kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тіл – қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы, қоғамдағы өндірістің, ғылым мен техниканың, әдебиет пен мәдениеттің шарықтап өсіп, кемеліне келуі тілдің жемісі екені мәлім.

Тілдің қоғамдағы алатын орны туралы Жүсіпбек Аймауытов «…ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі десе, Ахмет Байтұрсынов: «…өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек… Өз алдына ел болмаққа, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» дейді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту жолдары»



Өскемен қаласы әкімдігінің «№100балабақша-бөбекжайы»КМҚК





















МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ

БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

















Даярлаған тәрбиеші:Бекжанова А.К



2018жыл


Тіл – қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы, қоғамдағы өндірістің, ғылым мен техниканың, әдебиет пен мәдениеттің шарықтап өсіп, кемеліне келуі тілдің жемісі екені мәлім.

Тілдің қоғамдағы алатын орны туралы Жүсіпбек Аймауытов «…ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі десе, Ахмет Байтұрсынов: «…өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек… Өз алдына ел болмаққа, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» дейді.

Сүйемін туған тілді, ана тілім

Бесікте жатқанда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім, –

деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай бесік жырымен басталатын әуезді ана тілі – ана әлдилеуімен нәрестенің рухани жан дүниесін байытып, сырлы сөз маржанына құлағын үйретіп, құймақұлақ тыңдармандыққа баулитыны ешбір дәлеледеуді қажет етпесе керек. Ананың алғашқы әлдиімен емірене естіртетін мейірбан сүйіспеншлігі сәбидің ойына сәуле түсіріп сезімін оятады. Ана мен бала арасында ыстық ықылас қалыптасып, ол сәбиімен тілдесу арқылы өрістей береді. Алайда, ана сүтімен келетін тілдік қуаныш баланың ата-анасы халық тілінің қыры мен сырына, оның тарихи бай мұрасына қанық болса ғана табысты болмақ.

Баланы осылайша сөз өнеріне сөйлесе білуге үйрету – күнделікті үй-ішілік тәлім-тәрбие арқылы іске асырылады. Сондықтан отбасында әрбір ата-ана баланың ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамытуға мүмкіндігінше көңіл бөлуге тиісті.Баланың мектепке дейінгі кезі – оның жеке қасиеттерінің қалыптасып, дамитын кезеңі, сондықтан да бала өз ана тілінде сөйлеуі қажет. Бұған ата-аналар да ерте бастан көңіл бөлгені жөн. Баланың жағымды мінез-құлық әрекеттері 3-4 жасқа дейін-ақ қалыптасып, тұрақтала бастайды. Сондай-ақ оның физологиялық, психологиялық жақтары да жедел дамып жетіледі. Осыған орай түрлі қимыл-әркеті күрделене түседі. Күнделікті өмірде өзіне қажетті заттарды білуге деген баланың ынтасы артады.Ата-аналар балаларын әртүрлі іске үйрету арқылы олардың өз бетінше іс тындыруын да қалыс қалдырмайды. Бұл болашақ шәкірттердің оқуға зерек, ой еңбегіне белсенді болуға, өз ісін жақсы ұйымдастыра білуге тәрбиелеу үшін қажет.

Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі оларда еліктеу, қиялдау басым болады. Сол себепті айналадағы құбылыстар мен ересектердің іс-әрекеті беріп отырулары қажет.Кейде баламен көшеге, арнайы серуенге шыққанда кезіккен нәрселерді түсіндіріп айтып беру, үйге келген соң сол көрген-білгенін есінде сақтауға үйрету пайдалы. Бұлай ету баламен ата-ана арасындағы мейрбандықты нығайтады. Бала қорықпай еркін сөйлейтін болады. Байқаусызда бір теріс әрекет жасай қалса, жасырмай айтуға әдеттенеді.Жалпы сезім мүшелерінің, ақыл-ойдың, сөздің дамуы бір-бірімен тығыз байланысты екендігін психологтар әлдеқашан дәлеледенген.

Баланың сөз қорының молайып жетілуі, оның физологиялық дамуына (есту, сөйлеу мүшелерінің) байланысты психологиялық процестері де (ой қызметі, сезім, қабылдау, зейін, қиял, еліктеу т.б.) жақтарының дамуына әсер етеді.1,5-2 жастағы бала таныс адамдармен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды. Естіген-білген сөзді сол күйінде қайталап айтуға талаптанады. Өз ойын сөзбен білдірудің алғашқы қадамы басталады. Өйткені, күнделікті ойын, тамақтану, киіну-шешіну, қимыл-әркеттері кезінде ол да қажетті жайттарды сөзбен ұғындыруға мәжбүр болады.

Баланың тілін дамтыу әдістері: баламен әңгімелесу; күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату; кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу; көрген-білген туралы әңгімелеп беруге үйретіп отыру; сөздік тапсырмалар орындату; әңгімелесуден соң балаға сол оқиғаға байланысты әдеби шығармалар оқып беріп тыңдату; түсінгені бойынша оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру

Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:

1. Затты бақылатып көрсету;

2. Балалардың түсінігін байқау, сұрақ қойып жауап алу;

3. Сол бақылаған оқиғалар туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру. Мысалы, балаға үй жануарларын бақылатсаңыз қозылы қой, бұзаулы сиыр немесе балалы мысық. Осылардың әрекеті, адамға келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы (қозы, қой, сиыр), ұқсас жақтары туралы бала салыстыра айтуға тиісті. Соңынан мақал-мәтел айтып, жұмбақ шештіру, сөз мәнісін сұрап, түсініп айтуға үйрету. Сол жануарларды сурттен танып көрсету, мүсіндеу, жануарлар айтысы т.б. ойындар ойнату тәріздес жұмыс жүргізу. Осы жастағы балалардың байқалатын ерекшелік – оның сөйлеу тілінің, заттану процесінің баяу дамитындығы. Әдетте 20-30 заттың түр-түсін танитын бала сол заттың он-он бесін ғана сөзбен айтады. Көпшілік затты ыммен, түрлі қимыл арқылы көрсетеді. Мысалы, 2 жас 7 ай шамасындағы Айнұрға түрлі суреттерді көрсетіп сөйлскенде тіс щеткасын – ол тісін көрсетіп саусағымен тісін ысады. Қайшыны «ол қағазды алып былай етеді» деп, екі саусағымен қағазды қиып көрсетеді, ұршық туралы да әжем жіпті битедің деп, жауап береді.Кейде бала белгілі заттың атына байланысты сөздің жеке буының айтады немесе жақын мағынадағы сөзбен еліктеу дыбыстарымен білдіреді. Мысалы; Ақмаралға (2 жас 9 ай) бірнеше ойыншық және сурет беріп ойната отырып, сөйлескенде: «міне төмпик» – конфет, «мынау тын» – шыны, «ол мәу» – мысық, «ол қон», «әне дө-ө-дет» деген сөздермен жауап берді.Баланың бұл ерекшелігі оның сөйлеу, таныған заттың атиына байланысты сөздік ұғымды толық түсініп айтуға төселмегендігінен деуге болады.

Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы қоғамдық өмірге, күнделікті тұрмыстық қажетке байланысты сөздік қоры жеткілікті. Бірақ сол сөздердің грамматикалық формаларын толық меңгеріп үлгермейді. Сондықтан 6 жастағы баланың сөздік қорын дамыту, ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арналған тілдік жұмыстар жүйелі, бір-бірімен сабақтас жүргізіледі. Жалпы сөздік қорды дамыту: үйренген сөздерді дұрыс, анық айтуға, ол сөздерден өздігінен сөйлем құрай білуге, сөздерді грамматикалық формаларда (септеп, жіктеп, тәуелдеп) айта білуге, сөз тудыру тәсілдеріне, диалог, монолог түрінде сөйлей білуге үйрету. Бұл жұмыстар тәрбиешінің басшылығымен сабақ процесінде және сабақтан тыс жұмыстарда іске асады.

Тіл дамыту сабақтарында үш мәселе бір-бірімен байланысты жүргізіліп отырады. Олар: сөздік жұмысын жүргізіп, сөз тіркестерін айта білуге үйрету, жалаң, жайылма сөйлем құрап айтуға және байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Сондықтан арнайы өтілетін сабақтарда бақылау, экскурсия кезінде жаңадан үйренген сөздерін күнделікті өмірде, жолдастарымен, мұғаліммен, сөзбе-сөз қарым-қатынас кезінде орынды қолдана отыруға жаттықтыра беріледі.Грамматикалық формада байланыстырып сөйлеу тәсілдерін жетілдіруге төселдіреді.

Сөздік қорды дамыту тәсілдері мынадай:

1. Күнделікті іс-әрекет, сабақ мақсатына қарай жаңа сөз үйрету, сабақта сөздік жұмысын ұдайы жүргізу.

2. Үйренген сөздерін сабақ үрдісінде, сабақтан тыс уақытта әр түрлі жаттықтыру жұмыстары арқылы бекітіп, тиянақтап отыру.

3. Жаңадан үйренген сөздерді белсенді сөздік қорғаенгізу, орынды қолдана білуге жаттықтыру.

4. Сөз үйрету жұмысы жеке заттық атауларға ғана тән емес, сол заттардың санына, ретіне, сапасына, қасиетіне, жеке бөліктеріне, қажеттігіне, кеңістікте орналасуына қарай нақтыс түсіндіріледі. Таныс заттарды дара және жалпы түрде атап айтуға жаттықтыра отырып, жалпы ұғым беретін сөзде үйретіледі.

Антоним (ұзын-қысқа, кең-тар, үлкен-кішкене, биік-аласа, қалың-жұқа, алыс-жақын).Синонимдер (көрік-ажар, келбет, пішін; тез-жылдам, шапшаң, т.б.), көп мағыналы сөздерді (түс-мезіл, түс көру, машинадан түс, суретке түс т.б.).Ауызша сөйлесу, әңгімелесу, әңгімелеу кезінде ол сөздерді септеп, жіктеп, тәуелдеп қолдана білу тәсілдеріне (ереже айтылмайды) жаттықтыру.

Сөздің дыбыстық құрамы – ауызша сөйлеуге тән құбылыс. Айтылатын ой тыңдаушысына түсінікті, анық болуы қажет. Сөздің мәнерлі айтылуы да ауызша айтудың негізгі шарттарының бірі. Ал сөзді мәнерлеп сөйлеу үшін сол сөзді құрап тұрған дыбыстардың айтылу ерекшелігін жете меңгерту қажет. Дыбыстарды әр түрлі көңіл-күйге байланысты құбылтып айтудың нәтижесінде сөздің әсерлілігі де түрліше болады.Ойын дұрыс жеткізе білу сөзді өз бояуымен айту, нақышына келтіре сөйлеу дағдылары балада мектепке дейін-ақ белгілі дәрежеде қалыптасып бітеді. Сөздің дыбыстық құрамын таныту қарапайым жұмыстардан басталып, бірте-бірте күрделене жүргізіледі. Дыбыс деген ұғымнан бастап, буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтінмен жұмыс жүйелі түрде бір-бірімен байланыстырыла қалыптастырылады. Сөздегі дыбыстардың айтылуына, яғни дыбыстардың сөз ішіндегі артикуляциясына назар аудару.Ол үшін жеке дыбыстарды айтуда ерін, езу, тіс, тіл, мұрын т.б. дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты.

1. Керекті дыбысты күшейтіңкіреп, буынды созыңқырап анық айту.

2. Дыбысталуы жағынан бір-біріне ұқсамайтын дыбыстарды салыстыру.

3. Сөздегі түсіп қалған дыбысты тауып, орнына қойып айту.

4. Айтылуы ұқсас дыбыстарды салыстыра айту.

5. Керекті дыбысты қатыстыра сөздер жасау.

Жалпы балалар тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар өздігінен қорытынды жасап, талдай білу дағдыларын жетілдіру, бұрыннан меңгерген, лесикасында бар сөздерді қажетіне қарай қолдана білуге үйрету, әсіресе, сын есім, етістік, синоним, омоним сөздерді меңгерту, сөз тудыру тәсілдеріне жаттықтыру, белсенді сөздік қорын жетілдіру.

Тілдік құзіреттіліктері:

1. Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.

2. Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру.

3. Сөздік жұмыс.

4. Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (диалогты және монологты).

5. Сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу.

6. Сауат ашу.

7. Көркем әдебиет шығармаларын таныстыру.










ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Баймұратова Б.Б «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы» Алматы. «Рауан»1999жыл.

2. Қожахметова. Х Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі, Алматы – 1985 ж

3.Мектепке дейінгі ересек жастағы баланың байланыстыра сөйлеу тілін дамыту.«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, 2013 ж








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту жолдары

Автор: Бекжанова Айгуль Кайрулдиновна

Дата: 18.06.2020

Номер свидетельства: 553562

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(174) "Инновациялы? педагогикалы? технологиялары? ?олдану ар?ылы білім арттыруды ж?зеге асыру жолдары "
    ["seo_title"] => string(110) "innovatsiialyk-piedaghoghikalyk-tiekhnologhiialaryn-k-oldanu-ark-yly-bilim-arttyrudy-zhuzieghie-asyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "224095"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1438482381"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "ШЕТ ТІЛІ САБА?ЫНДА ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ"
    ["seo_title"] => string(51) "shiettilisabagyndazhobalautiekhnologiiasynpaidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "323679"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1462037390"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Баяндама: « Функционалды? сауаттылы?ты ж?зеге асыру жолдары» "
    ["seo_title"] => string(64) "baiandama-funktsionaldyk-sauattylyk-ty-zhuzieghie-asyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "166230"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422936122"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Баяндама: « О?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын  ж?зеге асыру жолдары»"
    ["seo_title"] => string(70) "baiandamaokushylardynfunktsionaldyksauattylygynzhuzieghieasyruzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "291972"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455205277"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Баяндама: «  Функционалды? сауаттылы? дегеніміз не?   »"
    ["seo_title"] => string(48) "baiandamafunktsionaldyksauattylykdieghienimiznie"
    ["file_id"] => string(6) "291969"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455204916"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства