kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Құстар біздің досымыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Қатынас, Таным,Әлеуметтік орта, Шығармашылық.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Тақырыбы:    «Құстар біздің досымыз»

 Мақсаты:  Балаларды жергілікті жердің құстарымен  таныстырып,оны күтіп-баптауға,аялауға,оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Құстар туралы білімдерін

толықтыру,құстарға деген сүйіспеншілік сезімге,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайту.Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.

Көрнекіліктер:  құстардың суреттері,құстар үнтаспа,көгершін суреті, түрлі-түсті бояулар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Құстар біздің досымыз"»

Ұйымдастырылыған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Иманбаева.Ү.Т

Тобы: "Бәйтерек"

Білім беру саласы: Қатынас, Таным,Әлеуметтік орта, Шығармашылық. Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты: Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып,оны күтіп-баптауға,аялауға,оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Құстар туралы білімдерін

толықтыру,құстарға деген сүйіспеншілік сезімге,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайту.Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.

Көрнекіліктер: құстардың суреттері,құстар үнтаспа,көгершін суреті, түрлі-түсті бояулар.

Биллингвальді компонент: Көктем-Весна, Құстар-птицы

Мотивациялық қозғаушылық: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем.

Көктем мезгілі орысша қалай аталады?

Балалар: Көктем-Весна.

Көктем мезгіліне байланысты қандай тақпақ білеміз?

Балалар: Келді көктем қоңыр салқын желімен,

Келді көктем нұрын шашқан күнімен.

Келді көктем қызыл,жасыл гүлімен,

Келді көктем әдемі құс үнімен.

Үнтаспадан құстардың дауысын тыңдату.

Балалалар, ненің дауысы екенін табады.

Балалар ерте көктемде ұшып келетін құстарды еске түсірейікші, ол үшін мен сендерге құстарға байланысты жұмбақ жасырамын.

1. Шарлап келіп даланы,

Үйіме,үйін салады. (Қарлығаш)

2. Су бетін сүзіп,

Ақ құман жүр жүзіп. (Аққу)

3. Тақылдатып,мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейді,зиянкесті тазалар. (Тоқылдақ)

Балалардың назарын суретке аудару. Құстардың атын атаңдаршы

(қарға,сауысқан,торғай,қарлығаш,тырна,қараторғай,аққу).

Біз сендермен серуенге шыққанда жылы жақтан көп құстардың ұшып келгенін көрдік.

Тәрбиеші: -Көктем құстарын кім атайды?

Балалар: -Қараторғай, қарлығаш,тырна.

Тәрбиеші: - Осы құстар нені қорғайды?

Балалар: - Ағаштарды.

Тәрбиеші: - Ағаштар не үшін керек?

Балалар: - таза ауа шығарады.

Ал енді осы құстар туралы тақпақ,мақал-мәтел,тыйым сөздер

кім айтады.

Таңатар: Қарға,қарға,қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар.


Мадина: Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.


Медина: Үйге кірші торғайым

Мен аяздан қорғайын.

Жем шашамын,жегейсін

Үйшік жасап берейін.


Қ.Аяжан: Келіп көктем құстары,

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды.

Тәрбиеші: Құстар туралы мақал-мәтелдер кім айтады.

Камила: Құс төмен ұшса жаңбыр жауады,

Жоғары ұшса күн жылы болады.

Самира: Сауысқан шиқылдаса,жақсы хабар естиміз.

У.Амина: Қыста құсқа жақсылық жасасаң,жазда

жақсылығыңды өтеп береді. Құстар-достар

Тәрбиеші: Құстар туралы тыйым сөздер кім айтады.

Асанали: Құсқа тас лақтырма.

Ералы: Құстардың жұмыртқасын жарма.

Аилина: Аққуды атуға болмайды,

Досыңды сатуға болмайды.

Айзере: Құстың ұясын бұзба,

.

Ғажайып сәт: Сол сәтте аузында тістеген себеті бар көгершін ұшып келеді.

Көгершін: -Сәлеметсіңдер ме,балалар.Мен аспанда ұшып жүріп,

сендерді көріп,қонаққа келдім.Мен сендерге босқа келген жоқпын сендердің білімдеріңді тексерейін деп келдім.

1-тапсырма: Балалар сендер құстар туралы қандай ойын білесің-

дер ? Кәне,атаңдаршы.

Балалар: «Ұшты-ұшты» «Мысық пен торғай», «Аққу-қаздар»

2-тапсырма: Мен сендерге бір ойын алып келдім.Ойын "Ұшады, ұшпайды"

Көгершін: - Ой-бу, балалар мен жарақаттанып қалдым,енді мен

жалғыз қалай ұшып кетемін. Сендер маған көмектесіңдерші.

Маған достар керек.

Тәрбиеші: Көгершін сен ренжіме, біздің балалар саған достар тауып береді.

Балалар көгершінді бояйды.

Көгершін: -Балалар сендерге көп рахмет! Өздерің ақылды бала

екенсіңдер,әкелген тапсырмалардың бәрін орындадыңдар.

Өзіме достар тауып алдым. Ал,енді осы достарыммен ұшып қайтам.

Сау болыңдар!

Балалар: Сау бол!

Тәрбиеші: - Балалар,сендер тағы құстар жайлы не білесіңдер?

Әмірсұлтан: Көктем мезгілінде құстар жылы жақтан ұшып келеді,біз құстарды күтіп-баптап,аялауымыз керек. Құстар біздің досымыз.

Ибрагим: Құстар ағаш түбіндегі құрт-құмырсқалармен қоректенеді.

Ағаштың жайылып жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына

көмектеседі.

Алихан: Құстарға сол себепті қамқорлық көрсетіп, ұя жасап,жем

беруіміз керек.

Викториналық сұрақтар:

  1. Басында тарағы бар ,бірақ шашыңды тарай алмайсың . (Әтеш)

  2. Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? (Қарлығаш)

  3. Қай құс өзінің атын қайталайды? (көкек)

  4. Қандай құс хат тасушы атанған?(көгершін)

  5. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)

  6. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

  7. Құстың негізгі мекені? (Ұя)

(Балалардың жұмыстары,құстарға ұя жасап,ағаштың басына ілу).

  • Балалар сендерге ұоіә ұнады ма?

  • Ұнады.

  • Біз нелер туралы әңгімелестік?

  • Құстар туралы әңгімелестік,тақпақтар айттық,мақал-мәтелдер,

құстар туралы тыйым сөздер айттық.

  • Қонаққа Көгершін келді,бізге тапсырмалар алып келді.

  • Ойын ойнадық.

  • Өте жақсы балалар.

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде айналаның бәрі әсем гүлге толы,ағаш-

тардың бұтақтары бүршік атып,ауа-райы күрт өзгеріп,дала жайнай

түседі.Олай болса,ұоіә «Көктем» әнімен аяқтаймыз.

І-шумақ: Көктем келді,құс келді,

Ойнаймыз біз саз илеп.

Біздің көлге түстенді,

Былтыр кеткен қаз-үйрек.

Ля-ля-ля,ля-ля-ля,

Былтыр кеткен қаз-үйрек.

ІІ-шумақ: Алақай-ау,балақай,

Қандай жақсы көктемгі-ай!

Гүлге оранды далалар,

Келді ауылға көп торғай.

Ля-ля-ля,ля-ля-ля,

Келді ауылға көп торғай.
























№10 Балапан мектепке дейінгі ұйымы




Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

"Бәйтерек" ортаңғы тобы



Тәрбиеші: Иманбаева.Ү.Т














Орал қаласы

2016 жыл.




(Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде немересі шығады.)

Немересі: Ата не ойлап отырсыз?

Атасы: Ә, балам, атаң не ойламады дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!

Немересі: Ата," өткен өмір "деген не?

Атасы: Ә,балам өткен өмір деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихымыз емес пе?

Немересі: Ол қандай болған?

Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:

Болмаса да оқыған тарихшы атаң,

Жинадым ескілерден тарих хатын.

Мақсатым- кейінгі ұрпақ ұмытпаса

Айтылған аталардың аманатын.

-Сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз барлық қазақ рухының ,үш жүздің басын қосып, сендердің жарқын болашақтарың үшін жаумен шайқасып жеңіске жеткен. Ата-

бабаларымыздың аңсағаны осы еркіндік, тәуелсіздік еді. Міне сол күнге жеттік. Сенің елің-Тәуелсіз Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің кәрісі де , жасыда көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Сондықтын балам сен де өз тарихынды білуге тиіссің.

Құс ұясыз,жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірде оңбайды,

Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

Тірі адамға сол қайғы, балам.

Бала: Ата, бақшада апайым "Біз тәуелсіз ел перзенттеріміз, бақытты балалармыз. Сондықтан Отанымызды қадірлей білуіміз керек !" -деп айтқан болатын. Ата апайым: -бүгін бақшада тәуелсіз мерекесі болады, атаңды қонаққа шақырамыз, ертіп кел-деген. Жүріңізші ата, барайықшы.

Әуен ойналып балалар залға кіреді.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар және балалар! 16-Желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік

25 жылдығына арналған "Тәуелсіздік -ел тілегі" атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Атыңнан айналайын егемен ел.

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Тәуелсіздік- тәтті ұғым, қандай ғажап.

Халқымның орындалды басты арманы.

Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,

Күмбез көкте желбірейді көк байрағы.

Асанали:

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Даулет:

Ән ұраным,жан ұраным

Айтар әнім сөйлер сөзім

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам әнұраны.

Әнұран әні орындалады.



Тәрбиеші: Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы қандай ел?

Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Қазақстан мемлекетінің рәміздерін атап беріңіздерші.

Балалардың жауаптары тыңдалады. Әнұран.Елтаңба.Ту.

Тақпақтар:

Алхамбек.

Рәміздерім-елдігімнің белгісі

Білу керек бала-дағы ең кші.

Рәміздерім-Әнұран,Ту,Елтаңба.

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Би: Қазақ биі.

Әуен ойналып Залға Саяхатшы келеді.

Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен саяхатшымын. Мен қаншама елді аралап келемін Бірақта сендердің елдеріңдей тамаша, ғажап елді кездестірмедім. Қазақстан қандай бейбіт, қонақжай ел десеңізші. Мен сендердің елордаларың -Астана қаласында болдым. Бейне ертегі елінде жүргендей болдым. Мен сөзбен айтып жеткізе алмаспын, одан бейнетаспаға жазып алғандарымды көрсетейін.

(Қазақстан туралы слаид қарау)

Саяхатшы: -Балалар, Астанада биіктігі 90 метрге жететін бәйтерек бар екен. Мен ол туралы тамаша аңыз естідім.Қаласаңдар айтып берейін.

"Самұрық құс" аңызын сахналату.

Ертеде биік жартастың басына Самұрық деген алып құс жұмыртқа салады екен. Бірақта Самұрық құс тамақ іздеп кеткенде бір әбжылан байғұс құстың жұмыртқаларын жеп кете береді екен. Бір күні тау аралап бір батыр жігіт келе жатырады. Кенет жартастағы құс ұясына қарай өрмелеп бара жатырған әбжыланды көреді.

Батыр:Құстай ұшып жартасқа жетеді. Батыр қылышымен жылан денесін тіліп өтеді.

Ашулы жылан жігітке қарай оқтай атылады да денесіне улы тістерін қадап алады. Бірақ батыр оған қарамастан жыланмен айқасып ақыры оны жеңеді. Сол кезде денесіне тараған удан әлсіреп жартастан төмен құлай жөнеледі. Сол кезде жанұшыра жеткен Самұрық құс батыр жігітті жерге жеткізбей қанатымен қағып алады да жазық далаға апарып жерге түсіреді. Өзінің балапандарын құтқарамын деп жанын берген батыр жігітке жаны ашып жылап жіберген де көзінен тамған жас тамшылары жігіттің кеудесіне тамады. Батыр жігіттің бойына тараған у күшін жояды. Батыр жігіт көзін ашады. Самұрық: Сен менің балапандарымды жауыз жыланнан құтқардың батыр жігіт. Бұл жақсылығыңды ешқашан ұмытпаймын. Не тілегің бар?

Батыр: О, не дегенің Сен де менің өмірімді сақтап қалдың.Сол үшін саған мен қарыздармын. Мен осы жерге терек отырғазамын. Ол биіктігі аспанмен таласқан бәйтерекке айналады. Оның ұшар басына өз ұяңды салатын бол"-дейді. Содан бері Самұрық сол терек басына өз ұясые салып, жылда балапандарын ұшырады.

Тәрбиеші: Рахмет Саяхатшы. Бұл тамаша аңыз екен. Ал енді сен дем алып балалардың өнерін тамашала.

Ән: Тәуелсіз Қазақстан.

Ойын: Тақия тастамақ.

Тәрбиеші: Балалар туымыздың түсі қандай, туымызда не бейнелеген?

Туымыздың түсі көгілді аспан түстес. Туда күн, қыран құс бейнелеген.

Балалар біздің Елтаңбасы жайында не білеміз?

Қазақстанның мемлекттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны аңыз әңгімелерден пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында жұлдыз орналасқан, төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті-алтын және көгілдір түс.


Сүлтан:

Көк байрағы желбіреп

Асқақтай түсті аспандар

Бақыттың таңы мөлдіреп

Айнала нұрын шашқандай.

Парасат:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Назым:

Елтаңбасы елімнің

Ортасында шаңырақ

Мемлекеттік туымнан

Күн шығып тұр жарқырап.


Ән: Елтаңбасы елімнің.

Би: Достық биі.

Ән: Қазақстан.

Тәрбиеші:

Әрқашан бейбітшілік заман болсын

Ел іргесі аман болсын

Ертеңге жол ашатын

Бүлдіршіндер бақытты

аман болсын!

Осымен бүгнгі ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Еліміз тыныш, халқымыз аман,бауырымыз бүтін болсын. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы биікте желбіресін.





























Тақырыбы: "Тәуелсіздік ел тірегі"

Мақсаты: Балаларға туған елінің, отанының Қазақстан Республикасының белгілерімен таныстыру.
• Өз ұлты мен басқа ұлт өкілдері жайында түсінііңтерін молайту.
• Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
• Өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
• Ардақтай білуге тәрбиелеу.
(Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде немересі шығады.)

Немересі: Ата не ойлап отырсыз?

Атасы: Ә, балам, атаң не ойламады дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!

Немересі: Ата," өткен өмір "деген не?

Атасы: Ә,балам өткен өмір деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихымыз емес пе?

Немересі: Ол қандай болған?

Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:

Болмаса да оқыған тарихшы атаң,

Жинадым ескілерден тарих хатын.

Мақсатым- кейінгі ұрпақ ұмытпаса

Айтылған аталардың аманатын.

-Сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз барлық қазақ рухының ,үш жүздің басын қосып, сендердің жарқын болашақтарың үшін жаумен шайқасып жеңіске жеткен. Ата-

бабаларымыздың аңсағаны осы еркіндік, тәуелсіздік еді. Міне сол күнге жеттік. Сенің елің-Тәуелсіз Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің кәрісі де , жасыда көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Сондықтын балам сен де өз тарихынды білуге тиіссің.

Құс ұясыз,жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірде оңбайды,

Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

Тірі адамға сол қайғы, балам.

Бала: Ата, бақшада апайым "Біз тәуелсіз ел перзенттеріміз, бақытты балалармыз. Сондықтан Отанымызды қадірлей білуіміз керек !" -деп айтқан болатын. Ата апайым: -бүгін бақшада тәуелсіз мерекесі болады, атаңды қонаққа шақырамыз, ертіп кел-деген. Жүріңізші ата, барайықшы.

Әуен ойналып балалар залға кіреді.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар және балалар! 16-Желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік

25 жылдығына арналған "Тәуелсіздік -ел тілегі" атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Атыңнан айналайын егемен ел.

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Тәуелсіздік- тәтті ұғым, қандай ғажап.

Халқымның орындалды басты арманы.

Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,

Күмбез көкте желбірейді көк байрағы.

Асанали:

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Даулет:

Ән ұраным,жан ұраным

Айтар әнім сөйлер сөзім

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам әнұраны.

Әнұран әні орындалады.

Тәрбиеші: Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы қандай ел?

Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Қазақстан мемлекетінің рәміздерін атап беріңіздерші.

Балалардың жауаптары тыңдалады. Әнұран.Елтаңба.Ту.

Слаид көрсетіледі.

Тәрбиеші: Балалар туымыздың түсі қандай, туымызда не бейнелеген?

Туымыздың түсі көгілді аспан түстес. Туда күн, қыран құс бейнелеген.

Балалар біздің Елтаңбасы жайында не білеміз?

Қазақстанның мемлекттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны аңыз әңгімелерден пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында жұлдыз орналасқан, төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті-алтын және көгілдір түс.

Тақпақтар:

Алхамбек.

Рәміздерім-елдігімнің белгісі

Білу керек бала-дағы ең кші.

Рәміздерім-Әнұран,Ту,Елтаңба.

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Сүлтан:

Көк байрағы желбіреп

Асқақтай түсті аспандар

Бақыттың таңы мөлдіреп

Айнала нұрын шашқандай.

Парасат:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Назым:

Елтаңбасы елімнің

Ортасында шаңырақ

Мемлекеттік туымнан

Күн шығып тұр жарқырап.

Ән: Елтаңбасы елімнің.

Би: Қазақ биі.(Айсұлу,Қ.Жамин,Анелья,Мадина,Айша,Ақбаян,Нармина,Саида,Адилья)

Ән: Қазақстан.

Ойын: Тақия тастамақ.

Би: Достық биі. (Аяжан-Таир,Алина-Аман,С.Жасмин-Мұхаммад,Аягүл

Мирас.Жанел,Зере,Амина)

Ән: Тәуелсіз Қазақстан.

Әрқашан бейбітшілік заман болсын

Ел іргесі аман болсын

Ертеңге жол ашатын

Бүлдіршіндер бақытты

аман болсын!

Осымен бүгнгі ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Еліміз тыныш, халқымыз аман,бауырымыз бүтін болсын. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы биікте желбіресін.























































Ұйымдастырылыған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Иманбаева.Ү.Т

Тобы: "Бәйтерек"

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: « Cандар бізде қонақта »

Мақсаты: Балаларды 1-ден 5-ке дейінгі цифрларлары туралы пысықтау. Уақытты бағдарлай білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Сандар, қысқа ұзын заттардың суреті,құрастырмалы мозайкалар.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ жауап,ойын,көрнекілік,түсіндіру.

Биллингвальді компонент:

Мотивациялық қозғаушылық:

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,

алтын сәуле таратты

Қайырлы таң,балалар

Добрый утро, всем нам.

Добрый утро,всем гостьям

Гудмониг,гудмониг

гудмониг ту ю.

Гудмониг,гудмониг

Ай эм глед ту си ю.

Балалар, бүгін мен сіздердің күндеріңе сәттілік тілеймін.

Ұйымдастырушылық ізденістік.

Тәрбиеші:Балалар, бүгін бізде сандар қонақта.

Балалардың назарын экранға аудару.Балалар мынау қандай сан? 1саны.орысша Один,ағылшынша уан.

1 санының жұмбағын оқиын.

Жұмбақ:

Сағат 12-ні соққанда , баспалдақпен жүгіремін деп-туфлинің бір сыңарын түсіріп алған

әдемі қыз. Қай ертегі кейіпкері? (экраннан туфли суретін көрсету)

Балалар: Күлше қыз.Орысша Золушка.

Тәрбиеші: Әрине, күлше қыз ертегісі.Әуен ойналып Күлше қыз кіреді.

Балалармен амандасып,көмек сұрайды.

Күлше қыз: Балалар, маған өгей шешем көп тапсырма берді.мына кілемшемді жамауға маған көмектессеңіздер. Мынаның не екенінде білмеймін.

Тәрбиеші: Балалардың назарын экранға аудару.

Балалар бұл, бір сөзбен қалай аталады? Балалар: Пішіндер. Фигуры.

Балаларға пішіндер тарату, кілемшені жамау.Балалар қойған пішін айтып құрайды.

Күлше қыз: Балалар маған тағы бір көмек қажет.

1.Балалар, күн шығып,әтеш шақыратын қай уақыт? Балалар: Танертең.Утро.

2.Күн шуағын төгіп,балалар серуенге шығатын қай уақыт?Балалар: Күндіз.Днем.

3.Күн ұясына қарай бет алады. Балалар бақшадан үйлеріне кете бастайды. Бұл қай уақыт?

Балалар: Кешкі уақыт.Вечер

4.Адамдардың барлығы ұйқыға кетеді.Бұл қай уақыт? Балалар: Түн.Ночь

5.Балалар сіздер балабақшаға келіп жаттығу жасайсыздар.Ол қай уақыт?Балалар:танертең.

Күлше қыз балаларға рахмет айтып шығып кетеді.

Тәрбиеші: Балалардың назарын экранға аудару.

Тәрбиеші: Бұл қандай сан? Балалар 2 саны. Орысша два.Ту.

2саны жұмбағы.

Тәрбиеші:Ата,әже жыламаңдар, мен сіздерге бір алтын жұмыртқа емес, көп жәй жұмыртқа тауып беремін. Бұл ертегі қалай аталады?

Балалар: Шұбар тауық. Орысша. Курочка ряба.

Мында қанша сан болса, сонша жұмыртқа саламыз. Жұмыртқаның пішіні қандай?

Тәрбиеші: Балалардың назарын экранға аудару. Бұл қандай сан?

Балалар: 3саны.Три.Сри.

3саны жұмбағын тыңдайық.

-Қызым,қызым әжеңе құймақ пен сүт апарып тасташы.Тек сақ бол. Бұл ертегі қалай аталады? Балалар: Қызыл телпек.Красная шапочка.

Тәрбиеші:Мына жолдың түсі қандай? Қоңыр, жасыл. ұзын ба қысқа ма?

Жасыл.Зеленый.Қоңыр.Коречнивый.

Балаларға екі жолды салыстырып айту. Қасқыр қызыл телпекке қандай жолмен бар деді? Қасқыр өзі қандай жолмен барды? Балалар қалай ойлайсыңдар, қай жолмен тез жетеді?

Ендеше балалар тапсырма,сіздер қысқа жол,ал сіздер ұзын жол құрастырыңдар.

Қысқа-короткий,ұзын-длинный.

Тәрбиеші: Балалардың назарын экранға аудару. Бұл қандай сан? Балалар: 4саны.

Четирый .Фо.

4саны тапсырмасы." Пішіндер құрастыр". Тақтайға қағылған шегеге резинка салу арқылы пішін құрату.

Тәрбиеші: Балалардың назарын экранға аудару. 5санын көрсету.Пять-Файф.

Балалардың назарын экранға аудару. Экранға сандарды шатастырып қою.Балалар, қараңдаршы,мына сандар ретімен тұр ма? Балалар: Жоқ.

5 саны тапсырмасы: 1-ден 5-ке дейін рет-ретімен қоямыз.

(Біреуін тақтаға шығарып ретімен қойғызу.)

Ал енді барлығымыз санап шығайық.

Тәрбиеші: Балалар, сіздерге сандардың тапсырмасы ұнады ма? жарайсыңдар сіздер сандардың барлық тапсырмаларын орындап шықтыңыздар.

Әуен ойналып Күлше қыз келеді.

Күлше қыз: Балалар, мен сіздерге ризамын, сіздер маған көп көмек жасадыңдыр,сондықтан мен сіздерге құр қол келгенім жоқ.

Сыйлықтар беріледі. "Жарайсың" деген жұлдызша тарату.


























№10 Балапан мектепке дейінгі ұйымы




Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

"Бәйтерек" ортаңғы тобы



Өткізген тәрбиеші: Иманбаева.Ү.Т














Орал қаласы

2016 жыл.





Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, бүгін "Бәйтерек" тобының балалары дайындаған

"Армысың Алтын күз" атты ертенгілігіне қош келдіңіздер.

Армысыздар халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай

Келіңдер қарсы алайық!

Әуен ойналып залға Күз ханшайымы кіреді.

Күз ханшайымы:

Уа, халайық, дархан далам армысың

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

-Мен : Күз ханшайымымын.Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Мен бәріңді өзімнің патшалығыма шақырамын. Сіздерге өзімнің байлықтарымды паш етемін.

Көрініс: "Бағбанның еңбегі" ( Бағбан Султан)

-Ертеде бір бай бағбан өмір сүріпті.(бағбан залға кіреді). Ол әр жыл сайын

көктемде өзінің бақшасына көкөністері мен жемістерін егеді екен.

(еңкейіп еге бастайды).

Көкөністерді жаз бойы күтіп, баптап өсіреді екен. (су құя ) бағбан шығып кетеді.

Осы кезде көкөністер залға кіріп әр жерге отырады..

-Міне күзде келіп жетті, бағбан өзінің еңбегінің жемісін көріп қуанып, оларды

жинай бастайды. (көкөністер бағбанның артынан ереді). Орындарына тұрады.

( Нармина,Даулет,С.Жасмин,Таир,Алхамбек,Алина,Ақбаян.)

Бағбан : Султан:

Көкөністі көп ектік,

Өссін, піссін деп ектік

Көктемде еккен көкөніс

Күзде берді көп өніс.

Балалар залға кіреді. (Қолдарына жапырақтар ұстап кіреді)

Күз ханшасы: -Сәлеметсіздер ме,балалар! (балалар амандасады) Қош

келдіңіздер,менің патшалығыма,келіңдер бәріміз бірге Алтын күз мерекесін тойлайық.

Тәрбиеші:

-Ендеше,Күз ханшайымы,біздің балаларымыздың өнерін тамашалайық.

Ән: "Күз"(жерде жаңбыр жалтырайды

Нан анасы бидайды ортаға шақырайық: Қ.Аяжан.

Нан анасы бидаймын

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын.

-Жарайсың, нан анасы, сені көргеніме қуаныштымын. Менің тағыда

байлықтарымның әзірлеген өнерлері бар еді, қане тамашалайық.

Алхамбек:

Күз арқылы білеміз.

Жомарттықтың салтын біз

Біз өзіңді сүйеміз

Рахмет саған,Алтын күз!






Айсұлу:

Мейірлі күз,мырза күз,

Сыйлығыңа ырзамыз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз.

Аман:

Ой,балалар,балалар

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты.

Д. Жасмин:

Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс!

Алдық өнім сыйыңды..

Мадина:

Алма пісіп,алмұрт түсіп

Күзде бақтар жайнайды

Құстар қайтып, қош айтысып

Қимас үнмен сайрайды.

Айша:

Жеміс-жидек пісіп жатыр

Үсіп жатыр бау-бақта

Жапырақтар түсіп жатыр

Түсіп жатыр жан-жаққа

Назым:

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

Ән: "Күз келді" (қызыл сары жапырақтар)

Аделья:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Күз байлығын жинауға

Шақырады біздерді.

Көкөністер ортаға шығады.

Жүргізуші:

Көкөністі көп ектік,

Өссін, піссін деп ектік

Көктемде еккен көкөніс

Күзде берді көп өніс.

1.Алхамбек: Пияз

Барлық-барлық тағамға

Көкөністер ішінде

Мен пайдалы адамға

Нармина:Қызанақ

Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбей

Томат шырынын ішпеген?




2. Даулет: Орамжапырақ

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана.

Мансур: Асқабақ:

Іші сары сырты қатты

Дәні дәрі дәмі тәтті

Пісіріп жессең ас тамақ

Менің атым асқабақ.

Саменова.Жасмин. Сәбіз.

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықсыз

Сәбіздерміз жазықсыз.

Таир: асқабақ

Іші сары сырты қатты

Дәні дәрі дәмі тәтті

Пісіріп жессең ас тамақ

Менің атым асқабақ.

Тулегенова.Алина. алма

Нарттай қызыл алмам бар

Мәз болғандар алғандар

Жазда әдемі киінем

Тілді балдай үйірем

Ақбаян: Шие.

Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын мен де бар

Төменге бас иемін.

Айболит: Асанали.

Көкөністер бәрің де

Денсаулыққа пайда бар.

Мұны жақсы біліңдер

Оларды жақсы көріңдер

Би: "Көкөністер"

Күз ханшайымы: Балалар күз айын үш тілде атап беріңдерші.

Балалар: Қыркүйек,қазан,қараша.Сентябрь,Октябрь,Ноябрь.Септембэ,Октобэ,Новембэ. Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. (жапырақтармен ойын)

Ойын:"Өз түсіңді тап"

Би: "Жапырақтар". Аягул,Жанел. (Бастарына кигізу)

(Алтын Күз бейлейтін қыздарға плащтарын кигізу.)

Мирас:

Сарғайды тоғай

Сап-сары маңай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып.

Мансур:

Қарашы күз келді,күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен тізеді

Қара бұлт қабағын түйеді.


Парасат:

Алақай,алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті,дәмді пісті

Айтамыз алғаысты.

Султан:

Жапырақтың сарғайғаны

Келген күздің сәні ме

Қайтқан құстың шалғайдағы

Әлде мұңды әні ме?

Асанали:

Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Кел күз тойын тойлайық

Би билейік ойнайық

Би: "Алтын Күз"

(Д.Жасмин,Айсұлу,Аяжан,Адилья,Назым,Анелья,Қ.Жасмин.)

Балалар орындарына отырады.

Әуен ойналып Осы кезде жаңбыр кіреді.

Жаңбыр: ой,ой, ой мен күзгі жаңбырмын, өте суық ешкімді де аямайтын жаңбырмын (бос лейкамен балалардың үстіне су шашқандай болады)

Тәрбиеші:Тоқта,тоқта күзгі жаңбыр сабыр етеңіз, "Алтын күз" мерекесіне қош келдіңіз.

Жаңбыр: Жоқ, мен бүгін ашулымын, сабыр ете алмаймын.

Жүргіщуші: Сіз мына орындыққа отырып балалардың сіз туралы жақсы әні бар.Соны тыңдап көріңізші,мүмкін көңіліңіз көтерілер.

Ән: "Жаңбыр"

Жаңбыр: Ой қандай керемет ән мен өзім туралы жақсы ән естіп қуанып қалдым.

Жаңбыр: Мен сендерді енді ренжітпеймін,бәріміз дос боламыз ба?

-Иә.

Ендеше осындай көңіл күймен мерекеге барайын. Сау болыңыздар.

-Сау болыңыз.

Күз ханшайымы: Осындай жауын шашыннан кейін жер бетінде саңырауқұлақ көп шығады. Саңырауқұлақтар биін тамашалайық.

Би:"Саңырауқұлақтар" Балаларды шақыру.Саңырауқұлақтар қою.Стол қою.

(Мирас,,Парасат,Асанали,Султан,Зере,Мадина,Айша,Саида,Амина).

Адилья:

Суық та түсті,

жапырақ түсті

Сонда да бізге

Қызық көп күзде.

Анелья:

Күзім ау,күзім-ау

Мінезің бұзық ау.

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау.

Қ.Жасмин:

Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар сезгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей.



Зере:

Алтын сары қызыл көк,

Алуан,алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Амина:

Тапталады табанға

Судыр, судыр жапырақ

Өрттей сары бояуға

Малынғандай атырап.

Аягул:

Ой, алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунар ма деп, жатып- ап!

Қ.Жанель:

Көк аспаның мөлдіреп

Алтын күзім елжіреп

Асыр салып жүре бер

Сары көйлегің желбіреп.

С.Аружан:

Таудан салқын жел соқса

Сыбдырлайды қалтырап

Жақын қалды желтоқсан

Жабырқайды жапырақ.

Ән: "Балапан" Қ.Жасмин.НазымАсанали,

Күз ханшайымы:Міне,менің сыйлығым бір себет күз сыйы, таратады. Күз мезгілі сендерге денсаулық,шаттық, байлық әкелсін. Қош болыңдар балалар. Тәрбиеші: Күз ханшайымы саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығыңа рахмет. Бүлдіргіндеріңіз сендерді тек қуанта берсін.





































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Құстар біздің досымыз"

Автор: Иманбаева Умит Туякбаевна

Дата: 13.03.2017

Номер свидетельства: 399946

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашы? саба? ??стар бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(37) "ashyk-sabak-k-u-star-bizdin-dosymyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "304628"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457769592"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Планирование на тему "??стар - бізді? досымыз""
    ["seo_title"] => string(46) "planirovaniie-na-tiemu-k-u-star-bizdin-dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "252434"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1447389668"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Та?ырыбы: "??стар бізді? досымыз" Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(39) "takyrybykustarbizdindosymyztrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "279563"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453265382"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "??стар-бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(20) "kustarbizdindosymyz3"
    ["file_id"] => string(6) "329330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463918614"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Та?ырыбы: «??стар – бізді? досымыз!» "
    ["seo_title"] => string(33) "tak-yryby-k-u-star-bizdin-dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "196656"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428081050"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства