Тыныс алу деп -организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесін айтады.
Тыныс алу жүйесінің маңызы. Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, Сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Логопедиялық сабақта тыныс алудың маңызы»
Логопедиялық сабақта тыныс алудың маңызы
Тыныс алу деп -организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесін айтады.
Тыныс алу жүйесінің маңызы. Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, Сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.
Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жұтатын сыртқы ауада, өкпе альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде азаяды. Сондықтан ауадағы оттегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ Бұл өте әлсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді.
Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді.
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі. Тыныс мүшелері мұрын нан басталады
Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны – өкпе альвеолалары (лат.альвеолус — ойма қуыс, науа).
Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі – өкпе.
Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар – тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерінен сақтау үшін жылытылады.
Ауа танау арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-тозаңдарды, микроорганизмдерді ұстап, өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып, ылғалдайтын қан тамырларына бай. Тыныс жолдарының дұрыс қызмет етуі организмге қажетті қорғаныш қасиеттерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ – ас қорыту жүйесінің мүшесі, ал көмей — сөйлеу мүшесі.
Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі – ө к п е. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ , шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады.
Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді.
Өкпенің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды.
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.
Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минөттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде — 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3,
Дем алу көлемі жаңа туған сәбиде – 25 см3, 1 жаста – 80 см3-ге дейін артады, 2 жаста – 140 см3, ересек адамда – 400 см3. Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде – 53 см3, 1 жаста – 210 см3, 13 жаста – 707 см3, 20-25 жаста – 1680 см3, ал 30-40 жаста орта шамамен 1788 см3.
Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде – 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада – 1,617 см3, ал ересек адамда -67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4,108 тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде – 6 м2, ересек адамда – 50 м2, яғни 8 есе артық.
Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзын дығы балаларда – 4 см, 10 жаста — 7 см, ересек адамда – 10-12 см.
Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мүиы дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіңіруге болады. Мұны қосымша ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1-1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл -қордағы ауа . Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газбен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым Бұл айырмашылық көп болады.
Тыныс алу жиілігі де баланың жасына лайық өзгереді.
Газдың алмасуы. Адам мен жануарлардың өмірі үшін ауадағы газдардың ішіндегі оттегінің маңызы зор. Адам дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамы, дем шығарғандағы сыртқа айдалатын ауадан өзгеше.
Ересек адам 1 минөтте өкпесінен 6-7 л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмақты болса, соғұрлым оның өкпесі арқылы ауа көп өтеді.
Бірақ Бұл заңдылықты балаға аударуға болмайды, ауа балаға ересек адамнан көбірек қажет. Тіпті 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа өтеді. Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция баланың дем алуының ерекшелігіне жатады. Осыған байланысты балалардың организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір қышқылының сыртқа айдалуы байқалады.
Дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, нейрондардың қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. Тыныс орталығы бүзылса, дем алу тоқталып, тірлік те жойылады.
Дем алу мен дем шығаруды реттеуге ми жарты шарларының қыртыстары да қатысады.
Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы: штангистерде – 4 л, футболистерде – 4,2 л, боксерлерде -4,8л, қайықшыларда – 5,5 л. Тыныс алу жиілігі: спортсмендерде минөтіне – 6-8 рет, ал жаттықпаган адамдарда -14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, Бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Мысалы, терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке «массаж» жасайды да, оның қоректенуін жөне физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі.
Баланың дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін үстелдің немесе партаның шетіне тақап отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс алу мүшелерінің қызметін төмендетеді, жүрек қан-тамырлардың өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды. Салқын тию, тыныс мүшелерінің аурулары бала организмінің барлық мүшелерінің өсіп дамуына, қызмет етуіне жағымсыз әсер ететінін естен шығармаған жөн.
Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда есте сақтайтын тағы да бір жағдай — дене еңбегі мен дене шынықтыру және ой еңбегі кезінде балалар тынысын тарылтады, сондықтан оның дұрыс болуын қадағалау қажет. Балаларға дұрыс демалуды жастайынан үйрету керек. Сонымен қатар, ой еңбегі мен дене еңбегін кезектестіру аса маңызды. Сондықтан мектеп жұмысын да сабақ кестесін жасағанда Бұл ерекшеліктерді есте сақтау керек. Сынып бөлмелерін, еңбек сабағының бөлмелерін жиі желдетіп отыру керек. Жоғарғы сынып оқушылары далада таза ауада тәулігіне 3 сағаттан, ал бастауыш сынып оқушылары 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Әсіресе ауасы таза бөлмеде ұйықтау аса маңызды, сондықтан балаларды форточкалары ашық бөлмеде ұйықтауға әдеттендіру керек. Баланың киімі де дұрыс дем алу мен дем шығаруға әсер етеді. Сондыбқан олардың киімі жеңіл, денесін қыспайтын, қимыл-қозғалысына бөгет етпейтін болғаны жөн.
Қорыта келе, балалардың сабақ оқитын, еңбек ететін үйдегі бөлмелері мен мектептегі сынып бөлмелерінің, балалар бақшасындағы топтардың бөлмелерінің ауасын жиі-жиі желпіндіріп, тазартып отыру аса маңызды екенін айта кеткіміз келеді. Сонымен қатар, баланың далада, таза ауада көбірек ойнауы маңызды.
Ырғақты тыныс гимнастикасы баланың ақылының артуына жағымды әсер етеді. Бастауыш сынып оқушыларына сабақ кезінде 1-2 минөттік демалыс беріп, тыныс гимнастикасын ұйымдастыру қажет: оқушы партада отырып, екі қолын бүйіріне таянып терең дем алып және дем шығарады. Мұндай гимнастика баланың сабаққа ынтасын арттырады.
Тыныс алу – автоматты, рефлекторлы түрде өтетін аса маңызды физиологиялық үрдіс. Жүйке жүйесінің тыныстық орталығы арқылы жүзеге асатын тыныс алу үрдісі үш фазадан тұрады: тыныс шығару, үзіліс және тыныс. Олар үздіксіз және ритмикалық тұрғыда бірінен кейін бірі кезектен жүреді. Тыныстың алғашқы фазасы тыныс шығару болып табылады. Ағзаның қалыпты жұмысына қажет ауаның жаңа мөлшерін алу үшін тыныс алу жолдарында оған арнап орын босатып қою қажет, бұл тыныс шығару арқылы жүзеге асады[1].
Тыныс шығарудан кейін жүретін тыныштық үзіліс өтпелі бола отырып, тыныс шығарудың аяқталуы және импульстің тыныс алуды күтумен сипатталады. Үзіліс, тыныс алудың белсенді фазалары сонда маңызды болып табылады: ол өкпедегі газ алмасу мен ауа тазарудың тиімді болуын қамтамасыз ете отырып, оның жұмыс қабілетін жоғарылатады. Үзілістердің мөлшері физикалық жүк көлемі, жүйке жүйесінің жағдайы және басқа факторларға тәуелді. Сөйлеу тынысын дамытуда кинезотерапияның (қимыл - әрекет арқылы емдеу) элементтерінің бірі болып табылатын тыныс гимнастикасы маңызды роль атқарады[2,3].
Дәстүрлі тыныс жаттығуларының мақсаты – алынатын және шығарылатын ауа көлемін көбейтіп, тыныс шығаруды жергіліктендіріз. Тыныс гимнастикасы дизартрия, кекештену және басқа да сөйлеу ауытқуларынан зардап шегетін балалармен жүргізіледі. Жылжымалы нерв тыныс алу үрдісіне қатысады, сондықтан жылжымалы нервтің тыныстық ядролары зақымдалған уақытта жұту, дыбыс құралуы, артикуляция ғана емес тыныс алу да бұзылады. Тыныс алу бұлшықеттерінің иннервациясының бұзылуы есебінен сөйлеу тынысы бұзылады. Тыныс ритмі сөйлеудің мағыналық үйлесімділігімен реттелмейді, сөйлеу кезінде ол әдетте жиілейді, жекелеген сөздерді айту кезінде бала үстіртін дем алып, белсенді тыныс шығару қысқарады және үнемі ашық тұратын ауызға қарамастан әдетте мұрын арқылы іске асады].
Адам Баланың сөйлеу тынысының дамуы сөйлеу дамуымен бір уақытта басталады. 3 – 6 айлық жаста тыныс жүйесінің дауыстық реакцияларды жүзеге асыруға дайындық басталады, яғни сөйлеу онтогенезінің ерте кезеңінде ауызша сөйлеудің негізінде жатқан фоноторлық тыныстық механизмдердің координациясының диффуздық жасалуы жүреді.
Екі жасында балаларда дауыс аппараты толық қатаймайды, сөйлеу тыныс шығаруы өте әлсіз болады, соның нәтижесінде нәрестенің дауысы жеткілікті дәрежеде қатты шықпайды.
Үш жасында балаларда қысқармалы әлсіз тыныс шығару болады (1,5 – 2 секунд), көбісі жеткіліксіз қатты сөйлейді.
Төрт жасында балалардың тыныс шығаруы ұзарады, нәресте а, у, и сияқты дауысты дыбыстарды 3 – 5 секунд ішінде бір деммен айту жағдайына жетеді.
Бес жасында баланың тыныс шығаруы ұзарады. Дауысты дыбыстарды ол 3 – 7 секунд ішінде айта алу мүмкіндігіне ие болады.
Алты жаста тыныс шығару аса ұзағырақ болады. Сөйтіп балалар бір деммен и, а, у дауысты дыбыстарын 4 – 8 секунд ішінде айта алады. (еркін жағдайда 4 – 6 секунд ішінде)
Жеті жаста тыныс алудың дамуына балалардың қысқа мақалдар, жаңылтпаштар, жұмбақтарды бір деммен айтуына ықпал етеді. Ұзын сөйлемдерді айту кезінде үзілістерді дұрыс қолдануға, дер кезінде ауаны жинауға көңіл бөлу қажет.
ның психологиялық әрекетінің арнайы көрінісі ретіндегі сөйлеу – адамдар арасындағы қарым – қатынастың күрделі түрін атқарады. Сөйлеу өз кезегінде ойлаумен тығыз байланысты, себебі ол өз дамуында бірқатар тілдік заңдылықтарға сүйенеді.
Сөйлеу қызметтері күрделі генез арқылы ажыратылады. Басқалары сияқты, яғни жүйке жүйесінің элементар пішіндері сияқты олар туа біткен болып табылмайды. Керісінше олар шартты – рефлекс заңдары бола дамиды және баланың миына қоршаған ортадан келіп түсетін дыбыстық қоздырғыштардың мінезі мен пішініне тәуелді болады[5,6].
Адамның сөйлеу аппараты шартты түрде бір-бірімен тығыз байланысын екі бөлімге бөлінген. Бірінші бөлімге бас миында орналасқан орталық немесе реттеуші бөлім жатады, екіншісі – тыныс мүшелерін дыбыс шығару және дыбысты артикуляциялық мүшесін қамтитын атқарушы бөлім. Осы аталған 3 қызметтің тығыз өзара әсерлестігі адамның анық сөйлеу әрекеті механизмінің маңызды, құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Алайда, сөйлеу дыбыстарын шығаратын атқарушы бөлімнің маңызды рөліне қарамастан оның құрылуы дегенмен жүйке жүйесінің жоғары бөлімдеріне тәуелді болды. Себебі ол атқарушы аппараттың механизмдерін тиісін өткізуші жолдар арқылы іске қосады. Орталық бөлімнен кейін түсетін импульстердің әсерінсіз жергілікті сөйлеу мүшелерінің қозғалысының жүзеге асауы мүмкін болмайды.
Сөйлеу тыныс алумен тығыз байланысты, ал жергілікті сөйлеу мүшелері сонымен қатар тыныс мүшелері болып табылады. Тыныс аппаратының кейбір бөліктері иіс сезу (мұрын қуысы) және ас қорыту (тіс, тіл, таңдай, жұтқыншақ) мүшелеріне жатады.
Сөйлеу актісінде бір – бірімен байланысын 3 қызмет арқылы ажыратылады:
1.Ауа ағымының пайда болуы
2.Дауыстың пайда болуы (фонация)
3.Сөйлеу дыбысының пайда болуы
Сөйлеу дыбыстары мен дауыстарын жасау үшін энергия көзі болып табылатын ауа ағымы тыныс алу актісі процесінде, яғни тыныс шығару фазасында пайда болады. Сөйлеу әрекетінде тыныс мүшелері өзінің негізгі биологиялық қызметі – газ алмасуды жалғастыра отырып, бір уақытта дауыс шығарушы сонымен бірге артикуляциялық қызмет атқарады. Осыған байланысты сөйлеу кезіндегі тыныс немесе сөйлеу тынысы, қарапайым, яғни анималды тыныстан арасындағы айырмашылық көрінеді. Бұл сөйлеу әрекеті кезіндегі тыныс актіне қойылатын ерекше шарттарға байланысты болады.
Сөйлеу - тыныс шығару фазасында пайда болады. Толық мағыналары үзінділерді (сөйлем, синтагма) біркелкі айту үшін ұзақ тыныс шығару қажет; ал тыныс алу керісінше сөйлем үзіктерінің арасындағы үзілісті азайту үшін ұзақ тыныс шығару қажет; ал тыныс алу керісінше сөйлем бөліктерінің арасындағы үзілісті азайту үшін қажетінше қысқа болуы қажет. Сөйлеу тынысының алғашқы ерекшелігі тыныс шығарудың тыныс алудан ұзақ болуында. Егер кәдімгі тыныс кезінде тыныс алу мен шығару ұзақтығы бірдей болады деп айтсақ, сөйлеу тынысы кезінде тыныс шығару фазасы тыныс алу фазасынан 5-8 рет ұзағырақ болады. Тыныс шығарудың ұзаруы тыныс циклдың ішінде уақытты болу есебінен ғана емес (тыныс алу – тыныс шығару), сонымен бірге барлық циклдың жалпы ұзақтығын арттыру есебінен жүргізіледі. Кәдімгі тыныс алу кезіндегі тыныс қимылдарының саны минутына 16-20 рет, яғни бір цикл 3-4 секунд жалғасады; сөйлеу кезінде тыныс жаттығуларының саны екі есе азаяды (минутына 8-10 рет) және сәйкесінше әрбір тыныс циклына екі есе артық уақыт бөлінеді (6-8 секунд). Бұл сөйлеу тынысының екінші ерекшелігі тыныс актісінің осындай қайта құрылуы кезінде сөйлеу үзіктерінің арасындағы үзілістер шамамен бір секундқа дейін қысқарады, ал сөйлеу үзіктерінің ұзақтығы кәдімгі тыныс алу кезіндегі 1 ½ 2 секундтың орнына 5-7 секундқа дейін көбейеді[7].
Аса ұзақ тыныс шығару үшін кәдімгі тынысқа қарағанда көп ауа қоры қажет. Шығарылған ауа көлемі, сонымен қатар, жұтылатын ауа көлемі сөйлеу кезіндегі кәдімгі тыныстағы 500-600 мл орынына 1800-2000 мл дейін жетеді. Осылайша, сөйлеу кезінде тыныс алу тек қана аса қысқа емес, сондай – ақ өте терең болады. Жылдам және терең тыныс алудың қажеттілігі сөйлеу тынысының үшінші ерекшелігін шарттайды: ол кәдімгі тыныс алу сияқты мұрын арқылы емес, ауыз арқылы іске асады, себебі мұрын арқылы ауаның үлкен көлемін сіңіруге мұрын жолдарының тарлығы кедергі келтіреді.
Сөйлеу тынысының төртінші ерекшелігі – сөйлеу кезіндегі тыныс шығару тыныс шығару бұлшықеттерінің белсенді көмегі арқылы іске асуы (қарын қабырғасы және қабырғааралық бұлшықеттер). Бұл біріншіден аса ұзақ және терең тыныс шығауды қамтамасыз ету үшін және екіншіден онсыз дыбысты сөйлеу мүмкін болмайтын ауа ағымының қажетті қысымы пайда болуы үшін қажет.
Баланың дұрыс сөйлеу тынысы сөйлеу дағдысының даму процесінде қалыптасады.
Тыныс алу мен тыныс шығаруды жүзеге асыратын бұлшықеттер жұмысындағы үйлесімсіздік баланың тыныс алу кезінде сөйлеу әрекетін тудырады, бұл тыныстық қозғалыстарды сөзді айту кезінде бақылауды, сонымен қатар, тыныс, фонация және артикуляция арасындағы қоординацияны одан сайын бұзады. Сондықтан логопат балалардың тынысы үстіртін, жиі және артикуляциялық болып келеді.
Ұсынылып отырған дәстүрлі тыныс жаттығуларының жүйесі тыныстың физиологиялық ерекшеліктеріне негізделіп, тыныс алу аппаратын, оның иікемділігін және жұмсақтығын дамтыуға, оның көлемін үлкейтуге т.б. сөйлеу және дыбыс аппаратын (жекелеген дыбыс, буын, сөз және сөйлемдерді айту) сәйкесінше қимыл – қозғалыстармен үйлестіре отырып жаттықтыру арқылы жүзеге асыруға бағытталған[8].
Дәстүрлі тыныс гимнастикасын сәтті игерудің негізгі ережелері:
Ләззат ала отырып тыныс алған жөн, себебі жағымды сезімдердің өзі денсаулықты біршама жақсартады.
Тыныс жаттығуына ерекше көңіл бөлген жөн, бұл оның жағымды жерін көбейтеді.
Ағза ауамен толығуы үшін баяу тыныс алу қажет.
Қажетінен көп жаттығу жасамаған абзал.
Мұрынмен дем алып, ыңғайлы спорт киімінде жаттыққан жөн.
Дәстүрлі тыныс жаттығуларын орындау техникасы:
тік тұру, иықты түсіру, еркін тыныс алу. Иықты баяу көтере отырып тыныс алу, иықты баяу түсіре отырып тыныс шығару.
төмен түскен қолдарды алдыға айқастырып, иықты алдыға жылжыта отырып еркін тыныс алу; лопатка түйістіріп, иықты баяу артқа қарай жылыжыта отырып тыныс шығару.
омыртқаны тек кеуде бөлімінде ғана иіп, баяу алдыға еңкейе отырып тыныс алу; баяу бой жазып, артқа қарай шалқая отырып, тыныс шығару.
тап сол бастапқы қалып. Тыныс алу, тыныс шығару кезінде бұрылу – бір қол артта, екіншісі алдыда; бастапқы қалыпқа келу, нақ сол қимылды басқа бағытта жасау.
аяқты иықтың деңгейінде қою, қолды төменге түсіру. Оң қолды баяу көтере отырып, дене бойынша жылжу және иықты көтеру - тыныс алу; қол мен иықты түсіру – тыныс шығару. Сол қимылды басқа бағытта жасау.