Просмотр содержимого документа
«Көктем келді шырайлы ашық сабақ»
Степногорск қаласы білім бөлімі жанындағы «Арай» балабақшасы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Тақырыбы: « Көктем келді шырайлы »
« Балбөбек» ортаңғы тобы
Өткізген: Султанова Л.А.
Степногорск қаласы
Заводской кенті
Тақырыбы: « Көктем келді шырайлы»
Мақсаты: Балаларға көктемгі табиғат құбылыстары мен ерекшеліктері туралы түсінік беру,жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейту.
Балалар бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр,қонақтармен сәлемдесейік. Балалар шаттық шеңберін құрайық,қонақтармен сәлемдеседі. «Шаттық шеңбер» Сәлем деймін күнге мен, Сәлем деймін сендерге, Сәлем деймін апайға, Қонақтарға,құстарға.
Тәрбиеші: Балалар бұл ненің дыбыстары. -Аққан судың! -Желдің! -Құстың! -Иә,балалар бұл табиғат құбылыстарының дыбыстары. Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Қар мұз еріп,су көбейіп, Сай-салада ағады. Қой маңырап,төл жамырап,
Жайлау малға толады.
-Балалар: көктем Демек,біздің бүгінгі сабағымызда көктем туралы болмақ.
-Көктем мезгілінде қандай құбылыстар болады? -Балалар: көктемде күн шуағын шашады,қар ериді,жерге жасыл шөптер шығады,түрлі гүлдер өседі, ағаштар бүршік жарады,бұтақтарға жапырақтар шығады,ағаштар жасыл желекке оранады,құстар жылы жаққа ұшып келеді,құстар ұя салады және жұмыртқалайды,адамдар жеңіл киінеді. Жануарлар ұйқыдан оянады. Көктем тамаша жыл мезгілі.
Тәрбиеші: Бізге ең бірінші қандай құс ұшып келеді?
Балалар: ұзақ
Ғажайып сәт: Балалар біздің есігімізді біреу қағып тұрған сияқты.
-Мен барып қарайын. Балалар бізге қонаққа ұзақ келді.
Ұзақ: балалар, мен балабақшаның алаңынан қорап тауып алдым. Бұл қораптың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?
Балалар:иә.
Ұзақ: мен қорапты ашып көрейін. Балалар қорап ашылмай жатыр, сендер маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: иә.
-Бәріміз алақанымызды ұрайық.
-Әлі ашылған жоқ.
-Қорапшаға үрлейік.
-Балалар үрлеп шығады.
-Қорапша ашылады. Балалар қораптың ішінде хат бар екен.
Ұзақ: «Құрметті, балақайлар! Біздер жылы жаққа ұшып келе жатырмыз, біздерге ұя жасауға көмектесесіңдер ме?» хат жазушы құстар.
Балалар: иә.
Тәрбиеші: балалар алдымен біз ұзаққа көктем туралы не білетінімізді айтып берейік, сосын ұя жасап береміз.
-көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар: наурыз, сәуір, мамыр.
Сәуір-апрель. Көктем-весна.
-Кәне, кім көктем туралы тақпақ біледі.
-Ал енді бәріміз бірге айтайық.
-Қандай құстарды білеміз?
Балалар: сауысқан, торғай, қарға, ұзақ, тоқылдақ.
-Құстар табиғатқа не үшін керек?
Балалар: олар ағаштарды құрт-құмырсқадан, жәндіктерден қорғайды.
-Ағаштар бізге не үшін керек?
Балалар: ауаны тазартады.
Құстар туралы тақпақ айтып берейікші.
Әр баладан сұрау.
Д/ойын: « Бұл қай кезде болады? »
Барысы: Балаларға жыл мезгілдерінің суреттері таратылады. Балалар сурет бойынша әңгіме жүргізеді.
Жақсы балалар, енді бойымызды жазып, сергіту сәтін орындайық.
Сергіту сәті:
Көжектерім тұршы
Беті қолды жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Киіміңді киші
Балабақшаға жүрші.
Тәрбиеші: Табиғатқа байланысты қандай ырым-тыйым сөздер білеміз?
Балалар:
1.гүлді жұлма
2.ағашты сындырма.
3. суға түкірме.
4. құсты атпа.
Тәрбиеші: мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Д/ойын: «Мекеніне апар»
Барысы: қалтада әртүрлі үй жануарлары мен дала жануарлары салынған. Аты аталған бала ортаға шығып, қалтаға қолын салып 1 жануардың суретін алып шығады.Алып шыққан жануардың дала немесе үй жануары екенін айтып, орманға немесе үйдің қасына қою.
Тәрбиеші: құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек.
Балалар: жем беруіміз керек, ұя жасау керек,оларға тиіспеу керек.
Құстар-птицы, ағаштар-деревья
Ойын: «Не артық?»
Барысы: тақтада суреттер ілініп тұрады, оның ішінде 1 жануардың суреті болады. Балалардан не артық деп сұрау.
Тәрбиеші: балалар енді біз ұзаққа ұя жасап берейік .Ол үшін мен сендерді екі топқа бөлемін. Бір топ ермексаздан ұя жасайды. Ал екінші топ ватманға көктем бейнесінің суретін салатын болады. Ал жұмысқа кірісеміз.
Балалар өте жақсы мүсіндеп, суретті жақсы салып шықтыңдар.Енді мүсіндеген ұямызды ұзаққа берейік, ол достарына апарып берсін.
Ұзақ: рахмет балалар мен енді кетейін, мені достарым күтіп қалды. Сендер көктем туралы біраз мағлұматтар біледі екенсіңдер.Өте ақылды балалар екенсіңдер.Сау болып тұрыңдар.
Тәрбиеші: балалар сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Мен сендерге сыйлық таратқым келіп тұр. Енді өзімізді бағалайық, саған сабақ несімен ұнады.
Қонақтар осымен біздің ашық сабағымыз аяқталды. Қош сау болып тұрыңыздар.