Развитие связной речи у маленького человека — долгий и сложный процесс. Актуальность этой задачи для дошкольника сложно переоценить. С помощью речи ребенок познает окружающий мир, развивает коммуникативные навыки, ассоциативное мышление.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту»
Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр.
Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай біліп, жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер үйірмеде жақсы іске асырылуда.
«Балдырған үйірмесіне келген бала ең бірінші, қазақ тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі – ауызша сөйлеп үйренеді. Ол сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді. Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сол себепті де сәбилермен жүргізілетін жаттығу түрлері де әр алуан. Балалардың жас ерекшелетеріне қарай топтары үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Үйірмеде жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері де кешенді түрде іске асырылады. Дыбыстардың ерекшелігін жете меңгеріп, дұрыс айтуға жаттықтыру тіл дамыту сабақтарында ғана емес, ән-күй, көркем әдебиет, сабақтарында да, үзіліс кездерінде балаларға ана тілінде өлеңдер, тақпақтар, көркем сөздер жаттатылып, үйретіледі. Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, – деп ақын жырлағандай, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үлкен нәтиже береді.
Халық байлығының асыл қазынасы – ол саласы мол, мазмұны бай халықтық педагогика.
Халық педагогикасы - нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал - мәтелдер, жұмбақ- жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері мен халық ойындары. Сабақ және сабақтан бос уақыттарда аңыз әңгімелерден үзінділер айтқызып, жаңылтпаштар айтысып, ой өрісін кеңейтіп, тілін ширатып, жұмбақ айтысып, жұмбақты көп айта алғанға ұпай жинатып, не сыйлық ұсынып санамақтар айтып, оны шешуден мүдірмеген баланы мадақтап, мақал-мәтел жаттаудан озған балаға құрмет көрсетіп, шешендік сөздерді жаттатып, халық ауыз әдебиетімен танысамыз. «Санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, ат жарысы, асық, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» атты халық ойындары да кеңінен қолданылады.
Балаларды халқымыздың салт –дәстүрімен таныстыру, ұлттық киім үлгілерін көрсету, ұлттық тағамдар туралы айтып қана қоймай, ертеңгіліктер өткізгенде балалар ұлттық костюмдерін мақтанышпен киіп көрсетсе, ата-аналар бауырсақ, құрт сияқты ұлттық тағамдарымызды ұсынады.
Балалар барлық оқыған –тоқығандарын еңбек сабақтарында қайталап, бекіте алады. Олар теріден жасалған аттың құрал жабдықтарын, әшекей заттарды, киіз үй, оның жасауы, құрылымы, ұлттық киімдер,тағамдар туралы өз түсініктерін қағаз бетіне түсіріп немесе қағаздан қиып құрастыруға үйренеді.
Ән-күй сабақтарында балалар қазақ халқының ұлттық аспаптарымен танысып, әр бір аспапты ұстап көріп, оның қандай материалдан жасалып, қалай пайда болғаны жөнінде білім алып қана қоймай, осы аспаптарды игеріп ойнауға да тырысады.
Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз үйірме табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін кеңінен пайдаланып тәрбие ісіне арқау ету бұл біздің борышымыз.