kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Казіргі жағдайда жастардың рухани дамуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Осы заманғы ізгілендіру педагогикасы үшін  тұлға мен оның қадіріне құрмет, тұлға еркіндігі мен даму құқығын қорғау, білім мен тәрбиедегі демократиялық қағидаларды берік ұстану т.б. аса маңызды жалпы адамзаттық  құндылықтар қатарында саналады. Адам құқы мен еркі – адамзаттың жалпы мүдделерін танытады, түрлі ұлттардың, діндер мен дәуірлердің рухани мұраттарын жақындатады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Казіргі жағдайда жастардың рухани дамуы»

Серикбаева Гулмира Бекешовна

Балабақша «Шұғыла», әдіскер-тәрбиеші

Қызылорда облысы, Казалы қаласы


КАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ ДАМУЫ


Осы заманғы ізгілендіру педагогикасы үшін тұлға мен оның қадіріне құрмет, тұлға еркіндігі мен даму құқығын қорғау, білім мен тәрбиедегі демократиялық қағидаларды берік ұстану т.б. аса маңызды жалпы адамзаттық құндылықтар қатарында саналады. Адам құқы мен еркі – адамзаттың жалпы мүдделерін танытады, түрлі ұлттардың, діндер мен дәуірлердің рухани мұраттарын жақындатады.

Ізгілендіру қазіргі мәдениеттің объективті құбылысы бола отырып, жеке тұлғаны өз халқының рухани қазынасы, ұлттық мәдениеті, игі дәстүрлері негізінде рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптастыруды көздейді.

Қазақтың рухани мәдениеті қола дәуірінен қалыптасып, бірнеше тарихи кезеңдерден өтіп біздің халқымызға жетті. Көне түркілерден келе жатқан көшпенді ата-бабамыздың негізгі рухани мәдениетінде дін арқылы бірлесу, топтасып қалың қол жинап елдің бірлігін сақтап отырған. Шапқыншылық кезеңдерде тек қана білектің күшімен емеc, жүректің, діннің, өткір cөздің, ақыл-ойдың ұшқырлығымен халықты біріктірген. Содан «білекті бірді жығар» - деген нақыл сөзбен өсиет қалдырған. Қазақстан халқының үш ғасыр бойы рухани мәдениеті сонау сақ, ғұн дәуірі одан кейін жалпы түркі, қазақ хандығы, Ресей мәдениеті, Кеңес үкіметі кезеңдерінің тарихи мәдени даму қалыптарынан өтті. Осы кезеңдерде әрбір даму кезеңі өз кезегінде рухани мәдениеттің дамуына жолдар салды.

Қазақ халқының бүгінге дейін жетіп отырған негізгі рухани мәдени құндылықтарына:

1) Атамекен, атакәсіп, атамұра;

2) Кісілік қасиеттеріне: дінге табыну, шаруашылық, өнеркәсіп өнеріндегі, ішкі дүниесіндегі қол жеткен табыстарын құндылық деп санаған.

3) Отбасын сақтау; ата-баба тарихы, шежірені білу, жеті атаны сақтау қазақтың отбасын сүттей ұйытуға, әрі қарай ата-бабасының салып кеткен ізімен жүретін рухта тәрбиелеу;

4) Айтқан сөзінде тұру, уәжде тұру, халықты жұмылдыратын өтімді сөз айту ұлт үшін маңызды құндылықтарға жатқан.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізгі құрауыштары «рух», «руханилық», «адамгершілік», «құндылық», «тәрбие» ұғымдарының өзара байланысына тоқтала кетпекпіз.

Кеңес тоталитаризмі тұсында «рух» категориясы дінмен байланысты ұғым ретінде қабылданып келгендіктен, соңғы жылдарға дейін үрке қарағандар да аз болған жоқ. Тек білім берудің гуманистік парадигмасына көшу үрдісінің ықпалының нәтижесінде оң көзқарастар қалыптасты [1].

Рухани мәдениет – адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.

Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс.

Руханилықтың ең негізгі өлшемдерінің бірі – адамның жақсылыққа қарай талпысыны. Жақсылық жасай білу - адамды адам еткен іс-әрекеттердің бірі, ол руханилықтың құрылымын қалыптастырушы өнердің бірі. Руханилықтың тағы бір келбеті – адамның өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін әлемге паш етуге дайындығы, яғни ақылын, дарынын, қабілетін, шеберлігін, ішкі нұрын, жүрек жылуын адамдарға, табиғатқа, Ғаламға беруге ұмтылысы .

Жалпы жоғарыдағы анықтамаларды талдай келе, біз рухани-адамгершілік тәрбие ұғымына тоқталуды жөн санадық. Рухани-адамгершілік тәрбие дегеніміз - қоғамға қажетті, адамның бойындағы жалпы ізгі қасиеттер жиынтығы деп түсінеміз.

Рухани-адамгершілік тәрбие сонау ежелгі кезден бері әлеуметтік ортада өз тапшылығымен келеді, осыған байланысты әр кезеңдегі ақын-жыраулар, ойшылдар, ғалымдар еңбектерінде қарастырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды, тәрбиені қалыптастыру жолдарын іздеген.

Антика заманында өмір сүрген Сократ (б.з.б. 469-399 жылдары) таным мен философияның негізгі мәселесі адам болу керектігіне мән бере отырып, адамға «алдымен өзіңді біл, сол арқылы дүниені, әлемді білесің» деп уағыздады, яғни адам барлық заттардың мөлшері бола алатындығын дәлелдеді. Адамның бойындағы ізгілікке ие бола отырып, адами құндылықтарды – білімділік, даналық, парасаттылық, адамгершілік ізгі қасиеттерді жоғары бағалады. Платон үшін құндылық – «өмір сүру», Аристотель үшін құндылық – «адамның даналығы, яғни қандай да болмаcын құнды нәрсені таба білуі» болды.

Адамның парасаттылық, имандылық, нәзіктік, ақылдылық, іскерлік, адамгершілік тәрбиесінің маңыздылығына аса құнды мұралар арнаған ғалымдар шығармаларының жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше.

Орта ғасырда педагогика ғылымының қалыптасуына өзіндік зор үлесін қосқан ұлы ойшыл, данышпан ғалым Әунасыр әл-Фараби еңбектерінде рухани құндылықтарға көңіл бөлгендігі белгілі. Атап көрсеткен ерекше ұғымы «қайырымдылық» феномені болды. «Қайырымдылық» екі түрлі болады: этикалық және зияткерлік. Зияткерлік – (жанның) ақыл- парасаттылық жағына жататын қайырымдылық – дейді ғұлама [2].

ХІ ғасырда өмір сүрген түркі данасы ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» атты еңбегінде бүкіл адамзатқа тән адами құндылықтарға сипаттама берілген.  “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т.б. мәселелерді қарастырады. 

Қорыта келе айтарымыз, жастарға рухани тәрбие беруде жоо мұғалімі мен болашақ мұғалімді даярлау қажеттілігін дәлелдей түсті. Себебі,жоғары мектеп мұғалімінің кәсіби білімі көтеріліп отырған мәселеге байланысты жеткіліксіз болса, екінші жағынан студенттердің рухани дамуын жетілдіру жөнінде теориялық жағынан негізделген ғылыми-әдістемелік мазмұнның тапшылығымен және де студенттердің ұлттық дәстүрлерімізді түсуінің бүгінгі таңда өзекті болып отырғанымен түсіндіруге болады. Сондықтан жастардың рухани дамуын дәстүрлер арқылы жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие процесінде дамыту және студенттердің бойына адами құндылықтарды қалыптастыру әлі де өзекті мәселе екенін дәлелдейміз.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Айдналиева Н.А. Болашақ мұғалімдердің эинопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері. дисс.,- Астана, 2010.

  2. Махамедова Б.Я. Оқушыларды имандылық негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау. дисс. п.ғ.к. -Алматы, 2009.

  3. Демеуов А.Қ. Педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялау. дисс.,п.ғ.к. Шымкент. 2010.

  4. Айджанова З.Ж. Бастауыш мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. дисс.., Ақтау, 2009.

  5. Елемесова А.С. Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбие идеялары. Дисс. Қарағанды, 2000.

  6. Кайбулдаева Г.А. Ұлттық балабақшалардағы рухани-адамгершілік тәрбие жүйесінің тарихи даму бағыттары (Қазақстанның Оңтүстік өңірінің 1960-1990 жж. материалдары негізінде). Дисс. Түркістан, 2008.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Казіргі жағдайда жастардың рухани дамуы

Автор: Серикбаева Гулмира Бекешовна

Дата: 24.10.2018

Номер свидетельства: 482005

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "«Білім бастауы – бастауыш мектепте» авторлық бағдарламасы"
    ["seo_title"] => string(58) "bilim_bastauy_bastauysh_miektieptie_avtorlyk_bag_darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "462804"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1521619597"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства