынын айтып бер.


«Қар қандай?» авторы: М.Гай

(ертегі)

Бірде құстар дауласады, олар қардың қандай болатынын анықтай түседі. Олар ұшып жүріп сұрақ қояды:

  • Қар қандай болушы еді?-деп.

  • Алтындай жарқырап тұрады,- деп жауап береді таң.

  • Көгілдір түсті,-дейді мұнтаздай таза аспан.

  • Тастай суық,-деп жауап береді үйрек,тұмсығын қанатының астына тыға түсіп.

  • Жып-жылы шығар,-деп Кереметтей ауыр! – деп күрсінеді ағаш бұтақтары.

  • Күмістей, әрине! –деп күлімсіреді аспандағы сұлу да сымбатты ай. Жер-көкті шарлаған құстар алуан жауап қатады тауық.

  • Жеп-жеңіл! Сондай жеңіл деп - шу етеді жел.

  • Сондай ауыр!

түрлі жауапты естиді, бірақ олар әр-түрлі болып шығады.

«Модельдеу» әдісін қолданады. Ертегі мазмұнында кездесетін сөздерді сипаттайтын суреттерді тақта арқылы балаларға көрсетіп,ертегі желісін естеріне түсірулерін сұрайды.

Тәрбиеші:

  • Құстар нені анықтамақшы болды?

  • Таң қарды қандай деп айтты?

  • Неге олай айтты деп ойлайсың?. Өйткені күн шығып, жарығын шашқанда қар алтындай жылтырап көрінді.

  • Аспан қарды қандай деп айтты?

  • Неге олай айтты деп ойлайсың?. Аспан өзі көгілдір түсті болғандықтан қарға көгілдір болып көрінді.

  • Үйрек қарды қандай деп айтты?

  • Неге олай айтты деп ойлайсың?.Үйрек табанымен қарда жүргендіктен аяғына суық өтті сондықтан да қарды суық деді.

  • Тауық қарды қандай деп айтты?

  • Неге олай айтты деп ойлайсың?. Тауық үй құсы болғандықтан ол қыста далаға шықпағандықтан қарды жылы шығар деді.

  • Жел қарды қандай деп айтты?

  • Неге олай айтты деп ойлайсың?. Себебі жел соққанда қарды лезде ұшырып әкете алады.

  • Ағаш бұтақтары не деп айтты?

  • Неге олай айтып деп ойлайсың?. Себебі қар ағаш бұталарына үйіліп жауса ауыр болады.Сондықтан көтере алмай ауыр деп айтты.

  • Ай қарды қандай деп айтты?

  • Неге олай айтып деп ойлайсың?. Ай өзі күмістей жылтылдап тұрады.Сондықтан да қар оған күмістей болып көрінді.

Ендеше осы айтылғандардың дұрыс - бұрысын білу үшін қарға зерттеу жасап көрейік.


Зерттеу жұмысы: балалар жұптасып жұыс жасайды. Тәрбиеші балаларға бірлесе әрекет етіп, бірлесіп ортақ жауап беруге бағыттайды.

Әрбір екі баланың ортасына ыдысқа салынған қар беріледі.

  • Таң қарды қандай деп айтты?

  • Аспан қарды қандай деп айтты?

  • Ай қарды қанда деп айтты?.

1-тәжірибе: Қардың түсі қандай екен? Қардың түсін өзгертуге бола ма?

  • Үйрек қарды қандай деп айтты?

  • Тауық қарды қандай деп айтты?

2-тәжірибе:Қар жылы ма,суық ба?

-Жел қарды қандай деп айтты?

  • Ағаш бұтақтары не деп айтты?

3-тәжірибе: Қар ауыр ма жеңіл ма?

4-тәжірибе: Қардың формасы өзгере ма?

5-тәжірибе : Қар жылы жерде неге айналады?


3-тапсырма: Боран деген не?

Сергіту сәті: «Боран мен қар» ойыны

Ойын шарты: Балалар қаршалар болады. Боран даусы шыққан кезде ары бері ұшады.Бораның даусы тоқтаған кезде бәрі бір-бірінң қолын ұстап үлкен домалақ қар жасайды.


Дәптермен жұмыс: Боранның суретін тап


4-тапсырма: Аяз деген не?

Дайын салынған терезе суретіне аяздың суретін салу.


(Барлық тапсырма орындалып Асан үйіне оралады.)


Рефлекция:

  • Біз бүгін кімге көмектестік?

  • Қар қандай болады екен?

  • Боран деген не екен?

  • Аяздың суретін қалай салдық?

  • Бүгін қай досың Асанға жақсы көмекесті деп ойлайсың?

Қонақтармен қоштасып, үстел үстіндегі қолданған заттарды жинастыруға маған көмектесіп жіберіңдер.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Қар патшалығы"

Автор: Өнерхан Айнагүл

Дата: 18.04.2018

Номер свидетельства: 466705

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""?ар патшалы?ы"   ойын -сауы?ы "
    ["seo_title"] => string(29) "k-ar-patshalyg-y-oiyn-sauyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "188377"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426673201"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Ашық сабақ бояулар патшалығына саяхат"
    ["seo_title"] => string(43) "ashyk_sabak_boiaular_patshalyg_yna_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "400696"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489601483"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Ашық оқу қызметі "Су патшалығындағы математика""
    ["seo_title"] => string(53) "ashyk_ok_u_k_yzmieti_su_patshalyg_yndag_y_matiematika"
    ["file_id"] => string(6) "457237"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518584685"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ежелгі парсы патшалы?ы "
    ["seo_title"] => string(28) "iezhielghi-parsy-patshalyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "192043"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427393067"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "«Ертегі әлемінде» (Жоғарғы сыныптар әдістемелік бірлестік айлығының жабылуы)"
    ["seo_title"] => string(72) "ertegi_leminde_zhogargy_synyptar_distemelik_birlestik_ailygynyn_zhabyluy"
    ["file_id"] => string(6) "623718"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1674372297"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства