Просмотр содержимого документа
«Конспект "Берекелі күз"»
«Балапан» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 22.10.2018. Тәрбиеші: Сатымбаева А.К.
Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық»
Пән: Жаратылыстану. Мүсіндеу.
Өтпелі тақырып: «Берекелі күз»
Тақырыбы: «Бізге қонаққа алтын күз келді». «Бақшадағы қызанақ пен қияр»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Бау-бақшада жұмыс істеуге дағдылау,еңбексүйгіштікке, көкөністі жуып жеуге, тазалық сақтауға тәрбиелеу. 2.Дамытушылық: Күз мезгіліндегі маусымдық өзгерістерді бақылауды дамыту. Күз туралы білімдерін кеңейту. Ермексазды алақан арасына салып есу, домалақтау тәсілдерін меңгерту. 3.Оқыту: Күзгі табиғат сұлулығын көре білуді үйрету. Көкөністің адам ағзасына пайдасы туралы мағлұмат беру.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, жеке бағытталған технология Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, слайдтар, муляж, ермексаз,тақтайша,сүлгі Сөздік жұмыс: сыбдырлап, қара бұлт Үштілділік: жапырақтар - листья – gapiraman
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі «Күз» әуені ойналады. Таңғажайып сәт: Қонаққа алтын күз келеді. 2. Негізгі бөлімі
Алтын күз: Балалар, сендер мен туралы не білесіңдер?
Алтын күз балаларға жұмбақ жасырады:
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ қашады. «жел»
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл,
Түссе сары «жапырақ»
Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді
Бусанып жон жонап,
Терледі, керілді. «жаңбыр»
Көзі жасты жылауық
Келе жатыр, бір алып,
Жабырқаса, жылайды,
Жадыраса құлайды. «Бұлт»
Д/о: «Күз нышандары».
Алтын күз бізге көп суреттер алып келіпті. Суреттер бір-біремен араласып кеткен екен, біз осы суттердің ішінен күз мезгілін білдіретін суреттерді тауып, оларды себетке салуымыз керек.
Сөздік жұмыс: сыбдырлап, қара бұлт (сөздердің мағынасын түсіндіру,қайталату) Үштілділік: жапырақтар - листья - gapiraman
Сергіту сәті:
Жаңбыр жауды,
Тық-тық-тық.
Сен көшеге шық-шық-шық.
Жел соғады гу-гу-гу,
Жапырақтар ұшты ду-ду-ду
Құйын тұрды ой-ой-ой
Билеп кетті жапырақтар.
Д\о «Бақта ма, бақшада ма?»
Көкөністер мен жемістерді ажырату Тақтаға көкөністердің суреттері ілінеді.
Сурет бойынша сұрақтар қойылып, шағын әңгіме құрауды ұсынады.
-Балалар, мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
-Қызанақ туралы не айтуға
болады?
-Қияр жайында не айтуға болады?
Тосын сәт: әжей кіреді. Ол өзінің бақшаға көкөністерді жинауға шыққанын айтады.
-Біз әжейге көмектесеміз бе? Оған қызанақты, қиярды жасап береміз бе?
Көкөністерді мүсіндемес бұрын, оны мүсіндеу жолдарын қарастыруды ұсынады:
-ермексазды алақан арасында домалақтау, бір саусақпен басу;
- ермексазды алақан арасына салып есу, домалақтау.
Кейбір балаларға көмек,нұсқау беріледі.
3. Қорытынды Көрме ұйымдастыру. - Қазір қай жыл мезгілі? - Оны қандай белгілері арқылы білдіңдер? - Бізге қонаққа кім келді? - Сендер не мүсіндедіңдер?