Кеңес: Ата-аналарға Тақырыбы: "Балаларыңыз мектепке дайынба!"

Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде отбасының ықпалы басым екендігі даусыз. Дегенмен, осы кезге дейін қоғамдық тәрбиеге көп назар аударылып, жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастырып дамытуда, оның мектепалды дайындығын қамтамасыз етуде балабақшаның жетекші рөліне сүйеніп келдік. Барлық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер, бағдарламалар балабақшадағы тәрбие үрдісін ұйымдастыруға бағытталып, отбасындағы іс-әрекетке жеке көңіл бөлінбей келеді.
Бұл – отбасы тәрбиесінің мәнісін жоғарлатып, ата-аналарға аса зор жауапкершілікті жүктейді. Ендігі жерде, мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайтып, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Ата-ана ең алдымен мектептегі оқу даярлықты қалыптастыру үшін келешекте балалардың оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге және ұжымға жеңіл бейімделуіне алғы шарт жасау қажеттігін терең түсініп алуға тиіс. Отбасында баланы мектепке дайындауға оның қызығушылығы мен қабілетін дамыту, отбасындағы ересектердің өмірлік тәжірибелері арқылы жүзеге асырылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Кеңес: Ата-аналарға Тақырыбы: "Балаларыңыз мектепке дайынба!"»
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
«№22 Ақбұлақ балабақшасы» МКҚК
Ата-аналармен жұмыс.
Тақырыбы: «Сіздің балаңыз мектепке дайын ба?»
Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде отбасының ықпалы басым екендігі даусыз. Дегенмен, осы кезге дейін қоғамдық тәрбиеге көп назар аударылып, жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастырып дамытуда, оның мектепалды дайындығын қамтамасыз етуде балабақшаның жетекші рөліне сүйеніп келдік. Барлық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер, бағдарламалар балабақшадағы тәрбие үрдісін ұйымдастыруға бағытталып, отбасындағы іс-әрекетке жеке көңіл бөлінбей келеді.
Бұл – отбасы тәрбиесінің мәнісін жоғарлатып, ата-аналарға аса зор жауапкершілікті жүктейді. Ендігі жерде, мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайтып, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Ата-ана ең алдымен мектептегі оқу даярлықты қалыптастыру үшін келешекте балалардың оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге және ұжымға жеңіл бейімделуіне алғы шарт жасау қажеттігін терең түсініп алуға тиіс. Отбасында баланы мектепке дайындауға оның қызығушылығы мен қабілетін дамыту, отбасындағы ересектердің өмірлік тәжірибелері арқылы жүзеге асырылады.
Баланы отбасында мектепке дайындаудың негізгі мақсаты – жаңа буын оқулықтарын мазмұнына сәйкес, оқу іс-әрекетіне дайындау, білімінің қарапайым элементтерін қамтамасыз ету арқылы ой еңбегіне, оқу әрекетін нақты міндет ретінде сезінуге даярлау.
Бұл мақсатты жүзеге асыруда отбасында төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
отбасында қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру, яғни ата-ананың баланың мектепке дайындығының қажеттігін терең түсініп, жүзеге асыруға күш салуы;
отбасында баланың психологиялық жас ерекшелігін білу;
отбасында баланың әдептілік, сыпайылық, достық пен көпшілік, мейірімділік қарым-қатынасын орнату, ол үшін өзінің жағымды үлгісін пайдалану;
отбасында баланың күн тәртібін ұтымды ұйымдастыра білу, күнделікті тәртіптің құрамды бөліктерін дұрыс алмастырып отыру;
отбасында баланың денсаулығын сақтау, сауықтыру шараларына бірге қатысу, яғни әрекет бірлігін ұйымдастыру;
отбасында өмірі мен тұрмысын бала қажеттігін толық қамтамасыз ете алатындай етіп құру, эстетикалық гигиеналық талаптарды ескеру;
отбасы жағдайында баланың жас ерекшелігін ескеріп, түрлі еңбек әрекеттерін баулу;
отбасы мүшелерінің балаға педагогикалық ықпал жасау әрекетін білу, яғни олардың балаға қояр талабының бірлігі мен жүйелігі, ата-ана беделін сақтау, өзінің педагогикалық білімі мен мәдениетін көтеруге ұмтылу;
отбасы мүшелерінің туыстық қарым-қатынасы үлкеннің-кішіге, кішінің-үлкенге құрметі арқылы, балаға үлгі-өнеге көрсетуде халық педагогикасын пайдалану;
отбасында әжелер мен аталардың бала тәрбисінде ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда өмірлік тәжірибелерін пайдалану;
мектептегі оқу әрекетін нақты міндет деп түсініп, балаға қарапайым білім негіздерін меңгерту.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда отбасындағы тәрбие үрдісін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындау және ата-аналарға бағыт-бағдар беру. Отбасында баланы мектепке дайындауды қамтамасыз етудегі басты шарт – баланың қарым-қатынасының, тәрбие үрдісінің тұрақты да жүйелі болуын қатаң сақтау керек.
Бұл шарттың орындалуы үшін баланың физиологиялық және әлеуметтік мұқтажын қанағаттандыратын нақты күн тәртібінің болуы керек. Дұрыс ұйымдастырылған оқу мен еңбек әрекетін демалыспен жүйелі алмастыра отырып, балалардың білімге әуестігі мен ұмтылысын еңбек етуге құлшынысы мен дағдысын орнықтыру қажет.