Просмотр содержимого документа
«Әке шешем және мен!»
Тақырыбы: «Әкем, шешем және мен». (Отбасылық спорттық мереке) Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу. Қажетті құралдар: Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар. Жүргізуші: Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр». Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер. Бүгінгі сайысқа “Қарлығаш”, ”Балдаурен” топтарының ата-аналары қатысқалы отыр. Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, ортаға шақыралық. “ Қарлығаш ” тобы : Ұраны: Біріміз бәріміз үшін, Бәріміз біріміз үшін, “Балдаурен ” тобы: Ұраны: Намысты қолдан бермейміз, бермейміз. Жүргізуші: Бала өсірген ата-ана, Бала болып ойнайды, Бала тәрбиелеген тәрбиеші, Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер. Жүргізуші: Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай. Ер өнері білінбес, Қоян-қолтық алыспай. “Ат жарысқа” кезек берелік. Шарты: Әр топтан әкесі «атқа» мініп шауып «өзеннен» жүзіп өтіп, «тау» басында тұрған ананы «үңгір» астынан өткізіп, алып шығып, «өзеннен» бірге жүзіп кері мінгесіп келеді. Жүргізуші: Қалма жүрттың соңында, Қажет болса мың атта. Аздық етер оныңда, Жету үшін мұратқа. “Тез адымда” сайысы. Шарты: Қолдан тігілген бас пен аяқ киім киіп, (ыңғайсыз) себеттен - себеттке доптар тасу. Жүргізуші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білеиікші. Ептісі деп сайыстың жүрейікші. “Кім епті” сайысы . Шарты: А) «Үңгір» астынан өту. Ә) Жіппен секіру. Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру. Жүргізуші: Топ болып біз жүрейік, Ойнайық та күлейік. Достық деген тамаша, Міне тұрмыз жараса! “Балық аулау” сайысы. Шарты: Бастарына тырна бейнесі бар бас киім киіп, шығыршыққа ілінген балықтарды жылдам себетке тасып салу. Жүргізуші: Жарқын, шаттық заман болсын, Отбасымыз аман болсын. Сыйластық пен бірлік болып, Әрқашан орта толсын. (Қортындылау, мадақтау).