Просмотр содержимого документа
«Конспект "Этнопедагогика балабақшада"»
№ 7 бөбекжай - балабақшасы
Тақырыбы:
«Қазақ этнопедагогикасы негізінде
мектеп жасына дейінгі балалардың
дүниетанымын қалыптастыру»
Тәрбиеші: Сатымбаева А.К.
Қостанай қаласы
Әр халықтың ғасырлар бойы мысқылдап жиналып, бейне бір арнасы кең өзендей асқар таудай болып қалыптасқан өзіне тән салт-сана, дәстүрлері болады. Бұл салт-сана, достүрлер сол халқықтың адам тәрбиесі, адамгершілік дүниеге, өмірге көзқарасы мен рухани күйінен туған. Сол үшін де ол халықтың жан дүниесінің айнасы, ұрпақтарының кәдір тұтар мұрасы болып қалады. Бірақ салт-сана, дәстүр біткеннің бәрі тапжылмайтын, өзгермейтін, қатып қалған дүние деп қарауға әсте болмайды, ол дәуірден-дәуірге, ұрпақтан-ұрпаққа өткен сайын, сол өзі өмір сүрген заманның, ортаның көзқарасына, қажетіне қарай мазмұнмағына алып, байып, жаңғырып отырады, жаңа, жас сипат алады. Яғни керектісі сақталады да, тозғаны өмір кешіне ілеспей қала береді. Мұның өзі табиғи тұрғыдан алып қарағанда заңды да. Өйткені адамның тыныс-тіршілігі сол өмір сүрген қоғам өмірімен тұтасқан. Кісі өзінің жеке басының қамы үшін емес, қоғам мүддесі, ұрпақ болашағы үшін өмір сүруге, сол үшін игілік жасауы керек. Адамның, қуаныш, қайғысы да, салтанат, көргісі де, барлық байлық, ырыс-дәулеті де сол болмақ. Қай дәстүр болмасын халықтың көз қарасынан туып, тұрмыстық қажеттілік сынынан етіп барып қалыптасады. Алексей Максимович Горький халықтың тек материалдық байлықтарды жасаушы күш қана емес, рухани байлықтардың бірден-бір сарқылмас көзі, барлық ұлы поэмаларды, жердің барлық қайғы-қасіреті мен қуаныш-шаттығын, солардың ішінде ең ұлысы – дүние жүзілік мәдениет тарихын жасаушы, уақыт бойыншада, сулулығы мен данышпандығы бойынша да, тұңғыш философ және ақын екендігін айтқан. Ес біліп ақыл ұштауда, ой дүниесін толықтырып білім алуда ұрпақтан-ұрпаққа талай қилы кезең сындардан өтіп өз мағынасын сақтап келе жатқан халықтың жақсы салт-сана, әдет-дәстүрлерінің ұрпаққа берері мол. Әрбір даналық парасаттың өшпейтін себебі — сол халықтың рухани, мәдени мұраларын сақтап, оны жаңартып, жаңа өмір, жаңа адам, жаңа қоғам талаптарына қарай бағыттап, байытып қызмет істетіп отырғандықтан екені түсінікті. Сондықтан да оны қадірлеп-ардақтап таза ұстау, оған қиянат жасамау қай ұрпақтың болсын қасиетті борышы. Ешбір қағаз бетіне жазылып, указбен (жарлықпен) бекітілмей-ақ түтас бір халықтың рухани қажетіне айналып кеткен мұндай дәстүрлерді неміс философы Э.Канттың, біздің арымыз, ұятымыз деп есептегені де содан болуы керек. «Халық алдында ұялу деген жақсы сезім – өзіңнен өзің ұялу, бәрінен де жақсы», дейді. Л.Толстой. Халықтың, ғасырлар бойы асыл ой тамшысынан жинап, алмас казынадай сақтаған мұрасын құрмсттеу, адамгершілігін, ұяттың не екенін естен шығармау қасиетті сезім. Халық дәстүрлері жас ұрпақты өз халқының тарихын, мәдениетін, рухани, табиғи байлығын, жерін, елін сүюге, айналасын қоршаған дүниеге адамгершілікпен қарауға, құбылыс-болмысты парасатпен тапуға, әділет шапағатқа баулиды. И.