kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Компьютер ойындарының бала психикасына әсері" кеңес

Нажмите, чтобы узнать подробности

Компьютер ойындарының бала психикасына әсері. Балабақша жасына сай жазылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Компьютер ойындарының бала психикасына әсері" кеңес»

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

№35 «Балдырған» бөбекжайының ақпараттандыру пәні мұғалімі

Казбекова Айман Темиркуловна



Компьютер ойындарының  бала психикасына әсері.

Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтындай дәрежеге жетті.Ал компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналып, оған деген тәуелділігі күннен- күнге артып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы құмар ойындарын психиканың бұзылуына әкеліп соқтыратын, адам ағзасына қауіпті ойындардың қатарына енгізді.

«21 ғасыр- компьютер ғасыры» деп атап, айдар тағуымыздың өзі осыны дәлелдеп отыр. Өкінішке орай, кез келген өркениеттің екі жағының болатыны бар. Біріншіден, біздің қоғамымыздың алға жылжуы болса, екінші жағынан рухани құндылықтарға кері әсерін тигізеді. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі баланың өзі жазу – сызуды білмесе де, компьютердің не екенін жақсы біледі. Демек, бала заманына қарай өседі. Технология тілін жатық біле бермейтін әке – шешелері «қазіргі балалар іштен біле туады» деп те айтып жатады. Компьютерге осыдан 10 жыл бұрын тек қалталылардың ғана қолы жетсе, бүгінгі күні оны әрбір үйден көруімізге болады. Сондықтан болар компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналды. Қазіргі балалардың досы – компьютер, осы бір жансыз темірдің алдында кешке дейін отырса да жалықпайды. Бұндай балаларды компьютерден басқа еш нәрсе қызықтырмайды.

 

Енді мамандар зерттеулеріне сүйене отырып, бұл озық технологияларды ұзақ пайдаланудың бала психологиясына кері әсерлерін саралап көрсек. Біріншіден, шамадан тыс ақпараттар тасқыны баланы енжарлыққа душар ететін көрінеді. Интернетті өзінің бірінші серігі, ал компьютерді «досы» етіп таңдаған жан айналасындағы адамдармен еркін араласу қабілетін лезде әлсіретіп алады екен. Бұл туралы мамандар: «Өзгенің адами мұң-мұқтажын түсінбейтін, айналасындағылардың жан қиналысын сезіне бермейтін, яғни жүрегі селт етпейтін халге жетеді», – дейді. Адамдармен, тіпті өзінің жақын-жуықтарымен, әке-шеше, бауырларымен араласудан қашқақтайтын ондай бала, абайламаса, шынайы мынау өмірді виртуалды, жансыз «өмірге» айырбастап жіберетіндей дәрежеге жетеді екен. «Компьютерге байлану» ауруы негізінен кімдерде пайда болады?» деген сауалға мамандардың жауабы: «негізінен, шынайы өмірде өз-өздеріне сенімсіз, сондай-ақ тұрмыста кездесетін қиын түйіндерді шеше алмайтын адамдар және әке-шеше қарауынан тыс қалған жас балалар аталған ауруға бейім». Олар: «компьютерден тыс жерде тірлік ету уақытты босқа жоғалтқанмен бірдей», – деп есептейді екен.

 

Компьютердің адам ағзасының физиологиялық жақтарына тигізер зияны айтпаса да түсінікті нәрсе. Дене белсенділігінің аздығы, компьютер клубтарында жарық, белгілі температура, санитарлық режимдер нормаларының сақталмауы жасөспірімдердің организмінің дамуына кері әсерін тигізеді. Бір жағынан әртүрлі прогрессивтік жаңалықтарда дисплейді қолдану адам өміріне көптеген жеңілдіктер туғызса, екінші жағынан жаңа проблемалар туғызды – «дисплей ауруы» пайда болды.Дисплеймен жұмыс жасағанда одан бөлінетін электромагниттік сәуле көзге әсер етеді. Әрине, ол әркімнің көру жүйесінің бастапқы жағдайы мен адамның жасына байланысты болады.

Терминалды көру дисплейін қолданғанда «астенопия» деген жағдай туады, яғни көздің көру қабілетінің функционалдық бұзылуы.

Шектен шыққан ойынпаздық дерті – «лудомания» деп аталады. Компьютер құмаралық «аддикцияға» шалдықтырады Бала күнінен бастап,маңызды бір істерге, жауапкершілікке, өз өмірі үшін өзі жауап беретінін сезіндіруге дағдыландырғанымыз дұрыс. Құмар ойын есірткіден де жаман кесапат екенін түсіне тұра, тоқтау қиын. Бұдан шығатын жол қандай?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Компьютер ойындарының бала психикасына әсері" кеңес

Автор: Казбекова Айман Темиркуловна

Дата: 27.09.2017

Номер свидетельства: 429915


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства