Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктері, дұрыс тамақтану маңыздылығы.»
Мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктері, дұрыс тамақтану маңыздылығы.
1.Психологиялық жас кезеңдерге бөлу. Психология ғылымында жас шамасына қарай кезеңдерге бөлу мәселесімен жас ерекшелігі психологиясы ғылымы тереңірек шұғылданады.
Жас ерекшелігі пәні бойынша балалардың даму кезеңдерін жас шамасына қарай бірнеше кезеңдерге бөліп оқытады.
1. Мектеп жасына дейінгі кезең:
- жаңа туған немесе нәрестелік кезең;
- сәбилік кезең;
- мектеп жасына дейінгі кезең.
2. Бастауыш мектеп шағындағы кезең.
3. Жеткіншектік кезең.
4. Жасөспірімдік кезең.
5. Ересектік кезең.
6. Қарттық кезең.
Мектепте оқыту үдерісіне байланысты біз жоғарыдағы 4 кезеңді қарастырамыз.
Психикалық дамудың жас кезеңдері.
Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуы ірқалыпты болмайды.
Баланың туғаннан мектепке барғанға дейін кезеңін 3 дағдарыс кезеңге бөлген, яғни 1 жас, 3 жас және 7 жас.
Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әртүрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады, сондықтан сол қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады.
Туғаннан бір жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі деп аталады.
Нәресте жасы екі кезеңге бөлінеді:
а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);
б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);
1-ден 3 жасқа дейінгі кез – сәбилік кезеңдеп аталады.
Бұл кезде баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі.
3-тен 6-7 жасқа дейінгі кез – мектепке дейінгі кезең. Бұл кезеңде қарапайым әрекеттің түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік ойын түрі пайда болады.
6-7-ден 10-11 жасқа дейінгі кез – бастауыш мектеп жасы деп аталады.
11-15 жас – жеткіншектік жас кезеңі деп аталады. Бұл кезде бала психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын кезең деп те атайды.
16-17 жас – жасөспірімдік кезең деп аталады.
20-30 жас – жастық кезең деп аталады.
30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі деп аталады.
60-70 жас кәрілік кезең және қартаю аралықтарын қамтиды.
Мұндай жас кезеңдердің өзі жас мөлшеріне қарай бөледі. Бірақ жас көрсеткіші тұрақты болмайды.
Жас шамасы мен психологиялық ерекшеліктерін білу үшін жас кезеңдерінің арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырата білу керек. Жас кезеңіндегі өзгешелік баланың психологиясын табиғи сапалық өзгешеліктеріне байланысты сондай-ақ даму үдерісінің бір жүйеге түсуіне байланысты, әр кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болғаны мен олар бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан әр жас шамасында баланың балалық шақ кезеңі әр түрлі мөлшерде өтеді.
Мысалы, Нәрестелік кезеңде даму тез өтеді және 1 жыл ішінде бала 5 сатыдан өтеді. Сәбилік кезеңде 1 жастан 3 жасқа дейін 3 сатыдан өтеді, бастауыш сыныпта 3-4 сатыдан өтеді.
Дағдылы жүйелікте адам организмінің шеміршектен бірте-бірте сүйекке айналып ішкі организмнің секреция безінің дамып жетілуі, олардың кейбіреуінің жұмыс істеуі әлде қайда күшті немесе баяу өтуі мүмкін. Бірақ организмнің бұлай дамып жетілуі жеке бастың даму өзгешелігін анықтайды.
Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады. Сондықтан сол қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады.
Балалар психологиясы – балдырғанның даму фактілері мен заңдылықтарын оның іс –әрекетінің дамуының және психикалық процесстері мен сапаларының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын зерттейді. Сәбилік және мектеп жасына дейінгі шақ – бұл баланың мектеп жасы дамуы қалыптасатын шақ. Баланың дамуы - бала бақшадағы зерттеулердің мәліметтермен ата- аналарын мұқият сұрау арқылы жанұядағы тәрбиесі мен мінезінің ерекшелігін баланың дамуын зерттеудің нәтижесі психикалық мінездемесі мен бірге оның тамақтану рационын дұрыс ұйымдастыру болып табылады.
күнделікті азығының құрамы барынша сан алуан болғаны дұрыс. Бала ағзасына
пайдалы дәрумендері бар: ет, балық, сүт және сүт өнімдерін, жұмыртқа, жеміс-
жидектер мен көкөністер, қант және кондитерлік бұйымдарды, нан, дәнді-
дақылдар және т.б. азық-түліктерін күнделікті тамақ үлесіне қосып отырған
жағдайда, баланын берік денсаулығын қамтамасыз ете аласыз. Бала ағзасының
әртүрлі инфекцияларға қарсы тұруын: ет, балық, жұмыртқа, сүт, айран,
ірімшіктің құрамындағы жоғары сапалы табиғи ақуыздары қамтамасыз етеді.
Сондықтан осы азық-түліктерді баланың күнделікті тамақтану үрдісіне
қосыңыз.
Дұрыс тамақтану – өсіп келе жатқан жас ағзаның денсаулығы мен дұрыс өсуіне жағдай жасап, үнемі әсерін беретін маңызды фактор.
Тамақтану ережесін ұйымдастыру
Тамақтану ережесін ұйымдастырудың негізі – ұсынылған азық-түліктер
жиынтығын ұстану болып табылады. Осы топқа енетін тағамдардың құрамы – мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен
калориийлік құндылығын қамтамасыз етеді. Бұл жерде ең маңыздысы – топ
ішінде жағымды эмоциялық көңіл-күй мен жақсы орта қалыптастыру. Балалар үстел үстінде ыңғайлы отырып, қажетті ыдыс-аяқтармен қамтамасыз етілуі керек. Балалар тамақтануын ұйымдастырушылар, баланың үйде пайдалы тамақтануымен үйлесімін табуы керек. Үйдегі тамақтанудың, балабақшаның тамақтану үлесін толықтырып отыруына қол жеткізуі керек. Осы мақсатта, ата-аналар балаларының балабақшадағы күнделікті ас мәзірінен хабардар болып отырады. Балаңызды балабақшаға апарар кезде, тамақтану тәртібі мен тәбетін бұзбау үшін, үйде тамақтандырмауға кеңес береміз. Бірақ, балаңызды ертерек әкелетін болсаңыз, шай, шырын немесе жеміс беруге болады. Бейімделу кезеңіндегі тамақтану.
Балалар тамағын ұйымдастыруда,ерекше назар аударатын жайт, баланың
бейімделу кезеңіндегі тамақтану тәртібі. Үй тәрбиесіндегі баланың бақша
тәрбиесіне өту кезеңі қашанда, анықталған психологиялық қиыншылықтармен бірге өтеді. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым балабақшадағы ортаға бейімделуі қиынға түседі. Осы тұста, көбінесе, баланың ұйқысы бұзылып, тәбеті төмендеп, жалпы ағзасының ауруларға қарсы тұратын қорғаныштық қабаты да әлсірейді. Бала үшін осы кезеңде, дұрыс тамақтандыруды ұйымдастырса, ол ортаға бейімделіп, ұжымға тез үйренеді. Өздігінен тамақтануға үйретілмеген балаларды тамақтандыру үшін, тәрбиешілерге, дұрыс тамақтандыру тәртібі жөнінде кеңестер беріледі. Ондай балаларды қолдан тамақтандырыңыз, егер осы кезде бала қарсылық танытса, күштеп тамақтандыруға болмайды. Осы әрекет баланың балабақшаға деген жағымсыз көзқарасын күшейте түседі (бақшада жарты күн болатындарын, үйлерінде тамақтандырсын).
Баланың үйде тамақтануы.
1. Балабақшадағы қабылданған тамақтану тәртібі және тамақ қабылдауының
ұзақтығы мен жиілігі жайлы ата-аналар біліп, сол ережені үйде ұстанулары
керек.
2. Балаларға тамақ арасында бутерброд пен тәттілерді беруге болмайды. Осы
тағамдар, баланың асқорыту жүйесінің қалыпты жұмысын бұзып, тәбетін
қаштырады.
3. Отбасындағы дұрыс тамақтану тәртібі – баланың бақшадағы тамақтану
үлесіне қосымша болып, жағымды әсер береді. Үй жағдайында, балаңызға
сүйікті тағамын әзірлеп беруіңізге болады. Бастысы, ата-аналар бала ағзасына
пайдалы азық-түліктер жайлы білуі керек.
4. Ата-аналар баланың күнделікті тамақтануына қажетті азық-түліктер жайлы
білуі керек.
5. Сүт, ет, көп мөлшерде көкөніс, жемістер, өсімдік және сары майдың тәуліктік
мөршерінен асырмай пайдаланған жөн.
6. Балаға негізгі тамақтан соң аз мөлшерде тәттілерді (тосап, зефир, мармелад,
жеміс езбесін т.б.) беруге болады.
Балалардың денсаулығын олардың үйлесімді өсуі, дене және жүйкелік-
психикалық дамуын, ішкі ортаның жұқпалары мен басқа жағымсыз
факторларының әрекеттеріне тұрақтылықта қажетті болатын, тиімді
тамақтанусыз қамтамасыз ету мүмкін емес. Сонымен бірге, дұрыс
пайдалы әдеттерді, тиімді тағамдық тәртіп деп аталатын, мәдени тамақтану
негізін қалайды.
Қазіргі жағдайда балалардың денсаулық жағдайының тұтас себептер
нәтижесінен, тамақтану құрылымының бұзылуы және оның сапасының жанұяда да, сонымен бірге ұйымдасқан балалар ұжымдарында да төмендеуіне байланысты, тамақтанудың рөлі айтарлықтай жоғарылады.
Дұрыс тамақтану сіздің балаңыздың дамуында баланың өсуіне, оның ақыл-ойы және дене дамуында бірінші дәрежелі рөл атқаратын, түрлі дәрумендер мен микроэлементтерді алуына қарай бастапқы маңызды рөл атқарады.
Балабақшада тамақтанудың, бала денсаулығы үшін маңызы зор.
Бала денсаулығына: пайдалы астың рөлі бірінші ретте. Баланың өсіп-жетілуіне қажетті дәрумендер мен минроэлементтер пайдалы астың құрамынан табылады.
Балабақшадағы балалардың тамақтану мөлшері, арнайы балалар үшін
белгіленген. Бүлдіршін үшін қажетті микроэлементтер мен пайдалы заттардың көлемі өлшеніп, ас мәзірі апта бұрын құрылады. Балалар тағамы аса мұқияттылықпен ойластырылып, тамақ пісіру барысы мен дәмінің сипаттамасы үнемі медициналық қызметкерлердің бақылауында болады. Әрбір балабақшада: тамақтың сапасын күнделікті қадағалап отыратын, медбикелер жұмыс істейді.
Балалардың күнделікті ас үлесінде бірдей азықтар қайталанбайды,ал балық балаларға аптасына бір рет беріледі. Әр балабақшаның ас мәзірі: қышқыл сүт өнімдерінен, жұмыртқа, ет, дәнді-дақылдар, көкеністер, макарон өнімдері сияқты міндетті азық-түліктерден құралуы тиіс. Балалабақшада балалар 10-12 сағат уақыт болатындықтан, төрт-бес рет тамақтандыру тәртібі енгізілген. Балаңыздың балалабақшадағы тамақтану тәртібін, үйіңіздегі тамақтану тәртібімен келістіріп алсаңыз, өсіп келе жатқан жас ағзаға керекті дәрумендерді түр-түрімен үйлестіріп бере аласыз.
ӘДЕБИЕТ
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (27. 07. 2007ж № 319III).
2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (23.08.2012 ж. №1080 ҚРҮҚ).
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары (20. 12.
2012 ж ҚР БҒМ №557 бұйрығы).
4. Типовая программа воспитания и обучения в детском саду. Издательство
«Мектеп». – Алма-ата, 1989.
5. Общеобразовательная программа предшкольной подготовки детей пяти
(шести) лет в условиях школы под редакцией Татауровой Н.С., Саймасаевой
Г.А. – Астана, 1999.
6. Дошкольная образовательная программа (воспитания, обучения и
развития детей 5 лет). Попова Т.Н., Еденбаева З.Д. – Алматы, Алматыкитап,
2006
7. От рождения до школы. Основная общеобразовательная программа
дошкольного образования / Под ред. Н. Е. Вераксы, Т. С. Комаровой, М. А.
Васильевой. - М.: МОЗАИКА-СИНТЕЗ, 2010.
8. Учебная программа дошкольного образования / М-во образования Респ.
Беларусь.- 2-ое изд. – Минск :НИО; Аверсэв, 2014.
9. Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі)
балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз»