Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңберіне дөңгелене тұру. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Жарқыраған күнге! -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Интерактивті тақтада Балабақша суреті көрсетіледі -Балалар қайда келді? Тақтадағы суретке көніл аударады. -Балалар қайда? -Топта не бар? Жаңа сөздермен таныстыру (жұмыс дәптеріндегі суреттер арқылы). | Оқытушымен бірге қайталайды. Сәлемдеседі Өз балабақшаларын танып, қуанады. Қазақша қалай айтылатынын естеріне түсіреді. Балалардың балабақшада екенін айтады. Суретке көніл қоя қарап, таныс сөздерді естеріне түсіреді (үстел, орындық, топ). |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік | - Мынау – есік. І – і – і –ік – міне, есік. - Мынау не? - Мынау – терезе, те-ре-зе. - Мынау – кілем, кі-лем. І-і-кі-кі-кі-лем. Әдемі кілем. Үлкен кілем. - Мынау – төсек. Ө-ө-өс-өс-төс-төсек. Сергіту сәті өткізу. Отырамыз! Тұрамыз! Бір, екі, үш. Біз жинаймыз күш! (2-3 рет қайталату) «Дұрыс қайтала, қөрсет» дидактикалық ойыны. Үлестірмелі қима суреттермен жұмыс жүргізіледі. «Сақ бол » дидактикалық ойыны. Жұмыс дәптеріндегі «Біздің балабақшамыз» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіреді. Кейбір сөздерді балаларға бірнеше рет қайталатады. Жұмыс дәптеріндегі кілемді (тұскиізді) бояту. | Тыңдайды, дыбысты, сөзді дұрыс айтып жаттығады. Хормен, жеке айтып үйренеді. Сөздерді, дыбыстарды тыңдайды, жеке, хормен қайталайды. Сөзді, қимылды қайталайды. Демонстрациялық материалдың 1-кестесі бойынша сөздерді қайталайды. Сөздерді қайталап, қолдарындағы суреттерді көрсетеді. Зейін қоя тыңдайды, қатені түзейді. Қайталайды, таныс сөздерді табуға тырысады, тілдерін жаттықтырады. Тұскиіздің боялмаған бөлігін бояйды. |