-Сәлеметсіңдер ме, балалар. «Ботақан» тобының балаларысыңдар ғой. Мен ертегі құсымың, сонау алыс ертегіден келдім. Мен осы жақтын құстарын ертегі еліне алайын деп келіп едім, бірақ не түрлерін, не атауларын білмеймін.
-Мен жай келген жоқпын, сиқырлы сандығым бар, сендерге тәттілер әкелдім.
Тәрбиеші:
-Олай болса, ертегі құсы төрлет, сен тура келіпсің, балалар бүгін,құстар туралы айтады: ойын ойнайды, тақпақ жаттайды, құстың суретін де түсіріп береді.
8. Дидактикалық ойын: «Дауысынан тап»?
Шарты: Сурет бойынша құстардың атауларын дауыстарынан тауып атау.
Мысалы: қарға-ворона-, сауысқан-сорока-, торғай-воробей-, көгершін-голубь-, шымшық-синица-...
- Жарайсыңдар, балалар құстардың аттарын білесіңдер екен.
9. Енді «Құстардың досымыз» атты өлеңін тыңдап, жаттаймыз.
Біз қамқоршы баламыз,
Құстарға ұя саламыз.
Жемдерін беріп қыс бойы,
Көмекші бала боламыз.
Өлен айтып, ән шырқап,
Құстарға дос боламыз.
10. Сұрақ-жауап:
- Өлеңде не туралы айтылған?
-Құстарға не саламыз, не береміз?
- Құстарға біз кім боламыз?
11. Сергіту сәті:
Аппақ шығып таң атты,
Түтін тіке шығады.
Құстар қанат қагады,
Самғап биік ұшады.
12. Өлеңді жаттау.
- Балалар, саябаққа барып құстарды суретке түсірейік. Құстар туралы өлең айтайық. Құстардың суреттерін ертегі құсына берейік.
-Ертегі құсы құстардың суретін алыңыз, балалар тапсырмаңызды орындады. Сиқырлы сандағыңызды ашып, балаларға тәттілеріңізді бере беріңіз.
Ертегі құсы: Рахмет балаларым. Құстарды білетін болдым. Ендеше, қоштасатын сәт келді. Барып құстарды жинайын. Сау болыңдар!
12. Қорытынды:
-Сабақ не туралы болды?
-Қандай құстарды білесіңдер?
-Қонаққа не келді?
-Сабақ, сендерге ұнады ма?
13.Релаксация:балалар көздерін жұмып құстар дауысын тыңдап дем алады.
14. Қоштасу: Сау болыңыздар, до свидания, гуд бай.