kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект "Нан кайдан шығады?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект "Нан кайдан шығады?"Конспект "Нан кайдан шығады?"Конспект "Нан кайдан шығады?"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект "Нан кайдан шығады?"»

«Балапан» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 08 .10.2018ж

Тәрбиеші:Сатымбаева А.К.

Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық»

Пән: Жаратылыстану. Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: "Нан қайдан шығады?"

Тақырыбы: "Нан біздің байлығымыз" "Тоқаш"

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Балаларға халқымыздың қонақжайлығы туралы қысқаша мәлімет беру

және ойын арқылы бала қиялын дамыту;оларды ұқыптылыққа тәрбиелеу. 2.Дамытушылық: Мүсіндеудің, екі алақанымен жұмыс істеуден басқа, жаңа әдіс-тәсілдерін жұдырықтарымен жұмыс істеу, саусақтардың ұшымен басып тереңдету әдістерін меңгерту; сондай-ақ мүсіндеудің домалақтау, илеу тәрізді тәсілдерін ұғындыру. 3.Оқыту: Балаларды мүсіндеудің жаңа материалы-ашыған қамырмен таныстыру; екі қолымен домалақ шар жасауды үйрету;

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, жеке бағдарлау технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырып бойынша суреттер, дайын ашытылған қамыр, ТСО .

Сөздік жұмыс: масақ, қамыр

Үштілділік: тоқаш-булочка- roll , ұн-мука- flour,

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


1.Ұйымдастырушылық кезеңі  

Ғажайып сәт

Қолында піскен 3-4 тоқашы бар тәрбиеші топқа кіреді. Бүгінгі оқу іс-әрекетінің өзгеше екенің айтады. Мүсіндеуде ермексазды пайдаланбай, ашыған қамырдан томпақ тоқаш мүсіндейтіндерін хабарлайды.

-Балалар біз бүгін Тоқаштың қалай пайда болатынына көз жеткізуге әр түрлі аялдамаларға барамыз. Сендер дайынсыңдарма ?

2. Негізгі бөлімі

Балалар олай болса жүрейік, бізді көптеген аялдамалар күтіп тұр.


1. Егін алқабы аялдамасы.

Балаларға егін жайлы түсіндіру, онда кімдер жұмыс жасайтының айту. Егіннен не алатынымыз жайлы айту. Нанның дастархан басына келетін жолдарын түсіндіру.


2.Диірмен аялдамасы (Диірменші ағай болады)

Диірменшінің жұмысымен жақын таныстыру.


3.Наубайхана аялдамасы (Наубайханашы апай болады)

Наубайханада кімдер жұмыс жасайтынын түсіндіру.


Сөздік жұмыс: масақ, қамыр (сөздердің мағынасын түсіндіру, қайталату)

Үштілділік: тоқаш-булочка- roll , ұн-мука- flour,


Тәрбиеші балалардың ойлануына түрткі салады.

-Балалар, осындай қамырдан дәмді томпақ тоқашты наубайханашы апаймен бірге жасап көреміз бе?

Алдымен біз тоқаш істемес бұрын саусақтарымызды шынықтырып алайық.


Саусақ гимнастикасы:

Бармақ болып жұмысқа,
Қырға шықты құмырсқа,
Тоңып кетіп аяғы,
Қырға қайтып шығады.
Ой – ой – ой,
Әне аю келеді.
Құмырсқаны көреді.
Енді қайтып құтылар,
Илеуіне тығылар.


-Балалар олай болса наубайханашы апайға көмектесіп бәріміз бірге тоқаш жасайық.

Тоқаш жасау жолдарын көрсету:

Тақтайдың үстіндегі ашыған қамырды шымшып үзіп алу әдісімен орташа бөлшектерге бөліп,жұдырықпен илеп, алақан арасына салып домалақтаймыз. Тақтай бетіне жалпақтап,қамыр бетіне саусақпен басып өрнек саламыз.

Енді дайын болған томпақ тоқаштарды асханаға пісіруге апарамыз.

Тәрбиеші балалардың өз қолдарымен жасаған тоқаштарын пештен алып шығады.

Ойын «Не артық?» (ұннан жасалған тағамдарды жинақтау)

3. Қорытынды: Көрме ұйымдастыру

Тыйым сөздер айту:

Нанмен ойнамандар.


Нан қоқымын шашпандар.

Нанды бір қолымен үзбе.


Нанды жерге тастама




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Конспект "Нан кайдан шығады?"

Автор: Сатымбаева Айгуль Кайруловна

Дата: 28.10.2018

Номер свидетельства: 482396


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства