kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Көңілді театр" әдістемелік құралы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес»-деген болатын.

           

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Көңілді театр" әдістемелік құралы»

Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес»-деген болатын.

Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.

Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап іріктелінбегендігі. Қазақ жазушыларының балалар жасына арналған шығармаларының аздығы. Балаларға ертегіні өлең  шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, тез рольімен ойнар еді, тіл байлықтарыда тез молайар еді.

Мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;

  • сөздік қорларын байыту;

  • ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;

  • кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;

  • байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету;

Әдіс-тәсілдер:

  • балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;

  • қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;

  • қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.)

  • ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу.

Жұмыстың нәтижесі:

Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:

  • балалар тілі дамиды;

  • сөздік қорлары толығады;

  • байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;

  • дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;

  • театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.

Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеумен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна \театр\ ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар желілі рөлдік ойындардан тек желілі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Сахналандырылған ойындар ойын- қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен- дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Мектепке ересек жастағы балалардың өзі театр ойындарын өз бетінше ойнамайды. Олардың қызығушылығын, тәрбиешінің ұсынысы бойынша және басқаруымен болатын сахналау ойындары арттырады.

Егер де бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен халық әндерімен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдерді, кіші сахна көрністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып,мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс әрекеті өз бетінше болуы мүмкін. Нағыз театрдың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой өрісін-кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спетакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді. Ертегілер  дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздерін ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық үлгіларінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілермен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздермен жәбірленгендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады.

Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдын алатын орны ерекше.

Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының  құпияларын айтатаын болсақ;

Тілін дамытады, себебі балалардың қолдарының саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсер етеді.

Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі –қуыршақ театры. Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән орындау кезіне бастап-ақ кішкене көлемді спетакльдер ойнала бастайтыны белгілі. Театр түрлері:

Қуыршақ театры.

Саусақ театры.

Көлеңке театры.

Ойыншықтар театры.

Саусақ  театры: театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі.

Саусақ театрын сабақтан тыс кезде де қолдануға болады.

Ас ішер алдында қолдануға болады.

Тамақ ішер кезде саусақ қуыршағы арқылы:\тақпақ айтуға болады\

Тамақ ішер кез келді

Сөйлемейміз, күлмейміз

Астан басқа өзгені,

Көзімізге ілмейміз. / астарың дәмді болсын/

Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Тіпті кішкентайлар тобынан тобынан бастап-ақ тақпақпен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін  үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналы қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн.

  • Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады.

  • Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлері үшін оқып шығу бір балаға ғана ұсынады.

  • Үшінші кезеңде балалар бір неше шығармашылық тапсырмаларды орындайды. қорқыныш, қуаныш сезімдерін көрсете білу және т.с.с\

  • Төртінші кезеңде рөлдерге бөлініп, ертегіні оқу жүзеге асырылады.

Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке,демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер үшін үлкен табыс.

Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетеді.

Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кеіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой-өрістері дамиды.

«Бауырсақ» ертегісі

Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.

Көңіл-күйлерін терең түсініп аяушылық сезімге қамқоршы болуға тәрбиелеу.

«Бұл бауырсақ кішкентай қу аң»

Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерді таңдау, рөлдерге бөлу.

Фланелеграф арқылы – қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Мазмұндау мен тіл байлықтарын дамыту.

Кейіпкерлердің жан-дүниесін түсіне отырып, рөлдерге бөлініп ертегіні сахналай білулері

«Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін»

Ертегінің атын атау «Бауырсақ», кейіпкерлерді атап таныстыру. Ертегіні айта бастау, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.

Бірінші кейіпкерлерін атап тақтаға шығару ата, әже, қоян, түлкі, аю, қасқыр. Балалар сөздерді анық, ашық, бар эмоциямен айтқызу.

Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл –күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету.

«Бауырсақ » ертегісінің қойылымы

Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы арқылы іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету.

Рөлдерін дұрыс орындауын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру.

Кейіпкерлердің жан-дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білкге тәрбиелеу.

«Шалқан» ертегісі

Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.Мимикалық, дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығармашылықтарын дамыту.

Көңіл-күйлерін терең түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Ертегінің атын атау «Шалқан», кейіакерлерді атап таныстыру- ата, әже, немересі, ит, мысық және тышқан. Ертегіні мазмұндау фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.

«Ата мен әжемде қонақта болғанда»

Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерін бөлу, мейірімді тату-тәтті дос болуға тәрбиелеу.

Фланелеграф арқылы сөздердің дұрыс, анық, ашық айтылуын қадағалау, қимыл-қозғалыстарын көрсете білуін дамыту.

«Осындай үлкен Шалқан»

Ертегіні қайталай отырып таңдаған балаларға кейіпкерлердің сөздерін айтып үйрету. Бір-бірлеріне қиын жағдайда көмектесіп, ренжітпеуге тәрбиелеу.

«Шалқан» ертегісін сахналау

Кейіпкерлер атрибудтары арқылы –іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл- күйлерін білдіре отырып, сезімдерді көрсете білу, рөлдердің дұрыс орындалуын қадағалау.

Қиялдарын эстетикалық талғамдарын техникалық дағдыларын қалыптастыру.



«Үш аю» ертегісі

Ертегі кейіпкерлер арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.Көңіл-күйлерін терең түсінуге, аяушылық сезімі қамқоршы болуға үйрету.

«Қане досым, сөзге қосыл»

Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерін бөлу фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруы. Мазмұндаулары мен тілдерін дамыту.Мейірімді, тату-тәтті, дос болуға үйрету.

«Үш аюға қонаққа барайық»

Ертегіні қайталай отырып, таңдалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтып, үйрету. Фланелеграф арқылы сөздерін дұрыс, анық, ашық айтуын қадағалау, қимыл-қозғалыстарын көрсте білгендерін дамыту. Бір-бірлеріне қиын жағдайда көмектесіп, ренжітпеуге тәрбиелеу.

«Үш аю» ертегісін сахналау

Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау. Кейіакерлер атрибуттары іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып сезімдерін көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру, кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашық көрсете білуге үйрету.

«Қасқыр мен қоян» ертегісі

Ертегі мазмұнын түсіндіре отырып, ондағы кейіпкерлерді жаңа техника бойынша қабылдауға үйрету. Балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы шығармашылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін арттыра отырып, іскерлік дағдыларын дамыту.

«Қане, досым сөзге қосыл»

Әдептілікке, өзара жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Атрибуттар арқылы кейіпкерлер іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту. Ойын арқылы балалардың көңіл-күйлерін көтеру.

Кейіпкерлер образын көрсете білуге, композиция құрауға үйрету, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.

«Көз көруге тоймайды, құлақ естуге жалықпайды»

Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауын қадағалау.

Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру. Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу.

«Түлкі мен қоян» ертегісі

Дидактикалық ойын арқылы ой-өрістерін, танымдық қасиеттерін кеңейту. Балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы шығармашылығын дамыту.

Кейіпкер көңіл-күйлерін, мінез-құлықтарын сезіне білуге тәрбиелеу.

«Түлкі, түлкі, түлкішек»

Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ой –белсенділігін арттыру. Балалардың көркемдік, эстетикалық талғамын дамыта отырып, белсенділікке тәрбиелеу. Ертегіге терең еніп, сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту көзделеді.

«Қу түлкі мен қорқақ қоян»

Кейіпкер образын көрсете білуге, композиция құруға үйрету, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.

Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ертегі туралы алған білімдерін, ойын жаттығу арқылы тиянақтау.

Атрибуттар арқылы кейіакерлер іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту. Ойын арқылы балалардың көңіл-күйлерін көтеру.



«Түлкі мен қоян» ертегісін сахналау

Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау.

Балаларды ширма жанына шығарып, кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп, сөздерін айтқызу. Қалған балаларды көрермен ретінде тамашалауға отырғызу. Балалар сөздерді ашық, анық, бар эмоциялармен сахналатқызу.

«Қоян мен түлкінің үйшігі» ертегісі

Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.

Мимикалық дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығармашылықтарын дамыту.

Көңіл-күйлерін терең түсінуге, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

«Оқы да біл, ойна да күл»

Мазмұндау және тіл байлықтарын дамыту.

Ертегіні қайталай отырып, таңдалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтуға үйрету.

Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсте білуге тәрбиелеу.

«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды»

Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ертегі туралы алған білімдерін, ойын жаттығу арқылы тиянақтау.

Атрибуттар арқылы кейіакерлер іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту. Ойын арқылы балалардың көңіл-күйлерін көтеру.

«Көз көруге тоймайды, құлақ естуге жалықпайды»

Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауын қадағалау.

Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру. Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу.

«Жеті лақ пен қасқыр» ертегісі

Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Ертегінің мазмұнынын еске түсіре отырып, тілдік қорларын байыту, ой-өрістерін дамыту. Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру. Мимиканың дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығарылуын дамыту. Көңіл-күйлерін көтеріп, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

«Лақтарым менің, айналайын, менің лақтарым»

Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, ойын арқылы рөлдерге бөлу, кейіпкерлердің сөздерін дұрыс айтуға үйрету. Мәнерлі сөйлесу дағдыларын жетілдіру, шығармашылыққа жете көңіл бөліп, баланың жеке-дара ерекшелігіне назар аудару, сөз мәнеріне, шешендікке баулу. Кейіпкерлер және олардың әрекеті жөнінде өзінің көзқарасын айта білуге үйрету.

Фланелеграф арқылы қызығушылықтары мен қиялдарын, эстетикалық талғамдарын дамыту. Мазмұндаулары мен тіл байлықтарын байыту. Мейірімді, тату-тәтті дос болуға тәрбиелеу.

«Алақай, алақай! Анамыз келді, бізге сүт әкелді»

Ертегіге қызығушылықтарын арттыру. Ертегіні қайталай отырып таңдалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтып үйрету. Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту. Оқылған шығарма желісін бұзбай әңгімелеуге үйрету. Баланы ойлауға, қорытынды жасауға қиялдауға, сұлулықты тануға баулу.Фланелеграф арқылы сөздерін дұрыс, анық, ашық айтылатынын қадағалау, қимыл-қозғалыстарын көрсете білуін дамыту.

Бір-біріне қиын жағдайда көмектесіп, адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру.

«Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін сахналау.

Әр бала өз рөлін дұрыс орындағанын қадағалау, сөздерін үйрету. Балалардың тілін, сөздік қорын байланыстырып, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау.

Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру.

Кейіпкерлердің жан-дүниесін түсіне білуге оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу.

«Алтын айдарлы әтеш» ертегісі

Ертегінің не жайында баяндалғанын, қалай аяқталғанын, көмекші сұрақтарға сүйеніп, ауызша талдап, мәнісін түсіндіріп баяндауға үйрету.

Оқылған шығарма желісін бұзбай әңгімелетуге үйрету, мәнерлі сөйлеу дағдыларын үйрету. Шығармашылыққа жете көңіл бөліп, баланың жеке-дара ерекшелігіне назар аударту.

Баланы ойлауға, қорытынды жасауға, қиялдауға баулу.

Көңіл-күйлерін терең түсінуге, сұлулықты тауға, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

«Жібек шашақты сақалы бар, майға батырып алған тәрізді басы бар»

Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ой –белсенділігін арттыру. Балалардың көркемдік, эстетикалық талғамын дамыта отырып, белсенділікке тәрбиелеу. Ертегіге терең еніп, сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту көзделеді.

Байқағыштыққа, жауапкершілікке, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

«Сымбатты әтеш»

Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ертегі туралы алған білімдерін, ойын жаттығу арқылы тиянақтау.

Фланелеграф арқылы сөздерін дұрыс, анық, ашық айтылатынын қадағалау, қимыл-қозғалыстарын көрсете білуін дамыту.

Ұқыптылыққа, шеберлікке баулу, эстетикалық талғамын арттыру.

«Алтын айдарлы әтеш» ертегісі сахналау

Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауын қадағалау.

Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру.

Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу.

«Ертегілер әлеміне саяхат»

«Ертегілер әлеміне саяхат» деген тақырыптағы сабақта балаларды қоршаған ортамен таныстыру, ойлау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, ертегінің қалай басталып, қалай аяқталатыны жайлы ұғымын бекіту, есте сақтау, және қайта айтып бере алу дағдыларына үйрету.

«Ертегі елі жермен келе жатыр»

Ертегі кейіпкерлерінің жағымсыз жақтарын таба білуге үйрету, тілін дамыту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.












1.Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Драма

Тақырыбы: «Жемістер жыры» (өлеңді жаттау)

Мақсаты: «Жемістер жыры» өлеңінің мазмұнын ашу: өлең ырғағын келтіре отырып,өлеңнін тіл ерекшелігін, көркем сөздерін түсіну, ойлау қабілетін дамыту; олардың пайдасы, құрамындағы дәрумендері туралы түсініктерін кеңейту; табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар:үлестірмелі жеміс материалдары, муляждар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: нарттай, уылжыған.

Билинвалді компонент:бау (бақ) – сад; жемістер – фрукты; алма – яблоко; өрік – абрикос.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Біздің топта балалар

Тату-тәтті ойнайды

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қолдарындағы допты беру арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Жұмбақ:

Аспай піскен, қайнамай түскен.

Ол не?

-Жемістерге нелер жатады?

-Олар қайда өседі?

-Енді ақын Рза Қунақованың «Жемістер жыры» өлеңімен танысамыз.

Алма:

Нарттай қызыл алмам бар,

Мәз болады алғандар,

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем

Өрік:

Көктемде ерте гүлдейді,

Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде

«Менен аулақ жүр!» - деймін.

Уылжыған өрікпін,

Мен бау-баққа көрікпін.

Педагог балаларды жемістерге бөліп, ойын ойнатады.

Сұрақ-жауап

-Балалар, алманың, өріктің, алмұрттың дәмі қандай?

-Ал шиенің түсі, пішіні қандай?

Сөздік жұмыс

Нарттай қызыл – алманың қып-қызыл болып піскен кезі.

Тәрбиеші қып-қызыл болып піскен алманы көрсетуіне болады.

Уылжыған өрік – жұмсақ болып піскен өрік.

Билингвальді компонент:

Бау (бақ) – сад; жемістер – фрукты;

Алма – яблоко; өрік – абрикос.

Сергіту сәті

Әр ағаштың түбінде

Жатыр алма қамбасы

Баптап күтсең, күніне

Берер саған алмасын

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Дидактикалық ойын:

«Дәмін тат!»

Ойынның шарты: ойынға қатысушы балалардың кезекпен көзін байлап, кесілген дайын жемісті аузына салады, балалар онын қандай жемістің дәмі екенін айтады.

Жаңылтпаш жаттау

«Не деген таңғажайып бақша бұл,

Төбеден алма қарша жауып тұр».


Балалардың жауаптары.

Жауабы: жемістер.

-Алма,өрік,алмұрт,алша,шие


-Жемістер ағашта өседі.


Балалар өлеңді тыңдайды.



Балалар алманың түсі, дәмі қандай болатынын, өріктің түсі, дәмі қандай болатынын айтады.


Балалар өлеңдегі жемістерді рөлге бөлініп ойнайды.



Балалардың жауаптары.



Таза піскен қызыл алманы көріп, қызықтайды.


Өрік сары болады. Нарттай, уылжыған сөздерін қайталайды.


Балалар қайталайды:

Бау (бақ) – сад; жемістер –

фрукты; алма – яблоко; өрік – абрикос:


Балалар қимылмен көрсетеді.



Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.



Жемістерді дәмін қарай ажыратады.




Балалар жаңылтпашты жаттайды.

Рефлекциялық түзетушілік

-Өлеңде қандай жемістер туралы айтылған?

-Нарттай қызыл деген сөзді қалай түсінесің?

-Алма, өрік туралы.

Балалар өз ойларын айтады.Балалар тақпақты мәнерлеп жатқа айтып береді.


Күтілетін нәтиже:


Білу: жемістер туралы жаттаған тақпақтарын еске түсіреді.

Түсіну: жемістерді ажырата алады, адам денсаулығына пайдасы бар екендігін түсінеді.

Меңгеру: «жемістер жыры» өлеңін тыңдай отырып, әр жемістің өзіне тән тілді үйіретін дәмі, түсі бар екендігін ойын арқылы көрсетеді.



Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

.

Білім беру саласы: Каммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: «Арыстан мен тышқан»

Мақсаты: Ертегі арқылы балаларды табиғатты қорғауға, ертегінің мазмұнын басты кейіпкерлердің мінез құлқына баға бере отырып, өз ойларын жеткізе білуге баулу. Өз түсініктерін кейіпкерлендіру арқылы көрсете білуге дағдыландыру. Бір-біріне қамқор болуға адалдыққа шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: арыстан мен тышқанның суреттері.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотовациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Біздің топта балалар

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Айбарлы түсі бар,

Қанжардай сұсы бар,

Күйжіреген жалды,

Білсең айт бұл аңды?

Арыстан-азулы аң патшасы. Тышқан-кішкентай кеміргіш. Арыстан ашуланғанда күркіреген дыбыс шығарады.

-Біз бүгін Арыстан туралы қызықты ертегі, «Арыстан мен тышқан» деген ертегімен танысамыз.

Сөздік жұмыс.

Қайырым-жақсылық жасау, көмек көрсету деген мағынаны білдіреді. Ал кәдеге жарармын деген сөз-бір кезде мен де жақсылық жасап, көмек беруім мүмкін деген мағынаны білдіреді.

Сергіту сәті.

Орманға біз барамыз,

Ағаштарды аралап,

Арыстан болып ақырып,

Тышқанша біз жүреміз.



Сұрақ-жауап.

-Арыстан нені ұстап алды?

-Тышқан не деді?

-Арыстан тышқанды неге мазақтады?

-Тышқан арыстанға қалай көмектесті?


Балалардың жауаптары.

Жауабы: арыстан.



Балалар сөздердің мағынасын түсініп алады.







Балалар қимылмен көрсетеді.

Балалардың жауаптары.


Рефлекциялық түзетушілік

- Тышқан арыстанды не деп ұялтты?

- Тышқанның тапқырлығытуралы өз ойыңды айт.

Балалар өз ойларын айтып жеткізеді.



Күтілетін нәтиже:

Білу: ертегімен таныса отырып, балалар ертегі кейіпкерлерінің дауыстарын келтіреді, жүріс-тұрысын көрсетеді.

Түсіну: арыстанның тышқанды менсінбегені дұрыс еместігін, басына қиындық түскенде тышқанның да көмекке жарағанын, балалар да бір-біріне көмектесіп, тату болу керектігін түсінеді.

Меңгеру: ертегі бойынша рөлге бөлініп ойнайды.






Ұйымдастырылған оқу қыметінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Драма

Тақырыбы: «Алтын астық»

Мақсаты: Өлеңнің мазмұнын ашу, өлеңді дауыс ырғағын келтіре оқи отырып, әр шумағын қайталау арқылы жаттату, піскен астықты ору, жинау науқаны туралы балаларға айтып жеткізу, еңбекке деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: астықты комбайнмен орып, жинап, машинамен қамбаға тасып жатқан суреттер, жұмыс дәптері,түрлі түсті қарындаштар

Оқу қыметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қыметі

Балалардың қыметі

Мотовациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Тәрбиеші балалар жұмбақ жасырады:

Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында дәні бар.

Ол не?

-Бидай, сұлы, арпа, тарыны жалпы астық деп атайды. Астық піскен кезде егін жинау науқаны басталады.

-Бүгін біз Қ.Мүсіреповтың «Алтын астық» өлеңімен танысамыз.

Көктемдеегін егетін,

Күзде жиып теретін,

Біздің дала- бай дала,

Алтын астық айнала

Ел егінін жинайды.

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала-бай дала,

Алтын астық айнала.

Сұрақ-жауап

-Егінді жылдың қай мезгілінде жинайды?

-Қандай дәндер астық түріне жатады?

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Сергіту сәті.

Күз мезгілі, астық пісті.

Астықты комбайнмен орамыз,

Машинамен қырманға тасимыз.

Қамбаға әкеліп төгеміз.

Диірменде ұн жасаймыз.

Ұнды нан зауытына апарамыз.

Ол жерде түрлі нандар, тәтті тоқаштар пісіредіү

Нандарды дүкенге апарады,

Дүкеннен біз сатып аламыз.

Мақал жаттау.

«Ас атасы-нан»

Біздің Отанымыз-Қазақстан.




Балалардың жауаптары.




Балалар өлеңді қайталай отырып жаттайды.

Қазақстан Республикасының рәміздері тудың, гимннің, елтаңбаның авторларын қайталайды.


Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

Балалар қимылмен сергіту сәтін орындайды.



-Менің сүйікті қалам Астана!

-Менің сүйікті қалам Алматы!

-Менің сүйікті қалам Қарағанды!


Рефлекциялық түзетушілік

-Алтын астық деп не үшін айтамыз?

-Астықты қайда сақтайды?

Балалардың жауаптары.


Күтілетін нәтиже:


Білу: «астық» сөзінің мағынасын түсінеді, нанның қандай еңбекпен келетінін біледі.

Түсіну: астық пісіп, жиналатын кез күз мезгілі екендігін түсінеді.

Меңгеру: «Алтын астық» өлеңін жатқа айтады, мағынасын түсінеді, мәнерлеп айтып береді.





Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Драма

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»

Мақсаты: Балалардың зейінін аударып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру. Оның мазмұнын түсініп, өз ойымен жеткізе білуге үйрету. Ертегі кейіпкерлерін рөлдерге бөліп, сахналау. Балаларды кішіпейілділікке, мейрімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: мақта қыз, мысық, сиыр, тал, су, дүкенші, тауық, жұмыртқа, қыздар, тышқанның суреттері, ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі.

Сөздік жұмыс: қатық, ін


Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотовациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Күн, мен сені сүйемін,

Күн, мен сенен өтінемін,

Берші маған, алтын Күн!

Бейбітшілік, мейірімділік,

Денсаулық пен жылылық!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Тонын киіп туған,

Жалап бетін жуған.

Ол не?

«Мақта қыз бен мысық» ертегісімен таныстыру, ертегіні оқып беріп, мазмұнын ашу, түсіндіру.

Мысық-үйде өмір сүреді.

Ол тышқан аулайды.

Сөздік жұмыс.

Қатық-сүтті ұйытып дайындалатын тағам.

Ін-жердің астынан қазып жасалатын баспана, тышқанның үйі деген мағынаны білдіреді.

Сұрақ-жауап.

-Ертегі қалай аталады?

-Мақта қыз не тауып алды?

-Мысық не істейді?

-Мақта қыз мысықты қалай жазалады?

-Мысық қатық іздеп қайда барды?

-Мысық құйрығын қалай қайтарып алды?

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп, толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Балалардың жауаптары.

Жауабы: мысық.



Балалар ертегімен танысады.



Қатық сүттен жасалады.

Тышқанның іні-тышқанның үйі.


Балалардың жауаптары.

-Мақта қыз мейіз тауып алды. Мысығын шақырды.

-Мысығы келмеді.

-Мақта қыз Мысықтың құйрығын кесіп алды.


Балалар қимылмен орындайды.




Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

Рефлекциялық түзетушілік

Ертегі желісі бойынша мақтақыз бен мысықтың әркетін әңгімелету.

Балалар әңгімелейді.



Күтілетін нәтиже:


Білу: ертегінің мазмұнын түсіне отырып, рөлге бөліп ойнайды.


Түсіну: бір-біріне қамқор болуды, достарына көмектесіп, қолындағысын бірге бөліп жеу керектігін түсінеді.


Меңгеру: әрбір кейіпкердің рөлін ойнай отырып, қимыл арқылы көрсете алады.





5.Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Драма

Тақырыбы: «Әдептілік әлемі»

Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқу, сөздердің мағыналарын түсіндіру. Өлең арқылы балаларды шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, әдептілік туралы өз ойларын ашып айта білуге баулу. Әдепті, кішіпейіл, мейрімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: әдептілік туралы суреттер,

Сөздік жұмыс: аяқ-табақты, асықпай.

Билинвалді компонент: аяқ-табақты-посуда

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.-

-Балалар, «әдептілік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Әдептілік деп үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тазалықты сүю, достарын ренжітпей ойнау, қиын кезде көмектесуді айтамыз.

-Бүгін ақын Ермек Өтетілеуұлының «Әдептілік әлемі» өлеңімен танысамыз.

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жина аяқ-табақты.

Сөздік жұмыс:

Аяқ-табақ-тамақ ішетін ыдыстар.

Сұрақ-жауап

-Асты асықпай, сөйлемей отырып ішу керек. Асықпай ішкен ас сіңімді болады. Ас ішкен соң ыдыстарды жуып-тазалауға көмектесу керек.

-Әдепті бала деп қандай баланы айтамыз?

-Әдепті атану үшін қандай болу керек?

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Сергіту сәті.

Көшелерден біз өткен,

Ата көрсем, жақын кеп

Сәлем берем ізетпен:

«Есенсіз бе, ата?»-деп.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейілеп,

Сәлемдесем сол тұста:

«Есенсіз бе, әжей»-деп.

Дидактикалық ойын:

«Қайсысы дұрыс?»

Ойынның шарты: тақтаға бірнеше сурет ілінеді, балалар сол суреттердің ішінен әдептілік туралы не көрсетілгенін әңгімелеп береді.

Мақал жаттау.

«Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені»

Балалардың жауаптары.

Жауабы: көктем мезгілі.

Балалар көктем туралы өз ойларын айтады.







Балалар мақалды жаттайды.


Рефлекциялық түзетушілік

-Әдепті бала қандай болады?

-Сен әдепті болу үшін не істер едің?


Балалардың жауаптары.




Күтілетін нәтиже:


Білу: әдептілік туралы өлең сөздерінің мағынасын түсініп мәнерлеп айтып береді. .

Түсіну: әдепті болу үшін мейірімді, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор

Бола білу, таза жүріп, достарына адал болу керектігін түсінеді.

Меңгеру: берілген ойын тапсырмадағы суретті тауып бере алады.






6.Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Драма

Тақырыбы: «Көкек»

Мақсаты: Ертегіні оқып жеткізу арқылы ертегі кейіпкерлерінің жағымды-жағымсыз қасиеттерін көруге, іс-әрекеттерін сезінуге, өз ойларын жеткізе білуге баулу. Балаларды адамгершілікке тәрбелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: көкөктің, балалардың, дана адамдардың суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: дана адам, болжай алмайсың

Билинвалді компонент: адам-человек

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн,

Қайырлы таң! Тағы да,

Күліп шықты күн бүгін!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде қандай құстар ұшып келеді?

Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Қайталап атымды,

Ән салып аламын,

Кез келген ұяға

Жұмыртқа саламын.

-Балалар, бүгін біз «Көкек» ертегісімен танысамыз.

Ертегіні оқып шығып, ертегі бойынша мағұлматтар беру.

-Көкөк-ерте көктемде ұшып келетін құс, өз атын өзі шақырады.

Сөздік жұмыс.

Дана-ақылды, көп білетін адам.

Болжай алмайсың сөзі алдын ала біле алмайсың деген мағынаны білдіреді.

Сұрақ-жауап

-Көкек қайда ұшып келеді?

-Балалар Көкекті ұстау үшін не істеді?

-Көкекке кім кездесті?

-Көкек не деп күледі?

-Дана адам Көкекке не деп жауап берді?

-Көкек не істеді?

-Дана адам балаларға не дейді?

Сергіту сәті.

Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде,

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Балалардың жауаптары:

-Көктемде қарлығаш, аққу, тырна, қаз, көкек ұшып келеді.Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Жауабы: көкек.


Балалар ертегіні тыңдайды.




Сөздердің мағынасын түсінеді.

-Қалаға ұшып келеді.

-Тұзақ құрып, оған шегіртке салып қояды.

Балалардың жауаптары.


Балалар қимылмен көрсетеді.

Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

Рефлекциялық түзетушілік

- Дана адам Көкекке қандай ақыл айтты?


-Алдын ала мақтанып босқа күлме. Әйтпесе шынында да тұзаққа түсіп қалып жүрерсің.



Күтілетін нәтиже:


Білу: көкектің өз атын шақыратын құс екендігін, жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салып кететінін біледі.

Түсіну: құстарға қамқорлық жасап, жемшашар, ұя жасап беру керектігін түсінеді.

Меңгеру: дана адамның айтқан сөзін түсіне отырып, алдын ала мақтанбау керектігін біледі.





Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: «Маша мен аю»

Мақсаты: Ертегіні таныстыруда балалардың ертегіге деген қызығушылығын арттыру. Оның мазмұнын мағынасын түсініп, өз ойымен жеткізе білуге үйрету. Ойын қиялмен ұштастыруға, кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге дағдыландыру. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: ертегі бойынша суреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: бұртиды, бәліш

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Балдырған баламыз,

Қашан да, қайда да

Бірлікте боламыз!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Орманнан, жалпақ даладан,

Бал іздеп бір аң жортады.

Кіп-кішкене арадан

Үп-үлкен болып қорқады.

-Балалар, «Маша мен аю» ертегісін мультфильмнен көргендерің бар ма?

-Біз бүгін осы «Маша мен аю» деген орыс халқының ертегісімен танысамыз. Ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Сөздік жұмыс.

Бәліш-ұннан жасалған тағам.

Бұртиды-ренжіді, өкпеледі деген мағынаны білдіреді.

Сергіту сәті.

Тауға шықсаң, қалың қар,

Сайға түссең, қалың қар,

Шырша үсті қалың қар,

Байқаңдар, қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.

Сұрақ-жауап.

-Маша құрбыларымен қайда барды?

-Маша адасып жүріп қайда кірді?

-Маша аюға не пісірді?

-Маша аюды қалай алдады?

-Маша үйіне қалай жетті?

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.


Жауабы: аю.

Балалардың жауаптары.

Балалар ертегіні тыңдайды.

Бәліш, бұртиды сөздерінің мағынасын қайталайды.

Балалар қимылмен көрсетеді.

Балалар жауап береді.

-Маша құрбыларымен орманға барды.

Құрбыларынан адасып қалып, аюдың үйіне кірді.

-Маша аюға бәліш пісірді.

- «Жаңбыр жауып тұрған жоқ па екен, көріп келші»,

-деп аюды далаға жұмсады. Ал өзі қораптың ішіне кіріп алады.

-Аю қорапты арқалап, Машаны атасы мен әжесінің үйіне жеткізеді.

Балалар жұмыс дәптердегі тапсырманы орындайды.

Рефлекциялық түзетушілік

- Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?


Балалардың жауаптары.




Күтілетін нәтиже:


Білу: балалар ата-анасының айтқан сөзін тыңдау керектігін.

Түсіну: ата-әжесіне жету үшін Машаның қулық жасағанын түсінеді.

Меңгеру: ертегінің мазмұнын, мағынасын өз ойымен жеткізе алады..













Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: «Түлкі мен қоян»

Мақсаты: Ертегіні сурет бойынша әңгімелеу. Жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін өз ойларымен жеткізе білу. Жануарларға қамқор болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: түлкі мен қоянның суреттері, ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: қу, айлакер

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Бұлаңдаған құйрығы,

Бар алдарлық қулығы.( түлкі)

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.( қоян)


Балалардың жауаптары.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

-Балалар, бүгін біз «Түлкі мен қоян» ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші ертегіні оқып береді, мазмұнын түсіндіреді.

-Түлкі-жабайы аң, ол орманда жүреді.

Өте қу, айлакер. Қоян-өз сыбдырынан да қорқатын қорқақ аң.

Сөздік жұмыс

Қу, айлакер деген сөздер алдайды деген мағынаны білдіреді.


Сұрақ-жауап

-Шаршап келе жатқан Түлкі нені көреді?

-Түлкі Қоянға не дейді?

-Қоян түлкінің алдауына түсті ме?

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

-Ертегі қалай аталады?

-Ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі?

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Ұйқасын тап.


Кезіп жүріп өзекті,

Ұстап алдым... Жауабы: көжекті.


Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.






Қу, айлакер сөздерінің мағынасын түсінеді.

Қайталайды:


Балалар сұрақтарға толық жауап береді.




Балалар қимылмен көрсетеді.







Балалар жауап береді.



Балалар жауап береді.



Рефлекциялық түзетушілік

Ертегінің мазмұнын қайталап сұрайды.

Рөлге бөлініп ойнауға ұсыныс жасайды.


Балалар ертегіні рөлге бөлініп ойнайды.




Күтілетін нәтиже:


Білу: ертегіні рөлге бөлініп ойнайды, аңдардың қимылдарын еске түсіреді.

Түсіну: түлкінің қу аң екендігін, қоянның ақылдылығын түсінеді. .

Меңгеру: достарын ешқашан алдамай, бір-біріне көмек көрсетіп, тату болу керегін біледі.






9.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: «Үш қыз» (ертегі)

Мақсаты: Ертегіні балаларға таныстыра отырып, кейіпкерлер тағдырына балаларды ортақтастыру арқылы кейіпкерлермен бірге қуанып, бірге армандап, ізгілік пен ерсілікті айра білуге үйрету. Балаларды ізеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: ананың және қыздардың иллюстрациялы суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: аяулы жан, қайрымдылық.

Билингвалді компонент: ана-мама, қыздар -дочки, ауыру-болеть


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Біздің топта балалар

Тату-тәтті ойнайды,

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір –біріне жылы лебіздері


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

-Өмірдегі ең жақын, ең аяулы жан кім?

-Ең аяулы жан-ол ана. Анамызды сыйлап, айтқанын орындап, ренжітпей жүруіміз керек. Анамыз ауырып қалса, дәрі-дәрмек беріп, қарауымыз керек.

-Бүгін біз татар халқының «Үш қыз» ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші ертегіні мәнерлеп оқып береді, мазмұнын түсіндіреді.

Сөздік жұмыс.

Аяулы жан сөзі өмірдегі ең жақын, ең қымбат деген мағынаны білдіреді.

Қайырымдылық деп қиын кезде көмек көрсетуді айтамыз.

Билингвальді компонент: ана-мама, қыздар -дочки, ауыру-болеть

Сұрақ-жауап.

-Анасы тиінді жұмсап, қыздарын не үшін шақырды?

-Тиін үлкен қызды неге айналдырды?

Не үшін?

-Тиін ортаншы қызды неге айналдырды? Не үшін?

-Тиін кіші қызды неге айналдырды? Не үшін?

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қарлығаш боп ұшайық

Бір отырып, бір тұрып,

Жақсы сергіп қалайық.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Мақал жаттау.

«Ана алдында-құрмет,

Ата алдында-қызмет.


Балалардың жауаптары.


Жауабы: ана.


Балалар ертегімен танысады.


Сөздердің мағынасын түсінеді.

Қайталайды: ана-мама, қыздар -дочки, ауыру-болеть

-Ауырып қалған соң шақырды.

-Үлкен қызы тегеш тазалап жатқанын айтып, анасына көмекке бармайды. Тиін оны тасбақаға айналдырды.

-Ортаншы қыз тоқыма тоқып жатырмын деп, анасына көмекке келмейді. Тиін оны өрмекшіге айналдырды.

Кіші қызы бәрін тастап, анасына көмекке жүгіреді. Тиін қызды балараға айналдырды.

Балалар қимылмен көрсетеді.


Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.


Балалар мақалды жаттайды.

Рефлекциялық түзетушілік

- Егер аналарын, қамқоршың ауырып қалса, сендер қалай көмектесесіңдер?

Балалардың жауаптары.




Күтілетін нәтиже:


Білу: анасын, қамқоршысын сыйлайды, көмектеседі.

Түсіну: ана-баласы ауырса әрдайым жанында болатын аяулы жан екенін, бала да анаға қамқорлықпен қарауы керегін түсінеді. .

Меңгеру: аналарға арналған өлеңдер мен тақпақтар айтып береді.




10.Ұйымдастырылған оқуіс-әрекетінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: «Менің қанатты достарым» (сурет бойынша әңгіме)

Мақсаты: Балаларды табиғаттағы құстарды аялап,баптап, күтуге баулу.Үнтаспадан құстардың үнін тыңда тып,дауыстарын шамалары жеткенше айыра білу ге үйрету.Құстарға деген қамқорлық көзқараста рын тереңдету.

Керекті құралдар: Жыл құстарының суреттері, үнтаспадан құстардың дауысы.

Билигвальдік компонент: құстар -птицы.

Әрекет қозғаушы.

Тәрбиешінің іс-әрекеті.


Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер:

«Сәлем, сәлем, алтын күн!»

Балаларға үнтаспадан құстардың дауысын тыңдату.

Балалар шеңберде тұрып,амандасып, бір біріне жақсы тілектерін айтады.

Балалар үнтаспаны тыңдайды.


Ұйымдастыру- іздену

С. Көбеевтің «Құстың ұясы» шығармасын оқып беру. ( 3 түрлі екпінмен)

Балаларға әңгіменің мазмұнын айтып беру.

Сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұнын сұрау.

Құстардың суретін көрсете отырып, олардың түрлерімен таныстыру.

Құстардың табиғаттағы ролі туралы айтып кету.

Сергіту сәті.

Тоқылдақтың неге «Орман дәрігері» деп атайды?

Сурет ішінен тоқылдақты тауып бояу.

Ойын: «Бұл қандай құс?».


Шығарманың мазмұнын айтады, сұрақтарға жауап береді.


Бау бақшаны зиянды құрт құмырсқалардан тазартады.


Ұя жасау, тамақтандыру.

Балалар сергіту сәтін орындайды.


Ағаштарды емдейді. Балалар бояйды.

Ойынға қатысады.

Рефлексифті түзету

Құстарға қамқорлық жасап, оларды қорғау керек.

Сұрақ қою арқылы қорытындылау.ҰОІӘ-не белсене қатысқан балаларды бағалау, мадақтау.


Балалар не туралы әңгімелегенін, қандай ойын ойнағанын айтады.



Күтілетін нәтиже:


Білу:Құстар және олардың көктемгі тіршілігі туралы білу.

Меңгеру: Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасын білуге, түсінуге баулу.

Игеру:Құстарға деген қамқорлық сезіміне тәрбиелеу.





11.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: «Ерте, ерте, ертеде...»

Мақсаты: Суреттер бойынша өткен ертегілерді еске түсіре отырып, ертегі жанрының ерекшелігін, мазмұнын айтып жеткізу. Балалардың ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ертегіге деген қызығушылығын арттыру, балаларды кішіпейілділікке, мейрімділікке, қамқорлық жасауға үйрету.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: өтілген ертегілердің суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: ертегі - қызықты әлем

Билингвалді компонент: ертегі-сказка.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

«Ертегілер» әнімен балалар оқу іс-әрекетін бастайды.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір –біріне жылы лебіздері

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші балаларды төрт топқа бөледі.

Әрбір топқа топ атын қояды.(атын ертегі кейіпкері атымен де қоюға болады)

Тапсырма берілген ұяшықта сандар бар.

Ұяшық санын айтса, ұяшық ашылады. Сол ашылған ұяшықтан ертегінің суреті шығады.

Балалар ертегінің қалай аталатынын табуы керек.

Тапқан топ ертегіні рөлге бөлініп ойнап береді.

Сөздік жұмыс.

Ертегі-қызықты әлем дегені-ертегі оқиғасы біз өмір сүріп жатқан әлемге мүлде ұқсамайды. Аңдар адамша сөйлейтін, адамша іс-әрекет жасайтын қызықты әлем дегенді білдіреді.

Билингвалді компонент: ертегі-сказка.

Сұрақ-жауап.

-Қандай ертегілерді білесің?

-Түлкі туралы қандай ертегі білесің?

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық

Қарлығаш боп ұшайық

Бір отырып, бір тұрып

Жақсы сергіп қалайық.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Балалар ойынға белсене қатысады.


Топтарға бөлінеді.


Өткен ертегілерді сурет бойынша естеріне түсіріп, атын атайды.



Ертегіні қимылдармен көрсетеді.


Ертегі-қызықты әлем.


Сөздің мағынасын түсінеді.

Қайталайды:

ертегі-сказка.



Балалардың жауаптары.



Балалар қимылмен көрсетеді.


Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.



Рефлекциялық түзетушілік

-Ертегіні дұрыс ата.

Тәрбиеші балаларға өтілген ертегілер суретін көрсетеді.


Ертегіні дұрыс таба алмаған топ айыбынтөлеп, тақпақ немесе ән айтып береді.



Күтілетін нәтиже:


Білу: өткен ертегілердің атын, кейіпкерлерін, олардың іс-әрекеттерін еске түсіреді.

Түсіну: әрбір өткен ертегінің мазмұнын қайталайды, түсінеді. .

Меңгеру: ертегі кейіпкерлерін рөлге бөлініп ойнайды, мақал мәтелдер айта отырып қайталайды.










Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: «Көктем»

Мақсаты: «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқу, сөздердің мағыналарын түсіндіру. Өлең арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, көктем туралы өз ойларын қиялмен ашып айта білуге баулу. Көктемдегі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: көктем туралы иллюстрациялы суреттер, табиғат құбылыстарының суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: мөлдір, төгілді.

Билингвалді компонент: Көктем-весна

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырылады:

Бұлтты айдап желдеткен,

Нөсерлетіп селдеткен,

Жаңбырлатып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

-Жыл мезгілдерінің бірі-көктем. Көктемде қар еріп, жаңбыр жауады, күн ысиды.

-Бүгін біз белгілі ақын Төлеген Айбергеновтің «Көктем» өлеңімен танысамыз.

Көктем қандай көңілді,

Көктен жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.

Өлеңнің мағынасын түсіндіріп, қайталау.

Сөздік жұмыс.

Мөлдір деп тап-таза, ашық, тұнық нәрсені айтамыз.

Төгілді-бұл жерде жаңбырдың нөсерлеп жауғанын білдіріп тұр.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен болып өседі.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Дидактикалық ойын:

«Бұл қандай құбылыс?»

Ойын шарты: суретте берілген көктемдегі табиғат ерекшеліктерін балалар өз ойларымен толық жеткізе айтып беруі керек.

Балалар жауаптары.


Жауабы: көктем мезгілі.



Балалар көктем туралы өз ойларын айтады.




Балалар өлеңмен танысады. Қайталай отырып жаттап алады.


Мөлдір, төгілді сөздерінің мағынасын қайталайды.

Балалар қимылмен көрсетеді.



Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

«Бұл қандай құбылыс?» ойынында суретте берілген көктемдегі табиғат ерекшеліктерін балалар өз ойларымен айтып береді.

Рефлекциялық түзетушілік

- «Көктем» өлеңінде табиғат құбылысы қалай суреттелген.

Балалардың жауабы.




Күтілетін нәтиже:


Білу: жыл мезгілдерін ажырата алады, көктем мезгілі туралы өз ойларын толық айтып береді.

Түсіну: көктем-жылдың ерекше мезгілінің бірі екендігін түсінеді.

Меңгеру: «Көктем» өлеңін мәнерлеп жатқа айтады.






13.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Әже(өлеңді жаттау) Әбубәкір Қайранов

Мақсаты: Өлеңді оқып, мазмұнын ашу. Өлең ырғағын келтіре отырып, әр шумағын қайталату, жаттату. Балаларды әже туралы өз ойларын айтып жеткізуге дағдыландыру. Үлкенді сыйлай білуге, әжені құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: мерекелік иллюстрация, әженің суреті, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: кимешек, жаулық.

Билингвалді компонент: әже-бабушка, мереке-праздник.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Тәрбиеші балалардан жақында қандай мереке келе жатқанын сұрайды.

-Көктемнің ең алғашқы мерекесі-аналар, әжелер мерекесі.

-Біз анамыз бен әжемізге арнап қандай тақпақтар жаттадық?

Әжелер-өте мейірімді болады, немерелеріне ертегі оқып береді. Немерелері әжесіне тақпақ, өлең айтып береді. Әжелер кимешек, жаулық киеді.

-Бүгін біз ақын Әбубәкір Қайрановтың «Әже» деген өлеңімен танысамыз.

Кимешегін, жаулығын

Теңеп аппақ гүлге мен,

Әжемнің денсаулығын

Тілеп жүрем күнде мен.

Сөздік жұмыс.

Кимешек жаулық-әжелер киетін баскиімдер.

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз,

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Сұрақ-жауап

Өлеңнің мазмұнын айтқызып, кимешек, жаулық сөздерінің мағынасын қайталау.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Мақал жаттау.

«Ананың сүті –бал,

Баланың тілі-бал».

Балалардың жауабы.


Сегізінші наурыз-аналар мерекесі.

Балалар әжелеріне, аналарынаарнап жаттаған тақпақтарын айтып береді.

Балалар өз әжелері туралы айтып береді.

Кимешек, жаулықты балалар қолдарымен ұстап көреді.

Балалар өлеңді тыңдайды, жаттап алады.

Сөздің мағынасын түсінеді.

Балалар қимылмен көрсетеді.

Өлеңнің мазмұнын айтып, береді, кимешек, жаулық сөздерінің мағынасын қайталайды.

Балалар жұмыс дәптерлеріндегі тапсырманы орындайды.


Мақалды жаттап алады.

Рефлекциялық түзетушілік

Өз әжелері туралы әңгімелеп беруін сұрау.


Балалар әже туралы білетіндерін айтады.




Күтілетін нәтиже:


Білу: әже туралы өз ойларын айтады..

Түсіну: әжелердің аппақ кимешек, жаулық киетінін, немерелеріне қызықты ертегі оқып беретінін, аялы алақанымен маңдайынан сипап, иіскейтіні әже мейірімі екенін түсінеді.

Меңгеру: өлеңді жатқа айтады, кимешек, жаулық сөздерінің мағынасын айтып береді.






14.Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Наурыз көже»

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы айтып өлеңді дауыс ырғағын келтіре отырып оқып жеткізу. Салт-дәстүр, әдет ғұрыптар туралы ұғындыру, оны бағалап құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: наурызкөже жасап жатқан әжелердің, наурызкөжеге салатын тағамдардың суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: наурызкөже, әдейі

.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші үлкен ғажайып асықты көрсетіп, балалардың әрқайсысы оң жағында тұрған балаға қарап, асықты беру арқылы жылы сөздер айтып, көңіл күйлерін білдіреді.


