Просмотр содержимого документа
«Конспект физкультурного занятия- Қимылдарды дамыту»»
ТӘРБИЕШІ: ИБРАГИМОВА Ж.
Білім саласы: «Денсаулық»
Бөлім: «Қимылдарды дамыту»
Мақсаттары:балалардың денсаулығын нығайтуды жалғастыру; дұрыс сымбатты қалыптастыру; қозғалыс ептілігі және дағдылары; бір қимылдан басқа қимылға өту ептілігін дамыту.
Тапсырма:физикалық жаттығуларды жасауға деген қызығушылығы мен ниетін тәрбиелеу; қозғалыс белсенділігін өзі ұйымдастырудың қарапайым ептілігін қалыптастыру.
Жабдық: ойыншықтар, кілемдер, (әрбір балаға), екі доға, коррекциялық жолақшалар.
Барысы:
Тәрбиеші:
(балалардың назарын алдын ала қойылған ойыншықтарға аударады.): Балалар, мына ойыншықтар сендерге қарап, сендер сияқты жаттығу жасап денсаулықтары мықты болғысы келеді. Олар ауырмас үшін біз бүгін оларға жаттығу жасап үйретейік.(Балалар және тәрбиеші бір ойыншықтан алып, оларды үстелге отырғызады: «Отырып бақыласын»)
Кіріспе бөлім:
Тәрбиеші дабыл қағып, тақпақтар оқиды, балалар әр түрлі жүру және жүгіру түрлерін орындайды.
Жүру.
Бим-бом, бим-бом,
Жолақшамен жүреміз,
Жүгіріп, секіріп, ән салып
Ойнап, мәз боп күлеміз.
Түзету жолақшасында жүру
Бим -бом, бим-бом,
Бір-біріміздің артымызда,
Жолақшамен жүреміз.
Аяғымызды нығайта.
Жүгіру
Тез тездетіп жүгіріп,
Аюға қонаққа асықтық,
Аю досым қайдасын?
Саябақтан ізделік.
Баяу музыка ойнап тұр, балалар кілемге отыр дем алады)
Тәрбиеші:
Балалар, енді ойыншықтарға біз жаттығуымызды көрсетейік.
Негізгі бөлім.
Балықтар
Шалқасынан жату. Аяғымен сермеу (10-12 секунд)
Балықтар жүзіп жүр,
Су түбінде, ең түбінде
Біреуін ұстағым кеп тұр
Су түбінен, ең түбінен.
Көбелектер.- еденде отырып, тізелерін бүгу, арттан қолымен таяну. Аяғын екі жаққа бағыттау. Бастапқы қалыпқа келу.
Көңілді бақалар. Алға қарай екі аяқпен секіру.
Бақалар ұзаққа секіреді,
Бақалар жоғарыға секіреді,
Бақалар жылдам секіреді
Суға тезірек түседі.
Жүр мысықты іздейік.
Біздің мысық-марғау серуендеп-ақ кеткен бе?
Ал, қанекей оны қайдан іздейміз.
Аулада ма , әлде кілем үстінде,
Пырылдап-ақ ұйықтап жатқан болар білмейміз.
(Балалар доғаның астынан өтіп, маттан еңбектеп, тағы да доға астынан өтіп ойыншық мысықтың қасына келіп «Мыш, мыш мысығым, кел бізге. Міне біздің мысығымыз мыш, мыш»)
Қорытынды бөлім.
Дабылдың тарсылына жүру.
Бим-бом, бим-бом,
Жолақшамен жүреміз,
Жүгіріп, секіріп, ән салып
Ойнап, мәз боп күлеміз.
Дем алуды қалпына келтіретін жаттығулар.
Аспанда құстар ұшып бара жатыр (қанат қағысын бейнелейтін іс-қимылдарды жасау)
Ыстық ұясында олар дем алуда (отыру)
Қанаттарын түсірді (қолын түсіру)
Көздерін жұмды (көзің жұму)
Ұша шаршап ұйықтап қалды,
Күн шықты шығыстан ( азғана бүгілген қолдарын көтеру, күнді бейнелеу)
Күлкісімен жылытты (күлімсіреу)
«Қайырлы таң!»-
Құстар оянды (тұру)
« Терең демалу» жаттығуын орындау.
Тәрбиеші ойыншықтарға барып, гимнастика ұнады ма екен, соны сұрауын ұсынады.