Тақырыбы: Ертегілер елінде. ҚР Еңбек сіңірген әртісі «Парасат орденінің» иегері Н.Мышбаевамен кездесу.
Музыка ойнап, әсем шарлармен, қабырға газеттерімен безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: «Балапан» тобының «Ертегілер елінде» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Берекелі мерекелі,
Келді жомарт алтын күз,
Қалада да, далада да,
Жанның бәрі жарқын жүз.
Берекесін сыйлауға,
өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз.
- Күзде ауа райы қандай болады?
- Суық.
- Иә балалар, күзде күн суытып, жиі жаңбыр жауып, жеміс-жидектер, көкөністер пісіп біз жинап теріп алатын кез.
- Балалар, жеміс-жидектер мен көкөнісдерді көп жеуісіз қажет. өйткені оларда дәрумендер өте көп. Дәрумендер біздің бойымыздың, денеміздің өсуіне көп пайдасын тигізеді. Жемістерді жеу алдында міндетті түрде жуу керек.
- Ал балалар, мен сендерге жақсы жаңалық айтайын деп тұрмын.
- Біз қазір әженің ауылына қонаққа барамыз.
- Балалар, қол шапалақтап алақайлап қуанады.
- Балалар бізге жолда ағып жатқан су кездесуі мүмкін.
- Біз сол судан аяғымызды су жасамай, судан аттап өтуіміз қажет.
- Ал, кеттік. Балалар, бірінің артынан бірі тұрады.
- Міне әженің үйіне келдік.
- Қане амандасайық.
- Сәлеметсіз бе, әжей?
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Келгендерің қандай жақсы болды, мен өте қуаныштымын.
- Әже өзіңіздің балалық шағыңызды қалай өткіздіңіз?
- Мен сендерге күзден жинаған сыйларымды көрсетейін.
Ақ сандығым ашылды,
Күз сыйлары шашылды.
- Балалар сендер білесіңдер ме, мынау қандай жеміс?
- Алма.
- Алманың түсі қандай?
- Қызыл.
- Пішіні қандай?
- Дөңгелек.
- Сендер бәрін біледі екенсіңдер ғой.
- Ал мынау не?
- Сәбіз.
- Сәбіздің түсі қанадй?
- Сары.
- Пішіні қандай?
- Сопақ.
- Сәбізді кім жейді?
- Қоян.
- Ой сендер бәрін біледі екенсіңдер, жәрәйсыңдар!
Тәрбиеші: Әже сізге көп-көп рахмет.
- Балалардың да сізге дайындап келген сыйы бар.
- Сізге ән айтып берсін.
Ән: Қайсы екен.
- Балалар, ән айта отырып іс-қимыл жасап көрсетеді.
Әже: Балалар, сендерге де көп рахмет. Мен сендерге дайындаған тосын сыйым бар.
- Отырып соны тамашалаңдар.
Қуыршақ театрынан көрініс,
«Күшік пен балапан» ертегісі.
- Балалар көріп қуанады.
- Әжей балалармен қоштасып бәріне бағында өсіп тұрған алмадан жұлып алады.
- Рахмет әжей сау болыңыз. Келесі кездескенше күн жақсы болсын.
Әдіскер Гүлжамал Карабалина