Организованная учебная деятельность для дошольников7
Просмотр содержимого документа
«Конспект для занятия в детском саду»
Екінші кіші «Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 07.02.2019ж
Тәрбиеші: Жумабекова Гулназ Жомартовна
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Алуан алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл»
Тақырыбы: Аспазшы еңбегі
Мақсаттары:
Тәрбиелік: аспазшының еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Азпазшының маңызды кәсіп екенін түсіндіру.
Оқыту: Аспазшының міндеттерін атап көрсету.
Педагогикалық технологиялар: әңгімелеу, сұрақ жауап, көрсету.
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, қуыршақтар.
Билингвалдық компонент: аспазшы повар
Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбер:
Балалар шеңберге тұрып, екі тілде амандасады: Сәлем, здравствуйте. Орындарына отырып, назарларын тақтаға аударады.
2. Негізгі бөлім
Балалар тақтада тұрған суреттер бойынша сұрақ жауап алынады.
Суретте кім бейнеленген?
Ол қандай жұмыс жасайды?
Бүгін қандай тамақ жедіңдер?
Оны кім дайындады?
Олар қандай құралдар пайдаланады?
Ойын: Артығын алып таста.
Мақсаты: аспазшы мамандығына байланысты суреттердің арасынан ол мамандыққа қатысы жоқ суреттерды белгілеу.
Сергіту сәті:
Біз аспазшы боламыз,
Тамақ жасай аламыз.
Нанға майды жағамыз
Кесеге ыстық шай құйып,
Аухаттанып аламыз. Балалар әрекеттерді жасап көрсетеді.
Ойын: Көже пісіреміз. Балалар ыдысқа көжеге жасауға қажетті заттары жинайды.
Қорытынды:
Бүгінгі сабақты пысықтап, жақсы қатысқан балаларды мақтау арқылы ынталадырады. Аспазшының бүгінгі асмәзірімен таныстыру.