Просмотр содержимого документа
«Келді міне,Алтын күз!»
Келді міне, Алтын Күз!
Зал әдемі шарлармен күз мезгіліне сай безендірілген. Балалар музыка әуенімен кіреді
Би: "Кап-кап"
Әлішер: Қарсы алайық бәріміз
Жасымыз бен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр төгіп
Ақтоты: Тілегім аман болсын ел іргесі
Алтын күз қайта келді берекесі
Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын күз- ырыс, береке, бірлік ала келді
Ақтоты: Сәлеметсіздер ме қонақтар, ата-аналар бүгін біздің бөбекжайымызда өткелі жатқан "Келді міне, Алтын Күз" мерекесіне қош келдіңіздер!
Әлішер: Мерекемізді әнмен бастайық
Ән: "Алтын Күз"
1.Алақай,алақай балалар
Күз келді, бізге енді қараңдар
Бақшада бәрі бар
Бал шырын алмалар, алшалар, қауындар
Қайырмасы:
Алтын күз,алтын күз
Күтеміз сені біз
Төріміз сіздікі 2рет
Келіңіз,келіңіз
2.Көп күттік сарғайып кеттіңбе
Сағынып бізге әрең жеттіңбе
Сағынып ән айтып әуендеп
Аспаннан алтын нұр төктіңбе
Музыка әуенімен Дымбілмес әндетіп кіреді.
Ақтоты: Ой, сіз кімсіз?
Дымбілмес: Мен Дымбілмеспін. Далада ойнағанды өте жақсы көремін. Жапырақтарды шашамын, торғайларды атамын, беті қолымды жумаймын. Өйткені суды , сабынды жақсы көрмеймін тек қана күні бойы ойнағанды ұнатамын.
Әлішер: Дымбілмес, сен қазір жылдың қай мезгілі екенін, білесің бе?
Дымбілмес: Қыс мезгілі
Балалар: Дымбілместің айтқаны дұрыс емес.
Ақтоты: Жоқ, қазір күз мезгілі. Күзде күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады.
Дымбілмес: Балалар, менімен дос болғыларың келе ме? Балалар: Жоқ
Дымбілмес: Неге менімен дос болмайсыңдар?
Балалар: Сен ештеңе білмейсің ғой?
(Музыка әуенімен Күз ханшайым кіреді)
Күз ханшайым: Береке бақ дарыған,
Жомарт Көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған
Алтын Күз деген мен болам.
Сәлеметсіңдер ме, балалар Дымбілмес торғайларды атуға, жапырақтарды шашуға болмайды.Беті қолымызды жуып тап-таза болып жүруіміз керек. Жеміс-жидекті жумай жеуге болмайды. Түсіндің бе?
Дымбілмес: Ия, бұдан былай ақылды бала боламын. Күз ханшайымы, мені кешіріңіз.
Әлишер: Дымбілмес, Күз ханшайымы менің достарымыздың алтын күзге арналған тақпақтары бар. Қарсы алыңыздар.
А.Інжу: Мейірімді күз, мырза күз
Сыйлығыңа ризамыз
Аппақ арай таңыңа
Шомыламыз нұрға біз
Әділет: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалбырап
Инабат: Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей
Ержан: Жомарт көңіл, жарқын күз
Сары алтынға малынған
Жетті міне алтын күз
Көптен күтіп сағынған
Күз ханшайым: Ал енді балалардың білімдерін байқап көргім келеді, ол үшін мен жұмбақ жасырамын, сендер шешіп көріңдер.
1.Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)
2.Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары (жапырақ)
3.Жерге тырс-тырс тамады
Сайға қарай ағады
Шешуін кім табады? (жаңбыр)
4.Бұл недеген көп киім
Жетпіс қабат көк киім
Түймелеуге жетпейді
Жаңбыр одан өтпейді (Қырыққабат)
Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады (пияз)
Ақтоты: Тақпақтарға кезек берейік.
Ғайни: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті бұзық
Шуылдайды тал,терек
Жапырағын жұлғызып
Бекарыс: Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі
Аружан: Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді
Қара бұлт қабағын түйеді
Хадиша: Жер берді жемісті
Күз келді келісті
Күз байлық береке
Алтын күз мереке
Дымбілмес: Тыныш, тыныш балалар. Мен бір дыбыс естіп тұрмын. Біреу асығып келе жатқан сияқты.
(Музыка мен Бағбан атай кіреді)
Бағбан атай: Сәлеметсіздер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсізбе атай
Бағбан атай: Мен бақтағы жеміс-жидектермен көкөністерді күзетімін,баптап өсіремін.
Мен бақтан көкөністерімінді әкелдім, менің көкөністерім қайда. Балалар айтыңдаршы, жемістер қайда өседі? (бақта)
Көкөністер қайда өседі? (Бақшада)
"Көкөністер айтысы"
Аниса: Асханадан шықпаймын
Атым - пияз, бұқпаймын
Көзден жасты шығарып,
Тамаудан да сақтаймын
Айзере: Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпын,
Сәбіздерміз жазықсыз
Мадияр: Ақ тісім бар қант алар
Қызыл тісім қанға нәр
Зияным жоқ біліп қой
Қызылшамын, пайдам бар
Рақымжан: Картоп -біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз
Нұрила: Тал шыбығым бұралып
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен - қызанақ
Күнге қарап ұялып
Толғанай: Күзді күтіп жатамын,
Жиып нәрді бойыма
Асқабақпын, жараймын
Қыстай сақтап қоюға
Али: Көктеп ерте шырмалып
Өсемін мен бүр жарып,
Атым-қияр, теріп ал,
Жие-жие суғарып
Марғұлан: Иісім жұпар аңқыған
Бақшадағы шырынмын
Жеп көргендер тамсанған
Балдай тәтті қауынмын
Нұрай: Көрсең егер бақшада
Доп екен деп қалма
Шөл қандырар қарбызбын
Ерте үзіп алма
Алихан: Бақшаларда тізіліп
Қаперсіз мен жатамын
Қабат-қабат киініп
Қырыққабат атандым
Ақтоты: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін
Мақтанбақшы сіздерге, жемістер мен көкөністер
Ән: "Көкөністермен жемістер"
Әлішер: Ұлдарымыздың "Қарбыз" биін қарсы алыңыздар.
Ақтоты: Біздің достарымыз алтын күз туралы орысша тақпақтар біледі.Қарсы алыңыздар.
Бектас: Дарит осень чудеса
Да еще какие!
Разнаряжные леса
В шапки золотые
Нұрболқызы Інжу:
Осень наступила
Высохли цвети
И глядят уныло
Полые кусты
Бағбан атай: Мен сендерге орманнан ойындар алып келдім.