Құммен зерттеу жұмысы.
Мақсаты:
1.Балалардың қоршаған өлі табиғат туралы білімдерін кеңейту;
2.Ойын және тәжерибе арқылы құмның физикалық қасиеттерын анықтауды үйрету
3.Ойын,зерттеу жұмыстары арқылы балаларға құмның қасиеттерін білуді уйрету;
4.Балалар құммен зерттеу барысында нені түсінгендерін өздіктерімен қорытындылау.
6.Құм арқылы баланың
● Шығармашылық
● Танымдық
● Интеллектуалдық
● Қарым –қатынас
құзіреттіліктері дамиды;
Құммен зерттеу жұмыстары және тәжерибе жүргізу.
№1.Құм қалай пайда болды?
Қажетті құралдар:тастар,ақ қағаз,лупа.
Тәжерибе:
Қолдарына 2 тасты алып бір –біріне ақ қағаз үстіне қойып соғамыз.
Сендердің ойларынша тастан үгітіліп түскен не?
Лупаны алып қараймыз.
Біз құмды қалай алдық?
Табиғатта құм қалай пайда болды?
Қорытынды:Жел,су тастарды бұзады, соның себептерінен құм пайда болады.

№2. Құмның құрамы .
Қажетті құралдар:Бір стакан құм,ақ қағаз,лупа.
Тәжерибе:
Құмды ақ қағазға шашыплупаның көмегімен қараймыз.
Құм неден тұрады?(ұсақ –ұсақ құмшалардан)
Ұсақ құмшалар бір –біріне ұқсас па?
Құмнан үлкен тау жасау үшін көп құм қажет.
Қорытынды:Құм бір-біріне жабыспайды өте ұсақ құмшалардан тұрады.

№3 «Құм тез шашылама»
Қажетті құралдар:Бос табақ және құм
Тәжерибе:Қолдарына құм алып табақтың үстіне ақырын төгеміз.
Құм оңай төгілдіме?
Қорытынды: Құрғақ құм оңай төгіледі.

№4 «Қатты жел соққанда құммен ойнау неліктен мүмкін емес»
Қажетті құралдар:Құмзар, құм салынған ыдыс.
Тәжерибе.
Қағазбен жел соқтырамыз.
Қандай өзгеріс болды?
Қорытынды:Құм ұсақ,жеңіл,бір-біріне жабысу қасиеті жоқ ,құм өзара және жерде ұсталып қалмайды қатты жел соққанда.

№5. «Құмның су сіңіру қасиеті»
Қажетті құралдар:Су,құм салынған ыдыс.
Тәжерибе.
Құм салынған ыдысқа су құямыз.Құмды ұстап көреміз.
Құм қандай болды?
Су қайда жоқ болып кетті?
Қорытынды:Құм суды тез сіңіреді.

№6. «Құмнан мүсін жасау»
Қажетті құралдар:Сулы құм салынған ыдыс.
Тәжерибе
Сулы құмнан әр түрлі мүсіндер жасаймыз(домалақ,сопақ)
Жасалған мүсіндерді уақытша қалдырамыз.
Құм кепкен кезде қандай өзгеріс болады?
Қорытынды:Сулы құммен мүсін жақсы жасалады,ал ол кепкен кезде тез үгітіліп қалады.

№7 «Сулы құмда қол іздері жақсы қалады»
Қажетті құралдар:Су құйылған ыдыс.
Тәжерибе
Сулы құмда қолымыздың ізін қалдырамыз.
Қол іздері жақсы көріне ме?
Қорытынды:Сулы құмда іздер жақсы қалады,ал құрғақ құмда іздер қалмайды.

Құм әлемі.(құрғақ құммен сурет салу)
Қажетті құралдар:Құрғақ құм,сурет салынған қағаз,желім.
Тәжерибе
Суреттерді желіммен басып шығып,оған құрғақ құм себеміз .
Қағаздағы құмды сілкіп түсіріп тастап не жасалғаның қараймыз.
Қорытынды:Құрғақ құммен сурет салуға болады.

«Коктэль трубочкасы арқылы үрлеп сурет салу»
Қажетті құралдар: Құрғақ құм және коктэль трубочкасы.
Тәжерибе.
Құмды тегіс қылып құмзарға жаямыз ,терең тыныс алып, ауаны сыртқа шығару арқылы,яғни ақырын үрлеу арқылы сурет салу.
Қорытынды:Құрғақ құммен үрлеу арқылы сурет салуға болады.Жел құмда қозғалыс тудырады. 