Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі сабағында мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін деңгейлеп оқыту тапсырмалар арқылы жетілдіру және дамыту.»
Қазақ тілі сабағында мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін деңгейлеп оқыту тапсырмалар арқылы жетілдіру және дамыту.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Осы мемлекеттігімізді айқындаушы – мемлекеттік тіл болып табылады. Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесінде көтеру - әрбір азаматтың, оның ішінде оқу орыс тілінде жүргізілетін қазақ тілі пәні ұстазының тікелей міндеті. Сондықтан осы мәселені балабақшадан бастап қолға алу орынды.
Балабақшада оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын жаңарту, оны жаңа деңгейге көтеру мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Балалар мұғалімнің көмегімен сөйлеу, ойлау дағдыларын игере бастайды.
Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту көп деңгейлік оқыту арқылы іске асырылуы мүмкін екендігін белгілі ғалым, профессор Ж.А.Қараев өз еңбектерінде дәлелдеген.
Ж.А.Қараев технологиясының маңызы зор. Бұл технология бойынша бала жаңа білімді өзі меңгере отырып, әр түрлі деңгейдегі тапсырма беру әдісі алыңған. Баланың іскерлік, ақыл-ой дамуына әсер ету нәтижесінде білім сапасы көтеріледі, өзін-өзі дамытуға себеп болады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір бала өзінің даму деңгейінде оқу материалн меңгергенін қамтамасыз етеді:
Деңгейлеп оқыту әр балаға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Деңгейлеп – саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: жоғары, орташа, төмен.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам балаларды сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айту, қойған сұрақты тыңдап, қазақша дұрыс жауап беру, диалог түрінде сөйлесу, сөйлемді дұрыс құрастыру дағдыларын дамыту.
Мысал ретінде, дайындық тобында «Балабақша» тақырыбын қайталау мақсатында өткізген сабағымның құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Білім бөйынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін:
Төмен деңгей: «Сөздерді ата» (балабақша, бала, тәрбиеші, дәрігер, орындық)
Орташа деңгей: «Ата, жауап бер»
(-Мынау не? – Мынау балабақша.
-Балабақша қандай? - Балабақша үлкен, әдемі.
Жоғары деңгей: «Сөйлем құрастыр»
-Мынау балабақша. Балабақша үлкен, әдемі, жарық, таза.Балабақша екі қабатты. Балабақшада көп балалар бар.
Балалармен жұмысында деңгейлік дидактикалық ойындар көп орын алады. Оларды әр сабақта және балалардың өз бетінше жұмыс істегенінде қолданамын. Дидактикалық ойын сабақтың құрамдық бөлшегі болып табылады. Ол сабақты меңгеруге, бекітуге, танымдылық қызметтің әдісін меңгеріп көмектеседі. Балаларды заттың сын-сипатын біліп, қорытындылауға, салыстыруға, жүйелеуге үйретеді. Дидактикалық ойындар тақырыпқа байланысты қолданылады. Тапсырма берер алдында, оны балаға түсіндіру, тексеру қажет. Дидактикалық ойындар, ойын тапсырмалар біртіндеп күрделенеді, сондықтан оларды ретімен орындату қажет. Әрбір ойынға балалар қызыға қатысады.
Мысалы, сабақтарымда сөйлеудің лексика-грамматикалық құрылымын дамыту мақсатында қолданатын ойын түрлерін ұсынамын:
Дидактикалық ойын «Тілші»
Мақсаты: Қойылған сұраққа толық жауап қайтара білу.
Ойынның шарты: Жүргізуші бала тақырып бойынша балаларға сұрақ қояды, жауаптарын алады.
Мақсаты: 3-4 сөзден тұратын сөйлем құрастыра білу.
Ойынның шарты: Бір бала ортада тұрады. Қалған балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші бала шеңбермен жүріп 3-4 балаға допты беріп сөзді орыс тілінде атайды. Допты алған балалар сөзді қазақ тіліне аударады. Ал ортада тұрған бала айтқан сөздерді есінде сақтап сөйлеп құрып айтады.
Дидактикалық ойын «Қолшатыр»
Мақсаты: Жаңа сөздерді сөйлем ішінде дұрыс қолдана білу.
Ойынның шарты: Бір бала қолшатырды алып ортаға тұрады. Қалған балалар айналып жүреді. Әуенді тоқтатқан кезде тоқтайды. Түскен тірек- схема арқылы сөйлем құрып айтады.
Мысалы: -Ойыншық қоян кішкентай, ақ.
-Ойыншық аю әдемі ....
Дидактикалық ойын «Жайлауда»
Мақсаты: Жаңа сөздерді сөйлем ішінде дұрыс қолдана білу.
Ойынның шарты: Балалар бір-бірден үй жануарларын бейнеленген
карточкаларды алып сөйлем құрып айтады.
Мысалы: -Мынау сиыр. Сиыр үй жануары. Сиыр үлкен. Сиыр сүт береді.
-Мынау үй жануары ешкі. Ешкі шөп жейді. Ешкінің төлі лақ.