Тірі табиғатқа: ағаш,шөп,гүл,адамдар,аңдар,құстар жатады, олар өседі, дем алады, көбейеді,денесінде жан бар. Өлі табиғатқа: су,тас, құм,ауа жатады, олар өспейді,дем алмайды денесінде жаны жоқ. Бірақ осы тірі табиғат пен өлі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.Оны мен саяхат барысында бақылап көреміз. Жерде аңдардың іздері жатады. Балалар бұл осы тірі табиғаттың бірі аңдардың іздері. Қараңдаршы табиғат аясында неше түрлі аңдар жүреді екен. Интерактивті тақтадан жердегі аңның ізінің, қай аңдікі екенін түсіндіріп көрсету. -Балалар қараңдаршы экранда сылдырап ағып жатқан не екен? -Дұрыс бұл су. -Ал судың қандай пайдасы бар? Су- балалар өлі табиғатқа жатады,ал біз адамдар суды ішеміз бізге пайдасы өте көп екен.Демек өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен. Балалар біз ақ қайыңға жеткенімізше әлі біраз жол жүру керек. Мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар. Бар ма, жоқпа, оны анық білмейсің Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің? Ол не ? - Ауа не үшін керек? - Ауаның түсі қандай? - Қолмен ұстауға болама? Табиғат аясындағы ағаштар, әсем гүлдер, тіпті бөлмеміздегі гүлдер де ауадағы шаңды жұтып, бізге таза ауа жіберіп отырады екен. Демек өсімдіктерге қамқор болуымыз керек екен. - Балалар айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз ме? |