Балалар бір –біріне Наурыз туралы жылы сөздер айтып, амандасады.

-Сәлеметсің бе, Айбек досым!

-Наурыз мерекесі құтты болсын!

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

-Наурыз мерекесінде пісірілетін асты наурызкөже дейміз. Наурызкөже қыстық соғымнан қалған сүрленген еттен, дәнді дақылдар қосылып жасалады. Оған қатық немесе айран қосылады.

-Бүгін біз Ақылбек Шаяхметовтың «Наурызкөже» деген өлеңімен танысамыз.

Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурызкөже пісірді.

Сөздік жұмыс.

Наурызкөже деп мерекеде арнайы пісірілген көжені айтамыз.

Әдейі деген сөз арнайы жасалған деген мағынаны білдіреді.

Сұрақ-жауап

-Наурызкөжені кім дайындайды?

-Наурызкөже ішіп көрдіңдер ме?

Ұнады ма?




Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз,

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Өлеңнің мазмұны туралы айтып, наурызкөже, әдейі сөздерінің мағынасын қайталау.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Наурызкөже қыстық соғымнан қалған сүрленген еттен, дәнді дақылдар қосылып жасалады.

Оған қатық немесе айран қосылады.




Балалар өлеңді қайталап, жаттап алады.





-Әдейі-арнайы жасалған деген сөз.

-Наурызкөжені әжелер, аналар дайындайды.

Балалар өз ойларын айтады.

Балалар қимылмен көрсетеді.

Өлең шумақтарын жатқа айтып береді.



Рефлекциялық түзетушілік

-Наурызкөже қандай дәндерден жасалады?

-Наурызкөжені кімдер жасайды?


Балалардың жауаптары.




Күтілетін нәтиже:

Білу: Наурыз мерекесінде әжелер пісіретін наурызкөженің жасалу жолдарын біледі.

Түсіну: Наурыз қазақ ұлттық мерекесі екенін түсінеді.

Меңгеру: «Наурызкөже» өлеңін мәнерлеп жатқа айтып береді.








15.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Шықбермес Шығайбай»

Мақсаты: Балаларға ертегіні таныстыра отырып, ертегінің мағынасын, тәрбиелік мақсатын түсіне білуге баулу. Ертегі желісі бойынша сахналай білуге үйрету. Балаларды адамгершілікке имандылыққа, мейрімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: Алдаркөсенің, Шықбермес Шығайбай мен оның үй ішінің суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: сараң, қу

Билингвалді компонент: бай -богатый, кедей-нищий, қу-хитрый.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

Балаларға үнтаспадан «Ертегілер» әнін тыңдатып, әуенге сай билетеді. Тәрбиеші қолына сиқырлы таяқшаны алып, әр баланы түрлі ертегі кейіпкеріне айналдырады.


Балалар бір-біріне ертегі кейіпкерлері атынан тілектер айтады.

-Мен ақылды қоянмын, сендерге денсаулық тілеймін!

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

-Сендерге ертегі тыңдаған ұнай ма?

-Ендеше мен сендерді Алдаркөсенің басынан кешкен бір оқиға туралы қызықты ертегімен таныстырамын.

Ертегіні мәнерлеп, мазмұнын балаларға түсінікті етіп оқып беру. Ертегіні бейнетаспа арқылы көгілдір экраннан көрсетуге де болады.

-Алдаркөсе қулығымен, айласымен адамдарға жақсылық жасап, көмектесіп отырған.

Сөздік жұмыс.

Қу-алдай алатын, айлакер адам.

Сараң-ешкімге ешнәрсе бермейтін, тек өзін ғана ойлайтын адам.

Сұрақ-жауап

-Шықбермес Шығайбай қандай адам еді?

-Оның үйіне қонаққа кім келді?

Ертегі желісі бойынша Алдаркөсе мен Шықберместің сөздерін қайталату.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық

Бір, екі, үш!

Орнымызды табайық.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Ертегіні сахналап, рөлге бөліп ойнайды.

Мақал жаттау.

«Берместің асы піспес,

Қазаны оттан түспес»

Балалардың жауаптары.



Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.




Алдаркөсе-қу,

Шығайбай-сараң.



Қу, сараң сөздерінің мағынасын түсіне отырып қайталайды.


-Шығайбай-сараң, ешкімге ас-су бермейтін, жақсылық жасамайтын адам.

-Алдаркөсе келеді.

Балалар қайталайды.

Балалар қимылмен көрсетеді.




Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.


Ертегіні рөлге бөліп ойнау.


Балалар мақалды жаттап алады.


Рефлекциялық түзетушілік

- Шығайбайды Алдаркөсе қалай алады?



Балалардың жауаптары.



Күтілетін нәтиже:


Білу: ертегіні мұқият тыңдай отырып, ертегі кейіпкерлерін еске түсіреді.

Түсіну: ертегі барысымен таныса отырып, Шығайбайдың сараң адам, Алдардың қу, айлакер екенін түсінеді.

Меңгеру: ертегінің мазмұнын рөлге бөліп ойнайды, сахналайды.







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Киіз үй»

Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу. Киіз үйдің көрінісін сурет бойынша сипаттап әңгімелеу. Өлең жолдарын жаттату, сөздік қорын молайту. Ұлттық құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: киіз үйдің иллюстрациясы, киіз үйдің ішіндегі ұлттық жиhаздар, киіз, текемет суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: шалғынды.

Билингвалді компонент: киіз үй -юрта, ата-дедушка, қойшы-чабан.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Арайлап атқан таңымыз,

Жайнасын бүгін күніміз,

Жайқалсын бүгін гүліміз,

Қайырлы таң, балалар!


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

-Әйгерім, сен гүлдей әдемісің!

-Азамат, сен батылсың!

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Ұқсайтын шеңберге

Қабырғасы жиылып, керіледі

Жиhазы мол, кең бөлме,

Төбесінен жұлдыздар көрінеді.

Ол не?

-Балалар, қонаққа барғыларың келе ме?

-Онда әжеміздің киіз үйіне қонаққа барайық.

Саз әуенімен балаларды ертіп, Ақ әжеге қонаққа келеді.

Ақ әже қуанышты қарсы алады.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Келгендерің қандай жақсы болды.

Келіңдер, төрлетіңдер.

Ақ әже киіз үйдің ішкі және сыртқы бұйымдарымен таныстырады.

-Киіз үй ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұра. Киіз үй көшіп-қонып жүргенге өте қолайлы. Шаңырағы, керегесі, уығы, есігі, жабуы киізден жасалғандықтан, киіз үй деп айтылған.

-Енді мен сендерге ақын Қ.Баянбаевтың «Киіз үй» өлеңін оқып берейін.

Атам менің айбынды,

Атам менің сүйікті,

Бір қойнауға шалғынды

Киіз үйін тігіпті.

Сұрақ-жауап

-Балалар өлең не туралы?

-Өлең ұнады ма?

-Ақ әжемізбен бірге қайталап айтайық.

Тәрбиеші:

-Топқа қайтатын уақыт та болып қалды, Ақ әжемізбен қоштасайық.

Сөздік жұмыс.

Шалғынды-шөп қалың өсетін жер деген мағынаны білдіреді.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Киіз үйдің жабдықтарын атау.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Жауабы: киіз үй


-Барғымыз келеді.

Балалар қуаныштарын білдіреді.



Балалар Ақ әжемен сәлемдеседі.

Балалар киіз үйдің ішіне кіріп, төселген көрпеше үстіне, жайылған дастарқанды айнала отырады.


Балалар киіз үйдің бөлшектерімен танысады.

Шаңырақ, кереге, уық, есігі, сыртынан жабатын киіз жамылғы.

Балалар мұқият тыңдайды.

Өлеңнің шумақтарын қосылып қайталайды, жаттап алады.


Балалардың жауаптары.


Балалар қайталап айтады.


Балалар Ақ әжеге рақмет айтып, қоштасады. Топқа келеді.

Шалғынды-шөп қалың өсетін жер.

Дәптердегі берілген тапсырманы орындайды.


Балаларды киіз үйдің жабдықтарын қайталайды.


Рефлекциялық түзетушілік

-Киіз үй деп қандай үйді айтамыз?

-Киіз үйді қайдан көрдіңдер?

Балалардың жауаптары.




Күтілетін нәтиже:


Білу: өлеңді қайталай отырып , бүгінгі Ақ әжеге қонаққа барған сәттерді еске түсіреді, киіз үйдің іші-сыртқы көріністерін, не көргенін айтады.

Түсіну: киіз үй тез жиналатын, көшіп-қонуға қолайлы үй екенін түсінеді.

Меңгеру: өлеңді мәнерлеп жатқа айта алады.






Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: драма

Тақырыбы: «Достық мерекесі»

Мақсаты: «Достық мерекесі» өлеңін мәнерлеп оқу, сөз мағыналарын түсіндіру. Өлең мазмұнын айтқызу арқылы қайталай отырып жаттату. Достық сезімдерін ояту, Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: мерекелік иллюстрациялар, әртүрлі ұлттың киімін киген балалардың суреттері, балалардың суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: құшағын ашу, тең басқан

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

-1мамыр-халықтар достығының, ынтымақ мерекесі.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір –біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

-Мерекеде біз қолымызға не ұстаймыз?

-Достық-барлық елдердің бірлігі, берекесі, татулығы. Еліміз тыныш болса, бәрі де жақсы болады.

-Біз бүгін ақын Серікбай Оспановтың «Тілеріміз бейбіт күн» өлеңімен танысамыз.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілеріміз бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан!

Сөздік жұмыс.

Құшағын ашу сөзі- бәрін бірдей жақсы көру мағынасын білдіреді.

Тең басқан сөзі барлық ұлттар тең, бірдей жеген мағынаны білдіреді.

Билингвальді компонент: достық -дружба, тыныш-мирно, жалауша-фложок.

Сергіту сәті.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз

Міне, біздер қандаймыз!

Сұрақ-жауап

-Өлең қалай аталады?

-Бейбіт күн дегенді қалай түсінесің?

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Мақал жаттау:

«Дос болсаң, берік бол,

Досыңа серік бол».

Балалардың жауаптары.


-Шар, жалауша ұстап мерекелік шеруге барамыз.







Балалар өлеңді мұқият тыңдайды, жаттайды.




Сөздердің мағынасын түсінеді.




Қайталайды: достық -дружба, тыныш-мирно, жалауша-фложок.


Балалар қимылмен көрсетеді.

Балалардың жауаптары.

Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

Балалар мақалды жаттайды.


Рефлекциялық түзетушілік

-Достық мерекесі күні сендерге несімен ұнайды?

-Бұл күн қандай жерлерге, кімдермен қыдырасыңдар?

Балалардың жауаптары.




Күтілетін нәтиже:


Білу: достық мерекесі туралы өз түсініктерін айтады.

Түсіну: Қ .Р көп ұлтты мемлекет екендігін және онда түрлі халық тұратынын түсінеді.

Меңгеру: достық меркесіне арнап тақпақ, өлең, мақалдар айтады.






18.Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жеңіс күні»

Мақсаты: Өлең шумақтарын мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу. Өлеңді қайталау, жаттату.

9-мамыр Жеңіс күні туралы, Ұлы Отан соғысында елімізді, жерімізді жаудан қорғаған батыр ағаларымыздың ерлігін сурет бойынша әңгімелеу. Өз елін құрметтеуге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: 9 мамыр-Жеңіс күні мерекесіне арналған иллюстрациялы суреттер, Ұлы Отан соғысы батырларының суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: бейбіт, тыныштық.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

9 мамыр - Жеңіс күні!

Біздің батыр ағаларымыз бен апаларымыз елімізді, жерімізді жаудан қорғап қалды.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір –біріне жылы лебіздерін білдіреді

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

- Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр аға- апаларымызды атаңдаршы.

-Жеңіс- соғыста жеңу, жеңімпаз болу деген сөз.

Елімізді, жерімізді, Отанымызды жаудан қорғауға міндеттіміз.

-Бүгін біз ақын ағамыз Қ.Жұмағалиевтің «Жеңіс күні» деген өлеңімен танысамыз.

Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сауал қойдым білгім кеп:

«Қуанышты мереке –

Жеңіс күні қай күн?»-деп,

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым,

Ағамнан да сұрадым

Тосты бәрі құлағын,

-Дұрыс,-десті,-сұрағың!

-Бейбіт күннің бәрі де

Жеңіс күні, шырағым!

Сөздік жұмыс.

Бейбіт, тыныштық сөздері-елімізде барлығы дос, бір-біріне мейірімді деген мағынаны білдіреді.





Сергіту сәті.

Қиынсынып, қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз

Көңілді әуен сазымен

Жаттығуды бастаймыз

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Сұрақ-жауап.

-Өлең қалай аталады?

-Жеңіс күні деп қай күнді айтамыз?

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Балалардың жауаптары.

Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова,

Қасым Қайсенов,

Мәлік Ғабдуллин,

Әлия Молдағұлова т.б





Өлең сөздерін тәрбиешімен бірге қайталайды, жаттайды.








Бейбіт, тыныштық сөздерінің мағынасы-елімізде барлығы дос, бір-біріне мейірімді.


Балалар қимылмен көрсетеді.


Балалардың жауаптары.


Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.


Рефлекциялық түзетушілік

- Жеңіс күні қандай мереке?

Балалардың жауаптары.




Күтілетін нәтиже:


Білу: жеңіс-соғыста жеңу, жеңімпаз болу екенін біледі.

Түсіну: Жеңіс күні-бейбіт, тыныштық күні екенін түсінеді..

Меңгеру: бейбітшілік, тыныштық туралы өз ойларын айта алады.






Қолданылған әдебиеттер


1. Қазақ фольклоры мен халық педагогикасының мәселері. Қоңыратбаев А.С. Алматы., 1984

2. Өмірбекова Қ, Серкебаев Қ, Балалар ертегісі Алматы 1996-247 б

3. Халық ауыз ертегілері- Алматы., 1983

4. Қазақ ертегілері-Алматы., 1999

5. Қазақ  халық әдебиеті. - Алматы., 1990 

6. Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолдану тәсілі// Отбасы және балабақша, 2006.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Көңілді театр" әдістемелік құралы

Автор: Аминова Гулбаршын Токтарбаевна

Дата: 09.02.2018

Номер свидетельства: 456001

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "ШЕТ ТІЛІ САБА?ЫНДА ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ"
    ["seo_title"] => string(51) "shiettilisabagyndazhobalautiekhnologiiasynpaidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "323679"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1462037390"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Волейбо ойынының шығу тарихы мен маңызы"
    ["seo_title"] => string(45) "volieibo_oiynynyn_shyg_u_tarikhy_mien_man_yzy"
    ["file_id"] => string(6) "416694"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1495115993"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(193) "МОДУЛЬДІК О?ЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ Т?РТІБІНДЕ ?АЗА? ТІЛІ МЕН ?ДЕБИЕТ САБА?ТАРЫН ?ТКІЗУДІ? Д?СТ?РЛІ ЕМЕС ФОРМАЛАРЫ "
    ["seo_title"] => string(118) "modul-dik-ok-ytu-tiekhnologiiasy-t-rtibindie-k-azak-tili-mien-diebiiet-sabak-taryn-otkizudin-d-sturli-iemies-formalary"
    ["file_id"] => string(6) "210733"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431495834"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру"
    ["seo_title"] => string(80) "iertieghilier_ark_yly_miektiep_zhasyna_dieiinghi_balalardyn_tanymdyk_dag_dylaryn"
    ["file_id"] => string(6) "375638"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483617438"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства