Жүргізуші.Рахмет,саған Күз ханша! Қолөнерің үшін,астығың мен алуан түрлі жеміс-жидектерің үшін,алтын түске боялған жайлауын үшін шексіз алғысымызды айтамыз./басын иеді/
-Бізге жасаған еңбегіңнің алғысы ретінде балалардың орындауында тамаша әнді қабыл алыңыз.
1)Ән: «Күзгі бақ»
КҮЗ ХАНША:Ұзақ күткен менің қонақтарым.Сендердің сөздерің менің құлағыма қатты жақты.Сендердің мейірімді көздеріңе риза болып тұрмын,сондықтанда мына күзгі жапырақтармен ойындарды сыйға тартамын.
/КҮЗ ойын ойнатады./ «Түстеріне қарай топтастыр»
Жүргізуші: Қызықты ойыныз үшін көп рахмет!
2)Тақпақтар:,
Қ.Айша
Ой,алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаща
Аунар ма едім жатып ап
Нұрай
Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет,тамаша
Қандай әсем күз
Аяла
Көбейді құт береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз
Сабина
Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жапырақ
Ұшты кенет жапырақ
3)Ән: «кап-кап»
Күзгі Сырқат /жүгіріп келеді/ Мұнда кімдер ойнап жүр?
Жүрг:Біз денемізді шынықтырамыз,дұрыс тамақтанамыз,жемістер мен көкөністерді көп жейміз,дәрумендерге толы шырын ішеміз.Осылардың бәрін бізге жайдарлы жаз бен жомарт күз тарту етеді,сондықтан балалар көңілді,оларды ешкандай сырқат алмайды.
Күзгі сырқат:Рас па?Ендеше мен сендерді тексеріп көрейін.Қәне,менімен бірге қайталаңдар /кез-келген ырғақты би,Сырқат кейде ыңырсып,кейде керіліп,жөтеліп,түшкіріп жөнеледі./Балаларда артынша қайталайды.
Жүрг:Доғар бұл ісінді!Менің балаларымды ауыртып аларсың.
Күзгі сырқат: Ә,ә,сырқаттанғыларың келмейді екен?Жарайды.Кетейін бұл жерден,бірақ сендер осы істерің үшін өкінесіңдер,әлі-ақ сырқаттанасыңдар мұнайасындар.Ал, саған Күз ханша сиқырлы орамалды сыйға тартамын.
Күз ханша: Әрине сыйлығың үшін көп рахмет.Күзгі сырқат сенің үйіңе барғанын жөн болар.Балалардың көңіл-күйлерің бұзып сырқатыңды жұктырма.
Күзгі сырқат: Ту,үйге барғым келмейді. /кетеді/
Жүрг:Әзер дегенде құтылдық қой!Ендеше көңілді би билейік.
Балалар,менің еншім не еді?Еншіме менің не жатады?Мен бәрін ұмытып калдым.Жылайды.
Жүрг: Күз ханша сіз жыламаңыз.Мүмкін сіз қатты шаршаған шығарсыз.Біз сізге көмектесеміз.Балалар,Күз жапырақты қандай түске бояйды?
Балалардың жауабы:
Жүрг: Сізге көңілді болу үшін есіңізге бір қызықты уақиғаны саламыз.
5)Тақпақшы:
Сержан
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Санжар
Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жапырақ
Ұшты кенет жапырақ
Маржан
Жүзім алма жинаймыз
Алтын мақта тереміз
Үлкендерді сыйлаймыз
Көмектесе береміз
Гүлдана
Күз ұсынып егісімен жемісін
Әкеледі халыққа бір молшылық
Сары жапырақ алтындай боп төгілсін
Елімізде болсын әркез көпшіліқ
6)Ән: «Есть у нас огород»
Сары жапырақ.Сәлеметсіздер ме? Балалар!Сәлеметсіз бе? Күз ханша
Күз ханша:Ал Сен кімсің?
Сары жапырақ: Міне,ғажап! Күзім-ау,өз көмекшіңді танымадыңба?Мен күзгі жапырақпын ғой!
Күз ханша: Сен маған қандай көмек тигіздің?
Сары жапырақ:Балалар бұл масқара болды ғой!Күз ханша бәрін ұмытып қалыпты.Есіне түсіру үшін тағы әсем ән орындап берсек, мүмкін күз есін жинап алар.
7)ӘН: «Осень»
Күз Ханша: Есіме түсті!Сары жапырақ,мен бәрінде есіме түсірдім!Балалар сендерге де коп рахмет!Бірақ мен үшін өте өкінішті,өйткені мен уақытында әпкеме билікті бере алмаймын ғой.Ой,әпкемнің есімі қалай еді?Есіме түспей тұр.
Сары жапырақ:Ту-уу,балалар көмектесіп жіберіңдер!Күзден кейін жер бетіне қандай мезгіл қожалық етеді.
Балалар жауабы:
Күз ханша:/жылайды/Мен жылағым кеп тұр.Сендерді жаңбыр тамшыларымен бүркеп алғым кееледі.
Жүрг:Жыламаңыз Күз Ханша біздің балаларымыз тамаша би билеп береді.
8)Би: «Бұлт»
Сары жапырақ:/ойланып тұрады/.Таптым!Сені ақылды дәрігер жапалаққа көрсету керек.
Жүргі :Әрине,әрине!бүгін бізге «сырқат» жолыққан еді.Балаларға сырқатын жұқтырмақшы болған.бірақ ойы іске аспағандықтан жөніне тайып тұрды.
Дәрігер жапалақ:Сырқат сендерге бір нәрсе берді ме?
Жүрг:Орамал сыйлады.
Дәрігер жапалақ:ендеше бүкіл ауру мына орамалда жасырынып тұр.Мына ағашқа іліп қой.Орамалды жел қағып тазартсын
Күз ханша:Желді көтеру үшін күшім жетпейді,сырқат тым әлсіретіп жіберді
Дәрігер жапалақ:Ия,жел тым баяу есіп тұр.Кәне балалар!күз ханшаға көмектесіп жіберейік.Орамалды қатты үрлеп жіберейік./музыканың сүйемелдеуімен орамалды үрлейді.
Күз ханша: тамаша! Мен сауығып кеттім!Күннің көзі де маған күлімдеп қарайды.керемет.айнала қандай ғажап күйге енген!
Жүрг:Әрине,мына көгілдір аспанда тамаша!мынау алтын түсті жапырақтарда керемет.мынау күзгі өнімдерде ғажап!
9)Би: «Қолшатыр»
Осымен құрметті балалар «күзгі бояулар» атты ертеңгілігіміз аяқталды,өнер көрсеткендерің үшін көп рахмет,өнерлерің өрге жүзсін.Қатысқандарыңызға көп рахмет балабақша ұжымы.