Просмотр содержимого документа
«Қанатың талмасын Қарлығаш»
«Қанатың талмасын «Қарлығаш»»
«Қарлығаш» балалар бақшасы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы Шаған тауының бөктерінде орналасқан. Балабақша 1974 жылы қолдануға беріліп, содан бері осы білім ұясында жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріліп, мыңдаған тәрбиеленушілердің қанатын қатайтып, мектепке шығарып салып отыр.
«Тәрбие басы тал бесіктен» десек сол тәрбиенің бастау бұлағы осы балабақша. Биылғы 2019-2020 оқу жылында балабақша өзінің алдына «Мектепке дейінгі ұйымда тәрбие мен оқыту үдерісін жүйелі ұйымдастыру арқылы білімнің жаңа көшіне ілесу» мақсатын қойып, осы жолда еңбек етудеміз. Алдағы жылдарда жаңартылған бағдарлама бойынша педагогтарды 100% курстан өткізу арқылы, тәрбиеленушілерімізге осы бағытта білім мен тәрбие беруді жалғастырып, бәсекеге қабілетті болуды жоспарлаудамыз.
2004 жылдан бері балабақшаны Мурзабаева Гульмира Қасымбекқызы басқарып келеді. Осы жылдар арасында балабақшаның алған асулары мен бағындырған белестері де ауыз толтырып айтарлықтай.
Балабақшамыздың соңғы 3 жылдағы жетістіктерін жекелеп атай кетсек: аудандық «Үздік балабақша-2016» байқауында I-орын, меңгерушіміз Мурзабаева Гульмира Қасымбекқызы аудандық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік меңгерушісі -2016» байқауынан бас жүлде, облыстық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік меңгерушісі -2016» III-дәрежелі диплом, аудандық «Үздік тәрбиеші-2017» байқауында тәрбиешіміз Мафухаева Анар Мұқажанқызы II-орын, өңіраралық орталығынан «Үздік балабақша меңгерушісі-2018» байқауынан II-орын, әдіскеріміз Наубаева Рысалды Даулетханқызы өңірарлық «Көшбасшы әдіскер-2018» байқауынан II-орын, аудандық «Үздік балабақша-2018» байқауында I-орын, облыстық «Үздік балабақша-2018» байқауында I-орын, аудандық «Үздік тәрбиеші-2019» байқауында тәрбиешіміз Құттыбаева Шынар Қапасқызы I-орын, аудандық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік жоспары» сырттай байқауында I-орын, тәрбиешіміз Ибраимова Гүлшат Қабылжанқызы аудандық «Заманауи сабақ педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» әдістемелік фестивалінде II-орын аудандық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері-2019» байқауында әдіскеріміз Р.Д.Наубаева бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдама алды. Осы сияқты тәрбиеленушілеріміз де аудан, облыс, республика деңгейіндегі байқауларға барып және қашықтықтан өтетін онлайн байқаулардың иегерлері атанып балабақша қоржынын мадақтамалармен толтыруда.
Төгілген тер мен еткен еңбегіміздің өтеуін алдымыздағы ұрпақтарымыз, олардың ержеткенде Отаным деп соққан жүрегі мен еліне еткен ерен еңбектерінен көруге болады.
Берер тәрбие мен айтар ақылымызды тыңдайтын саналы ұрпақтарымыздың көп боларына үмітті ұжым шаршамай, талмай еңбек ете береді.
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе –ас бер, он жыл қалғың келсе –ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле» деген емес пе, дана халқымыз. Баланың салауатты болып өсуіне, ой өрісін дамытуға, олардың қиялдарына қанат бітіріп, шығармашылықтарын шыңдап жүрген ұжымның алдағы уақытта да тынбай еңбек етері сөзсіз.
Балабақша ұжымының атынан барлық Отандастарымызды жаңа 2020 тышқан жылының келуімен құттықтап, әлемге бейбітшілік, елімізге амандық, әр отбасына денсаулық, береке, бірлік тілейміз!