Просмотр содержимого документа
«Қазақтың ұлттық ойындары. Өзекті тақырыбым бойынша ізденістерім»
«Өзекті тақырыбым бойынша ізденістерім»
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді қазақ халқы.Болашақтың іргетасын салатын бала әуелі отбасында,содан кейін балабақшада қалыптасады.Олардың негізгі әрекеті ойын болып табылады. Менің өзекті тақырыбым «Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балаларды тәрбиелеу» болғандықтан,негізгі мақсаттарым:
-Ойын арқылы балаларды белсенді әрекетке жұмылдыру;
-Ойын таңдаудағы, ойлағанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру;
-Әртүрлі ойын түрлерін қолдану арқылы балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру;
-Сабырлы, ынталы ойнауға, жолдастарына деген қайырымдылыққа тәрбиелеу;
-оларды сергіте, қуанта отырып, көңіл-күйлерін көтеру.
Осы тақырыпта материал іздеу, балалармен жұмыс істеу өте қызықты.Қаншама ұлағатты тәрбиешілердің іс-тәжірибесінен үлгі аласың, қаншама мақал- мәтелдердің даналығын үйренесің.Көптеген ойындар баланы достыққа, қамқорлыққа, тапқырлыққа, ептілікке, адамгершілікке баулиды.
Ойын – балалар өмірінің нәрі.Ол жай ермек қана емес, сәбилердің рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғышарты.Балалардың ойыны өзінің педагогикалық маңызымен ғана емес.Ойындарда әр халықтың көне тарихының ізі, тұрмыс-тіршілігінің,еңбек кәсібінің, әдет-ғұрпының нәрі сақталған.Қазақтың ұлттық ойындарының әрқайсының басталуы да ерекше болған.Оларды «Қаламақ» немесе « Ойынға шақыру» деп атауға болады.
Бірнеше мысал келтірейік:
а) Айдағаным торпақ,
Ала тайым жортақ.
Кім ойынға шықпаса,
Қоян жүрек қорқақ.
ә)Бірлән-сірлән
қаблан-қатыс.
Мірлән – отыз,
Сен тұр, сен шық.
б/. Бірім-екім,
тығыл-бекін.
Мен санайын,
Сен дайын бол.
Сары шымшық,
тез ұшып шық.
Бұлар – «Ойынға шақыру».
«Қаламақтар»:
Балалар екі топқа бөлініп немесе жұптаса ойналатын ойындарда қолданылады.
-Аспандағы жұлдыз керек пе?
Судағы құндыз керек пе?
-Айгөлек-ау, айгөлек,айдың жүзі дөңгелек.
Бізден сізге кім керек?
Қазақтың ұлттық ойындарын алғаш зерттеген ғалымдардың бірі – Әбубәкір Диваев.Өз еңбегінде ол ойындарды баладардың жас ерекшелігіне орай үш топқа бөледі:
І.Өмірге келгеннен бастап 7жасқа дейінгі бала
ІІ. 7жастан 15жасқа дейінгі балалар
ІІІ.15-20 жас арасындағы жастар ойыны
Осы негізде ол қазақ ұлттық ойындарын былай топтастырады:
-кішкентай жастағы балалардың өзқарастарын қалыптастыратын ойындар
«Соқыр теке», «Түйе-түйе», «Ұшты-ұшты», «Тымақ ұру», т.б.
- екінші топ ойындары «Орда», «Бөрік жасырмақ», «» «»
Көшпенді өмір кешіп, мал баққан ата-бабаларымыздың көзді ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары болғанын есімізден шығармай, келер ұрпаққа жеткізу педагогтардың міндеті.Тәрбиелік көзқарас тұрғысында зор қасиеттерді ойын арқылы тәрбиелеуге баулиды.
Ұлттық ойын дегеніміз халқымыздың өмірге дені сау, шыныққан азамат тәрбиелеу жөніндегі өз ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы.Балалар ұлттық ойындар арқылы мінез-құлық қалыптастырады, өзіндік ерекше қасиеттерін айқындайды.Ұлттық ойын үстінде әр баланың бастамасын қолдап, бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге, мінез-құлқының қалыптасуына көңіл бөлген жөн.Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістейді.
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР:
«Базар – қаланың ажары, ойын – баланың ажары»
«Баланың ойынын бұзба,өнегең болса,ойын қозға»
«Бала ойынмен өседі, дана оймен өседі»
«Көне болмай – жаңа болмас, бала болмай – дана болмас »
«Қыз – қуыршақ, ұл - құлыншақ».
Осы сынды мақалдардың даналығында баланың ойынға құмарлығы , ер бала мен қыз баланың ойыны да түрліше екендігі, ойын арқылы баланың сана-сезімі, кәсіп таңдауы, ақыл-ойының жетілетіні көрсетіледі.
Қазіргі бізге жеткен ұлт ойындарының тарихы Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. «Тоғыз құмалақ», «Қуыршақ», «Асық» ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар арасында тараған.Ұлттық ойындар негізінде әртүрлі жаттығулар жасау арқылы дене шынықтыру негізін қалады.Мұның әлеуметтік, тәрбиелік мәні де болды. Ұлттық ойындар кейіннен спорттық ойындарға ұласты.Кез келген жыр-дастандағы елі сүйген батырлары ең алдымен ұлттық ойындарда сайысады,ойын-сауықтарда мергендік, балуандық, шабандоздық өнер көрсетеді емес пе?
Мектепке ейінгі тәрбие мен оқытуда баланың бойында оқу іс-әрекетін меңгеруге қажетті жеке тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінген.Тәрбие отбасында, балабақшада арнайы бағдарламалар негізінде жүргізіледі.Бала іс-әрекет және дамытуға негіз болатын әртүрлі орта ықпалында болады.
І.Ойын әрекеті
Балабақшада ойын жетекші рөл атқарады.Ойын – оқу ментәрбие құралы.Жаңа 2009ж.Білім стандарты бойынша ойындар 3 топқабөліп қарастырылған:
І.Қимыл-қозғалыс ойындары
ІІДидактикалық ойындар
ІІІ.Тіл дамыту жаттығулары.
Кейбір кезде осы үш топ ойындары /әсіресе 1-2 топ/ бірігіп кірігіп жатады.
Осылардың қай-қайсын алып қарасақ та, ұлттық ойындар арасынан көптеп табылады.Қазақ халқының әр ойыны тұнып тұрған тәрбие.Өзекті тақырыпты ашу мақсатында ойын топтарына тоқталып, жекелей сипаттама берсек.
І.Қимыл-қозғалыс ойындары
Сергіту сәттерінде, дене шынықтыру мен хореография сабақтарында, серуен кезінде таза ауада ойнатуға тиімді.
Ойынды кең алаңда ойнауға болады.Ойнаушылар шеңбер айналып тұра қалып ортасынан біреуін шығарып көзін орамалмен байлайды.Көзі байланған бала «Соқыртеке».Ортадағы соқыртекені балалар түртеді, ол болса ұстауға тырысады.Ұстаған баланы қолынан немесе сипап сезу арқылы /шашынан,киімінен/ танып атын айту керек.тапқан кезде көзіндегі орамалды шешіп,оған байлап, өзі топқа қосылады.Бұл ойын қимыл –қозғалысқа да, дидакт.ойынға да жатқызуға болады.
«Мысық пен тышқан».
Топ балалары үлкен шеңбер жасап тұрады.Санамақ арқылы мысық пен тышқанды тағайындалады.Мысалы:
Алмам кетті домалап.
Көше бойын жағалап.
Кім алманы табады.
Сол ойыннан шығады,-
деген санамақты қолдануға болады.Балаларға ойын ережесін түсіндіру:Тышқанға көмектесеміз, шеңберге кіргізіп, қорғаймыз.Мысыққа кедергі жасаймыз.Ол өзі әртүрлі айла-тәсілмен ұстап алуға тиіс.Соңынан екі бала рөлдерін ауыстырады.Қауіпсіздік ережесін ескерсек,топ бөлмесінде немесе спорт залда ойнаған дұрыс.
«Үшінші-артық»
Топ балаларын бірінші-екінші деп санатып, жұптастырып шеңберге тұрғызу.Жұпсыз қалған 1 бала өзіне орын іздейді. Жүргізушінің бұйрығымен жұпсыз бала кез келген бір жұптың алдына тұра қалады. Үшінші артық боп қалған бала осы әрекетті қайталап, дереу өзіне жаңа орын табуы керек.Жүргізуші тоқтатқан кезде артық қалған бала өз өнерін көрсетеді.Бұл ойын балалардың шапшаңдығын,ептілігін дамытады.
«Итеріспек»
Далада немесе кең спорт залда ойнауға ыңғайлы.Ұлдардың ойыны.Балалардың күштілігін, ептілігін дамытады,бір-бірін сыйлауға тәрбиелейді.Ортаға үлкен шеңбер сызып,2 ұл бала шақырылады.Ұлдар оң немесе сол аяқтарын бір қолмен ұстап алып,жалғыз аяқпен секіре жүріп, бір бірін шеңбер сызығынан шығаруға тырысады.Кәне, кім епті?Шеңберден шығып қалған немесе көтерулі аяғын жерге тигізіп алған бала жеңіледі.
«Ұшты-ұшты»
Егер сен шапшаң, байқампаз болсаң, бұл ойында жеңесің.Балалар шеңберге немесе екі қатарға тұрғызылады.Тәрбиеші құстың атын айтып, «ұшты-ұшты» деген сөздерді қосады.Мысалы: «ұшты-ұшты, сауысқан ұшты»,-деп т.б.құстардың атын айтқан сайын қол көтереді.Балалар қосыла қол көтереді.Сосын бір кезде балаларды шатастырып, басқа жануардың, заттың,құбылыстың атын қосады.Шатасып қалған бала жеңіл тапсырма орындайды.Мысалы:ән айту, тақпақ оқу, т. б.Бұл ойында қимыл-қозғалыспен қатар дидактикалық қасиет те бар.
«Жорға жарыс»
Топтық ойын:2 топқа бөліп тұрғызудан басталады.Серуен кезінде немесе спорт залында ойнауға ыңғайлы.Ойыншылар кезектесіп ауысады. Қай топтың соңғы ойыншысы бұрын тобына қосылса, сол топ жеңеді.Арнайы сызықтан бастап әр ойыншы белгі бойынша қос аяғын бірдей алға сермеп секіру арқылы алдағы 10 адым жердегі межені айналып келуі керек.
«Құстардың ұшуы»
Топтық ойын. Кез келген сабақта,д/ш жаттығуы немесе сергіту сәті ретінде жүргізуге болады.Мысалы:қоршаған ортамен таныстыруда «Құстар» тақырыбын өткенде. «Кәне, құстар қалай қозғалатынын еске түсірейікші»,- деп бастаймыз.
-Екі қолды жоғары
Сәл көтерсек болады
Енді оны бөгелме
Түсірейік төменге.
Міне, былай, қарап ал.
Құсша қанат қағайық
1-2-3 құсша қанат қағайық.
ІІ.Дидактикалық ойындар.Бұл түрі көбінесе тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру сабақтарының мақсаттарымен тығыз байланыста орындалады.
Атаулары:
«Жаңылтпаштар», «Не, қалай дыбыстайды?», «Кімде не бар?», «НЕ қайда жатыр», «Қатты, ақырын, сыбырлап», «Тымпи-тымпи», «Төлдерді ата», «Ұшты-ұшты», «Өрнекті ата», «»
Сипаттама:
«Тымпи-тымпи»
Тәрбиеші балаларды шеңбеоге отырғызып, «тым-тырыс, тымпи-тымпи» дейді.Балалар үндемей отырады.Оларды күлкілі әрекеттермен,сұрақтармен,қызықты әңгімемен күлдіруге тырысады.Ешкімді күлдіре алмаса жеке бір баланы күлдіруге тырысады. Айыпты бала ән, өлең, би орындап, ары қарай ойын жүргізеді.
«Үй жануарлары» тақырыбын өткенде қолдануға тиімді.Көрнекілікке сурет немесе мүсін,ойыншықтарды қолдануға болады.Төрт түлік мал туралы білімдерін кеңейтеді, бекітеді.Төлдерді атап қана қоймай,қалай дыбыстайтынымен байланыстыруға болады.Сондай-ақ, аздап өзгертіп, «Құстар», «Жабайы жануарлар» сабақтарында ойнатуға болады.
ІІІ.ТІЛ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ.
Бұл жерде ерекше атап кететін жайт - халық ауыз әдебиеті мен балалар фольклоры үлгілерінің кеңінен қолданылуы.
1.ХАӘ:ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Бұлардың қай-қайсы болсын тұнып тұрған тәжірибе.
ЕРТЕГІ:
Балалардың жас ерекшеліктеріне сай таңдап алып, оқу-тәрбие ісінің кез келген түрінде тіл дамыту мақсатында пайдалануға тиімді.Мысалы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Қасқыр мен қозы», «Кім күшті» т.б. осындай ертегілердтыңдай отырып бала қған орта туралы ой түйеді.Экологиялық мазмұндағы ертегілерді табиғат аясында серуен кезінде, сабақтан тыс уақытта, күннің ІІ-жартысында экология негіздерінен білім берген кезде олардың білімін пысықтау мақсатында қолдануға болады.Дауысты құбылтып рөлмен оқып беріп, өздерін де шағын көріністерге қатыстыру кезінде мұндай ертегілердің тәрбиелік мәні зор.Айнала орта менадамның қарым-қатынасы, жануарлар мен өсімдіктер, табиғатсыз адамның тіршілігі мүмкін еместігін түсіндіріп, балаларды оған қамқор болуға тәрбиелейді. «Ойна да ойлан» деп бабаларымыз бекер айтпаған.
ЖҰМБАҚ:
Жұмбақтарды да кез келген бос сәттерде, тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру,математика, экология, валеология сабақтарында қолданамыз.Тақырыптары сан қилы, бала қоршаған ортаны қалай қабылдаса, жұмбақты шешу барысында өз ойларын солай жеткізеді.Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып,ізденімпаздыққа тәрбиелейді.
С-дың балабақшада қолданылуы – балалардың күнделікті өмірдегі ұғымдарды, оқиғалардың мазмұнын талдап, салыстырмалы түрде түсінуіне көмектеседі.Мазмұнына қарай:тізбекті, жұмбақты, сюжетті деп бөлінеді.Олардың көмегімен баланың ауызша сөйлеу тілі дамып, сөздік қоры байып, табиғатты аялауға тәрбиеленері сөзсіз.Санамақтар ақыл-ойды дамытады, оның басты ерекшелігі – есеп сұрақтарын қою арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытады.
Мысалы:
«Он бір қара жұмбақ» ойынының тәрбиелік мәні зор.
1 дегенім – білім,
2 дегенім – егеу,
3 дегенім –үскі,
4 дегенім төсек,
5 дегенім – бесік,
6 дегенім –асық,
7 дегенім –желке,
8 дегенім – серке,
9 дегенім - торқа,
10 дегенім - оймақ,
11 - қара жұмбақ
«Мазақтамалар»
Табиғатынан тез тұтануға, көңілділікке, ойын-күлкіге бейім балалардың мінезіне сай.Ә.Диваев зерттеулері бойынша 2-топқа /7-12жасарларға/ лайық.Мысалы: «Сақау, сақау, Сағындық»,
«Менің атым – Сүйінжан
Тентекпін-ау құйыннан.
Жаман тоным жалп етіп
Құлап қалдым сиырдан»
«Сұрамақтар»
Диалогқа құрылады,кезектесіп айтуға ыңғайлы, бірақ міндетті емес.Мысалы:
-Қарқ-қарқ,қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Жорғалар деп кім айтар?
-Аң аулаған аңшы айтар.
-Аңшы айтар деп кім айтар?
-Мал қайырған малшы айтар,
-деп жалғаса береді.
Ауылың қайда?
Асқар тауда.
Қойың қайда?
Қошқар тауда.
«Ешкі мен қойдың айтысы»
Ешкі: Менің жегенім жантақ,
Сенің жегенің жантақ,
Сенің құйрығың неге жалпақ?
Қой: Менің жегенім ошаған,
Сенің жегенім ошаған.
Сенің құйрығың неге шошайған?
Осы типтегі жеңіл сұрамақтар балабақшаға жарасады.
«ҚЫЗЫҚТАМАЛАР»
Шағын ертегі сияқты.Сұрақ арқылы басталады да, бірте-бірте өрбиді.Кейіпкері аң, құс,жануарлар болып келеді.Есте сақтау қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
а/. дидактикалық ойындарда балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды.Бұл ойындар білімді бекітуге ықпал жасайды.Мұндай ойындар сабақта тапсырма орындау кезінде қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттырады./ «Лото», «Қуыршақты киіндір», «Сиқырлы сандық», «Ғажайып қоржын», «Жоғары-төмен», «Не жоқ?»т.б.
б/. Ойын жаттығулар жүргізілсе де,көп уақыт алмайды.бұл ойындар белгілі бір іс-әрекеттерден тұрмайды, олар баланың белгілі бір қабілетін жетілдіруге бағытталған./ТД деуге болады/.мұндай ойындарға жеңіл сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, «Кім не істеді?», «Не, қалай дыбыстайды?» сияқты ойындар жатады.Дыбыстарды дұрыс есту мен айтуға төселген бала кейін оқу мен жазуға тез үйренеді.
в/.қимыл-қозғалыс ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады.Бұл ойындар баланың психологиялық қабілетін дамытады.ҚҚО өзінше баланың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізеді.Мысалы: «Мысық пен тышқан», «Орныңды тап», «көңілді пойыз» т.б.
г/. Сөжетті-рөлді ойындарда балалар үлкендердің өмірі мен іс-әрекеттерін қайталайды, олардың қарым-қатынастарын көрсетеді.Мысалы: « Дүкенде», «Дәрігерде», «Кітапханада», «Қонақта» және т.б. ойындарды ойнау барысында ересектерге еліктеп, бала өз рөлі мен ойын логикасын жасайды.Бұл ойындар баланы кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелейді; олардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамытады.
Тағы бір ерекше мән беруге тұратын жәйт – қазіргі уақытта шығып жатқан әскери ойыншықтар;жауынгерлік қару түрлері бала психологиясына әсер етеді, зияны – бала бойында агрессивтік қасиеттерді қалыптастырады.Бала өмірде , теледидарда көргенін өз ойынында көрсетеді.Бала бойындағы қабілеттерді ашуда және оларды дамыту мақсатымен жыл соңында топ ата-аналары арасында сауалнама жүргізу және нәтижелерін талдау жоспарланған.Тақырыбы: «Балаңыздың өмірдегі ойыны»