Просмотр содержимого документа
«Мейірімділік- асыл қасиет»
Түркістан облысы
Кентау қаласы
«Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы тәрбиешісі
Усенбаева Ботакоз Тастанбековна
Тақырыбы: Мейірімділік- асыл қасиет.
Мақсаты: Балалардың мейірімділік қайырымдылық құндылық туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
Мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Жургізуші: Қайырлы күн ұстаздар,балалар бүгінгі мейірімділік асыл қасиет атты шарамызға қош келдіңіздер.
Мейірімділік-адамның өзге біреуге жылылығын ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі.мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық,кең пейілділік,жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.
Мейірімділік өлеңін оқу:
Мейірімділік-ғажайып өмір есігі,
Мейрімді болсаң-сазды әуенмен,
Тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға
Көңілің мен есігің,
Мейрімсіз болсаң,алладан болмас кешірім
Қол ұшын бер жетім дерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейрімді ,
Өтініп соны , сіздерден әркес сұранам.
Мейрімді ізде , таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейрім ана бойында сіңірген бойға ,мойнында
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
Балаларымыздың мейірімділік туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар.
1 .Жақсы адам көңілі күн,
Жанға сәуле түсірген.
Нашар адам көңілі түн,
Кеудеден төндірген.
2.Талпын жақсы болуға.
Күндей сәуле шашатын,
Білім іздеп өнертап
Түндеі күндей ашатын.
3. Айтқан тілді аламын
Айтқан жерге барамын
Мен әдепті , мен әдепті баламын .
4.Сыластықты іздеген
Әдеп сақтап ізгі өрен
Сыпайлылық белгісі
Үлкендерге «сіз» деген.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар !
Балалар мейірімділік асыл қасиет туралы слайдты тамашалаңдар!
Би: Батырлар биі.
Мейірімді адам бойындағы жақсы қасиеттер жайында мақал -мәтелдер айтады.
1 Кісінің көзіне көзің түссе
Мейірімі түседі.
2 Мырза болмасаң да, мейрімді бол.
3 Мейрімі мол ананың-
Жүрегі жылы ,қолы кең
Кең пейілді атаның
Жүрегі жылы,жолы кең
4.Адам бір – біріне қонақ
5.Жақсы сыйлағанының құлы,
Жаман қорыққанның құлы.
Жүргізуші: балалар барлығы қосылып ән айтады.
Анашым әні
Жүргізуші: Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық.
Жүргізуші:-Жүрегіміздегі мейірім шуағы өшпесін деп бүгінгі сабағымыздан алған жағымды сөздер мен іс-әрекеттерді жүрегімізге сақтайық.