kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп жасына дейінгі балаларды өнерге баулудың сырлары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар ұлттық ойындар арқылы қазақ халқының қолөнері жайында түсініктері қалыптасады;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балаларды өнерге баулудың сырлары.»

Мектеп жасына дейінгі балаларды өнерге баулудың сырлары.


КІРІСПЕ

Өзектілігі:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық мұраларымызды, төл мәдениетімізді жаңғыртуға ерекше назар аударылған. Осы мақсатта төл өнерімізді бүлдіршіндерге дәріптеу, қызығушылықтарын ояту, ән салу, ұлттық аспапта ойнау, қолөнерді меңгерту дағдыларын қалыптастыру ісі балабақшадан бастау алса ұлттық мұраларымыздың өшпесі анық.

«Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» қарастырылған: «Шығармашылық» білім беру саласы сурет салу, мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытуды, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты, өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды қамтиды .

Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.

Ұлттық мәдениеттің негізі – ұлттық өнер. Қоғамымыздың заманауи талабының орындалуын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында балаларды өнерге баулу, ұлттық мұраларымызға деген қызығушылықтарын ояту, әлемдік өнер туындыларымен таныстыру бағытында жұмыс жүргізу бүгінгі күнгі мәселелердің бірі. Мектепке дейінгі ұйымда тәрбие мен оқыту процесін оңтайландыру, жаңа жүйелер мен технологияларды іздестіру ғылыми-педагогикалық, психологиялық және басқа зерттеулердің үйлестірілуімен анықталады. Баланы ерте жастан және мектепке дейінгі жастан әртүрлі іс-әрекетте тәрбиелеу, оқыту, дамыту проблемаларын зерттегенде зерттеу әдістерінің тұтас бір жүйесі өнер бағыттары пайдаланылады. «Ізденген жетер мұратқа», «Талаптыға нұр жауар» дейді қазақ даналығы. Өнердің де сан салаларын білуге құштарлық балалық шақтан бастау алары сөзсіз. «Өнерліге өріс кең» деген халық мақалын ұстана отырып, біздің мақсатымыз балаларды ойната отырып өз халқымыздың өнерімен бірге, өзге халықтардың да өнерлерін үйренуге жетелеу.

Осы орайда алға қойған мақсат мектеп жасына дейінгі балаларды өнерге баулуда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын қарастыра отырып, жалпы өнер жайында түсінік беру,  талғампаздыққасиетін   жетілдіру.

Міндеттері:

  • балаларды саз өнерімен таныстыруда (ән, күй, ұлттық аспаптар, би өнері т.б.) ұлттық ойындарды қолдану;

  • балаларды қол өнермен таныстыруда ұлттық ойындарды қолдану;

  • өзге ұлттардың музыка өнері мен қол өнері жөнінде түсінік беру;

ұлттық ойындар арқылы балалардың қабылдау, есте сақтау, зейін, ойлау, қиял т.б. танымдық қабілеттерін, тілдерін дамыту, саусақ бұлшықеттерін жетілдіру, эстетикалық, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Күтілетін нәтиже:

  • балалар ұлттық ойындар арқылы қазақ халқының қолөнері жайында түсініктері қалыптасады;

  • қол өнердің қарапайым түрлерін меңгереді (ою-өрнектердің атауларын, қиюды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды ою-өрнектермен әшекейлеуді т.б.);

  • ойын барысында қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиял т.б. танымдық қабілеттері дамиды, саусақ бұлшық еттері жетіледі;

  • өнер туындыларымен танысу, орындау барысында эстетикалық, шығармашылық қабілеттері шыңдалады;

  • саз өнері туралы түсініктерді меңгере отырып, ұлттық аспаптардың кейбір түрлерінде ойнауды үйренеді;

  • «Наурыз», «Ұлттық домбыра» т.б. мерекелер, өнер туындылары жөнінде мағлұматтар алады;

  • көпшілік ортада өз өнерін көрсетуді, насихаттауды үйренеді;

  • ұлттық өнермен бірге өзге ұлттардың өнер туындылары жайында да түсініктері қалыптасады.



Мектеп жасына дейінгі балаларды өнерге баулудың маңызы

Қазақ халқы өз дүниетанымын, салты мен дәстүрін, ғұмырлық тарихын өнерге сіңіріп, ұлттық өнер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Өнер дегеніміз адам баласының бағыттылығы және күнделігі бойынша әр алуан сұрақтарының туатын және шешілетін саласы. Сондықтан оның мазмұндық-мағыналық мәніне күмәндану деген сөз. Өнердің құндылық-мағыналық маңызы – оның құрамына адам субъективтілігінің ішкі дүниесінің терең онтологиясы, оның құндылық қатынастарына негізделген талпынысы, адам болмысының әр түрлі дүниетанымдық түсініктерінің болуында. Осының арқасында дүниеге қатынас рухани-өнегелік бағытқа ие болады.

Жалпы өнер туралы түсінікке негізгі бағыт беретін қоғамдық өмір тұрғысында суреттейтін адам өмірінің айнасы сәндік-қолданбалы өнер.Сәндік-қолданбалы өнер қоғамдық формациядағы халықтың тұрмысын, саяси хал-жағдайын, іс-әрекетін, мінез-құлқын тереңірек көркем түрде білуге жол ашады. Міне, сондықтан сәндік қолданбалы өнер адам баласын алуан түрлі біліммен қаруландырады, адам жанын нәзік сезімдерге бөлейдідеген мағынаны білдірсе, «Тұмар» оюы магиялық ұғымда бәле-жаладан қолөнерге көп қолданған материалдың бірі – ағаш. Ағаштан киіз үйдің ағаштарын (уық, кереге, шаңырақ, есік, бақан), ыдыс-аяқтар, үй жиһаздарын (кебеже, сандық, ағаш төсек, жүкаяқ) және әр түрлі музыкалық аспаптардыойып жасаған. Бұған сан алуан археологиялық қазбалар дәлел. Көшпенділер ғасырлар бойы ағаштың өзін қауіп-қатерден сақтайтын қасиеті бар деп санап арша, шынар, анар ағаштарын ерте кезеңнен бері киелі болып санаған. Бұған мұражайдағы заттар дәлел. Тері қазақта көркемдік кен өңдеу кәсібі, басқа да сәндік қолданбалы өнер салалары сияқты халықтың ерекше дәстүрлі сана-сезімі мен дүниетанымын, болмысын бейнелеп танытады. Теріні илеп өңдеу арқылы киіз үй жиһазын, жіптер, баулар, арқандар, ат әбзелдерін (жүген, ноқта, шылбыр т.б.) илеу, тілу, өру арқылы жасаған. Аяқ киімдердің, бас киімдердің түрлерін тіккен.

Қазақтың қолдан жасалынған кез келген затынан ою-өрнектерді кездестіреміз. Ою-өрнектер аспан әлеміне, малға, жан-жануарларға қатысты, құстарға, өсімдіктерге, жер-су атауларына, геометриялық кескіндерге байланысты өрнектер және қару-жарақ іспеттес өрнектер кездеседі. Ою-өрнектер әртүрлі мәнге ие. Мысалы, «Құсқанаты» оюы еркіндіктің нышаны, өмір жолында кедергі болмасын, құстай самға сақтау мағынасын білдіреді. Сондай-ақ, қолөнер бұйымдарында түрлі-түстер ерекше орын алған. Ақ түс шындықтың, пәктіктің нышаны болса, жасыл түс – көктемнің, жастықтың нышанын білдіреді. Қолөнер шеберлері түстерді ерекше үйлестіре білген. Үй жиһаздарынан түскиіз, төсек жапқыш, жастық тыстары, аяққаптар, тіпті бас киімдер, камзолдар да кестеленіп тігілген.

Ұлттық өнер негізінде балалардың дүниетанымын қалыптастыруда қол өнері және саз өнері деп екіге бөліп қарастырдық.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қолөнермен таныстыру арқылы айналадағы дүниенің қимыл-қозғалыстарының алуан түрлі реңін түсінеді, жаңа заттармен, өмір құбылыстарымен танысады. Балаларды халық шеберлері – ағаш шебері, ұста, зергер, тоқымашы, тігінші, кестеші, өрмек тоқушы т.б. таныстыра отырып, олардың қолынан жасалған бұйымдар туралы түсінік беру, шеберлердің құрал-саймандары - балға, тістеуік, сүргі, ине, біз, кергіш, көрік, бұрғы тағы басқа заттармен танысады. Сонымен қатар, ағаш шебері ағаштан түйін түйетіні, ұста темірден жасалатын бұйымдарды соғатыны, зергер әшекей бұйымдарды жасайтыны, тігінші киімдерді тігетіні жөнінде іс-әрекетке қарай дұрыс атауды үйренеді. Мысалы, ұршық иіріп отырған әже, киіз басып жатқан аналар, кесте тігіп отырған қыз бала, қамшы өріп отырған ер бала, сандық жасап жатқан ағаш шебері т.б бейнелерді сомдау бала дүниетанымының қалыптасуына көмектеседі.

Көне дәуірлерден жеткен саз өнерінен тікелей халқымыздың тұрмыс-салт ерекшеліктері көрініс береді. Саз өнері – ежелден жалғасып келе жатқан өнер туындыларының бірі. Қазақ даласында домбыра тартып, ән шырқамайтын қазақ аз болған. «Өнер десе, ішкен асын жерге қояр» халқымыз өнер адамдарын ерекше құрметтеп, ат мінгізіп, шапан жапқан дәстүрі күні бүгінге дейін жалғасын табуда. Саз өнері халықтың рухани мәдени мұрасы. Ол халықтың көркем ойлау ерекшеліктерін аңғарта отырып, эстетикалық және тарихи жағынан үлкен сипат алады.

Балабақшада бейнелеу өнерінің сан алуан түрлерімен, сәндік- қолданбалы өнер туындыларымен танысады. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балаларды бейнелеу өнерімен таныстыру - балалардың түрлі жанрдағы шығармаларды толық қабылдауына жағдай жасайды. Балалар өнер арқылы әсемдікке, сүйіспеншілікке тәрбиеленеді, эстетикалық сезімдері дамиды. Өнердің көмегі арқылы балалар жаңа заттармен және өмір құбылыстарымен танысады, жоғары идеяларға бой ұрады, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Қазақтың қолдан жасалынған кез келген затынан ою-өрнектерді кездестіреміз. Ою-өрнектер аспан әлеміне, малға, жан-жануарларға қатысты, құстарға, өсімдіктерге, жер-су атауларына, геометриялық кескіндерге байланысты өрнектер және қару-жарақ іспеттес өрнектер кездеседі. Ою-өрнектер әртүрлі мәнге ие. Мысалы, «Құсқанаты» оюы еркіндіктің нышаны, өмір жолында кедергі болмасын, құстай самға деген мағынаны білдірсе, «Тұмар» оюы магиялық ұғымда бәле-жаладан сақтау мағынасын білдіреді. Сондай-ақ, қол өнер бұйымдарында түрлі-түстер ерекше орын алған. Ақ түс шындықтың, пәктіктің нышаны болса, жасыл түс – көктемнің, жастықтың нышанын білдіреді. Қолөнер шеберлері түстерді ерекше үйлестіре білген. Үй жиһаздарынан түскиіз, төсек жапқыш, жастық тыстары, аяққаптар, тіпті бас киімдер, камзолдар да кестеленіп тігілген. Балалар ойын арқылы қазақтың қолөнері, халық шеберлері туралы мағлұмат алады. Қолдан жасалған бұйымдардың аттарымен, жасалу жолдарымен танысады. Ұлттық киімдердегі, бұйымдардағы ою-өрнектер мен түрлі-түстердің үйлесімділігін сезіне отырып, қолөнер жайында түсініктері қалыптаса түседі. Ағаш шебері, ұста, зергер, тоқымашы т.б. халық шеберлерінің қолдарынан шыққан бұйымдармен танысады.

Балалардың көркемөнерді қабылдауды қалыптастыру кезінде халық өнерін қолдана білудің маңызы ерекше. Халық өрнектері бір жағынан балалар ұғымында бұрынғы қалыптасқан ұғым-түсініктерді жаңғыртатын болса, екіншіден сол жаңғырған білімді күнделікті өмірмен байланыстыра отырып жаңа мағлұматтар тың мазмұнмен едәуір кеңейтіп, бекіте түседі. Эстетикалық қызметі, даралығы жағынан бұл нұсқаулар халықтың ұлттық өнеріндегі игі дәстүрді оқытуға кең дәрежедегі көркемдік әдістемелік құбылыс болып табылады.

Ұлттық өнер арқылы балаларды бейнелеу өнеріне баулуға адамгершілік мұраттары мен сенімдерін қалыптастырып, қандай жағдайда да осы істі табандылықпен жүзеге асыру; баланың бойындағы ізгілік пен көпшілдік, сурет салуға жауапкершілікті сезіну, еңбексүйгіштік, адалдық пен турашылдық сияқты парасаттылық қасиеттерді дамыту жатады.

Халқымыздың бізге жеткен асыл мұраларының бірі - ән және аспаптық дәстүр. Ғалымдардың зертеулерінде ең алғаш пайда болған-ән өнері. Ән – сарқылмас қазына. Біз ән арқылы адам баласына әсер еткен өмір құбылыстары - адамның көңіл-күйінің тербелісін, қуанышы мен жұбанышын, туған елге, анаға, досқа тағы басқаларға деген сезімдерін байқаймыз. Сонымен бірге, әннің мазмұнында елдің өмірі, тұрмыс-тіршілігі сыр шертеді.

Би өнері - әлемді көркемдік тұрғыдан танудағы көркем өнердің ең көне түрлерінің бірі. Би өнері де басқа өнер туындыларымен бірге дамып отырған. Ерте кезде ауыр еңбектің,табиғаттың зұлым күштерімен арпалысқан халқымыз бір сәт өнерге де назар аударды. Жарық, күн, от екінші адамдардың өмірлік күштері болды. Шеңбер бойымен айнала билеуі де осы ұғыммен тығыз байланысты болса керек. Тұтас алып қарағанда би шығармашылығы, оның өмірде қазақ биінің қалыптасуы барлық дүние бейнелі түрде қабылданып әрі оның бәрі бейнеге айналдырылған тарихи кезеңге жатады. Би өнері еңбек әрекетімен үйлестіре көрсетіледі. Мысалы, киіз басу, кесте тігу, ұршық иіру, жүн сабау т.б. іс-әрекеттер би өнерінде ерекше үйлесім тапқан. Кейін бұл қазақ биінің әдісіне айналып, күні бүгінге дейін қазақ биінде көрініс табуда. Балаларға табиғаттың әсемдігін, жан-жануарлардың қимылын, өмірде болып жатқан оқиғалар биде көрініс табатынын түсіндіре отырып, биші мамандығы жөнінде мағлұматтар береміз.

«Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра» дегендей қазақ халқымыздың көне заманнан ата-бабаларымыздан қалған мұрамыз домбыра кең тараған, ерекше қастерлі мұраларымыздың бірі. Домбыранының шығу тарихы бойынша Ғалымдар IV ғасырда Хорезм мен Жамбылда жүргізілген археологиялық зерттеулерде табылған тасқа қашалған қос аспаптың суретінен кейін домбыраны тас дәуірінде пайда болуы мүмкін деп болжайды. Ал ғалым Кемел Ақышев болса, б.з.б 4000 жыл бұрын салынған домбыраның суретін тапқан. Яғни, содан бергі уақытты есептеп қарағанда домбыраның кем дегенде 6 мың жылдық тарихы бар. Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар.

Елімізде де ұлттық мұрамыз домбыраға деген құрмет жылдан жылға артып келеді. «Алтын домбыра», «Домбыра күні» т.б. өткізіліп жүрген іс-шаралар осының айғағы.

Бала домбыра аспабын үйрену арқылы:

  • ой-өрісі дамиды;

  • аналитикалық қабілеттері қалыптасады;

  • қол саусақ моторикасы дамиды;

  • музыкалық ой-өрісі мен қозғалу ағзасын үйлестіреді;

  • қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытады;

  • ұлттық аспаптарға деген қызығушылығы оянады.

5-6 жастағы балаларға домбыра үйрету барысында алдымен домбыра туралы жалпы ұғым бере отырып, домбыраның өзімен, құрылысымен таныстырамыз (слайта домбыра құрылысын көрсету).

Күнделікті үйірме жұмысы барысында балалар қағыс, шертіс түрлерін меңгере отырып, жеңіл әуендерді домбырада тартуды меңгеріп келеді.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектеп жасына дейінгі балаларды өнерге баулудың сырлары.

Автор: Сарсекеева Галия Сапаровна

Дата: 02.12.2021

Номер свидетельства: 593225


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства