kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Камырпластика

Нажмите, чтобы узнать подробности

технология карта использовалась для детей младшай группы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Камырпластика»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу

Тақырыбы: Доптар.

Мақсаты: тұзды қамырды шымшып алу әдісі және домалақ,жұмыр мүсін туралы мағлұмат беру, тұзды қамырды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгеру; тілдерін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: түрлі түсті доптардың суреттері,демонстрациялық көрнекіліктер, үлестірмелі материалдар, доп

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: жұмыр заттар, түрлі-түсті доптар, жастықшалар бейнеленген кітапшаларды қарау, доп туралы әңгіме өткізу.

Сөздік жұмыс: домалақ

Билингвальды компонент: доптар-мячики

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Жұмсақ матадан жасалған домалақ пішінді,әдемі,түрлі түсті допты ұстап тұрып

Добым добым домалақ

Қайда кеттің домалап

Үстел үстін бүлдірдің

Тәрелкені сындырдың-деп,сұқ саусағымен допқа ренжіген сыңай байқатады

Бір – бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші жасаған қимыл қозғалысты қайталап, көңілдері көтеріңкі қалпында оқу іс-әрекетінің жалғастырады.

Қайталайды: домалақ

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде біз күнде ойнап жүрген сүйікті ойыншығымыз – допты мүсіндейміз

Бингвальды компонент

Доптар мячики

Тәрбиеші балалардың үлестірмелі материалдағы суретке назар аударуларын сұрайды. Суреттегі көк,қызыл,жасыл түсті доптарға қарай отырып, тұзды қамырдан көлемі үлкен доптар сомдаймыз.Тәрбиеші жұмысқа кіріспей тұрып ұқыптылық ережелерін қайталатады.

-мүсіндеу жұмысын бастамас бұрын кедергі келтірмеуі үшін алдымен жеңді түру керек;

- тұзды қамырды арнайы тақтайшаның үстіне қою керек;

-жұмысты таза орындауды қадағалау және т.б.


Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды




Үлестірмелі материалдағы доптың суретін қарастырады



Сергіту сәті

Қолды оңға созамыз,

Қолды солға созамыз,

Бір орында секіріп,

Біз демалып аламыз

-балалар,оң қолдарына ермексазды үзіп алып,сол қолдарымен ермексазды жауып, алақанмен алақанды біріктіріп,ырғақпен домалатыңдар. Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

- кім қандай түстерді пайдаланады?

Балалар қолдарын оңға, солға жайып бір жерде тұрып секіреді.

Тұзды қамырдың өздеріне ұнаған түстерінен шымшыу әдісімен үзіп алып, алдымен жұмырлау,одан кейін ырғақты домалату әдісімен допты әдемілеп, допқа ұқсатуға тырысып сомдайды.

Балалар пайдаланған түстерін атайды

Рефлексиялық түзетушілік

-Балалардың өздері жасаған доптарын барлығына көрсетіп,талдайды. Олардың жұмысын мақтап, марапаттайды

Мүсіндеген доптарын тәрбиешінің үстіне әкеліп,барлығы бірге қарайды, доптардың ұқсастығына тоқталады. Өздері жасаған әдемі доптарына қарап балалардың көңіл күйлері көтеріледі

Күтілетін нәтиже:


Біледі: доп жасау үшін тұзды қамырдан домалақтайды, яғни доп жасайды;

Игереді:доптың домалақ болатынын түсінеді;

Меңгереді:қамыр тұзды алақанның ортасына салып ырғақты домалақтау әдісін қолданады.



Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу

Тақырыбы: Қонжыққа арналған жидектер.

Мақсаты: балаларға – заттың бөлшегі деген не, оның атқаратын қызметін зерттеуді үйрету, бүлдіршіндерге кішкене домалақ заттарды мүсіндеуді,оны негізіне ептілікпен жабыстыруды үйрету, мүсіндеуге деген қызығушылықтарын және еңбек етуге құштарлықтарын арттыру, тілдерін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қимылын жетілдіру, балаларды жақын адамдарға жақсылық жасауға тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: демонстрациялық көрнкіліктер, тақтайша, тұзды қамырды кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар, ойыншық-қоңыр қонжық

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қонжық пен жидектердің суреттерін қарастыру

Сөздік жұмыс: жидек.

Билингвальды компонент: жидек-ягода,қонжық-медвежонок

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Ғажайып сәт

-Балалар, бүгін біздің сүйікті ойыншығымыз – қоңыр қонжық қонаққа келді.

Тәрбиеші қоңыр қонжықты көрсетіп,тақпақ оқып береді:

Ақ қонжыққа не керек?

Қоңыр қонжыққа не керек?

Сүт пен айран ішеме?

Құрт пен майды жей ме?

-Балалар, қонжықтың тәтті тағамы жидек екенін білесіңдер ме?

Сөздік жұмыс: жидек

-Құлпынай мен жидек қайда өсетінін білесіңдер ме?

Бигвальды компонент жидек – ягода, қонжық-медвежонок

Балалар қоңыр қонжықты қарсы алады.





Балалар жауап береді.

-Сүт пен айран ішпейді.

-Құрт пен майлы жемейді.


-Балалар, қонжықтың себетіне сүйікті жидегін салып беруге көмектесеміз бе? Бүгінгі оқу іс-әрекетінде өз қолымызбен тұзды қамырдан құлпынай мүсіндеп, қонағымызға сыйлайық. Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы көрнекі құралға және үлестірмелі материалдарға аударады.

-Бәріміз тақтаға қараймыз

-Құлпынайдың көлемі қандай?

-Түсі қандай?


Ұйымдастырушылық – ізденістік

Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып,мүсіндеу ретін түсіндіріп, өзі көрсетеді.

-тұзды қамырды алып, бөлшектерге бөлеміз. Бөлінген бөлшектерден шымшып алу әдісімен кішкене бөлігін үзіп аламыз. Енді алақанымызға салып,ырғақпен домалатамыз.

-Балалар, бәріміз қолымыздағы мүсінді көрсетейік.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

-Мүсініміз құлпынайға ұқсайма?

-Сонымен, қонжықтардың сүйікті қорегі не екен?

Сергіту сәті

Қолды оңға созамыз,

Қолды солға созамыз

Бір орында секіріп,

Біз демалып аламыз

Тәрбиеші дайын болған құлпынай мүсінін қағазға жапсыру

Амалдарын көрсетеді

Тәрбиеші нұсқауымен балалар жұмысты ретімен орындайды.








  • Ұқсайды

  • Тәп-тәтті, құлпынай!

Балалар қолдарын оңға, солға жайып, бір жерде тұрып секіреді.

Балалар тәрбиешінің нұсқауларын орындайды. Мүсіндеген құлпынайды алып, қағаз бетіне мұқият жапсырады

Рефлексиялық түзетушілік

-балалар сендерге қонжық рахметін айтуда. Өйткені сендер бүгінгі тапсырманы өте жақсы орындадыңдар

Тәрбиеші балалардың жасаған «қонжыққа арналған жидек» атты жұмыстарын жинап алып, ата-аналарға көрсету үшін ұжымдық көрме ұйымдастырады

Балалар өзара қуаныштарымен бөліседі

Күтілетін нәтиже:

Біледі: аюдың баласы қонжық қоректенетін жидек – құлпынай мүсінін жасайды;

Игереді: мүсіндеуге құштарлығы мен бастаған істі соңына дейін жеткізуге дағдылануды еңбекті ойынмен ұштастыруды түсінеді;

Меңгереді: тұзды қамырды алақанға ортасына салып, ырғақты домалақтау қосымша заттармен әрлеу және негізгі мүсінге қосымшаны икемдеп жабыстыру әдістерін қолданады.



Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу

Тақырыбы: Ағаштағы алмалар

Мақсаты: тұзды қамырды алақан арасына салып айналдыра домалақтау арқылы мүсіндей білуге үйрету; тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру; табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер.Алма ағашының суреті, тұзды қамырды кесектері, қағаздан және матадан жасалған сүрткіштер, дастарқандар, үлестірмелі материалдар

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: алманың суреті бар кітапшаларды қарау, тәрбиешінің жасаған дайын көрнекілігін балаларға көрсетіп, қолдарына ұстатып сипау арқылы сездіру.

Сөздік жұмыс: дәмді алма

Бингвальды компонент: алма яблоко

Оқу іс-қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-қызметі

Балалардың іс-қызметі

Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға алма ағашының суретіне мұқият қарап шығуды ұсынады. Алма туралы тақпақты оқып береді.

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай қатар бар дәмім

Балалар суреттегі алма ағашына мұқият қарайды.

Алма туралы тақпақты тыңдайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

-Тақпақта не туралы айтылған?-алма қайда өседі? Билингвальды компонент:

Алма-яблоко-Алманың түсі қандай болады?

-Алманың пішіні қандай болады? Сөздік жұмыс: дәмді алма-Балалар үлестірмелі материалдағы алма ағашында алманың суреті салынбаған.Алсендер алма ағашынаөздерің жасаған алмаларыңды орналастыруына болады. Тәрбиеші балаларға мүсіндеу орындау ретін еске түсіреді.

Сергіту сәті. Саусақ жаттығуы

Бір қолымда бес саусақ,

Бір қолымда бес саусақ,

Бәрін қоссақ,-он саусақ

Тәрбиеші жұмысқа кірісуді ұсындаы

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.





-Алма туралы айтылған.

-Бақта,алма ағашында өседі.

-Сары,жасыл,қызыл болады.

-Дөңгелек

Қайталайды.

-Дәмді алма


Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.

Саусақ жаттығуларынжасайды.

Балалар алманы мүсіндейді. Жасаған алмаларын суреттегі алма ағашына орналастырады.

Рефлексиялық түзетушілік

-Жарайсыңдар, балалар!

Жасаған алмаларын дөңгелек әрі

бірдей болып шықты

балаларды мадақтайды


Балалар қуанғандарын білдіреді.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі:тұзды қамырдан алмалар жасайды;

Игереді:алма жемістің түріне жататынын түсінеді;

Меңгереді:тұзды қамырды алақан арасына салып айналдыра домалақтау әдісін қолданады.








































Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу

Тақырыбы: Қуыршаққа арналған кәмпиттер

Мақсаты: балаларды ермексазды шымшып үзіп алуға және домалақ,жұмыр мүсіндер сомдауға жаттықтыру,оларға домалактау илеу қайырымдылыққа тарбиелеу.

Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер.дастарқан толы кәмпиттердің суреті бар демонстрациялык көрнекіліктер,қызыл,сары жане ақ түсті ермексаз,тактайша,ермексаз кесуге арналган құрал,үлестірмелі материалдар,қуыршақ.

Сөздік жұмыс: сыйлық

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:қуыршақпен және ыдыспен ойындар ұйымдастыру.

Бингвальды компонент: қуыршақ-кукла.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Тәрбиеші балаларды шеңбер құрып тұруға шақырады.

-Біздің шеңберіміздің қөлемі қандай болды?

-Ол неге ұқсайды?

-Ендеше, біз шеберімізді шар сияқты үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. Кәне,бәріміз бірдей үрлейік

Балалар шаттық шеңберін құрады

-Үлкен

- Шеңберге



Балалар үрлейді

-Жақсы, енді өзара: «Деніміз сау болсын!»-деп,бір-бірімізді емдейік.

-Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!

-Қайырлы таң құлақтарым сендер ояныңдар!

-Қайрлы таң саусақтарым сендер де ояныңдар!

-Қайырлы күн,сен де ояндың ба? Тағы бір күн артта қалып, тағы арайланып таңатты.

Ғажайып сәт

-Балалар, бізге қонаққа қуыршақ Әсел келіп тұр. Бүгін оның туған күні екен. Бізде туған күнге сыйлық сыйлау дәстүрге айналған.

-Ал біз қуыршаққа сыйлық ретінде өз қолымызбен кәмпит жасай аламыз ба?

Сөздік жұмыс: сыйлық

Бингвальды компонент:

Қуыршақ кукла

Тәрбиеші балаларға тақпақ оқиды.

Кәмпиттер бар көп бізде,

Шокаладтан жасалған

Сарғыш кәмпит,мұз кәмпит

Чупа –чупс аталған.

Бар кампит пен мармелад

Желе,ирис тағы бар

Бәрі біздің Алматыда

«Рахатта» жасалған.

Ф.Омарбекова

Бір-бірін емдеген тәрізді іс-қимылдар жасайды.




Көздерін уқалайды

Құлақтарын уқалайды


Шапалақтайды

Балалар бір-біріне

Жымыиып күледі

Балалардың қызығушылығын туғызады. Олар қуыршақпен амандасады.

Кәмпит жасауға деген ынта-ықыластарын көрсетеді.

Қайталайды: сыйлық

Тақпақты бәрі мұқият тыңдайды

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Тәрбиеші үлестірмелі материалдағы суретке балалардың назарын аударады. Оларға қуыршаққа арналған кәмпитті жасаудың ретін көрсетеді. Ермексазды алақан арасына салып домалақтау керектігін айтады. Осылайша кәмпиттің үш түрін жасап,балаларға көрсетеді.

Сергіту сәті

Қуыршағы келе ғой

Менен кәмпит ала ғой

Өкпелемей келсеңші

Өлең айтып берсеңші

Г.Бектұрова

Тәрбиеші жұмысты жалғастыруға ұсынады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.Жасаған кәмпиттерін үлестірмелі материалдағы Әселдің алдындағы сауытқа «салуды» сұрайды.

Балалар суретке мұқият қарайды

Олар тәрбиешінің айтқанын орындайды. Ермек

сазды алақандарына салып домалақтайды және жасаған мүсіндерін тәрбиешінің жасаған мүсінімен салыстырады.

Қолдарын алға созады, алақандарын көрсетеді, қолымен шақырады, қолдарын кеудесіне қояды.

Жұмысты жалғастырады

Жасаған кәмпиттерін Әселдің алдындағы сауытқа орналастырады


Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар, қуыршақ Әселге беретін сыйлығымыз дайын болды. Жасаған тәтті кәмпиттерімізді сүйікті қуыршағымызға берейік. Әсел сендерге рахмет айтты. Қуыршаққа тәттіні көп жеуге болмайтынын ескеротейік

Балалар қуыршаққа кәмпитті көп жеуге болмайтынын, тіске зияны бар екенін ескертеді. Олар қуыршақпен қоштасады.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі:қызыл,сары,жасыл, түсті ермексаздан алмалар жасайды;

Игереді:алма жемістің түріне жататынын түсінеді;

Меңгереді:ермексазды алақан арасына салып айналдыра домалақтау әдісін қолданады.



Технологиялық карта

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу

Тақырыбы: Тоқаш

Мақсаты: балаларды мүсіндеудің жаңа материалы – ашыған қамырмен таныстыру,екі қолмен домалақ шар жасауды үйрету; мүсіндеудің, екі алақанмен жұмыс істеуден басқа жаңа әдіс-тәсілдерін –жұдырықтармен жұмыс істеу саусақтардың ұшымен басып тереңдету әдістерін меңгерту,сондай-ақ мүсіндеудің домалақтау,илеу тәрізді тәсілдерін үйрету; балаларға халқымыздың қонақжайлығы туралы қысқаша мәлімет беру және ойын арқылы бала қиялын дамыту, оларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: тандырға пісірілген тоқаштың суреті бар демонстрациялық көрнекіліктер, дайын ашытылған қамыр, тақтайша, нан кесуге арналған құрал, тұғырық, алжапқыш,оқтау,үлестірмелі матералдар

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: дастарқан туралы суретті кітапшаларды қарау.

Сөздік жұмыс: қамыр

Бингвальды компонент: тоқаш – булочка

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялыққозғаушылық

Ғажайып сәт:

Қолында піскен 3-4 тоқашы бар тәрбиеші топқа кіреді. Бүгінгі оқу-іс қызметінің өзгеше екенін айтады. Ашыған қамырдан томпақ тоқаш мүсіндейтіндерін хабарлайды.

Сөздік жұмыс: тұзды қамыр

Бингвальды компонент:

Тоқаш-булочка

Балалар, бүгін бізге түскі асқа томпақ тоқаштар әкелген екен,көлеміне,түсіне, иісіне,дәміне мұқият қараңдар

Қуаныштарын көрсетеді. Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдай

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Тәрбиеші балалардың ойлауына түрткі салады.

-Балалар,осындай дәмді томпақ тоқашты қалай, неден мүсіндеуге болады?

-Ермексаздан,сазбалшықтан жасалған томпақ тоқашты жей аламыз ба?

-Балалар,бүгінгі сабағымызда «ашыған қамырдан» томпақ тоқаштар мүсіндейтін боламыз

Тақтайдың үстіндегі ашыған қамырды шымшып үзіп алу әдісімен орташа бөлшектерге бөліп,жұдырықпен илеп,алақан арасына салып домалақтаймыз. Тақтай бетіне жалпақтап қамыр бетіне саусақпен басып өрнек саламыз

Сергіту сәті

Балақан – ау, балақан,

Кәне қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат!

-Енді дайын болған томпақ тоқаштарды асханаға пісіруге апарамыз.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды




Үлестірмелі материалдағы доптың суретін қарастырады



Балалар қолдарын оңға, солға жайып бір жерде тұрып секіреді.


Рефлексиялық түзетушілік

Тәрбиеші асханадан балалардың өздері мүсіндеген томпақ тоқаштарын әкеледі.

Сәбилер өздері сомдаған томпақ тоқаштарын көріп, риза болады. Еңбенктерінің нәтижесін көреді

Күтілетін нәтиже:

  • Ашыған қамырдан тоқаш мүсіндеуді және тақырып бойынша ашыған қамырдың пішінін өзгертіп жасайды;

  • «Ас атасы-нанды» қадірлей біледі. «Еңбек етсең емерсің» мақаланың мағынасын түсінеді;

  • Ашытылған нанды алақанға салып ырғақты домалатуды,жұдырықпен илеуді.алақанда жалпақтауды,саусақтарымен өрнек салуды қолданады








Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы:Шыршаны безендіреміз.

Мақсаты: балаларды мүсіндеудің жаңа амалдарымен таныстыру; қиюды –барельефті,сән ойыншықтары мен ермексазды қолдану тәсілдерін үйрету; жаңажылдық шыршаны әдемі және сәнді етіп безендіруге үйрету; тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; өздігінен жұмысты жасай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу,мерекелік көңіл күйлерінің көтеріңкі болуына ықпал жасау.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: тақтайша,тұзды қамырды кесуге арналған құрал,үлестірмелі материалдар, қағаз және шүберек майлықтар,дастарқандар

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:шырша ойыншықтарынан көрме ұйымдастыру, суретті кітапшаларды қарау. Жаңа жыл мерекесі туралы әңгіме өткізу

Сөздік жұмыс:әсем жұлдыз.

Билингвальды компонент:шырша-елка

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялыққозғаушылық

Шаттық шеңбер

Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса!

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса!

Сөздік жұмыс әсем жұлдыз

Бингвальды компонент: шырша – елка

Тәрбиеші балаларға мерекелік әсем безендірілген шыршаның суретін көрсетеді.

-Сендерге мына шырша ұнай ма?

-Ал енді үлестірмеліматериалдағы шыршаға қараңдаршы, не жетіспей тұр?

Балалар өлеңді тыңдайды және тәрбиеші ұсынған үлгілерді қарайды

-Шарлар,сүңгі және т.б.


«әсем жұлдыз» сөзін қайталайды


-Ұнайды,өте әдемі екен

-Шырша ойыншықтары жоқ екен.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Дидактикалық ойын:

«Сыңарыңды тап»

Тәрбиеші бірнеше жанажылдық ойыншықтарды балаларға көрсетіп, бірдей ойыншықтарды табуды ұсынады

Тапқан ойыншықтардың пішінін, түсін сұрайды. Енді суреттегі шыршаны мерекелік шыршаға айландыруымыз керек, сендер соған келісесіңдер ме?

Кәне онда шыршаны безендіретін ойыншықтар жасайық.

Тәрбиеші мүсіндеудің үлгісін көрсетед.

-Ол үшін тұзды қамырдың әр түсінен түйіртпектер дайындап, шыршаның сұлбасын безендіреміз. Алдымен саусақпен аздап үзіп аламыз да, оны домалақтаймыз. Міне, осылай оны саусақпен қағаздың бетіндегі шыршаға жапсырамыз.

-Енді өздерің қарап көріңдерші. Шырша әдемі болу үшін көп түйіртпектер жасау керек.

Балалар мен жеке жұмыс жүргізеді


Балалар біртіндеп тәрбиешінің үстеліне жақындап келіп, бірдей ойыншықтарды табады. Балалар ойыншықтардың пішінін және түсін айтады. Балалар шыршаға арнап ойыншықтар жасайтындарына қуанады.






Балалар жұмыс жасау ретімен танысады. Тәрбиеші мұқият тыңдайды.


Балалар жапсыруға кіріседі.

Рефлексиялық түзетушілік

Жарайсыңдар балалар! Жаңажылдық шыршалар өте әдемі болып шықты. Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап шырша туралы ән салайық. Тәрбиеші Жаңа жылға арналған мерекелік мүсіндерді ата-арналған көрмеге қояды

-балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шыршаны айналып жүреді. Тоқтаған сәтте қолдарын жоғары көтереді


Күтілетін нәтиже:

  • Шыршаның пішінін,оны қажетті түстермен сәндеп безендіру біледі;

  • Жаңа жыл мейрамын және шыршаны қалай безендіру керектігін түсінеді;

  • Тұзды қамырды алақанымен айландыра жаюды, саусақпен сәл баса отырып,үлестірмелі материалға бекітуді игереді.







Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы:Аққала.

Мақсаты: тұзды қамырдың кесегін екі алақанмен домалақтау дағдысын осы оқу іс-қызметінде пысықтау,дамыту екі бөліктен тұратын аққала сомдауды,аққаланың бейнесін айқындалу үшін қосымша заттарды пайдалануды үйрету; ойын арқылы мүсіндеу дағдыларын ұштау; баланың тілін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттері қимылын жетілдіру;ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар: демонстрациялық көрнекіліктер тұзды қамыр,тұзды қамыр кесуге арналған құрал,тұғырық, үлестірмелі материалдар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:домалақ мүсіндер суреттелген кітапшаларды қарау.

Сөздік жұмыс:аққала.

Билингвальды компонент:аққала-снеговик,сәбіз-морковь

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялыққозғаушылық














Ұйымдастырушылық – ізденістік

Тәрбиеші М.Мақатаевтың «Ақ қалам» өлеңінен үзінді оқиды.

Ақ балам менің,ақ балам,

Аққала жаса,ақ балам

Тәрбиеші балалрға шар тәрізді екі бөліктен тұратын ойыншық аққаланы ұсынады.

Сөздік жұмыс: аққала

-Аққаламыз қандай түсті?

-Ол неге ақ?

-Біздің аққаланың басы қандай?

-Ал мынау не?

-Сұлбасы қандай?

-Үлкендігі қандай?

-Ермексаздан аққаланың домалақ денесін қалай жасайтынымызды кім көрсетеді?

Билингвальды компонент:

Аққала-снеговик сәбіз-морковь

Тәрбиеші балаларға домалақ мүсін сомдау амалдарынпысықтау үшін пластамассадан жасалған шарларды таратып береді

Сергіту сәті

Аппақ қарды уыстап,

Алақанға салайық,

Оңға бір рет

Солға бір рет,

Мойын бұрып алайық

Домалақтап аппақ қармен,

Біз аққала жасайық!

Тәрбиеші балаларға тұзды қамырдан жасалған «Аққаланы» көрнекілік ретінде көрсетіп,жасау жолдарын түсіндіреді.

-Қолымызға тұзды қамырдың бір кішкене кесегін аламыз-бұл біздің сомдайтын аққаланың басы болады.

Енді осы кесекті екі алақанымызбен домалақтап, шар жасаймыз. Балалар аққаланың басы дайын.

-Ал енді денесін дәл осылай сәл үлкендеу етіп жасап, басы мен денесін бір-біріне жабыстырамыз. Ал енді біздің аққалаға не жетіспейді

-Қолдарын сомадау үшін тұзды қамырдың кішкене бөлшектері керек. Осы бөлшектерді де алақанымызбен домалақтап,екі жағына жабыстырып орналастырамыз. Ал мына түймелерден – көз,сәбізден мұрын жасаймыз

-Екі қолы ше?

Жеке жұмыс жүргізіледі

Әдіс-тәсілдерді қолдана отырып үн таспадан музыка тыңдату арқылы балаларға шығармашылық қызығушылықтарын арттыру

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдай отырып, үлестірмелі материалдағы суретке көз жүгіртеді.


«Аққала» сөзін қайталайды.

-Ол аппақ түсті

-Өйткені ол ақ қардан жасалады.

-Домалақ

-Ол кеудесі,іші

-Ол жерде домалақ,үлкендеу. Балалар алақандарымен домалақ шар жасайды


Шыршаларды қарастырады

Балалар орындарынан тұрып,жерден еңкейіп қар алып,алақанға салып, қолдарындағы қарды домалақтай беріп, бойларын тік ұстап, оңға бір, солға бір мойындарын барынша соза қарайды.

Балалар жұмыс жасау ретімен танысады.





Тәрбиешіні мұқият тыңдайды






Екі қолдарымен ауада аққаланың бейнесін келтіреді

Балалар қолдарынанақ тұзды қамырдың бір кішкене кесегін алып, аққаланың басын,қолдарын,денесін домалақшар тәрізді мүсіндейді

Балалар музыканы тыңдайды

Рефлексиялық түзетушілік

Сабақтың соңында тәрбиеші балаларды мадақтайды. Балалар мүсіндеген «аққалаларын» тәрбиеші көрмеге қояды.

Қуаныштарын білдіреді

Күтілетін нәтиже:

  • Екі бөліктен тұратын аққаланы жасайды;

  • Домалақ пішінді сомдауды, ақ-түс-қардың түсі,яғниқардай аппақдегенді білдіретінін түсінеді;

  • Мүсіндеуде – екі қол мен әртүрлі көлемдегі шарларды домалақтау, оларды көлеміне қарай қажетті дене мүшелеріне жапсыру тәрізді сомдау амалдарын қолданады


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы:Қоянға арналған сәбіз.

Мақсаты:балаларға тұзды қамыр бөлшектерін алақандарына салып есуді, әртүрлі форманы қалыптастыра білуді үйрету;мүсіндей білу және саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; ойлау қабілетінің логикалық дамуын қалыптастыру; сонымен қатар көмек қажет ететін әлсіз жануарларға көмектесуге әрқашан дайын болу керектігін қорқақ қоянның кейпіне кіре отырып көрсету;балаларды эмоциялық көңіл күйін бақылау, балаларды қоршаған ортаға, табғатқа жануарларға жанашырлық танытуға тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар және құрал-жабдықтар түрлі түсті ермексаз,тақтайша,ермексаз кесуге арналған құрал тұғырық

Үлестірмелі материалдар: ойыншық қоян демонстрациялық көрнекіліктер тұзды қамыр ,ермексазкесуге арналған құрал,тұғырық, үлестірмелі материалдар.

Алдын ала орындалатын жұмыс:сопақша мүсін жасау, суреттелген кітапшаларды қарау

Сөздік жұмыс:ұзын құлақты,бадырақ көзді.

Билингвальды компонент:қоян-заяц,сәбіз-морковь

Әдіс-тәсілдер: АҚТ-ның элементтері (Музыка)

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялыққозғаушылық














Ұйымдастырушылық – ізденістік

-Балалар,бүгінгі біздің оқу қызметіне қонақ келді. Ұзын құлақты бадырақ келді. Ойлы-қырлы жерлермен

ытқып-ытқып жүгіретін ең сүйікті асы

-сәбіз. Ол не?

-Дұрыс айтасыңдар,ол-қорқақ қоян. Ал бәріміз бірге оны ортаға шақырайық

Сөздік жұмыс: ұзын құлақты,бадырақ көзді

-Хормен: «Қоян,ортаға кел»

Ғажайып сәт

Біраз уақыттан кейін қоян келіп кіреді.

Қоян

-Сәлеметсіңдер ме балалар

-Балалар оны сипап көріңдерші оның тоны қандай?

-Ол несімен ерекше?

-Оның құлағы қандай?

-Ал мынау несі?

-Оның құйрығы қандай?

-Дұрыс айтасыңдар. Қоянның құлағы ұзын,ал құйрығы қысқа болады екен. Қоян тағы не істей алады?

-Ендеше қалай секіретінін көрсетіңдерші. Қолымызбен құлақ жасаймыз, бәріміз бірге секіреміз.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқыпжүгірді

-Мұнда қоян не жасырып қойды екен? Себеттің ішінде не барекенін көрейік

Тәрбиеші себеттің ішінен көкеністерді біртіндеп шығарып, балаларға түсіндіреді

-бұл не?

Ол үлкен доп тәрізді көлемде,жасыл көп қабатты

-Ал мынау не?

-бұл үлкен,ұзын,қызыл сары түсті.

-ал мына көкеніс қалай аталады? Оны қоян бізге сыйға әкелген.

-Ерасыл, бізге қоян не әкеледі?

-Вера,қоян бізге не әкелді?

-Ал енді қоян бізбен ойын-ойнайды, Ол өзіне қатты ұнайтын көкеністі жасырады,ал сендер оның қандай көкеністі жасырып тұрғанын табуларың керек. Мұқият тыңдаңдар.

Қоян

-Ол ұзын, үлкен қызыл сары түсті. Бұл қандай көкеніс?

-Ол кішкене көлемді,деп тәрізді,қызыл түсті,жұмсақ. Бұл не?

-Ол үлкен доп тәріздес, жасыл түсті, көпжапырақ оралған. Бұл не?

Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар

Саусақтармен ойнаңдар,Қолдарыңды сермеңдер

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын

Үлестірмелі материалда бейнеленген қоянға арнап көкеністер әзірлейік

-Қоян қандай көкеністі ұнатады деп ойлайсыңдар?

Педагог жұмысты орындаудың ретін түсіндіреді: тұзды қамырды алақанға салып,сәбіз көлеміне келтіріп, есеміз, бас жағын жуандау етіп, төменгі жағын жіңішкертеміз

-Қараңдаршы,сәбізге ұқсады ма?

-Енді сендердің алдарыңда тұрған тұзды қамырды алып,өздерің сәбіз сомдап көріңдер

Балалармен жеке жұмыс: жүргізеді

Билингвальды компонент

Қоян-заяц,сәбіз-морковь

Қызығушылығын туғызу



Ол қоян



«Ұзын құлақты бадырақ көзді» сөздерін қайталайды

-Сәлеметсіз бе, қоян!

-Жұмсақ әрі әдемі

-Құлағымен

-Ұзын

-Құйрығы

-Қысқа

-Секіре алады

Балалар қимыл жасайды













Орманның ішінен себет тауып алады. Себеттің іші көкеніске толы: Қырыққабат,сәбіз,қызанақ т.б.


Қырыққабат

-Қызанақ

-Сәбіз



-Сәбіз әкелді

-Қызанақ әкеледі













Қимыл –қозғалыстарды педагогпен жасайды








-Сәбізді


Балалар қарайды педагогты тыңдайды


Балалар тұзды қамырмен жұмыс жасай бастайды



Жасалған сәбізді балалар үлестірмелі материалда бейнеленген қоянның қасына қояды

Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар бізге қонаққа кім келді?

-Ал қоян қандай көкеністі жақсы көреді?

-Ал сендерге қандай көкеніс ұнайды?

Бүгінгі сабақта сендерге не ұнады?

-Қоян сендерге рахмет айтып, сау болыңдар деп қоштасуда. Педагог әр баланың салған суреті мен сомдаған сәбізін ата-анаға арналған көрме тақтасына қояды

-Қоян келді


-сәбізді

Балалар өздеріне ұнайтын көкеністерді,сабақта не ұнағанын айтады


-Сай бол қоян


Күтілетін нәтиже:

  • Бала мүсіндеуде –тұзды қамыр бөлшектерін алақандарына салып,есуді,әртүрлі пішіндерді жасайды;

  • Қоянның дене мүшелерін (көзі,құлақ,құйрығы,аяғы) таниды, қоян сәбіз бен қырыққабатты жақсы көретінін түсінеді;

  • Ермексаздан шымшып үзіп алып, алақанмен домалақтап,жоғары жағын-жуан,төмен жағын жіңішкелепмүсіндеу амалдарын қолданады















Білімберусаласы: Шығармашылық

Бөлімі. Мүсіндеу

Тақырыбы: Анама арнап тәтті пәрәндік пісіремін

Мақсаты:Балаларды тұзды қамырмен жұмыс жасауға үйрету;балалардың ой-өрісін арттыру мақстанында тұзды қамырды кішкене бөлігін алақанмен тікесінен қимылдату арқылы домалақ пішін жасауды және саусақпен жай ғана басуды үйрету; балалардың ойлау қабілетін арттыру,тіл байлығын дамыту, ұсақ бөлшектермен жұмыс жасауға үйрету; ана әжелеріне деген сүйспеншілдікке бауырмалдыққа баулу.

Қолданылатынкөрнекіқұралдаржәнеқұралжабдықтар:тұзды қамыр,тақтайша,тұзды қамырды кесуге арналған құрал,тұғырық,үлестірмелі материалдар, диаметрі 5 мм болатын кішкене дөңгелекшелер.

Алдыналаорындалатынжұмыс: дөңгелек жасау тәрбиешінің жасаған дайын көрнекілік материалдарын балаларға көрсетіп қолдарына ұстатып,сипау арқылы сездіру

Сөздікжұмыс: тостаған

Билингвальдыкомпонент: ұн-мука

Әдіс-тәсілдер: АҚТ-ның элементтері (музыка+)

Оқу

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялыққозғаушылық









Тәрбиеші:

-Балалар бүгін анамызға сыйлық ретінде дәмді пәрәндік пісіреміз. Ол үшін ең бірінші қолымызды жуамыз,алжапқышты тағамыз. Балалар есімізге түсірейікші,басты кейіпкер бауырсақ болатын қандай ертегі еді?

Ертегінің аты естеріңде ме?

-Балалар бауырсақты неден пісіреді? Ойланыңдаршы!

-Менің үстелімнің үстінде осы заттар бар. Кәне осы заттарды көрейік.

-Балалар, ұн қандай?

-Ал қант ше?

Қызығушылығын білдіреді.

Ойланады жауап береді.

-«Бауырсақ ертегісі»

-Ұн.Қант.Сарымай.Жұмыртқа


Ұйымдастырушылық – ізденістік









Билингвальды компонент: ұн-мука

-Ал балалар мен пәріндікті жасай берейін. Менің шұңғыл кесем бар. Кесеге алдымен жұмыртқа мен қантты жақсылап араластырамыз. Оған сарымайды қосып,тағы араластырамыз. Содан кейін оған ұн қосып,илейміз.

-Қараңдаршы біздің қамырымыз қандай болып шықты? Бұндай қамырды құмды қамыр дейміз. Ал енді қамырды тақтайшаның үстіне қоямыз. Қамырмен жұмыс жасаймыз. Әр балаға қамырдан кішка солай жасаймыз.ентайдан үзіп береді.

-Балалар қамырды оекі бөлікке бөлеміз. Енді алдыңғы мүсіндеу сабағында ермексазбен қалай жзұмыс істегенімізді еске түсірейік. Біз екіалақанымызбен қамырдан соьпақ пішін жасаймыз, шет жақтарын әсемдейміз. Екінші қамырдыда солай жасаймыз.

педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

-Ал енді пәрәндігімізді пешке қоятын тостаған саламыз.

Сөздік жұмыс: тостаған

-Ал енді пәрәндікті азпазға апарып береміз, аспаз олны пешке пісіььреді. Біз дайын тагғамды аналарымыз бен әжелеріміздің мерекесіне сыйға тартамыз.

Сергіту сәті: Анамызға

Бала, бала бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйықысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған!


Балалар педагогтің іс-әрекетін қарап тұрып,тыңдайды

2-3 бала педагогкке көмектеседі













Балалар қамыр илейді, пәрәндік жасайды.


«Тостаған» сөзін қайталайды.

Балалар қол ұстасып шеңбер жасайды. Тоқтап, қолдарын кеудесіне қояды,қолдарын алға созады

Рефлексивті - түзетушілік

Балалар сабақтың соңында педагогпен бірге жасаған пәрәндіктен ауыз тиеді

Қуанышты жүздері бал-бұл жайнайды.

Күтілетін нәтиже:

-балалар қамырмен мүсіндеу әдісі дағдыларын жасайды.

-аналар мерекесіне арнайы сыйлық («Әжелер», «Анама») сыйлауды түсінеді;

-қамырмен мүсін сомдау әдісін қолданады





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Камырпластика

Автор: Бакеева Гульнара Жумабаевна

Дата: 11.05.2017

Номер свидетельства: 414503


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства