kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Консультация для родителей воспитанников

Нажмите, чтобы узнать подробности

Родителям консультация и памятки по данной теме

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Консультация для родителей воспитанников»


3 «Балбөбек» «Бөбек –бала бақшасы Есіл ауданының білім беру бөлімі» Есіл қаласы

ІІ сәбилер тобының тәрбиешісі

Исмаилова Гульбану Тулешовна

Ата –аналармен дөңгелек үстел«Отбасы -тәрбиенің ұясы»

Мақсаты:

Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру; 

Түрі: дөңгелек үстел.

Көрнекілігі: карточка,түймедақ жапырағы, нақыл сөздер,«кірпіш тапсырмасы бар; қағаз қалам.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар!

Бүгінгі дөңгелек үстелді ерекше өткізгім келіп тұр.

Тренинг: Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, бүгінгі кездесуден не күтетіні айтады.Содан кейін ата аналар топқа бөлінеді.

Шаттық шеңбері:
Ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Кіріспе сөз:Ата- ананың басты қуанышы- бала.

Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде балабақша партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни

 9 сағат балабақшада болса, 15 сағат өз отбасында тәрбие алады.

 «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

    Баланың жан дүниесі – Бұл бүршік атқан гүл сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда түймедақ гүлі бар. Сол гүлдің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы гүлді құрастырып қояйық және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»

Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін.Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

    Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй  жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық,көмектесу.

Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір екі минут беріледі

1.Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай? 
2.Тәрбиешісінің аты-жөні кім? 
3.Балаңыздың сүйікті асы ?
4.Балаңызды еркелетіп қандай сөзбен айтасыз? 
5.Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды ұнатады? 
6.Ең жақын досы кім? 
7.Қандай түсті жақсы көреді? 
8.Қандай әнді жақсы көреді? 

Мақал – сөз атасы (аяқталмаған мақал-мәтелдерді жалғастыру)
1. Балапан ұядан не көрсе-........(ұшқанда соны іледі)
2. Бала жаман болса-.......( көрінгеннің мазағы)
3. Ата-балаға ........ сыншы)
4. Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер.......(байқамай сөйлесең көп ішінде өлер)
5. Бала көңілдің гүлі........ (көздің нұры) 

Жағдаят. Пікірлерін айту.

1. Үйде сіздің екі балаңыз ұрсып қалды. Сіздің шешуіңіз қандай?

2. Баланыз үйге мысық алып келді. Сіз мысықты жақсы көрмейсіз. Сіз не дейсіз?

3.Үйге қонақ шақырдыңыз. Қонақ келетін уақыт жақындады, сіз үлгермей жатырсыз. Ал үлкен балаңыз кіші балаңызбен бірге компьютерде ойын ойнап отыр. Сіз көмек сұрадыңыз. Балаңыз тыңдамады. Сіз не істейсіз?

4.Балаңызды балабақшадан алып келдіңіз. Баланың қолында бөтен біреудің затын көрдіңіз. Не істейсіз?

5.Жұмыстан келіп үйдің тіршілігіне кірістіңіз. Жолдасыңыз теледидар көріп жатыр. Балаңыз қайта-қайта келіп сіздің мазаңызды алды. Шешуіңіз қандай?

Ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!

Тренинг: «Үш түс-үш есік» 
Үш столда сары, көк, қызыл үш түсті қағаз қойылады.Бұлар үш есік деп аталады.Тренир қатысушылардан қай есікке кіретіндіктерін сұрайды.Әр қатысушы өзінің кіретін есігін пайымдайды.Жауабы төмендегіше: 
Сары түс-өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік-күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы жансыз.Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз.Баланың жетік дамуына барлық жағдай жасайсыз. 
Қызыл түс-бірбеткей, мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз.Балаға қатал талап қоясыз.Ескертулеріңізді балаңызға мүмкіндігінше жұмсартып жеткізіңіз. 
Көк түс-ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз.Бала тәрбиесіне кей уақытта немқұрайлы қарайсыз.Балаңыздың тәрбиесіне жиі бақылауға алғаныңыз дұрыс деп кеңес береміз. 

  Ата-анаға жадынама (үлестемелер таратып беру)
1. Кішкентайнан көп жапа шеккен бала, өскенде кінәмшіл болады.
2. Кішкентайынан мазаққа ілінген бала, өскенде ұялшақ болады.
3. Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала, бар кінәні өз мойнына алуға бейім болады.
4. Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала, кейін сабырлы, ұстамды келеді.
5. Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала, өзімшіл болады.
6. Кішкентайнан қатегездікті көп көрген бала, өскенде дау-дамайдың қақ ортасында жүреді.
7. Кішкентайынан көп баланың ішінде өскен бала, өте бауырмал келеді. 
Ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!






























«Ата-ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді». (Б.Г.Белинский) 




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Консультация для родителей воспитанников

Автор: Исмаилова Гульбану Тулешовна

Дата: 25.12.2016

Номер свидетельства: 373098

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(158) "Консультация для родителей воспитанников средней группы «почему ребенку нужна игра?»"
    ["seo_title"] => string(80) "konsultatsiia_dlia_roditelei_vospitannikov_srednei_gruppy_pochemu_rebenku_nuzhna"
    ["file_id"] => string(6) "598889"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1643132506"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(209) "Консультация для родителей воспитанников второй младшей группы на тему : «Значение оригами для развития ребенка»"
    ["seo_title"] => string(80) "konsultatsiia_dlia_roditelei_vospitannikov_vtoroi_mladshei_gruppy_na_temu_znache"
    ["file_id"] => string(6) "611315"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1658833932"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Консультация для родителей "Как приготовить руку ребенка к письму""
    ["seo_title"] => string(71) "konsul_tatsiia_dlia_roditieliei_kak_prighotovit_ruku_riebienka_k_pis_mu"
    ["file_id"] => string(6) "359979"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1479417137"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Консультация для родителей "Скоро в школу""
    ["seo_title"] => string(46) "konsul_tatsiia_dlia_roditieliei_skoro_v_shkolu"
    ["file_id"] => string(6) "359984"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1479417762"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(154) "Консультация для родителей воспитанников средней группы «Чем занять ребенка дома?»"
    ["seo_title"] => string(80) "konsul_tatsiia_dlia_roditieliei_vospitannikov_sriedniei_ghruppy_chiem_zaniat_rie"
    ["file_id"] => string(6) "466119"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1523640415"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства