Просмотр содержимого документа
«ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жоба»
Жоба
«Менің елім-Қазақстан»
Тақырыптың өзектілігі.
Біздің басты ұлттық мерекеміз Тәуелсіздік күні. Бұл мереке Қазақстанда 16 желтоқсанда өткізіледі.
1986 жылғы жетоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған баққытты да, қайғылы күн еді. Ұзақ жылдар бойы тәуелсіздік жолында қан да, жас та, тер де төгілді.
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі мәңгі есімізде қалды
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жарилады. Егемен ел атанды. Әлем таныды. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты күндері артта қалды деген сөз. Отанымыз Қазақстанның тарихында ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған.
Тәуелсіздік біздің халқымыз үшін аса қымбат. Себебі, тәуелсіздік ата-баба рухын көтерді, мемлекетімізді сөнген отын маздатты, елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға еңгізді.
Қазақстан Республикасының Жоғары кеңесі Тәуелсіз, Демакратиялық және Құқықтық мемлекет деп, біздің еліміздің Тәуелсіздігі жарияланды. Әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет –Қазақстан Республикасы пайда болды. Міне содан бері егемен еліміз, өзгелермен тереземіз тең болды.
«Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық»
Н.Ә.Назарбаев
Бұл жобаны тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай құрастырдым. Мектепке дейінгі балаларды отан сүйгіштікке тәрбиелеу арқылы, патриоттық сезімдерін ояту.
Мақсаты:
1. Баланың бойына ұлттық рухтық, патриоттық сезімді ұялату,туып өскен жерін, елін, Отанын перзенттік сезіммен шексіз сүйе білу бағыт бағдар беру.
2. Отан алдындағы борышын мақтанышпен жеткізіп, сезіне білу, ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған салт-дәстүрірлерімізді, қазақи дархандылығымызды, қасиетті тілімізді қолдайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Балаларды өз Отанын мақтаныш пен айтып, отанға деген сезімдерін ұялату.
- Мектепке дейінгі балалардың салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттырыу,
- Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру.
- Ұлттық ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.