kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мария Монтессори технологиясының тиімділігі мен нәтижесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

М.Монтессори технологиясы арқылы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту, және балалардың өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мария Монтессори технологиясының тиімділігі мен нәтижесі»

«Мария Монтессори технологиясының тиімділігі мен нәтижесі»

Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен ырғақта дамиды.

М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. 

Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.

Жалпы, Монтессори технологиясы балабақша тәрбиеленушілеріне, педагогтарға үлкен көмекші құрал ретінде қолдануға зор мүмкіндік беретін әдістеме.

Монтессори өзінің еркіндік түсінігін баланың үлкендердің еркіне тәуелді болмау деп түсіндірді. Бұлдегенімізбаланыңүлкендердіңминималдыкөмегіарқылыөзінеқызмететуі, жаңаныигеребілуі, маңыздышешімдіөзіқабылдауы мен баланыңдаралыққұқығынқорғауболыптабылады.

М. Монтессори жүйесінің ең басты принципі: әрбір бала жеке жоспар бойынша арнайы дайындалған ортада жеке өз бетінше дамиды, жетіледі, ал негізгі ұраны: «Мен өзім жасауыма көмектес». Ересек адамның атқаратын қызметі; әрбір балаға жеке даму жолын тауып беріп, олардың табиғи қабілеттерін ашу; М. Монтессоридің жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі: ересектер дамитын орта, дидактикалық құралдар.


Тәртіп пен еркіндіктіңүйлесіміарқылы:
• қарапайымережелердісақтаптәртіпкеүйренеді;
• дербестіккеүйренеді;
• жан - жақты, ықыластыболады;
• саналытаңдаужасауғаүйренеді;
• бақылағыштыққаүйренеді;
• өзінжәнебасқаадамдардықадірлеудіүйренеді;
• тұлғаретіндеөзін – өзіқалыптастырады;
• сеніңқұқығыңбасқалардыңқұқығыбасталатынжердешектеледі;
• келісімжасасып, біргеәрекеттенугеүйренеді;
• жауапкершіліктісезінудіүйренеді.

Педагогтың міндеті:
• Ең негізгі міндеті – балаларға өзін - өзі дамыту жұмыстарында көмек беру, оның өз бетімен білім алуына жағдай жасау;
• Балаларды топта сақталатын ережелермен таныстыру;
• Балалардың іс - әрекетін бақылап, тек қажет кезінде көмек көрсетеді;
• Дидактикалық материалдарды қалай дұрыс қолдану керектігін үйрету;
• Топтағы жағымды атмосфераны қалыптастыру, келіспеушілікті шешу;
• Баланың әрі қарай өзін дамытуда бағыт береді;

Топта сақталатын ережелер:
• еркін жүріп тұрады;
• қолданған затын ескертусіз жинап орнына қояды;
• қажет кезде тәрбиешіден көмек сұрау;
• үлкен балалар жаңа келген балаларды үйретеді;
• жіберген қателіктерін тауып оларды түзетеді;
• бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізу;
• басқа балаларға бөгет болмау;
• тыныштықты сақтайды;

Мария Монтессори өсиеттері:

♦ Қандай жағдай болмасын, бала өзі көмек сұрағанша оған тиіспе;
♦ Ешқашан бала туралы жаман айтпа,оның көзінше және ол болмағанда да;
♦ Баланың жақсы қасиеттерін дамытуға бағыттал, сонда жаман қасиеттер біртіндеп азая түседі;
♦ Танымдық ортаны дайындағанда белсенді бол. Әрқашан оны талаптар мен ережеге сай дайында. Баланың бұл орталықта дұрыс іс - әрекет жасауына көмектес. Әр дамыту материалының орнын және оны қалай дұрыс қолдану керектігін көрсет;
♦ Сенің көмегіңді қажет ететін балаға көмектесуге және оның сұрақтарына жауап беруге дайын бол;
♦ Қате жіберіп алып оны қазір немесе сәлдең соң түзете алатын баланы қадірлей біл. Бірақ баланың іс - әрекеті немесе материалды дұрыс қолданбаған жағдайында, өзінің немесе басқа балалардың денсаулығына, дамуына қауіп төндіретін болса жұмысты тоқтат;
♦ Демалып отырған немесе біреудің жұмысын бақылап отырған, немесе қандай іс - әрекет жасағанын әлде жасайтынын ойлап отырған баланы қадірлей біл. Осы сәтте оны ешқашан басқа әрекет жасауға мажбүрлеме;
♦ Немен айналысатынын білмей, іс - әрекет түрін іздеп жүрген балаға көмектес;
♦ Балаға жаңаны игеруге, бұрын бас тартқан материалдарды қалай дұрыс қолдану керектігін көрсетуден жалықпа. Қоршаған ортаны мейіріммен, шыдамдылық пен тыныштықпен, қайырымдылық пен махаббатпен толтыр. Ізденіс үстіндегі балаға өзіңнің көмек көрсетуге дайын екеніңді көрсете біл, және басқа балаларға оны білдіртпе;
♦ Баламен қарым - қатынаста тек жақсы әдеп - қылықтарыңды көрсет және өзіңдегі ең жақсы қасиеттеріңді ұсын.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мария Монтессори технологиясының тиімділігі мен нәтижесі

Автор: Хуандых Арайгуль

Дата: 12.03.2017

Номер свидетельства: 399412


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства