Просмотр содержимого документа
«"Құтты болсын жаңа жыл" ертеңгілігі»
«Құтты болсын, Жаңа жыл!» 2016ж
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Аққаланың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Аққала, Түлкі, балалар, ата - аналар..
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізушімен бірге балалар залға кіреді.
3 қатарға тұрып флешмоб билейді.
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші:
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жыл баршаға.
Құттықтауға сіздері, Шақырайық ортаға Құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі Екатерина Владимировнаға беріледі.
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?
Жүргізуші: Рахмет балалар
Балалар мынау не? Аязата бізге сыйлықтарымызды қалдырып кеткен бе?
Балалар тыныш мен қарайын қорапты ашамын, оның ішінен қуыршақ музыкамен шығады.)
Қуыршақ: Сәлеметсіңдер ме балалар, сәлеметсіңдер ме ата-аналар! Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды!
Жүргізуші: Сен неге онда тығылып отырсын.
Қуыршақ: Мен түлкіден қашып тығылып қалдым Мына жер - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойын ойнап, би билегім келеді!
Би: «Гномдар»
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Аққала кіріп келеді.)
Музыка боран. Аққала: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарынды жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Аққала: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Аққала: Жоқ.
Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!
Аққала: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен боранды шақырып жолдын бәрін жауып тастадым, енді ол жолды таба алмайды ха - ха - ха (деп күледі)
Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қалай жаңа жылды өткіземіз ?