«Қош келдің, Жаңа жыл!» мектепке дейінгі ұйымдарға
«Қош келдің, Жаңа жыл!» мектепке дейінгі ұйымдарға
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты:Жаңа жыл мерекесі арқылы балаларға қуаныш сыйлау.Өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту,көпшілік ортада ұстамды болуға тәрбиелеу.Кейіпкерлерді сомдауда балалардың шығармашылық шеберліктерін арттыру.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, «Айгөлек» тобының «Қош келдің жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Ертеде «Балапан» ордасында,Айгөлек шахарында сиқыршы өмір сүріпті.Қыс мезгілі де келіп жетіпті.
Сиқыршының сайқымазақ досы болыпты.
Сиқыршы: Сайқымазақ досым қыс келді. Шахарымызды әрлендіріп,мереке өткізсек қалай болады?!.Мен сиқырлы таяғыммен шахардың көркеюіне көмектесемін.
Просмотр содержимого документа
««Қош келдің, Жаңа жыл!» мектепке дейінгі ұйымдарға»
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты:Жаңа жыл мерекесі арқылы балаларға қуаныш сыйлау.Өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту,көпшілік ортада ұстамды болуға тәрбиелеу.Кейіпкерлерді сомдауда балалардың шығармашылық шеберліктерін арттыру.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, «Айгөлек» тобының «Қош келдің жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Ертеде «Балапан» ордасында,Айгөлек шахарында сиқыршы өмір сүріпті.Қыс мезгілі де келіп жетіпті.
Сиқыршының сайқымазақ досы болыпты.
Сиқыршы: Сайқымазақ досым қыс келді. Шахарымызды әрлендіріп,мереке өткізсек қалай болады?!.Мен сиқырлы таяғыммен шахардың көркеюіне көмектесемін.
-Шахарға әдемі шыршалар егіліпті (шыршалар кіреді)
-Жаңа жыл мерекесін бірге өткізуге гномдар да келе жатыр(гномдар кіреді)
-Шахар жарқырып жұлдыздарға да толды (жұлдыздар кіреді)
Сайқымазақ:
Құтты болсын жана жыл барша халық,
Қуанышқа шаттыққа тамсанайық
Бірімізге шынайы тілек тілеп
Бар әлемге бақытпен жар салайық.
Айзара: Будем песни петь,смеяться,
Дед Морозу улыбаться,
Это праздник-без забот!
Здравствуй,здравствуй,Новый год!
Сиқыршы: -Балалар,қараңдаршы қандай әсем шыршамыз.Тек шыршамызға бір нәрсе жетіспейтін секілді.Ендеше,шыршамыздың шамын сиқырлы тақпақтың күшімен жағайық.
Балалар: Қуант,бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
Ән: «Шырша»
Би:«Шырша» (Адина,Ақжібек,Айкөркем,Аз.Амина)
Тақпақтар:(М.Амина)
М.Амина: Міне,қызық тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Дильназ:
Бізбен бірге жайдары
Жарқырайды жайнайды
Айналамыз шыршаны
Айналамыз баршаны
Мансур тақпағы (ағылшынша)
Ортаға Зұлым патшайымы келеді: -Сендер қандай мереке тойлап жатырсыңдар?
Балалар:-Жаңа жыл!
-Мен жаңа жыл мерекесін тойлағанды ұнатпаймын.Ән,би билегенді де ұнатпаймын.Мына,шыршаның шамы көзіме әсер беріп тұр.Шыршаның шамдарын қатырып тастаймын(шыршаны қатырып тастайды)-Ха-ха-ха (залдан шығып кетеді)
-Ендеше менде сиқырлығымды салып көрейін.Жоқ,балалар шыршаны қатты қатырған екен,менің сиқырлығымның күші жетпейді.Ендеше Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.Бәріміз «Аяз -
ата,Ақшақар ау-ау-ау»дейміз.
Ортаға Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Аяз ата:Амансың ба,ұлдарым?
Ақшақар:Амансың ба,қыздарым?
Балалар:Сәлеметсіз бе,Аяз ата,Ақшақар!
Аяз ата:Былтыр сізге келіп едік,
Өнерлеріңді көріп едік.
Өсіп қалыпты бойларың,
Тамаша ғой ойларың.
Құтты болсын,балалар,
Жаңа жылдық тойларың!
-Балалар,сендердің шыршаларың неге көңілсіз?
Сиқыршы:-Зұлым патшайымы келіп шыршамызды қатырып тастады.
Аяз ата:-Ой-ой,осы зұлым патшайымының жүрген жері зұлымдық дейді.Ақшақар кәне, шыршаның шамын жаға қой!(Ақшақар шыршаның шамын жағады)
Ақшақар:-Балалар,бұл менің сиқырлы қарларым(жылтыр шашады).Енді менің ұлпақарларым қайда?!Олардың әдемі билері бар еді.
Сиқыршы: Енді,жаңа жылымызға жарық беріп тұрған жұлдыздарымыздың да өнерін тамашалайық.
Би:«Жұлдыздар» (Шахназ,Айзара,М.Амина)
Тақпақтар(Адина,Ердаулет, Е.Алихан,Аз.Амина)
Адина: Жайнатып жасыл шыршаны
Сыйлыққа толтырып ортаны
Ойнаймыз,күлеміз,билейміз
Қуантып аяз атаны.
Ердаулет: Тілеймін мен бар адамға
Жаңа бақыт,жаңа жыр
Ата-әже, ата-әже,
Құтты болсын жаңа жыл!
Е.Алихан:Жаңа жылым жол болсын!
Басқан қадам оң болсын!
Төрлет,төрлет жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!
Аз.Амина тақпағы: (ағылшынша)
Ескі жыл Мешін кіреді.
Ән: «Жаңа жыл»
Жаңа жыл тауық кіреді( құттықтап өзінің сиқырлы жұмыртқасын Аяз атаға береді.Аяз ата қапшығына салады,балаларға сыйлығын береді)
Аяз ата мен Ақшақар шыршаны бір айналып балалармен қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші:Дала нұр,қала нұр
Құтты болсын жаңа жыл-дей келе жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, «Айгөлек» тобының «Жаңа жыл төрімізде» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Ертеде «Балапан» ордасында,Айгөлек шахарында ханзада өмір сүріпті.Ханзаданың жанында сиқыршысы болыпты.Қыс мезгілі де келіп жетіпті.
Сиқыршы: Ханзада қыс келді. Шахарымызды әрлендіріп,мереке өткізсек қалай болады?!.Мен сиқырлы таяғыммен шахардың көркеюіне көмектесемін.
Жүргізуші: Сөйтіп Ханзада шахарында жана жыл мерекесін өткізбекші болады.
-Міне,ақша қарлар да жауыпты(ақшақарлар кіреді)
-Қардан аққалалар да соғылыпты.(аққалалар кіреді)
-Шахарға әдемі шыршалар егіліпті.(шыршалар кіреді))
-Шахар жарқырып жұлдыздарға да толды.(жұлдыздар кіреді)
-Енді осылардың барлығын қорғайтын сақшылар да шақыртылыпты.(сақшылар кіреді)
Ханзада:
Құтты болсын жана жыл барша халық,
Қуанышқа шаттыққа тамсанайық
Бірімізге шынайы тілек тілеп
Бар әлемге бақытпен жар салайық.
Қ.Мадина: Будем песни петь,смеяться,
Дед Морозу улыбаться,
Это праздник-без забот!
Здравствуй,здравствуй,Новый год!
Сиқыршы: -Балалар,қараңдаршы қандай әсем шыршамыз.Тек шыршамызға бір нәрсе жетіспейтін секілді.Ендеше,шыршамыздың шамын сиқырлы тақпақтың күшімен жағайық.