Құрастырушы: Баймаханова Гүлдана Қуандыққызы
«Сыр жұлдыз» балабақшасы I санатты тәрбиешісі
«Луллий шеңберінің» шығу тарихы
Мектепке дейінгі баланың ой-қиялын,шығармашылық қиялын дамыту өте маңызды деп саналады.Шығармашылық қиялы дамыған бала мектеп те де жақсы оқып үлгілі оқушы болады. «Луллия шеңберлері»деген әдісті мен өз жұмысымда белсенді қолданып жүремін,осы әдісті пайдалануды жақын таныстырайын. Осы ойынды 13-ғасында француз монахі Раймунд Луллия ойлап шығарған.Әр түрлі диаметірлердің ауқымдары ортақ өзекті тізбектелген,өзектің үстіңгі бөлігінде нұсқауы бекітіледі. Ауқымдар қозғалады,барлық ауқымдар бірдей секторларға бөлінеді. Ауқымды айналдырсақ,нұсқаудың астында керекті секторларға тоқталады.Луллия осы секторларға- суреттерді,сөздерді,нақыл сөздерді жазады,көрінген адам сұрақ қойып,өз сұрағына жауап алатын. Жауабын түсіну үшін ой-қиялдарын пайдаланып ұғады.Балабақшаларда Луллия шеңберлері-қоршаған ортамен таныстыру,сөйлеуді дамыту,қарапайым математика ,сенсорика,көркем әдебиет , музыка,оқу қызметтерінде пайдалануға болады.
Бұл материалдың функциясы өте көп және ол ТРИЗ ісіне жатады, ойын түрінде қолданылады. Оны жеке де, топтық түрде де қолдануға болады. Педагог балаға оны «Сиқырлы шеңберлер» деп таныстырып, міндетті түрде жұмыс жасау барысын көрсетіп, ережесімен таныстырады. Мұнда педагог тек бақылаушының рөлін атқарады. Балалар өздері әрекеттесіп, кезектерін белгілеп, ізденіп жұмыс жасайды.
Оның тағы бір түрі пирамида негізінде жасалады. Шеңберлер бір қондырғыға орнатылады, жоғарғы жағында бағыт беру белгісі болады. Шеңберлер қозғалмалы және 4, 6, 8 бөлікке бөлінеді.
5 жастағы балаға 4 - 6 бөлікті 2 - 3 шеңбер қолданылады. 6 - 7 жастағы балаға 8 бөлікті 4 шеңбер қолдануға болады.
Луллия шеңберін қолданудағы мақсатым:
Жалпыға бірдей білім стандартын ала отырып, әр баланы объективті түрде дайындау, нақты білім беру.
Терең ойлау, өздігінен ізденіп, оқып-білу іс–әрекеттерін меңгерту.
Жан-жақты дамыған, білімді жеке тұлға қалыптастыру.
Міндеттерім:
Луллия шеңберін сабақтың түріне сай таңдап алу.
Балалардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне көңіл бөлу.
Топтағы бала санына қарай ойын түрін ұйымдастыру.
Өтілген материалды ұдайы қайталап, тереңдетіп отыру.
Сабаққа қатысу белсенділігін арттыруды қадағалау.
Луллия шеңберін қолданудың тиімділігі:
Балалардың сабаққа деген қызығушылығы артады.
Логикалық ойлауы және өз бетінше, топтық жұмыс істеу белсенділігі артады.
Мақсатқа жетуге талпынады.
Өз күшін, білімін байқауға, бақылап, бағалауға ынталанады. Білім беруде Луллия шеңберінің көмегі зор.
Луллия шеңберінің әдісі балалардың ойын барысында тілін дамытатын тиімді инновациялық технология
Білім беру қызметінде педагогтің 3-7жас аралағындағы балалармен жұмыс жасауда қолданылады.
Бұл ойын-оқыту әдісі балалардың сыртқы ықпалсыз еркін-қызыға жұмыс жасауына,жаңа материалдарды тез өабылдауына және психологиялық,физикалық қобалжуларды басуға көмектеседі.
Әдісті қолдану мақсаты:
Мектепке дейінгі балалардың қоршаған орта жөніндегі көзқарасын қалыптастыру шығармашылық ойлау мен елестетуін дамытады,сөздік қорын байытады,қарапайым математикалық және экологиялық көріністерді қалыптастыруын жетілдіреді.
Міндеттері:
Баланың танымдық қабілеттерін кеңейту
Мектепке дейінгі балалардың креативті қабілеттерін кеңейтеді
Бір нәрсені қиял-ғажайып түрлендіру дағдысын дамытады
Елестете алу дағдысы дамиды
Қолдың ұсақ маторикасын дамыдады
Белсенді ойлау қабілетін қалыптастырады
Музыкалық дамуын жетілдіреді
Жолда жүру ережесін бекіту дағдысын қалыптастырады
«Луллия шеңбері» ойыны шартты түрде 3 түрге бөлінеді
1.Сыңарын табу ойыны. Бірінші шеңберде суреттер жапсырылып.Екінші шеңберді бала айналдыру арқылы сәйкестендіреді.
Мысалы:Ағаштың түрлері оның орналасқан орны жемісі тұқымы сәйкестендіріледі.
2.Шеңберді кездейсоқ орналастыру арқылы қиял-ғажайып әңгіме құрастыру.Бұл ойында екі шеңбердіде бірге айналдырады.
Мысалы:Бала шеңберді айналдырғанда қызанақ пен ағаш сәйкес келсе,қызынақ ағашта өсетіні туралы ертегі құрастырады.
3.Балалардың шығармашылық қиялын дамытуға арналған ойындар.
Луллияның тілдік шеңберінде.
Балалардың өз бетінше жұмыс жасауды логопедтің көмегімен іске . асырылады.Логопедтің қызметін тәрбиешіде атқаруға болады
Нәтижесінде:
Бала ойын барысында белсенділік дамытады. Тілі дамиды, сөздік қоры молайып,әңгімелеу және сөйлеу тілі қалыптасады
Ойын барысында ойынның өзі тілдің дамуы барысында күрделене түседі
Дыбыстардың дыбысталуын , тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту біліктілігі қалыптасады
Сөйлеу барысында тілдің грамматикасын сақтауға үйренді және тілдің морфологиялық қырын қалыптастырады
Әріптер таңбасымен танысады,буындап оқуға үйренеді
Ақыл ой әрекетінің тәсілдерін үйренді(талдау,бекіту,жүйелеу,құрастыру.)
Қоршаған ортамен таныстырылып қамқорлықпен қарауға тәрбиеленеді.
Артикулицияның маторикасы дамиды (тілге жасалатын жаттығулар)
Мысалы: Тілге арналған жаттығулар «Көр және көрсет»
Ойынның мақсаты
Балалардың артикулициялық қабілеттірін жетілдіру
Көру гнозисімен құрастыру праксисін дамыту
Топпен және өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамытады
Сипаттама:
Ойын жұппен немесе екі шағын топпен жүргізіледі. Екі шеңбер алынады біреуінде артцикуляцондық жаттығулар суреттері екіншісінде осы жаттығуларға сәйкес келетін суреттер (саңырауқұлақ,әткеншек,қоршау,сағатша)шеңбедің біреуінде сурет қолданып оған сыңар екінші шеңберді айналдыру арқылы сәйкестендіріледі.Бұл ойынды міндетті түрде бірінші шеңбердегі суретке екінші шеңбердегі сурет сәйкес келуі керек осы сәйкес суретті таба отырып балалардың артикуциясының жаттығу дағдысы қалыптасады. Сонымен қатар артикулициондық жаттығулардың аталуымен бұрынғы осы жаттығуда кездестірілген тақпақтарды бекітеді
Тілдің дыбыстық айтылуын жетітілдіру және сауат ашу ойындары.
«Дыбыстық шеңберлер», «дыбыстар», «дыбыс қайда жасырылды?»
Сөзімді қорытындылай келе Луллия шеңберін қолданудағы мақсатым:
Жалпыға бірдей білім стандарттын ала отырып,әр баланы обьективті түрде дайындау, нақты білім беру.
Терең ойлау өздігінен ізденіп оқып білу оқу қызметін меңгерту
Жан-жақты дамыған, білімді жеке тұлға қалыптастыру
Міндеттерім:
Луллия шеңберін оқу қызметінің түріне сай таңдап алу
Баланың жас ерекшелігіне, білім деңгейіне көңіл бөлу
Топтағы бала санына қарай ойын түрін ұйымдастыру
Өтілген материалды ұдайы қайталап ,тереңдетіп отыру
Оқу қызметін таныстыру белсенділігін арттыруды қалыптастыру
Луллия шеңберінің қолдануының тиімділігі:
Баланың оқу қызметіне деген қызығушылығын арттырады
Логикалық ойлауды және өз бетінше топтық жұмыс істеуге белсенділігін арттырады
Мақсатқа жетуге талпынады
Өз күшін ,білімін байқайға,бақылап,бағалауға ынталанады.
Білім беруде Луллия шеңберінің көмегі зор.
Қолданылған әдебиеттер:
Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты. Ресми басылым. Астана. – 2016 жыл.
Мектепке дейінгі ұйымда оқу-тәрбиелік процесте ойын технологиясын қолдану. Әдістемелік құрал. Астана. – 2014 жыл
Ғаламтор көздерінен. Инновациялық технологияларды іс-тәжірибеде қолдану. 2014 жыл
Отбасы және балабақша. №6 Луллия шеңберінің ерекшеліктері. 2014 жыл