Мақала "Ойын арқылы баланың тілін дамытуға болады ма?"
Мақала "Ойын арқылы баланың тілін дамытуға болады ма?"
статья на тему развитие речи у детей в дру ттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттт
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мақала "Ойын арқылы баланың тілін дамытуға болады ма?"»
Кеңес
«Ойын арқылы балалардың ой - өрісін жетілдіру»
Тәрбиеші:
Ойын арқылы балалардың ой-өрісін жетілдіру
Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінезі олар өсіп-есейгенде де өмірінде жалғаса береді. Ойын баланың негізгі әрекеті. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Баланың ақыл-ой және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін ең қолайлы кезең 3 пен 9 жас аралығы. Ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі-дидактикалық ойын. Мысалы: «Есіңе сақта және сурет сал», «Неге ұқсас?» сияқты практикалық әрекеттер арқылы бала адамгершілік және әділдікке, әсемдікке талпынып өмірге жақсы көзбен қарым-қатынас жасайды.
Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кезкелген мәселесі бойынша түсінісі алатындай дәрежеге жетеді.
Оқуға психологиялық даярлық-көп аспектілі ұғым. Ол жеке білім мен біліктілікті емес, барлық негізгі элементтер кіретін белгілі бір жиынтықты қарастырады. Көптеген ата-аналар, егер бала оқи және санай білсе, мектепке дайын деп есептейді. Сыдырата оқи алу, түсініп санай білу оқуда оң нәтиже берері даусыз, бірақ болашақ бірінші сынып оқушысына оқу іс-әрекетінің алғы шарттары және табысты оқуға қажет, баланың мектепте табысты оқуы оның психологиялық жетілуіне байланысты барлық құрамдастар қалыптасуы қажет.
Психологиялық жетілу баланың негізгі психикалық сферасының дайындығын қарастырады: ықыластанушылық, еріктілік, ақыл-ой және әлеуметтік. Оқуда тілдік емес функциялардың жетілуі (көру арқылы қабылдау,қозғалысты сфера, кеңістік уақыт қатынастары) маңызды роль атқарады. Тілдік емес функциялардың толық жетілмеуі бала сөйлеуінің дамуына, одан соң ойлауына кері әсер етеді. Өйткені, сөйлеу және ойлау өзара байланысты.
Баланың ақыл-ой дайындығының компоненттерінің бірі – жеткілікті дамыған тіл. Мектепте табысты оқу үшін баланың тілдік функциялары толық дамыған болуы керек. Нәзік моториканың толық жетілмеуі баланың ақыл-ой дамуына кері әсер ететіндігін ғалымдар дәлелелдеген. Балаларды жүйелі оқытуға дайындауда әлеуметтік жетілгендіктің, яғни баланың ұжымда жұмыс істей алуы, құрбылармен қарым-қатынасы, басқа балалардың пікірімен санасуы,т.б. маңызды да аз емес.
Мектеп жасына дейінгі бала қандай сөзді қолдануға болады немесе жағымсыз, айтуға ұят сөздерді де екшелей алады. Бала сөзге дыбыстықталдау жасай алалды және сөзді дыбыстарға бөліп, сөздегі дыбыстардың ретін анықтай алады.
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, шығармашылығын байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысты дене бітімін жетілдірсе, іс-әрекеттегі амал-тәсілдері ой-сананың дамуына ықпал етеді, ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным-түсінік, мінез-құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне түрлі ақпараттар алады,дүние сырын ашады. Бала бір нәрсе туралы толық түсінік алуы үшін оны есту, көру, сезіну арқылы жүзеге асатындығын тәжірибе дәлелдеп отыр. Мысалы: бала бірнеше секунд ішінде жазу үстелінің үстінде тұрған заттарды мұқият қарайды. Көзін жұмады да, есінде сақтағандарының бәрін айтып шығады. Осылайша балалардың тек есін ғана емес зейінін де дамытуға болады.
Баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, ойлау қабылетін жетілдіру, кеңістік, уақытұғымдарын, тағы да басқа тиянақтылықтың жан-жақты қамтылуы қажет, оған тәрбиеші мен ата-ананың үлгісі зор.
Ойын жаттығулар арқылы баланың білімдік дағдыларын күнделікті іс-әрекетітте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Ойнап отырып ойлануға бағыт беріледі. Баланың өсіп жетілуіне ықпал ететін басты құрал – ойын. Ойын арқылы бала өседі, жетіледі, дамиды.