Просмотр содержимого документа
«"Күн жарқырап шөп шықты"»
Білім беру саласы:Шығармашылық
Оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу
Тақырыбы: «Күн жарқырап, шөп шықты».
Мақсаты: Балаларды қылқаламды жасыл түсті бояуға матырып алып, оны төменнен жоғары қарай сүйкей жағу тәсілі арқылы сурет салу, үйрету. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: жұмыс дәптер, қылқалам, гуащь, салфетка, слайд,
Қажетті құрал – жабдықтар: Жасыл қарындаш, әр балаға үлестірмелі сурет
Билингвалдық компонент: Жасыл-зеленый, шөп-трава.
Мотивациялық-қозғаушылық
Қошақанның суретін көрсетеді. Мына бір қошақанның қарыны ашып біздің бақшаға кіріп кетіпті.
-Қошақан не жейді?
Біз сол қошақанға ендеше көп шөп берейік.
Ұйымдастырылған оқу қызмет барысы:
Қазір әркім өз қошақанына шөп береді, яғни шөптің суретін салып береміз.
Шөпті салу тәсілін түсіндіру
Мынау шөп.
-Шөптің түсі қандай болады?
1.Жасыл түсті таңдаймыз. Қылқаламды ұқыпты ұстап, төменнен жоғары қарай сүйкей бояу арқылы шөптің суретін саламыз.
2.Қағаз бетіне тегіс шөпті салу үшін қолды қатты баспай, жеңіл қимыл жасау керек.
Балалармен жеке жұмыс
Шөпті біркелкі етіп салуға икемдері келмей қиналған балаларға тәрбиеші үнемі көмекке келіп отырыды.
Сергіту сәті:
Қошақаным қойдың
Қайда барып тойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың?
Қорытынды:
Біз бүгін кімге көмектестік?
Қошақанға не бердік?
Шөптің түсі қандай?
Шөптің суретін не арқылы салдық?
Тәрбиеші балалардың салған суреттенрінен көріп бәрінің де жақсы салғандарын айтып мадақтайды.