Ньютон, менің басқадан алысырақ керетін себебім – алып-тариығының үстінде тұрмын деп тегін айтпаған ғой. Сол алып, даналық пен данышпандық биігі – қадірлі халық одан үйрене жүріп үйретесің, үйрете жүріп үйренесің. Әр халықтың дәстүрі де әр түрлі. Оған себеп: сол халықтың ежелдсн келе жатқан тұрмысы, мен тіршілік еткен географиялық ортасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, өмірге көз қарасы, шаруашылық тіршілігі т.б. Сондықтан да халық дәстүрінің қай-қайсысы болсын ортақ ой, ортақ өмірден туған ортақ қазынаға жатады. Қазақ халқы ежелден, көшпелі, ортақшыл ел, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, басқа түскен қайғы-қасірет, куаныш-шаттық болсын бірге көтеріп келеді. Қолда барды бірден бөліп пайдаланған, өзара бір-біріне көмектесу сияқты белгілі бір коллективке тән дұрыс әдет-ғұрыпты туғызған. Сол әдет-ғұрыптар ұзақ замандарға талмай жетіп, сол халықтар өзіне тен берік дәстүрінің негізін салған. Қазақ Халқының ұлттық дәстүрлері көп салалы «Өнер алды қызыл тіл» деп, әуелі аталы сөзді құрметтеген. Мұнысы даналықты, ақыл-парасатты, тапқырлықты құрметтегені. Не бір асыл ой, ардақты сезім тілмен айтылған ғой.
Адам дүниедегі ең ақылды жаратьшған Биосфера перзені. Оның қолынан жақсылық та, зұлымдық та келеді. Қолында малы көп болып, не ішейін, не киейін деп ойламаған кезде андар мен құстарға, жалпы биосфера компонентгеріне (жерге, суға, өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесінс) адамгершілік, қайырымдылық, жақсылық ойлаған. Қазақ елі жайлауы мен малынан айрылып, амалсыздан амалсыз аң, балық аулаудың әр түрлі айла тәсілдерін қолданып күн көрсе де ежелгі әдет және аса бағалы ұлттық дәстүрлерінен ұлы Абайдың «ақырын жүріп андьш бас, ұстаздық еткен жалықпас» деген даналы сөзін басшылыққа алып, қазақ халқы жастарға валеологиялық білім және тәрбие беруден бірде-бір күн жалыққан емес. Әуелде үш жүзге бөлінген қазақ халқының мекендейтін жерлері «мекендеғен жер-суына қарай олардың салт-сана, әдет-ғүрып ерекшеліктері, айырмашылықтары белгілі дөстүрлері болды. Ондайларды сөйлеген сөзден, киген киімнен, пісірілген астан, тіккен киіз үй мен жасау, ер-тоқымнан байқауға болады. Аңшы жабайы андар мен құстардың өсіп көбеюін, жүретін жерін, олардың мекендейтін, жайылатын орнын, жүріс-тұрысын, дағдысын білумен қатар, олардың мінезін жақсы білуге байланысты нәрсе. Осы асыл дәстүрлерді қазақ халқы балаларына атап үйретіп отырған. Ескі аңшылық дәстүр бойынша аңның көбіне еркегін атады да ұрғашысы мен балаларын атпайды. Қай заман, қай ғасырда болсын қазақ халқында табиғатқа тағылықпен қарау болған жоқ, жабайы аңдар мен құстарға дейін жанашырлықппен қарады. Өзінің қолда бар, еңбек етіп асыраған малына қанағат етті. Табиғат байлығын жеке меншік емес, қоғамдығы, халықтікі, болашақ ұрпақтікі деп қарады. Қазақ арасында бұрын «адам топырақтан жаралды» деген ұғым болғаны рас. Сондықтан да топыраққа, жерге, тірі жүрсең де, өлсең де менің деп ықыласпен қарады. Жерді қазу, шұқылау берекесін кетіру – бәрі де оны жаралаумен тең, оның қаһарына душар болу деген сез — деп ұқты. Осындай түсініктер жер бетінің бүтін болуына, топырақтың тозбауына, көркінің кетпеуіне үлкен себеп болды. Халықтың еңбек ері, дүние жүзіне атағы әйгілі, белгілі дикан, күріш өсіруші Ыбырай Жақаев: «Мен рахметті жерге айтар едім, – дейді – өзімді дүниеге келтірген, маған бақыт әперген, жомарт төсінде дән дариясын тасытқан», «Қасиетті Жер-ана сенсің менің ардақтым!». Міне бұл сөздер жерді ұқсатуды кәсіпеткен сол жердің қасиетін, кереметін, «тілін» түсіне білген адамның сөзі. Осындай дәстүрлі ісімен қазақ ақсақалы аумағы кішігірім совхоз орталығындай жерден жыл сайын күріштің дариясын шалқытып бір рекорттан бір рекордты туғызып дүние жүзінің күріші өсірушілеріне өнеге көрсетіп жүрген болатын. Кейіннен ол ұлы адам дүние салды. Табиғаттың ләззатті көктемін адам баласыньщ ақын жанды перзенттерінің жырламағаны жоқ деуге болады. Ақында, жазушы да, ғалым да, композитор мен суретші де табиғат көктемінің сан алуан сырлы сипатын, сұлулығымен кереметін дәріптеп, анадай аялап, сәбидей мәпелеп, көне тарих жолының басынан бері қарай із қалдырып келе жатқаны баршаға белгілі жағдай. Кол-көсір байлықтың тегі-өсімдік дүниесі екенін біздің қазақ халқы жақсы білген. «Көкті жұлма — көктей соларсың» деген нақыл сөзде көк шөпкс деген жанашырлық қамқорлық, философиялық терең мағына жатыр. Бұл нақыл сөз өсімдік қадірін білгендіктен туған. Тамақ, киім, отын, баспана, құрылыс өндіріс материалдары, дәрі-дәрімек бәрінде өсімдіктерден алатыны баршаға белгілі. Жерге, өсімдікке деген ықылас пен көзқарас әрбір ауылды белгілі бір жолмен, белгілі^ уақытта кешуге, белгілі құдықтың, немесе бұлақтың басына қонуға, малды үйренген жерге жоюға қалыптастырып үйретті. Осындай көшу, қону жағдайларына байланысты мал жайылымы қыстау, жайлдау, көктеу, күзеуге бөлініп, жылдың төрт мезгіліңце әр ауылдың қоныс ететін бслгілі жерлері болды. Бұл сияқты жерді, өрісті бөлу ұзақтан, әріден басталғандықтан атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа тараған берік қағида, дағдыға айналды. Әр жүздің, рудың, ауылдың мал баққан жерлері солардың ортақ меншіктеріне айналып кетті. Басқа біреудің айтайық бір ауылдың, екінші ауылдың жеріне мал жаюы, немесе, ұлықсатсыз келіп көшіп алуы үлкен дау-жанжалға айналатын болған. Абайдың: «Ерте барсам жерімді жеп қоямындеп, ықтырма мен күзеуде отырар бай» – деуі, бір жағынан байдың сарандығын сықақтаса, екіншіден мал жаятын жердің қатаң есептелуі екенін, жердің шөбін де тиімді пайдаланудың қажеттігін көрсетеді. Жер бетіндегі өсіп тұрған өсімдікке шапағатты көзқарас халықтың қасиетті сезімі қазақ халқы ұғымында жер өртеу, үлкен кылмыс. Жер мен оның өсімдігі заласыз, зардапсыз, пөк әлем. Пісіп тұрған шалғында өртсу елге деген орны толмайтын зиян. Сол үшін де даныяшан Абай «Атың шықпаса, жер өрте» деген сөзді түйреп, «Жер өртеп шығарған атың құрысын» дейді. Көшпелі қазақ ауылдарындағы үлкендср ертеден-ақ кейінгілерге «Отпен ойнама» ден өсиет айтқан. Қадірлі өсиетпен тәрбиеленген қазақ баласы соғыс өртін ешқашанда тудырған емес. Жан иесі ғана емес, жер бетінс шығып көгеріп тұрған өсімдіктерідің дс тіршілігі бар. Кесілген ағаштың немесе жұлынған шөптің аққан сөлі – көз жасы сияқты жас ағаштың сынғанын, гүл-бәйшешектің мезгілсіз жұлынғанын көрсек аяныш білдіреміз. «Көкті жұлма, көктей соларсың», немесе «көктей солғыр», «өспегір» деп біреуге лағынет айту да осындай ұғымынан туғаны өзінен-өзі белгілі. Әрине мұндағы негізгі философиялық мағына тіршілік еткісі келген дүниені тиіспе, залал келтірме, зақымдама деген аталы ақыл. Шынына келетін болсақ өсіп түрған «әдемі ағаштың, гүл, жеміс» ағаштарының адам баласына, түрлі жан-жануарларға, жер көркіне келтірер пайдасы сан алуан. Біреуге риза болғанда «көсегең көгерсін», «өркенің өссін» дейді. Қазақ қандай тамаша жүрекке жылы тиетін тілек. Халықтын өз туындысымен түсіндіргенде: «Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» деген мағынада. Оңтүстікте «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген создер бар. Әкесінің егіп кеткен жас шыбығы кейін өсе келе жемісті, саялы баққа айналып ұрпағынан-ұрпағына дәулет болып келе жатқандар да аз еемес. Ғасырлар бойы көшіп жүріп малды жайып, бағу биосфера компоненттерігі тиімді пайдаланудың дәстүрлі жолдарын туғызды. Ауыл ақсақалдары жұрттың шаңы шығып, тақырға айналып кетуіне жол бермегсн. Құлындар байлайтын желілерді, қозылар көгенделінетін көгендерді ауыстырып отыру әдетке айналдырған өмір тәжірибесімен істелген мұндай жұмыстардың табиғатты қорғау жөнінен ғылыми негізі бар. Шөп тамырымен жойылса, ондай жерге ендігі жылы шөп шықпай қалады. Жұртты тақырға айналдырып жіберу табиғатты орынды пайдаланбағанның, жерге жаны ашымағаның ісі. Сондықтан да ауыл қонып отырған жұртты тоздырмай, қарайтып шаңын шығармай тұрып көшу басқа жерге жүрт аударып отыру, ел көшкен кезде қазылған жер ошақ, шұңқыр, апандарда көміп тегістеп, кететін қазақ шаруаларының ежелден келе жатқан аса бір пайдалы дәстүрі. Бұндай жаңашырлықтың бүгінгі шаруашылыққа да үлкен пайдасы тиеді. Жайылым мен жердің жасыл шебі ғана емес, қазақ дәстүрінде орман-тоғайды қорғау мен пайдаланудың да өзіндік, қағидалары бар. «Ағаш көркі жапырақ адам көркі шүберек» деген нақыл сөзде, адам меп ағашты бірдей тіршілік ететін табиғат деп қараудан туған. Көшпелі елдің өмірі бөлек-салақ, күнделікті тұрмысқа қажеті жоқ артық заттардан аулақ болуды талап етеді. Керегі жоқ болса, ағашты кеспеу, шөпті шаппау, бүлдірмеу, жемейтін болсаң жемісті үзбеу сияқты толып жатқан «обалға» барып тірелетін өсиет кеңінен таралғанын да білеміз. Орман-тоғай арасынан қазақ шаруалары қажеті үшін жеміс беретін ағашты әсте кеспеген. Жерімізде бар табиғат байлықтарының кейбірінің осы күндері аса мол болуы, біздерден бұрын осы жерді мекендсген адамдар еңбегінің жемісі. Әрбір ұрпақ өзінен бұрын өмір сүрген ұрпаққа сын көзімен қарайтыны, басым болады. Ол да зандылық. Ондағы мақсат – өткен қателікті қайталамау. Қазақтың дәстүрлі өсетін – өсімдіктерді «жұлма», «өртеме», «таптама», «кеспе» деп ғасырлар бойы қолдағы барды сақтағысы келсе, ендігі ұрпақ өскелең өмірдің бар мүмкіншіліктерін қолдана отырып, табиғатты одан әрі мол да. Көрікті, сүлу да берекелі ету үшін шел даланы құлпырған орман алқаптарына айландыруда.Табиғат қоры адам үшін тегін дүние сияқты. Бірақ табиғатта керексіз, қалай болса солай жұмсап пайдалана беретін, не ысырап қыла беретін тегін ештеңе жоқ. Бәрінің де өз міндеті керек орны бар. Қандай зәт болмасын, өзінің молшьшығымен бағалы. Молшылықты қадірлемеу, бағаламаудан тапшылықтың тақсіретін тартқан кездерде болған. Міне халық сол өмір тәжірибесінен дұрыс қорытынды шығармағандықтан «ой шырағым, байқа, ағып жатқан суды тегін деме, судың да сұрауы бар» деген даналық сөз тастаған үрпағына. Қазақ халқының суды қадірлемеу, қорламау жөнінде де неше түрлі аталы сөздер естиміз. Талшыбықты ат қып мініп ойнап жүрген балаларға ата-анасы, үлкендер «суды сабама», «бұлақты лайлама», «көң-қоқырды су басынан аулақ төк», «суды сапырма» деп жасынан үйретеді. Осы сөздерден тегінде су тазалығын сақтауға қаншама мән берілгендігін көреміз. Суды ылайламау, суды сабаламау, былғамау, әрбір дала тұрғының тікелей борышына айналған. Мұның өзі тек судың ғана қамы емсс, ондағы балықтардың, су бойын мекендеген құстардың қамы. Соларға тыныштық, өрісті өмір жайлы тіршілік тілегінен туған дәстүрлі сөздер. Казақ ауылдары құдық, бұлақ суларының тазалығына қатты көңіл бөлген. Қыстау, көктеу не жайлау мен күзеуде құдық болса ел көшкенде шегендеп кетіп, көшіп келгенде аршып отырған. Ал мал суаты болған бұлақ бастарын таза ұстап, оның көзін жыл сайын балдыр-батпақтан тазалап, су көзінің бітеліп қалуынан, не құрып кетуінен сақтаған. Дені мал бағып, азы егін егіп, көшіп – конып ен даланы жайлаған қазақ халқы үшін, әсірссе, судың қадірі қымбат еді. Бірақ олар аққан өзен мен көл, бұлақ, суларын ешкімнің меншігіне жатпайтын қасиетті дүние санаған. Әркім өз ыдысына құйып алған суды ғана қажетіне ғана айдалаға құдық қазып, қалың елді мал-жанымен шөлден аман алып қалған, немесе күн көрісіне себеп болған жекелеген адамдарды, батырларды, аңызға айналдырып, олардың бейтінің басына барып тағзым етіп бас иетін, дастан, жыр етіп айтып жүретін болған. Қорыта келе айтарымыз, қазақтың ежелгі дәстүрлерінде суға деген көзқарас — оны бүлдіру, былғау, ластау емес, қайта оны қадірлеу, қасиеттеу, аса жоғары бағалау болған.Табиғат қорғау және экология проблемаларын дер кезінде және тиімді шешу үшін, әрине маман кадрлар керек, Халық шаруашылығы салаларында табиғат байлықтарын пайдалану процестеріне тікелей қатысатын, басқаратын адамдардың экология және табиғатты қорғау жүйелерінен хабары, тиісті білімі болуы керек.Табиғатқа жанашыр болу — адамзат қоғамына оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сондықтан табиғат қорғау және экология мәселелерін негізінен мектептен бастап, жоғарғы оқу орындарын бітіріп халық шаруашылығына жолдама алатын мамандардың өзі мен бірге ала жүретін төл ісіне айландыру керек. Қазіргі кезде халықаралық табиғат қорғау және экология қоғамы жер жүзіндегі әрбір халықтың ежелден бері қарай, сонау алыс дәуірлерден бастап, өз өмірінде қолданып келе жатқан табигатты қорғау экология мәселелерін шешу дәстүрлерін жинауға кірісті. Әрбір халықтың халық болып тарихта белгілі бола бастауына, олардың географиялық орналасуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, кәсіп етіп келген шаруашылығына байланысты әр халықтың табиғатты қорғауға және экологияға деген көзқарасы бұрын да әр түрлі болғаны, қазіргі кезде әр түрлі екені белгілі бола бастады.